Бақылау сұрақтары:
Статистикалық коэффициент дегеніміз не?
Арифметикалық орталардың айырмашылығының сенімділігін анықтау дегеніміз не?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.
Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.
Бегімбеков Қ.Н., т.б. Мал өсіру және селекция. -Алматы 2006.
Меркурьева Е.К., Абрамова З.Б., Бакай А.В., Кочий И.И., Генетика. - М., Агропромиздат, 1991.
Тәжірибелік сабақ №6
Тақырыбы: Тіркес түкым куалау.
Сабақтың мақсаты: Тіркес түкым куалау: эмпиризимдік және теориялық қатарларды өзара салыстыру техникасын оқып үйрену.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Хи-квадрат критерийінің мәні. Біз екі іріктеменің орта шамалары арасындағы айырмашылықтың сенімділігін анықтау үшін Стьюдент критерийі қолданылатынын қарастырдық, енді әр түрлі, мысалы, екі эмпиризмдік вариациялық қатардың жиіліктерінің ( және ) айырмашылығын бағалау үшін қолданылатын хи-квадрат (χ2) әдісімен танысамыз. Бұл әдісті алғаш рет К. Пирсон ұсынған болатын. Сондықтан үлестірім заңдылығын тексеру немесе әр түрлі вариациялық қатарлары арасындағы айырмашылықтың сенімділігін анықтау үшін қолданылатын ( немесе ) мәндері Пирсон критерийі деп аталады.
Пирсон критерийінің стандарттық мәндері (қысқартылып алынған)
v
|
Ықтималдық деңгейлері (Р)
|
v
|
Ықтималдық деңгейлері (Р)
|
0,95
|
0,99
|
0,999
|
0,95
|
0,99
|
0,999
|
2
3
4
5
6
|
5,99
7,82
9,49
11,07
12,59
|
9,21
11,34
13,28
15,08
16,81
|
13,82
16,27
18,47
20,52
22,46
|
7
8
9
10
11
|
14,07
15,51
16,92
18,31
19,68
|
18,48
20,09
21,67
23,21
27,72
|
24,32
26,12
27,88
29,59
31,26
|
Жалпы алғанда χ2-әдісі ғылыми-практикалық жұмыстарда негізінен екі түрлі мәселені талдау үшін қолданылады: 1) іріктемелік вариациялық қатардың жиілігінің (fэмп) үлестірім заңдылығын тексеру және 2) екі эмпиризмдік вариациялық қатардың жиіліктерінің айырмашылығының сенімділігін бағалау.
Эмпиризмдік жиіліктерді өзара салыстыру. Енді хи-квадрат критерийінің вариациялық қатарлар арасындағы айырмашылықты бағалауда қолданылуын қарастырамыз. Мұндай жағдайда χ2 критерийін салыстыратын іріктемелердің көлеміне байланысты мына формулалар көмегімен анықтайды:
n1 = n2 болғанда n1 ≠ n2 болғанда
Бұл формулалардағы f1 және f2 – салыстырылатын үлестірімдердің жиіліктері; n1 = f1 – бірінші, n2 = f2 – екінші эмпиризмдік үлестірімнің көлемі; N = n1+ n2. Еркіндік дәрежелер саны класс санын бірге азайтып табады: v = l – 1. Мұндай жағдайда мәні 5-тен аз жиіліктер біріктірілмейді. Жалпы тұрғыдан алғанда бұл формулаларды қолдану үшін салыстыруға алынған вариациялық қатарлардың жиіліктері бірдей класс шекараларына таралуы керек.
Сиыр сүтінің майлылығы бойынша вариациялық қатарларды жиіліктері бойынша салыстыру
Сүттің
майлылығы, %
|
Жиілік
|
|
f1 + f2
|
|
f1
|
f2
|
3,50
3,65
3,80
3,95
4,10
4,25
4,40
4,55
4,70
|
3
8
30
73
66
22
14
9
5
|
2
5
44
70
56
28
10
8
7
|
9
64
900
5329
4356
489
196
81
25
|
5
13
74
143
122
50
24
17
12
|
1,80
4,92
12,16
37,27
35,70
9,78
8,17
4,76
2,08
|
Σ
|
Σf1 = n1 = 230
|
Σf2 = n2 = 230
|
–
|
N = 460
|
116,64
|
Мысалы. Ірі қараның әулие ата тұқымы өсірілетін екі сүт фермасындағы сиыр сүті майлылығы бойынша 12-кестеде көрсетілгендей тарады. Екі вариациялық қатардың үлестірімдерінің айырмашылығының сенімділігін анықтау керек.
Кестенің мәләметтерін пайдаланып, хи-квадрат критерийінің мәнін табамыз:
4∙116,64 – 460 = 6,56.
Бұл сан хи-квадрат критерийінің кестелік төменгі шекарасынан аспайды: v = l – 1 = 9 – 1 = 8 және Р = 0,95 үшін = 15,51 (11-кесте). Олай болса нөлдік жорамал күшінде қалады яғни екі фермадағы сауын сиырлардың сүтінің майлылығы бойынша үлестірімдері арасында сенімді айырмашылық жоқ, ал байқалынатын айырмашылық кездейсоқ болып саналады (Р < 0,95).
Мысалы. Көрші екі аралда тіршілік ететін маймылдардың қанындағы лизоцимнің титрі бойынша вариациялық қатарлардың жиіліктері айырмашылығының сенімділігін бағалау керек. Қажет көмекші шамалар 13-кестеде берілген.
Терминдер: Хи-квадрат критерийі (χ2) –әр түрлі эмпиризмдік вариациялық қатарлардың үлестірімін өзара салыстыру үшін арнайы өңделген статистикалық әдіс; Нөлдік жорамал (Н0) – салыстырылатын әр түрлі биометриялық көрсеткіштер немесе үлестірімдер арасында ешқандай айырмашылық жоқ; Пирсон критерийі – хи-квадрат критерийінің стандарттық мәндері.
Достарыңызбен бөлісу: |