Самашев Зейнолла Сұлтанов Қуаныш Тұяқбаев Қанат Шеңгелбаев Бақытжан «МӘдени мұРА» Ұлттық стратегиялық жобасын жүзеге асыру жөніндегі қОҒамдық кеңес 4


ІІІ. ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ



Pdf көрінісі
бет22/25
Дата21.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4600
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25

ІІІ. ЭПИКАЛЫҚ ЖЫРЛАРДАҒЫ ТҮС ЖӘНЕ 

ОНЫ ЖОРУ КӨРІНІСТЕРІ

1.  «Алпамыс батыр» жырынан үзінді Рахат жыраудың 

нұсқасы негізінде әзірленіп отыр. Жырдың мәтінін 1934 жылы 

бұрынғы Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданы, Чистов 

астық совхозының тұрғыны Ысқақ Жүсіпов Рахат жыраудың 

өз аузынан жазып алған. 1954 жылы 2 тамызда бұрынғы 

Көкшетау облысы, Макинка станциясында Ы.Жүсіповтен 

эпостың қолжазбасын көшіріп алып, қорға тапсырушы сол 

кездегі ҚазПИ-дің 3-курс студенті—Нұрғалиев Қаһарман. 


372

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Жинаушының айтуы бойынша жырдың аяғын толық жазып 

ала алмаған.

Жырдың үзіндісінде Алпамыстың дүниеге келер алдында 

әкесінің көрген түсі баяндалады. Бұл аян түс мотиві «Алпамыс» 

батыр жырының барлық нұсқаларында бар.

Жырдың түспнұсқасы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.50) 

сақтаулы тұр.

2. «Едіге жырын» 1905 жылы Шоқан Уәлихановтың нұс-

қасы негізінде П.М.Мелиоранский («Сказание об Едигее и Тоқ-

тамыше» киргизский текст по рукописи, принадлежавщей 

Ч.Ч.Валиханову. Издал П.М.Мелиоранский. СПб.) жарияла  ды. 

Ш.Уәлиханов жырды алғаш рет 1841 жылы Жұмағұл ақын нан 

естиді.

Бұл үзіндіде Едіге батыр Тоқтамыс ханға қарсы аттанарда 



көрген түсі баяндалады. Едігенің түсін көп жасаған қарт жо-

рып, айтқаны келіп, Тоқтамыс хан Едігеден жеңіліс табады.

3. «Қобыланды батыр» жырының мәтінін Сүйіншәлі 

Жаңбыршыұлынан 1958 жылы Тіл және әдебиет институты 

ұйымдастырған Орынбор экспедициясының мүшесі, сол кез-

дегі Орал педагогтік институтының аға оқытушысы Мәтжан 

Тілеужанов жазып алған. Қолжазбаны ӘӨИ қорына тапсыр-

ған—фольклортанушы ғалым Тұрлыбек Сыдықов. Мәтін ӘӨИ-

дің Қолжазба қорында сақтаулы (Ш. 76, 1-3-дәп.) тұр.

«Қобыланды батыр» жырының бұл нұсқасында қал 

мақ-

тардың батырды ұйықтап жерінде ұстап алып, темір үйге қа-



мағанын жары Құртқа мен анасы Ақзарбап түстерінде көрген 

үзіндісі берілген.

4. «Қобыланды». Бұл нұсқаны 1940 жылы Ақтөбе қаласын да 

оқытушы Ахмет Ескендіров Нұрпейіс Байғаниннің өз айтуы нан 

жазып алған. Ұлы Отан соғысында қаза болған А.Ескендіров-

тың өз қолымен жазған түпнұсқасы сақталмаған. Жырдың ла-

тын әрпінде машинкаға басылған нұсқасы Орталық Ғылы ми 

кітапхананың қолжазба қорында (Ш.62 Д) сақтаулы тұр.

Қобыланды батыр қалмақтың ханы Барсаның елін шабуға 

кеткенінде Алшағыр хан Қарақыпшақ елін басып алып, әкесі 



372

373


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Тоқтарбайды қой соңына, анасы Аналықты тезекке, жүн тү-

туге, қарындасы Хансұлуды отыз төре, қырық бегінің тартқан 

шылымын сөндіруге қойып, Құртқаны өзі алмақ болады. Бұл 

үзіндіде батырдың сол кезде көрген түсі берілген.

