Салькеева, А. К. и др


§ 1.3 Энергетикалық өлшемдер



бет4/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
§ 1.3 Энергетикалық өлшемдер
Сәулелік ағын – негізгі энергетикалық фотометриялық өлшем – Ф. Бұл өлшем бірлік уақыт ішінде берілген бет арқылы өтетін энргияны сипаттайды. Өлшем бірлігі –Вт.
Сәулелену ағыны (Фе) – тасымалданатын сәулелену энергиясының тасымалдау уақытына қатынасымен анықталатын сәулелену қуаты. Тасымалдау уақыты электромагниттік тербелістердің периодынан әлдеқайда көп болады.




(13)

Сәулелену ағынының өлшем бірлігі – Вт (Ватт)
Жарықтың энергетикалық күші (сәулелену күші) Ieжарық көзінің сәулелік ағынының сәулелену тарайтын денелік бұрышқа қатынасымен анықталатын өлшем.




(14)

Өлшем бірлігі – Вт/ср ( Ваттың стерадианға қатынасы)
Егер нүктелік жарық көзінен шығатын ағын барлық бағытта бірдей тараса, онда
және Ф = 4πΙ,
Ф – жарық көзінен барлық бағыттарда, яғни толық ω = 4π денелік бұрышта таралатын толық сәулелік ағын. Егер ағын бірқалыпсыз болса, онда (14) формуламен жарық көзінің сәулеленуінің орташа күші анықталады.
Энергетикалық жарықтық (сәулелік) (Ве) – бетті сәулелендіретін жарықтың энергетикалық күшінің (∆Ie) бақылаушыға перпендикуляр бағытталған элементтің жазықтыққа проекциясының ∆S ауданына қатынасымен анықталады.




(15)

Өлшем бірлігі- Вт/(ср*м2)
Күн және басқа көзден жарық алатын маттық жазықтық сияқты жарық көздері үшін:
Ве = const =B
Бұл жағдайда Ве өлшемі бақылаудың бағытына тәуелді емес. Осыдан алатынымыз:
dIt = BdScosφ = dI0cos φ, яғни мұндай көздің жарық көзі нормальмен (Ламберт заңы) жасалған бұрыштың косинусына пропорционал, және нормаль бағыты бойынша ең үлкен шамаға ие болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет