Варианталарды кластарға түсіріп болғаннан соң, жиілік шифрларын сандарға айналдырып, вариациялық қатар алынады. Енді вариациялық қатар құрастыру принципімен жеке мысалда танысайық.
Мысалы. Шаруашылықта іріктемеге алынған 100 бас саулық қойдың тірілей салмағы өлшенді. Өлшеу нәтижесі мынадай болды:
Түсіру шифрларын санға айналдырамыз, олардың қосындысы іріктеменің көлеміне тең болады (Σf = п = 100). 14-кестеде кластардың орта мәні кластардың төменгі шекараларына класс аралығының жартысын (к/2 = 4/2 = 2) қосу арқылы табылады, мұның нәтижесінде интервалды вариациялық қатар интервалсызға айналады.
Саңдық белгілердің өзгеру заңдылығын көрнекті етіп көрсету үшін вариациялық қатарды график түрінде кескіндеу өте ыңғайлы. Абсцисса өсіне класс шекараларын, ордината өсіне интервалдар жиілігін түсіріп, гистограмма (бағандама)алынады. Абсцисса өсінен көтерілген перпендикулярлардың бастарын сызықпен қосса үлестірім алқабы деп аталатын вариациялық қисық сызық алынады. Қазіргі кезде вариациялық қатардың графиктерін компьютерде әр түрлі бағдарламалар көмегімен бейнелеу өте тиімді болып саналады (22-сурет). Вариациялық қатардың графигін компьютер арқылы өрнектеу әдістерімен арнайы лабораториялық сабақта танысамыз.