Фотометрияның негізгі заңы (Ламберт заңы): Жазықтыққа перпендикуляр болатын жарық шоғырының жарықтануы жарық көзіне дейінгі арақашықтықтың квадратына кері пропорционал.
; E1 = E2 => Энергетикалық жарықтық (сәулеленулігі) Re - сәулелену шоғырының беттік шағылуы. Жарқырайтын S бет барлық бағытта Ф сәулелік шоғырын таратады. Сонда, аудан бірлігімен жіберілетін сәулелік ағын
(16)
Ол сәулеленудің (жарықтығы) тығыздығын сипаттайды және Вт/м2 –пен өлшенеді. Жарықтық интегралды өлшем болып ьабылады және жарықтығы барлық бағытта бірдей берілетін көздер үшін келесі өрнекпен байланысты болады:
R = πB
(17)
Энергетикалық жарықтану (сәулеленуі) Ее – жарықтанған бетке түсетін сәулелік энергияның интенсивтілігін сипаттайды. Е өлшемі сандық мәні жағынан жарықтандырылған беттің бірлік ауданына түсетін жарық ағынының өлшеміне тең., яғни
(18)
Өлшем бірлігі – Вт/м2 Егер кеңістікте еркін орналасқан dS ауданы О нүктелік жарық көзінен жарықтандырылса, онда формула бойынша
(19)
r – аудан мен жарық көзінің арақашықтығы;
α – ауданға жүргізілген нормаль және бағытталған сәуле арасындағы бұрыш;
ал dω – О нүктелік жарық көзінен шығатын dS ауданы көрінетін денелік бұрыш. (14) формула бойынша болғандықтан, бұл беттің жарықтығы:
(20)
(20) формула екі жарықтану заңын түсіндіреді:
1. Ауданның жарықтануы нүктелік жарық көзінен арақашықтығының квадратыга кері пропорционал (кері квадраттар заңы).
2. Ауданның жарықтануы ауданға жүргізілген нормаль және бағытталған сәуле арасындағы бұрыш косинусына тура пропорционал (косинустар заңы)
Бірнеше жарық көзі болған кезде ауданның жарықтығы осы жарық көздерінің әр біреуі тудыратын жарықтықтың қосындысына тең болады. Мүлдем бөтен жарық көзімен жарықтандырылатын ақ беттен түсетін барлық жарық ағыны Фтүсу шағылыстырылады. Бұл бетті екінші ретті жарық көзі деп қарастырсақ, (16) және (18) анықтамалардың негізінде оның жарығы оның жарықтануына тең деп айта аламыз, яғни R = E.
Егер бұл идеал таралатын бет болса және оған Ламберт заңы орындалса, (17) формула негізінде мынадай формула аламыз:
(21)
Ақ емсе шағылушы беттер үшін олардың шағылу коэффиценті
1-ден кем болады және олардың жарықтығы мынаған түрге келеді:
(22)
Атап өтілген фотометриялық өлшемдер (Ф, I, B, R, E) жарық энергиясына нақты сипаттама береді. Бұл өлшемдердің есептік анықталуыбір уақытта сәулелік энергияны және әр түрлі толқын ұзындықтарында түсетін жарықты қабылдай алатын қабылдағышты қолданған кезде қолданылуы мүмкін. Мұндай қабылдағышқа өзіне түсетін барлық жарық энергиясын жылу энергиясына айналдыратын, және жылу энергиясын әр түрлі мөлшерде өзгертетін термоэлемент жатады.