Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.
Бегімбеков Қ.Н., т.б. Мал өсіру және селекция. -Алматы 2006.
Садыкулов Т.С., Бексейітов Т.К. Мал өсіру және слекция, Алматы, 2011.
Плохинский Н.А. Биометрия. -М., 1980.
Тәжірибелік сабақ № 7
Тақырыбы: Жыныс генетикасы. Жыныспен тіркескен гендердің тұкым қуалауы. Сабақтың мақсаты: Белгілер арасындағы жыныспен тіркескен гендердің тұкым қуалау байланыстарды және регрессия коэффициентін кіші және үлкен іріктеулерде есептеу техникасымен танысу..
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар:Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер. Мазмұны: Биометриялық көрсеткіштерді компьютерде анықтау. Іріктеменің сипаттамаларын анықтаудың ең тиімді жолы – компьютерлік бағдарламаларды пайдалану. Жаңа компьютерлердің Місrоsоft Ехеl бағдарламасы көмегімен көптеген биометриялык көрсеткіштерді тез арада, оңай, әрі дәл есептеуге болады. Компьютерлік бағдарламалар белгінің орта және өзгергіштік көрсеткіштерін есептеудің көбейту әдісіне негізделген, олар әрбір вариантаны есепке алады, сондықтан статистикалақ көрсеткіштерді дәл анықтайды.
Қажет биометриялық көрсеткішті есептеу үшін компьютердің Місrоsоft Ехеl бағдарламасыңдағы «Функцияны қосу»батырмасы ішіндегі «Статистика»-ныашады да, соның ішіндегі берілген тізімнен қажет параметрді – «Арифметикалық орта», «Мода», «Медиана» немесе «Стандарттық ауытқу»-ды іске қосады. Іске қосылған функцияның терезесіне іріктеме маліметтерін тінтіуір сілтемесі көмегімен белгілеп енгізеді, онан соң тінтіуір сол жақгағы батырмасымен «ОК»-дібасқаннан кейін экранда алдын ала белгіленген орында статистикалық көрсеткіштің мәні шығады.
Сапалық белгілердің статистикалық көрсеткіштері. Сапалық белгілер үшін арифметикалық орта болып зерттелетін белгі байқалатын даралардың үлесі немесе бөлігі саналады. Мысалы, шаруашылықта өсірілетін 2400 күзеннің 2136-сында түгінің түсі бойынша доминантты (қоңыр), қалғандарында рецессивті фенотип (сұрғылтым) байқалды делік. Доминантгы белгі байқалатын варианталардың абсолют санын – т арқылы белгіленсе, онда рецессивті белгі байқалатын варианталардың саны п – т арқылы белгіленеді: п = 2400; т = 2136; п – т = 264.
Альтернативаның санын бірлік үлесі немесе пайыз (процент) арқылы есептеуге болады. Егер доминантты белгіні сипаттау қажет болса, онда оның үлесі – р = т/п = 2136/2400 = 0,89 немесе 89 %. Мұнда, р арифметикалық орта коэффициентіне сәйкес келеді (р = ). Рецессивті белгіні сипаттау қажет болған жағдайда, оның үлесі – q= = (n– m)/n= 1 – (m/n) = 1 – р = 1 – 0,89 = 0,11 немесе 11 %. р + q= 1 немесе р + q= 100.
Сапалық белгілердің өзгергіштігі стандарттық ауытқу арқылы сипатталады, оны есептеу үшін мына формула қолданылады: Бірлік үлесі немесе пайыз арқылы өрнектелген сапалық белгі жиілігінің статистикалық қателігі болады. Мұндай қателік кез келген статистикалық көрсеткіш үшін тән, өйткені оның мәні бас жиындағы параметріне ешуақытта тең болмайды. Мысалы, үшін ірікт.бас. Сапалық белгінің орташа жиілігінің қателігі немесе 0,63 %.
Қорытынды: Күзеннің қоңыр түсінің орташа жиілігі (арифметикалық ортасы) 0,89-ға немесе 89 %-ға, ал сұрғылтым түстің – 0,11-ге немесе 11 %-ға тең. Зерттелген доминантты және рецессивті белгілердің жалпы статистикалық қателігі 0,0063-ке немесе 0,63 %-ға тең. Талданған іріктемеде белгінің орта шамасының жиілігі 0,31-ге () ауытқуы мүмкін.