5.  «Қобыланды» жырының бұл нұсқасын Қызылордалық 

жыр шы Ешімов Ержанның айтуынан жазып алған—Боран баев 

Қожабай мен Тойбазаров Жұмамұрат. Жырдың қолжаз ба сын 

1954 жылы Қызылорда экспедициясының мүшесі, сол кездегі 

Тіл және әдебиет институтының қызметкері Т.Есенгел дин ин-

ститут қорына (ӘӨИ: Ш.9) тапсырды. Қобыландының әкесі 

Тоқтарбай балаға зар болып жүргенде бәйбішесі Қаламқас өліп, 

тағы да екі әйел алады. Перзент сүйе алмай жүрген Тоқтарбай 

бір күні түс көреді. Түсінде бір қария: «Алыс елдегі түрікмен 

ханының қызын алсаң, бір ұл, бір қыз көресің»,—деп аян бере-

ді. Сонда Тоқтарбай қызды іздеп шыққанын түрікмен ханы-

ның қызы түсінде көріп, жеңгесіне жорытқан тұсы баяндала-

ды. Жеңгесінің жорығаны дәл келіп, қыз бен Тоқтарбай көңіл 

қосып, үйленеді. Екінші—Қобыланды қалыңдығы Құртқаны 

іздеп шыққандағы қыздың көрген түсі.

6.  «Қобыланды батыр»

  жырының бұл нұсқасы Ақтөбе об-

лысының белгілі жырауы Айса Байтабынұлының айтуы бо-

йынша жазылып алынған. Томға енген мәтін латын әрпінде 

жазылған түпнұсқа негізінде (ОҒК: Ш.828) дайындалды. 

Жырдың бірінші үзіндісінде бір перзентке зар болған 

Қыдырбайдың көрген аян түсі берілген. Ал екінші үзіндіде 

Көктен кемпір Аққұртқа қызын күрес пен алтын қабақ атуда 

жеңген адамға бермек болып, үлкен той жасайды. Сол тойға 

Қобыланды батыр аттанғанда, қарындасы Аққолаңның көрген 

түсі баяндалады.

7.  «Қобыланды батыр» жырының бірқатар қызықты 

нұс 


қалары Қарақалпақстан қазақтары арасына тарағаны 

мәлім. Солардың ішінде белгілі қоңыраттық жырау Ережеп 

Тілеумағамбетұлының өз аузынан жазып алынған нұсқа. 

Ережеп жырлаған «Қобыланды батыр» жырының мәтінін 

алғаш 1962 жылы ҚазКСР ҒА, ӘӨИ ұйымдастырған әдеби-


374

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

фольклорлық «Қарақалпақ экспедициясының» мүшелері 

(Б.Ысқақов, Т.Қанағатов, Т.Бекхожина) Қожелі ауданында 

жүрген жыраудың өз аузынан тыңдап, магнитофон таспасы-

на түсіріп алады. Бұдан соң 1963 жылы Қорға Ережеп жырау 

орындаған «Қобыланды батыр» жырының тағы бір көшірмесі 

тапсырылады. Жыр мәтінін Қоңырат ауданында тұратын жыр-

шыдан жазып алушы—жергілікті фольклортанушы, белгілі 

ғалым, филология ғылымдарының докторы Қабыл Мақсетов 

болатын. Жыр мәтіні ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.12) сақ-

талған.


Бұл жырдың бірінші үзіндісінде бір балаға зар болып, 

әулиелерді кезіп, Құдайдан перзент тілеп жүрген кезде Қыдыр-

бай 

дың көрген аян түсі баяндалған. Ал екінші үзіндіде—



Алшағыр 

дың бәйбішесі Қобыландының қалаға келгенін бі-

ліп, алты бала 

сына түсін айтып, сақтандырып тұрған тұсы 

берілген.

8.  «Ахметбек—Жүсіпбек қиссасы» 1939 жылғы Қостанай 

экспедициясының жинаған материалы. Жыршысы, айтушы-

сы не тапсырушысы жөнінде еш мәлімет берілмеген. Жыр 

машинкаға басылған. Түпнұсқасы латын не араб әрпінде бо-

луы мүмкін. Бірақ түпнұсқасы жайында еш нәрсе жазылма ған. 

Томға енген жыр үзіндісі Қолжазба қорында сақтаулы тұрған 

түпн ұс қа сынан (ОҒК: Ш.746, 2-дәптер) дайындалды.

Жырдың үзіндісінде Жүсіп, Ахметтің келетіні жайлы 

Көзалшаһ патша түсінде көріп, соны жорытқаны суреттелген.

9.  «Орақ билән Мамай батырдың хикаясы»

  алғаш рет 

1903 жылы Қазанда жеке кітап болып жарық көрді. Кітапта 

автор, жинаушы туралы мәлімет берілмеген.

Мамай батыр жалғыз өзі қалмақпен соғысуға аттанады. Жау-

ды тауда күтіп жатып, ұйықтап кетеді. Ұйқыдағы батырдың 

қару-жарағын, атын қалмақтар ұрлап алады. Мамай батыр 

жаумен қарусыз айқасып, әлсіреген сәтінде қалмақтар батыр-

ды ұстап алып, құдыққа тастайды. Сол кезде Мамайдың жары 

Қарашаш түс көріп, Қараүлек шешейге жорытып тұрған тұсы 

екен.


374

375


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

10.  «Қарасай-Қази»  жырының Құдайберген Шоқаев нұс-

қасын 1947 жылы жинап, қолжазба қорына тапсырған—

Иманбай Ұйықбаев. Қазір бұл нұсқаның қолжазбасы Қазақ-

стан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Орталық 

ғылыми кітапханасындағы 784-бумада сақтаулы.

Бірінші үзіндіде Әділ хан қырық мың әскер жинап, қалың 

қол жауға аттанғанда шешесі Бәйбіше ханым түс көріп, қызы-

на жорытып жатқан жері баяндалған. Екінші үзіндіде Әділ 

Қарасай, Қазимен Қырымға жақындап қонған күні Әділдің 

анасының көрген түсі баяндалады. Қызы Ілия Әділдің хан бо-

латынын жориды. Үшінші үзіндіде Әділ, Қарасай, Қази үшеуі 

қызылбастың Дербент қаласын талқандап, елге шыққан күні 

анасының көрген түсі берілген.

11.  «Сайын батыр» жырының мәтіні В.В. Радловтың 

1870 жылы шығарған «Оразцы народной литературы тюрк-

ских племен живущих в южной Сибирии в Джунгарских сте-

пях» атты кітабының 3-томынан (166-221-бб.) еш өзгертусіз 

даярланды.

12.  «Қисса-и-Қарабек» жыры 1882 жылы Қазанда басы-

лып шықты. Жырды Омбы аймағы, Мұқыр өзенінің бойында 

тұратын Шоқаманұлы Әлжаннан жазып алып, баспаға дайын-

дап берген—Мәулекей Жұмашев.

Қызын алмаққа Қараман бастаған қалмақ келе жатқанын 

Кәдірхан түсінде көріп, соны жорытқан тұсы жыр үзіндісінде 

баяндалған.

13.  «Қарабек батыр» жырының ең көлемдісі, сюжеті то-

лық әрі ел арасына кең таралғаны—Жаңаберген Бітімбайұлы 

жырлаған нұсқа. Эпосты Жаңаберген жырау әкесі Бітімбай-

дан үйреніп ел арасында жырлап жүрген. «Қарабек батыр» 

жырының мәтінін 1940 жылы Жаңаберген Бітімбайұлының 

айтуынан қағазға түсірген фольклор экспедицияның мүшесі—

Марат Ахметов. Қолжазба ОҒК-ның қолжазбалар қорында 

(Ш.670) сақтаулы. Шығарма бір жолды дәптер қағаздарына екі 

түсті сиямен латын әріпінде жазылған. Көлемі—6720 жол.


376

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

Бірінші үзіндіде бір перзентке зар болған Кәдірханның 

көрген түсі берілген. Екінші үзіндіде Қабылан қалмақ пен 

қарындасы Ханбибі көңіл қосқандағы Қарабектің көрген түсі 

баяндалады.

14.  «Төрехан»  жырының бұл нұсқасын Бисен Сарима-

нов «Төрехан» жырын ел аузынан жинап, қағазға түсіріп, 

1941 жы лы Тіл және әдебиет институтына тапсырған. Жыр-

шысы белгісіз. Қолжазба Орталық ғылыми кітапхана қорын-

да (Ш.350), ал машинкаға басылған көшірмесі М.О.Әуезов 

атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба қорын да 

(Ш.85/2) сақтаулы. Мәтін шақпақты дәптерге латын әрпі мен 

жазылған. 

Темірхан ханның ұлы Төреханды тоқалдан туған ағалары 

Егізбай мен Сегізбай өлтірмек болады. Сол кезде Төреханның 

түс көрген тұсы екен.

15.  «Бөген батыр» жырының бұл нұсқасын Ілияс Нұрма-

ғанбетов жинаған. Ол 1930 жылдары Алматыдағы педагогика 

институтының студенті болып жүріп, жырды ел аузынан жа-

зып алып, 1935 жылы Ұлт мәдениетін зерттеу институтына 

тапсырған. Кімнен жазып алғаны белгісіз. Жырдың қолжаз-

басы Орталық ғылыми кітапхананың қолжазбалар қорында 

(ОҒК: Ш.668) сақтаулы. Шығарма дәптер қағаздарына көк сия-

мен латын әрпінде жазылған.

Қалмақ ханы Қалталы Қарайманның қызы Ақборықты 

Бөген батыр іздеп шыққанда қыздың көрген түсі үзіндіде бе-

рілген.


16. «Абылай хан» жырының бұл нұсқасын Қытайға қарас-

ты Алтай өлкесінде туып-өскен үрімжілік азамат Шерияздан 

Сұлтанбайұлы жырлаған. Жыр алғаш 1985 жылы Қытайдағы 

қазақ зиялыларының әзірлеуімен «Қазақ қиссаларының» 

(4-том. Абылай.—Бейжің, «Ұлттар» баспасы, 1985) жинағында 

басылған. 

Жырдың бұл нұсқасында Ізбасты бидің көрген түсін Бұқар 

жырау Абылай ханның дүние салғанымен жориды.



376

377


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

17. «Абылай хан». Халық аузында жүрген аңызға негіз-

делген бұл қисса Шығыс Түркістан қазақтарынан жазылып 

алынған. «Қазақ қиссалары» (1991) атты кітапта жариялан-

ған. Баспаға ұсынушы ауыз әдебиетін жинаушылардың бірі— 

Ә.Нәбиұлы. Аңыз бойынша, Абылай жорықта жеңетін бол-

са, бура жорықтың жолына қарап жатады, жеңілетін болса 

теріс қарап жатады. Ханның көрген түсінде Ақ атанның осы 

қасиеттерін Ерен ғайып айтып береді.

18. «Төле бидің тарихы» жыры Орталық ғылыми кітап-

хананың қолжазба қорындағы 763-бумада сақтаулы. Қ.Байбол-

ұлы жырлаған осы нұсқа негізінде әзірленді. Бұл—Төле бидің 

дүниеден өтер алдында көрген түсі. 

19. «Бөгенбай батыр» жырының бұл нұсқасы ӘӨИ-дің Қол-

жазба қорында (Ш.886, 7-дәп.) сақталған. Осы нұсқа бойын ша 

дайындалып, ұсынылды.

Бірінші үзіндіде Бөгенбайдың жолдастары Сарыбай, Бек-

сұлтандардың кезекті бір жорықтың алдында көрген түсте-

рі суреттелген. Екінші үзіндіде қалмақтың батыры Қаранай 

қазақтан кек алам деп келе жатқанында Бөгенбайдың көрген 

түсі берілген.

20. «Бөгенбай батырдың бірінші жорығы» атты жырдың 

қолжазбасы ОҒК-ның қолжазбалар қорында (Ш. 517, 2-дәп.) 

сақтаулы. Осы жырдың мәтінін жинап алып келген 1946 жыл-

ғы Ақмола—Көкшетау экспедициясының мүшесі—Бозтай 

Жақыпбаев. Жырды айтушы Ақмола облысы, Еркіншілік 

ауданының тұрғыны—Жадайұлы Молдажан. Мәтін кеңсе 

қағазына қарындашпен кирилл әрпінде жазылған. 

Бұл үзіндіде Бөгенбай қалмақтардың соңынан жалғыз қу-

ып кеткенде Жантай батырдың көрген түсі баяндалады. Атан 

түсті жақсылыққа жорып, айтқаны келіп, Бөгенбай батыр төрт 

жүз қалмақпен жалғыз соғысып, жеңіске жетеді.

21. «Барақ батыр» жыры ӘӨИ-дің Қолжазба қорында 

(Ш.480) сақтаулы. 2740 жолдан тұратын жырдың қолжазба-

сын 1961-1962 жылғы экспедиция мүшелерi Балташ Ысқақов 


378

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

пен Талиға Бекқожина 1908 жылы Қарақалпақ АССР, Мойнақ 

ауданы, «Үшсай» ауылдық кеңесiнде дүниеге келген Ерғожа 

Құлпыбаев жыраудан алған.

Бірінші үзіндіде қалмақ ханы Қатты Сыбан қазақ еліне 

қарсы аттанбақ болғанда, Түгел қарттың көрген түсі баяндала-

ды. Екінші үзіндіде Атақозының түс көріп, оны Сырым бидің 

жорығаны берілген.

22. «Базар батыр» жырының қолжазба нұсқалары 

М.О.Әуезов атындағы ӘӨИ (129-бума, 2-дәп.) және ОҒК сирек 

қорларында (Ш.358, 1-дәп.) сақталған. Ғылыми кітапхана да 

сақталған жыр мәтіні оқушы дәптеріне жасыл сиямен, араб 

әрпінде жазылған. Қолжазба 1942 жылы Алматы облысы, 

Жамбыл ауданында қағазға түсірілген. Өлең жолдары әр бетке 

бір қатардан орналастырылып, дәптердің сырты қатты қағаз  -

бен тысталған. Жыршысы—Бәдел Тұрсынбаев.

Бұл үзіндіде қалмақтар Базар батырға қарсы келе жат-

қанында әйелі Құлқайшаның көрген түсі берілген. 

23. «Арқалық батыр» жырының бұл нұсқасын 1958 жылы 

Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданында ғалым Бекмұрат 

Уахатов Ержан Ахметовтың айтуынан жазып алып, инсти-

тут қорына тапсырған. Қолжазба араб әрпінде жазылған 

(ӘӨИ:Ш.194).

Бұл үзіндіде Арқалық батыр Әжі төренің жылқыларын 

алып келе жатқанда көрген түсі берілген.

24. «Мырзаш батыр» жырының Н.Қыдырмоллаұлы нұс қа-

сы ӘӨИ-дің Қолжазба қорында сақталған түпнұсқасынан (ӘӨИ. 

ҚҚ: Ш.874) дайындалды. Жыр үзіндісінде бала Мырзаш тың 

көрген аян түсі баяндалады.

25.  «Айдос батыр» жырының қолжазбасы ОҒК-ның Қол-

жазбалар қорында (Ш. 765. 3-дәп.) сақтаулы. Қолжазба мәтіні 

дәптерге көк сиямен араб әрпінде жазылған. Жыршысы—

Айдарбеков Жұмаділ. Жыр мәтіні 1937 жылы жазылып 

алынған. ОҒК-ның Қолжазбалар қорына 1946 жылы түскен. 


378

379


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жыршы халық аузында айтылып жүрген «Айдос батыр» тура-

лы ертегі, аңыздарды өлеңге айналдырып жырлаған.

Айдос батыр Барын хан бастаған кәпірлерге қарсы соғысқа 

бармақ болады. Сонда Айдостың жары Қарашаш түс көріп, бұл 

жорыққа барма деп өтінеді. Бұл үзіндіде Айдос пен Қарашаш-

тың айтысы түрінде берілген.

26.  «Қисса Мұхаммед расул Алланың дәрул пәниден 



дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі» дастанын 1896 жылы 

Ж.Шайхысламұлы Қазанда жариялаған. Өзі айтқандай 

Ж.Шайхысламұлы бұл дастанды да «Қисса анхазірет Расул дың 

Миғражға қонақ болғаны» дастанымен бірге Қазандағы до сы 

Ахметкәрім деген ноғайға жіберген. 

Бұл үзіндіде Расул Аллаға ең жақын сегіз адам түс көріп, 

оны хазірет Пайғамбардың өзіне жорытады.

27.  «Сейітбаттал» дастанын бұрынғы Бөкей ордасына қа-

расты, қазіргі Атырау облысынан шыққан шайыр, молда Маң -

қыстау Тыныштықұлы жырлаған. Аталған нұсқа 1908 жы-

лы Қазандағы Император Университетінің баспаханасында 

жарық көрген. Көлемі—386 бет. Баспаға дайындаушы, яғни 

шығарушысы—белгілі баспагер Шамсидин Хұсайынов.

Дастан үзіндісінде Қайтұр патша түс көріп, мұсылман бола-

ды.

28. «Жүсіп−Зылиханың» қолына түскен бір нұсқасын ақын 



Жүсіпбек Шайхысламұлы жазып алып, өңдеуден өткізген. 

Дастан «Қисса-и хәзірет Жүсіп ғәләйһиссәләм мен Зылиха-

ның мәселесі» деген тақырыппен 1898, 1901, 1904, 1907 жыл-

дары Қазандағы Университет, ал 1913 жылы Домбровский 

бас 

паханасында, 1918 жылы «Орталық» баспаханасында 



Ш.Құсайыновтың басып шығаруымен жарық көреді.

Жүсіп пайғамбарға арналған дастанда түс көру мотиві 

шығарманың басты өзегіне айналған. Бірінші үзіндіде он бір 

жастағы Жүсіптің пайғамбарлық туралы көрген түсі берілген. 

«Фаслу Мәлік бин Дұғар түс көргені» атты үзіндіде Мысыр 

саудагері Мәліктің көрген түсі баяндалады. Дастаннан берілген 

үшінші үзіндіде зынданда жатқан Жүсіптің жанындағылар-


380

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР

дың түстерін жорыған тұсы берілді. Ал төртінші үзіндіде Жүсіп 

пайғамбар Мәлік Риян патшаның түсін жориды.

29. «Қарқабат» дастанының бұл нұсқасын халық ауыз 

әдебиеті үлгісінде бірінші жырлаған—халық ақыны Нұралы 

Нысанбайұлы. Жинаққа еніп отырған мәтінді халық ақыны 

Б.Бектұрғановтан З.Сейітғаппарова жазып алды. Қолжазба 

ӘӨИ-дің Қолжазба қорында (Ш.309) сақтаулы тұр. 

Үрімнің патшасы Қарқабат бір перзентке зар болып, аян-түс 

көріп, әйелі жүкті болады. Дастаннан берілген екінші үзіндіде 

Қарқабат патша өлгеннен кейін уәзірі Зұлмат патша болып, 

түсінде тағынан таятынын көргені баяндалады. 

30.  «Қисса қырық уәзір» құрамына кіретін хикая, аңыз, 

әңгімелерді алғаш рет жүйелеп дастанға айналдырған—

Шайқызада Ахмет Мысыры деген адам. Содан кейін «Қисса 

қырық уәзір» қиссасы 1911 жылы Қазан қаласында басылып 

шықты. Қиссаны жариялаған ақын—Ақылбек Сабалұлы. 

Томға енген дастаннан үзінді осы нұсқа негізінде әзірленді.

«Мың бір түн» сюжетінен алынған бұл дастан үзіндісін де 

патшаның тоқалы өгей баласына ғашық болып, көрген түсте  рін 

патшаға айтып, балаға жала жабатын кездері баяндалады.

31.  «Қисса Таһир—Зүһра» дастанын ХХ ғасырдың бас 

кезінде өмір сүрген «қиссашыл» ақындардың бірі—Ақылбек 

Сабалұлы жырлады. Бұл—басынан аяғына дейін өлеңмен жа-

зылған, көркемдігі тәуір, оқиғасы қызықты құрылған шығар-

ма. Қазанда 1911 жылы басылып шыққан.

Таһир түсінде Зүһраға бармақшы болады. Сол кезде жи-

ырма қара төбет Таһирды қаумалап алады. Таһир амалсыздан 

қашпақшы болғанда, артынан екі ит ере қуады. Сол кезде Таһир 

оянып кетеді. Таһир көрген түсін Зүһраға өлеңмен айтып бе реді. 

Зүһра Таһирдің түсін жорып, назым айтады.

32. «Қисса Қыз Жібектің хикаясын» 1900 жылы Қазан қа-

ласында Жүсіпбек Шайхысламұлы жариялаған. Бұдан кейін  де 

бірнеше мәрте қайта басылды.


380

381


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

Жыр үзіндісінде Төлегеннің қаза болатынын түсінде көріп, 

жеңгесіне айтып жатқан тұсы баяндалады.

33.  «Қыз Жібек» жырының Мұсабай жырау нұсқасы ОҒК-

ның Сирек қорында (Ш.35. РФ) сақталған.

Үзіндіде Жібектің түсін Сансызбайдың жорыған тұсы баян-

далады.

ІV. ҚАЗАҚТЫҢ ЫРЫМДАРЫ

Қазақтың ырымдары мерзімдік баспасөздерде, әртүрлі 

жинақтарда үздіксіз жарияланып келеді. «Наным-сенім-

дер ғұрпының фольклоры» (Құраст: Б.Әбілқасымов, 2004), 

«Қазақы тыйымдар мен ырымдар» (Құраст: А.Құралұлы, 

1998), «Қазақ ырымдары» (Құраст: А.Қайбарұлы, Б.Бопай-

ұлы. 1998) атты жинақтарда жарияланды. Томға осы жинақ-

тар негізінде әзірленді. Сондай-ақ 2009 жылы ҚХР-дағы «Іле» 

халық баспасынан Гүлнәр Төкенқызының құрастыруымен 

шыққан «Қазақтың мың бір ырымы» жинағы пайдаланылды. 

Ең соңында келтірілген, 802-нөмірлі ырымдар Ә.Диваевтың ел 

арасынан жинап, 1923 жылы Ташкентте жарық көрген «Тарту» 

жинағынан алынды. 

Әкімова Тоғжан


МӘТІНДЕРДЕ КЕЗДЕСЕТІН ТАРИХИ, ДІНИ 

ЕСІМДЕР, ҰЛТ-ҰЛЫСТАР МЕН РУ-ТАЙПАЛАР 

ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР

Абдолла хан (ХVI ғ.)—Бұхар (Мауераннахр) билеушісі 

(1541). Таққа Ұбайдолла хан (1534-40) өлген соң отырған. Шай-

бани әулетінен тараған.

Абылай хан  (1711-1781)—қазақтың ұлы ханы, мемлекет 

қайраткері, қолбасшы және дипломаты. Арғы тегі Жошы хан, 

бергі бабалары Қазақ ордасының негізін салған Әз-Жәнібек, 

кейін ер Есім хан, Жәңгір хан. Абылай—Жәңгір ханның бесін-

ші ұрпағы. Жәңгірдің екі әйелі болған: біріншісі, қазақтан—

Уәлибақы, қалмақтан—Тәуке хан туады. Уәлибақыдан—Абы-

лай. Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін 

батыр болған. Тұтқындарды аямай жазалағандықтан «қанішер 

Абылай» атанған. Абылайдан—Көркем Уәли, одан—Абылай 

(Әбілмансұр) туады. Ол «Ақтабан шұбырынды» жылдарын-

да жетім қалып, үйсін Төле бидің қолында тәрбиеленеді. Аш-

жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап 

Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. 

Жаугершілік заманның талабы Абылайдың ел өміріне ерте 

араласуына себепші болды. Бұқар, Үмбетей жыраулардың 

мәліметтеріне қарағанда, Абылай хан жиырма жасында қан 

майданда ерлігімен көзге түскен. Қалмақтың батыры Шарыш-

ты жекпе-жекте өлтіруі абыройының өсуіне себепші болады. 

«Абылайлап» жауға қарсы шыққан Әбілмансұрды жеңіс-

тен кейін Әбілмәмбет хан шақыртып алып танысады. Таныса 

келе туысқан адам болып шығады да, кейінірек хандық тағын 

Абылайға (Әбілмансұр) береді. Абылай қаһарлы хан болуымен 

қатар, қазақ халқының рухани мұрасынан еркін сусындаған 


383

ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

дарынды күйші ретінде де белгілі. Оның «Ақ толқын», 

«Алабайрақ», «Шаңды жорық» т.б. күйлері сақталған. Жетпіс 

жасында жорықтан келе жатып, Арыс өзенінің жағасында 

қайтыс болған. Сүйегі Түркістандағы Қожа Ахмет Йасауи 

кесенесінде жерленген.

Адам ата, Хауа ана—аңыз бойынша, Алла Тағаланың 

то пы рақтан жаратқан алғашқы адамы. Балшық-мүсін ұзақ 

жыл дар жансыз тұрады. Ақырында Алла Тағала Адамға жан 

кір гі  зеді. Адамның бір қабырғасынан Хауаны жасайды. Ал-

ға шын да екеуі періштелер қатарында болып, олардың ара-

сында «бе дел  ді», «құрметті» орынды иемденеді. Періштелер 

Алланың жар  лығы бойынша, Адам мен Хауаға бас иіп, ғиба-

дат етеді. Бірақ Ібіліс атты періште бұл жарлықты орындау-

дан бас тартады. Сол үшін Алла Тағала Ібілісті жұмақтан қуып 

жібереді. Осыған өкпеле ген Ібіліс Адам ата мен Хауа анадан 

өш алудың жолын іздейді. Ақырында, олар Ібіліс шайтанның 

сөзіне иланып, алдауға түсіп, тыйым салынған жемісті жейді. 

Осы күнәлары үшін Адам мен Хауа бейіштен аласталып, 

Көктен Жерге түсіріледі. Олардан бүкіл адамзат тарайды.



Айуб—Құран Кәрімде аты аталған ежелгі пайғамбарлар-

дың бірі. Інжілдегі Иов. Айуб (ә.с.) Хаурандағы бай, адамгер-

ші лігі мол адам, тіпті пайғамбар болған. Алла сынайын деп 

оған шайтанды жібереді. Шайтан жіберген аурудан Айубтың 

денесіне іріңді жара қаптап кетеді, ол әйелі екеуі адамдар-

дан оқшау тұруға мәжбүр болады. Шайтан жіберген неше 

түрлі жаңа қырсықтарға қарамай, Айуб Алланың рақымына 

сенімін жоғалтпайды. Оның көмек сұрап жалбарынғанынан 

кейін Жәбірейіл оған «аяғыңмен жерді теп» деп бұйрық береді, 

ол тепкен жерден бұлақ суы атқылайды да, Айубтың жара-

сын жазып, шөлін қандырады. Фольклор мен әдебиетте Айуб 

сабырлылық пен төзімділік, шыдамдылықтың символы ретінде 

қастерленеді.

