Сандуєаш+озат



бет10/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

Бақылау сұрақтары:


  1. Белгілер арасындағы корреляциялық байланыс дегеніміз не?

  2. Регрессия коэффициентін кіші және үлкен іріктеулерде есептеу техникасымен танысу?

  3. компьютер арқылы есептеу, коэффициенттердің нақтылығын анықтау?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.

  2. Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.

  3. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.

  4. Стамбеков С. Ж. Генетика. - Новосибирск. Ана-тілі, 2002.

  5. С. Т., Калиев Ә.Қ. Генетика және биометрия негіздері.-Алматы, 1992.


Тәжірибелік сабақ №8

Тақырыбы: Нәруыз синтезі.
Сабақтың мақсаты: Нәруыз синтезінің дисперсиялық кешенін құру және жеке фактордың белгінің өзгергіштігіне әсерінің үлесін және оның нақтылығын Фишер критериі арқылы анықтауды үйрену.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Белгілердің ажырау зандылығын қамтамасыз ететін механизм гаметалардың түзілуі кезінде гомологты хромосомалардың және соған сәйкес аллельдердің ажырауын тудыратын мейоз процесі болып есептеледі. Гаметалардың гаплоидты хромосомаларында орналасқан әр геннің бір-бірден аллельдері болады. Сонымен, ажырау процесі гаплоидты гаметаларда хромосомалар мен гендер деңгейінде жүзеге асады.

Бұршақ өсімдіктерінің Ғ2ұрпағы дәндерінің түстері бойьшша ажырау қатынасы

Өсімдіктердің peт сандары

Тұқым сандары

Сары

Жасыл

1

25

11

2

32

7

3

14

5

4

70

27

5

24

13

6

20

6

7

32

13

8

44

9

9

50

14

10

44

1

Барлығы

355

123

Ал белгілердің ажырауының талдауы диплоидты организмдер деңгейінде жүргізіледі. Бұл екі аралықта гаметаларға, ұрықтанудан пайда болған зиготаларға және жаңадан дамып келе жатқан организмге бір-біріне тәуелсіз көптеген жағдайлар әсер етеді. Ол жағдайлар ажырайтын белгілердің көріну мүмкіндігіне кездейсоқтық элементін енгізеді, яғни ажырау статистикалық сипатта болады. Сондықтан белгілердің ажырауына талдау жасаған кезде арнайы математикалық әдістер қолдану қажет болады.


Ықтималдылық теориясы бойынша тәжірибеде алынған нақты мәліметтің, теория жүзінде күтілген мәліметтен ауытқуы көбінесе зерттеу материалының аздығынан немесе кездейсоқ басқа да себептердің әсерінен болады деп есептелінеді. Демеқ математикалық әдістерді қолдану арқылы тәжірибеде алынған нақты ажыраулардың теория жүзінде болады деп есептелетін ажыраулардан (мысалы, 3:1, 1:1, 9:3:3:1 т.с.с.) ауытқуы кездейсоқтықтан болған жоқ па, деген сұраққа жауап алуға болады.
Белгілердің ажырауын аз санды будан организмдерден анықтаса, онда тәжірибеде алынған қатынастардың теорияда күтілетін қатынастан үлкен айырмашылығы болады. Тәжірибе жүзінде алынған ажырау мен теориялық күтілімнің арасын жақындатудың маңызды шарты тәжірибедегі талданатын іріктемелердің көлемі болып есептеледі. Зерттелуші будан организмдердің саны көбейтілсе, ол қатынастар бір-біріне жақындай түседі, бірақ олардың біртіндеп сәйкес келуі өте сирек болады. Дәл осы айтылғандарды Мендель тәжірибелерінен де табуға болады. Мендель, жоғарыда айтылғандай сары және жасыл тұқымды бұршақ сорттарын будандастырып, будандардың бірінші ұрпағын алды. Сол өсімдіктердің сары тұқымдарынан будандардың екінші ұрпағының 258 өсімдігін өсіріп, олардың әрқайсысында пайда болған сары және жасыл тұқымдарды санады. Жоғарыдағы кестеде он өсімдіктен тәжірибе жүзінде алынған сары және жасыл тұқымдардың ажырауының ара қатынастары берілген. Осы өсімдіктердің әрқайсысының ажырау қатынастарына қарасақ, олар, мысалы, 25:11 (2,27:1) және 24:13 (1,84:1), яғни теорияда күтілген фенотиптік кластардың 3:1 қатынасынан көп өзгеше болып шығады. Ұрпағына талдау жасалынған 258 гибридті өсімдіктердің бұл кестеде келтірілмеген ажырауы біреуінде 32 сары: 1 жасыл, екіншісінде 20 сары: 19 жасыл болып шықты. Тәжірибеде алынған қатынастардың теория бойынша күтілген қатынастардан осылайша көп ауытқуы Мендель ашқан ажырау заңдылығына күмән келтіре алмайды. Өйткені, ықтималдылық теориясы бойынша іріктеуге алынған объектілер саны көп болғанда ғана тәжірибе мәліметтері теориялық күтілген қатынасқа дәл келе алады. Мысалы, Ғ2-нің 10 өсімдігінен алынған сары және жасыл тұқымдардың қатынасы 355:123, яғни 2,86:1 болды, ал бұл теория бойынша күтілген 3:1 қатынасына жақын. Ғ2 - ұрпағында Мендель барлығы 6022 сары, 2001 жасыл тұқымдар алды, олардың қатынасы 3,01сары : 1 жасыл, яғни теорияда күтілген 3:1 қатынасына өте жақсы сөйкес болып шықты.
Сонымен тәжірибеде алынған ажыраудың теорияда күтілген ажыраудан әруақытта айырмашылығы болады. Осы екі ажырауды бір-біріне жақындастырудың ең басты тәсілі - ол тәжірибеде талдау жасалынатын даралар санының көп болуы. Талдау жасалынатын ұрпақтағы даралардың саны неғүрлым аз болса, ауытқудың мөлшері де солғүрлым көп болады.
Тәжірибеде алынған және теорияда күтілген сұр және қара шыбындар санында ауыткулар бар екені көрініп түр. Осы ауытқулар кездейсоқ ауытқу ма (іріктеменің аздығы, бірнеше шыбынның талдауға дейін өліп қалуы немесе ұшып кетуі т.б.) немесе заңды ауытқуы ма? Бұл сұраққа жауап беру үшін арнаулы X2 Фишер кестесі пайдаланылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет