Салькеева, А. К. и др


§ 1.4 Жарықтық (визуальді) бірліктер



бет6/23
Дата14.10.2022
өлшемі0,62 Mb.
#43035
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
оптика, онлайн библиотека

§ 1.4 Жарықтық (визуальді) бірліктер
Оптикалық өлшеулердің көбінесе жарық энергиясын қабылдағыш ретінде адам көзі, сондай-ақ фотосезімтал қабаттар және фотоэлемент қарастырылады. Бұл қабылдағыштардың бәрі әр түрлі ұзындықты толқындардың сәулелік энергиясына бірдей сезімтал бола бермейді және көбінесе таңдамалы жарық қабылдағыштары болып табылады. Әрбір мұндай қабылдағыш әр түрлі ұзындықтардағы толқындарға қисық сезімталдығымен сипатталады. Суретте орташа адамдық көздің күндізгі көрудегі спектральді сезімталдығының қисығы көрсетілген. Ол осы жағдайда көрудің қисығы деп аталады. Ордината осі бойынша логарифмдік масштабта көру коэффиценті орнатылған. Шартты белгі ретінде 0,555мк=555нм деп алынған. Көзбен ең жақсы қабылданатын бөлік – көрінетін спектрдің сары-жасыл бөлігі. Көру сезімталдығы бірдей болу үшін, толқын ұзындығы 510 нм немесе 610 нм болатын жарық энергиясы толқын ұзындығы λ=555нм болатын жарық энергиясынан 2 есес көп болу керек. λ<380 нм және λ>780 нм болған кезде көру коэффиценті 0-ге тең.
Осыдан мынадай қортынды жасауға болады: жарық интенсивтілігінің субъективті бағасының объективтіден айырмашылығы бар. Осыған байланысты фотометриялық өлшемдерді сипаттау үшін арнайы көрінетін жарыққа ғана жарамды көру бірліктерін енгізу керек.
Жарық күші денелік бұрышта нүктелік жарық көзімен тудырылатын жарық ағынының денелік бұрышқа қатынасымен есептеледі. Егер жарық ағыны Ф О нүктесінде жарық көзімен ω денелік бұрышта тудырылса, онда жарық күші I келесі қатынаспен анықталынады:




(23)

Өлшем бірлігі – 1 кд (кандела).
1кд – белгілі бір жағдайларда арнайы конструкциясы бар эталонды жарық көзінен шығарылатын жарық күші.
Ф Жарық ағыны – көрушінің сезімімен бағаланатын жарық энергиясының ағыны (оның спектрлік сезімталдығы берілген таңдамалы жарық қабылдағышқа әсері бойынша) (23) формула бойынша


Ф = I ω

(24)

Осыдан, бірлік жарық ағыны дегеніміз – 1 ср денелік бұрышта және 1 кд жарық күшінде нүктелік жарық көзінен шығатын жарық ағыны. Бұл өлшем бірлік – люмен (лм) деп аталады. 1лм=1кд * 1ср.
Жарықтық (R) –


R = Ф/S

(25)

Өлшем бірлігі – лм/м2
Беттердің есептік жарықтануын есептеу үшін жарықтану түсінігі енгізілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет