Салькеева, А. К. и др



бет7/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
оптика, онлайн библиотека

Жарықтану (Е) – ауданы S болатын бетке түсетін жарық ағынының сол ауданға қатынасына тең болатын шама.


Е = Ф/ S

(26)

Егер S беттің өлшемдері оның О нүктелік жарық көзіне дейінгі арақашықтығынан кем болса, онда болады.
S0 – S-тық жарық ағынының осіне перпендикуляр болатын жазықтыққа проекциясы.
α – S пен S0 арасындағы бұрыш. Сонда


S= ω r2/ cos α

(27)

Осы белгілеуді (27)- ге қойып, және (24)формуланы есепке алғанда келесі формуланы аламыз:




(28)

Осылайша нүктелік жарық көзімен тудырылатын беттің жарықтануы жарық күшіне және жарықтың осы бетке түсу бұрышының косинусына тура пропорционал, ал бетке дейінгі арақашықтықтың квадратына кері пропорционал.
Жарықтанудың өлшем бірлігі – люкс (лк)
1 лк – 1 м2 ауданға түсетін 1лм жарық ағынының шамасымен тең болатын беттің жарықтануы. 1лк=1лм/1м2.
Жарықтанудың жарық сәулесінің түсу бұрышына тәуелділігі жыл мезгілінің ауысуымен түсіндіріледі: солтүстік жарты шарда жер бетінің жарықтануы жазда ең үлкен мәнге ие болады (Күн сәулесінің түсу бұрышы α кем болғанда) және қыста ең кіші мәнге ие болады (α үлкен болғанда).
Жарықтанудың мұндай өзгерістері сәйкесінше Жер бетіндегі температураның өзгеруіне әсерін тигізеді.
Осыған дейін біз тек нүктелік жарық көздері туралы айтып келдік. Алайда көбісі жағдайда жарық көздері ұзартылған болып келеді: мұндай жарық көздерін қарастырғанда көз олардың формасы мен өлшемдерін нақты анықтай алады.
Ұзартылған жарық көздері үшін жарық күші жеткілікті шама болып қала бермейді. Шынымен де, жарық күші бірдей, бірақ өлшемдері әр түрлі 2 жарық көзінен, өлшемі аз жарық көзі үлкеніне қарағанда әлдеқайда жарық болып көрінеді, себебі ол бірлік ауданнан өте үлкен жарық күшін береді. Сондықтан ұзартылған жарық көздері үшін қосымша сипаттама – Жарқырау енгізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет