Бақылау сұрақтары:
Қалыпты үлестірімнің функцияларының қолданылуы?
Вариациялық қатардың теориялық жиілігін анықтау?
Селекциялық жұмыстың тиімділігін бағдарлау?
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.
Асылбек Р., Божбанов Б.Ж. Биометрия. -Шымкент: 2010.
Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.
Стамбеков С. Ж. Генетика. - Новосибирск. Ана-тілі, 2002.
Бегімқүлов Б.К. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. -А. Білім, 1996.
Меркурьева Е.К., Абрамова З.Б., Бакай А.В., Кочий И.И., Генетика. - М., Агропромиздат, 1991.
Тәжірибелік сабақ №11
Тақырыбы: Мутациялық өзгергіштік.
Сабақтың мақсаты: Мутациялық өзгергіштік тұқым куалаушылықтың молекулалық негіздері. ДНҚ және және РНҚ, олардың тұқым қуалаушылықтағы рөлі және синтезделуін үйрету.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: Плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: ДНҚ – генетикалық материалды тасушы зат. ДНҚ-ның тұқым қуалаушылыққа жауапты зат екені 1928 ж ағылшын дәрігері Ф. Гриффитстiң пневмококк бактерияларында ашқан трансформация құбылысында айқын болды. Пневмококк бактериялары сүтқоректiлер өкпесiнiң қабынуын (пневмонияны) қоздырып, олырдың өлiмiне себепшi болады. Сондықтан, мұндай бактериялар патогендi немесе вируленттi болып саналады, себебi олардың қабығының шырышты бөлiгi жұқтырылған жануар иммундық жүйесiнiң фагоциттерiне қарсы антизаттар (у) бөлiп шығарады. Вируленттi бактериялар қоректiк ортада тегiс шоғыр (S-штамм) түзеді.
ДНҚ-полимераза
Репликациялық айыр Репликация бағыты
3
5 3 5
Бастаушы тiзбек Хеликаза
3 5 Артта қалған тізбек 3
5 Гираза Бастапқы репликацияланбаған ДНҚ
Бастаушы (жетекші) тiзбек
Келесі оказаки үзінділерінің синтезі
Лигаза әсерінен үзінділердің жалғануы
3 5
5 3
Синтезделген ДНҚ-ның жартысы бастапқы тізбектен тұрады
3 5
ДНҚ репликациясы
Шырышты қабығы жоқ вируленттi емес бактериялар мутация арқылы пайда болады. Олар қоректiк ортада кедiр-бұдыр шоғыр (R-штамм) түзеді. Тышқандарға осындай бактерияларды енгiзсе, онда олар фагоцитоз нәтижесiнде бактериялық клеткаларды жойып, тiрi қалады. Бiрақ вируленттi S-бактерияларымен иньекцияланған тышқандар өкпесiнiң қабынуынан өледi. Ал, алдын ала қыздыру арқылы шырышты қабығынан айырылған S-бактериямен иньекцияланған тышқандар тiрi қалады.
Тышқандарға пневмококтың R-штамын және қыздыру арқылы капсуласынан айырылған S-штамын бiрге енгізгенде, олар тiрi қалуы керек еді, алайда олардың барлығы өлiп қалады. Пневмониядан өлген тышқандардан шырышты қабығы бар S-вируленттi штамм бөлiнiп алынды. Демек, S-штамының вируленттiк қасиетiн анықтайтын зат R-штамға өтетiнi анық болды. Көп жылдар бойы вируленттi емес бактерияның вирулентті бактерияға трансформациялануы жұмбақ болып келедi. Тек 1944 ж. Эвери, Мак-Леод және Мак-Карти трансформациялаушы фактордың ДНҚ екенiн көрсеттi. ДНҚ-ның бір бактериядан басқаға өтуі арқылы соңғысының қасиетінің өзгеруі трансформация деп аталады. Яғни организмнің қасиеті ДНҚ-ға тікелей байланысты екен, демек ол ген болып саналуы керек. Кейбiр вирустар ДНҚ-дан емес РНҚ-дан құралған, сондықтан олар ретровирус деп аталады. Сонымен барлық эукариоттарда және прокариоттардың басым көпшiлiгiне ген болып ДНҚ саналады, тек ретровирустарда – РНҚ саналады.
Достарыңызбен бөлісу: |