Айша—Мұхаммед пайғамбардың әйелі. Бірінші халифа 

Әбубәкірдің қызы.



384

ТҮС ЖОРУ ЖӘНЕ ЫРЫМДАР



Алла  (Аллаһ)—ислам дінінде бүкіл ғарышты, тіршілік 

дүниесін және қиямет қайымды жаратушы, баршаға бірдей, 

жалғыз және құдіреті күшті Құдай есімі. Құран Кәрімде 

айтылғандай: «Ол Алла біреу-ақ, Алла мұңсыз (әр нәрсе Оған 

мұқтаж). Ол тумады да, туылмады. Әрі Оған ешкім тең емес».

Алла Тағала әлемді, жерді, өсімдіктерді, жануарларды 

және адамды жаратты. Ол адамдардың тағдыры—жазмышты 

белгілейді. Қияметте Алла барлық өлгендерді тірілтеді де, 

пәнидегі істерін таразылап, біреулерін—жұмаққа, енді біреу-

лерін—тозаққа жібереді. Адамдарды дұрыс жолға түсіру үшін 

Алла Тағала оларға мезгіл-мезгіл пайғамбарларды жіберіп 

тұрған. Мұхаммед (с.а.с.)—Алланың адамдарға жіберген 

соң ғы Елшісі; оған Алланың Құраны Жәбірейіл періштенің 

дәнекерлігімен жиырма үш жылда толық түсті. Алланың 

нақты бейнесі жоқ және ол бейнеленуге тиіс те емес. На-

маз оқып, сәждеге бас қою арқылы ғана оған берілгендікті 

білдіруге болады Алла Тағаланың құдіреттілігін, әділеттілі-

гін, қайырымдылығын т.б.с.с. өзіне ғана тән қасиеттерін 

оның тоқсан тоғыз есімі көрсетеді. Мысалы: Акбар (ең ұлық), 

Тағала (ең жоғары), Кәрім (жомарт), Рахман (мейірімді), Ра-

хым (рақымды), Халық (жаратушы), Шариф (қасиетті), Ахад 

(жалғыз), Самад (мәңгі), Жаппар (құдіретті), Ғафұр (кешірім ді) 

т.б.

Арқалық батыр (XVIIІ ғ. аяғы-XIX ғ. басы)—жоңғар шап-

қыншылығына қарсы соғыста даңқы шыққан батыр. Абақ-

керей төресі Әжі Көгедайұлына наразы топты бастаған. Бұл 

күресте оған қалмақтың Қарамерген, Қоңқа деген батырлары 

қосылған. Арқалық батыр туралы ел аузында аңыз, әңгімелер, 

жырлар көп сақталған.



Әбубәкір—Мұхаммед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейін сай-

ланған алғашқы халиф. Ол құрайыш руынан шыққан, Мекке-

дегі ықпалды саудагерлердің бірі еді. Мұхаммед (с.а.с.) Ислам ға 

кіруге шақырғанда руластары мен үлкендердің арасынан бі рін-

ші болып мұсылман болды. Әбубәкір—Расул Алланың «төрт са-

хаба» аты берілген сенімді серік, жолдастарының бірі. Мұхам-

мед (с.а.с.) қайтыс болғаннан кейінгі дүрбелеңге толы қиын 


384

385


ҒЫЛЫМИ ҚОСЫМШАЛАР

кезеңде Әбубәкір араб-мұсылмандардың басын біріктіре біл-

ді. Өзі халифатты басқарған жылдары Мұхаммед пайғамбарға 

(с.а.с.) түскен Құран аяттарының жинағын құрастырды.



Әбу Қатада—ансар сахабаларының бірі. Хафиз Құран—

Қасиетті Құранды түгелдей жаттаған болатын.



Әзірейіл—Аллаға жақын періштелердің бірі, жан алғыш 

періштенің есімі. Адамды жаратар алдында Алла жердің 

әр тұсынан саз әкелуге періштелерін жұмсайды. Жер оған 

қарсылық көрсетеді. Жәбірейіл де, Мекайыл мен Ысрапыл да 

жерден бір шөкім саз үзіп ала алмайды. Бұл шаруаны Әзірейіл 

ғана атқара алған, осы қаталдығы үшін ол жан алғыш бас 

періште болып тағайындалған. Адамға ажал мезеті жеткен кез-

де Алла Тағаланың жанында өсіп тұрған ағаштан әлгі адам ның 

есімі жазылған жапырақ үзіліп түседі. Әзірейіл қырық күн 

мерзім ішінде сол адамның жанын алуға тиіс. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет