Тәжірибелік сабақ №1
Тақырыбы: Мал кариотипінің сандык талдамасы.
Сабақтың мақсаты: Эволюциялық факторлардың әсері кезінде популяция құрылымын анықтау және популяциялық генетика Харди–Вайнберг заңы және оның формуласының гендік талдауды үйрену.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Популяциялық генетика – тұқым қуалаушылық құбылысын жануар тобында зерттейтiн генетиканың бөлiмi. Жеке дара эволюциялық процестiң бiрлiгi бола алмайды, себебi оның генотипi өмiр бойы өзгермейдi және де оның өмiр сұру уақытысы шектелген.
Популяция дегенiмiз белгiлi ареалды таралған, өзара еркiн будандаса алу қабiлетi бар бiр түр iшiндегi организмдер тобы болып саналады. Оның гендерiнiң жиыны генофонд деп аталады. Популяциялық генетиканың негiзiн Харди–Вайнберг заңы құрайды. Заң бойынша эволюциялық процестiң факторлары жоқ кезде популяцияның гендер (аллельдер) жиiлiгi белгiлi тепе-теңдiкке тез жетiп, барлық келесi ұрпақтар аралығында өзгермейдi. Харди–Вайнберг заңы мынадай жағдайларды керек етедi: популяциядағы даралар санының жеткiлiктi болуын; әр түрлi генотиптердiң көбею қабiлеттiлiгiнiң бiрдей болуын және популяцияда кездейсоқ шағылысудың сақталуын. Харди–Вайнберг заңын формуласын былайша өрнектеуге болады: (рА + qа)2 = р2АА + 2рqАа + q2аа.
Харди–Вайнберг заңы мал популяциясын талдау үшiн жиi қолданылады. Зоотехния практикасында рецессивтi гендiк кемiс бойынша гетерозиготалардың жиiлiгiн анықтау қажеттiлiгi тууы мүмкiн.
Мысал. Барлығы 4232 қозының 2-уінде тік ішек атрезиясы байқалды. Харди-Вайнберг формуласы арқылы осы генотиптiң және геннiң жиiлiгiн табамыз: q2aa = naa:N = 2:4232 = 0,00047; = = 0,02. Доминантты геннiң жиiлiгi – = 1 – = 1 – 0,02 = 0,98. Екi аллельдiң де жиiлiгi белгiлi болғандықтан Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, зерттеп отырылған локус бойынша популяцияның теориялық тұрғыдан күтiлетiн генетикалық құрылымын анықтаймыз:
AA = p2 = 0,982 = 0,9604 (шамамен 96,04 % – 4064 бас);
Aa = 2pq = 20,980,02 = 0,0392 (шамамен 3,92 % – 166 бас);
аa = q2 = 0,022 = 0,0004 (0,04 % немесе 2 бас).
Есептеудiң дәлдiгiн тексеру үшiн генотиптердiң жиiлiгiн қосу керек. Олардың қосындысы 1-ге тең болса есептеу дұрыс деп саналады.
Харди-Вайнберг заңы генотиптердiң теориялық күтiлетiн жиiлiгiн фенотиптердiң саны бойынша есептеуге мүмкiндiк бередi. Бұл үшiн мына формула қолданылады:
Мысал. Фосфоглюкомутаза локусы (PGM1) бойынша 68 адам мынадай арақатынаста ажырады: 39PGM11/PGM11 25PGM11/PGM12 : 4PGM12/PGM12. Аллель жиiлiгiн фенотиптер саны арқылы анықтауға болады:
және немесе .
Аллельдер жиiлiгi арқылы фосфоглюкомутаза типi генотиптерiнiң теориялық жиiлiгiн анықтаймыз: PGM11/PGM11 = = 0,762 = 0,5776 немесе 39,28 адам;
PGM11/PGM12= 2 =20,760,24 = 0,3648 немесе 24,80 адам;
PGM12/PGM12 = = 0,242 = 0,0576 немесе 3,92 адам.
Популяцияның шын мәнiндегi генотиптер жиiлiгi мен оның теориялық жиiлiгiн көзбен шолу арқылы салыстыру олардың арасында айырмашылық бар екенiн көрсетедi.
Популяцияның гендiк тепе-теңдiкте болуын бiлу үшiн екi түрлi әдiс қолданылады. Бiрiншi әдіс формуласына негізделеген. Теңдеу тең болса, онда мұндай популяция гендiк тепе-теңдікте болғаны, ал тең болмаса, онда популяцияда локустың гендiк тепе-теңдiгi өзгерген.
Достарыңызбен бөлісу: |