Сандуєаш+озат



бет4/33
Дата28.04.2023
өлшемі1,02 Mb.
#88075
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33
Байланысты:
5-Практикалық сабақ генетика (1)

Бақылау сұрақтары:


  1. Эволюциялық факторлардың әсері кезінде популяция құрылымын анықтау дегеніміз не?

  2. Популяциялық генетика дегеніміз не?

  3. Харди–Вайнберг заңының маңызы неде?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі


  1. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2011.

  2. Бегімқұл Б.К. Генетика-А.: 2002.

  3. Стамбеков С. Ж. Генетика. - Новосибирск. Ана-тілі, 2002.

  4. Бегімқүлов Б.К. Молекулалық генетика және биотехнология негіздері. -А. Білім, 1996.



Тәжірибелік сабақ №2

Тақырыбы: Кариограмма кұрастыру
Сабақтың мақсаты: Гомозиготалы рецессивтер мен доминантыларға қарсы сұрыптау кезінде аллельдер жиілігінің өзгеруін талдау әдістерін игеру.
Сабаққа қажетті көрнекі құралдар мен жабдыкқтар: плакаттар, схемалар, есептеу машинкасы, тақырыпқа сай фильмдер мен виртуалды схема түріндегі есептер.
Мазмұны: Сабаққа кiрiспен алдын түр дегенiмiз, популяция дегенiмiз не екенiн бiлiп алайық. Түр деп морфологиялық жағынан өте ұқсас, шыққан тегi бiр және табиғи жағдайда бiр-бiрiмен шағылысатын организмдердiң тобын айтады. Ал популяция деп өмiр сүретiн мекенi бiр, сол жерге бейiмделген, өзi кiретiн түрдiң басқа топтарынан оқшауланған организмнiң тобын айтады. Популяция түр iшiнде бiрi-бiрiнен орналасуына, белгiлi бiр жерге орналасуына байланысты; екiншi мезгiл, уақыт бойынша; үшіншiден физиологиялық; төртiншiден, генетикалық ерекшелiктер арқылы оқшауланады. Популяция түрдiң бiр бөлiгi.
Ген – тұқым қуалау бiрлiгi. Ген доминантты не рецессивтi болуы мүмкiн. Гендер жиынтығы генотип деп аталады. Белгiнiң гендерi бойынша генотип екi түрлi болуы мүмкiн: гомозиготалы не гетерозиготалы. Генотипi бiрдей гендерден тұратын дара АА немесе аагомозиготалы деп, ал әр түрлi гендерi Аа бар – гетерозиготалы деп аталады. Генотип пен ортаның өзара әрекеттесу нәтижесiнде қалыптасқан рганизм белгiлерiнiң сырт көрiнiсiнiң жиыны фенотип деп аталады.
Фенотиптердiң популяциядағы жиiлiгi деп олардың арақатынасын айтады. Ол % арқылы көрсетiлуi мүмкiн. Онда барлық топтағы организмдер санын 100% деп алады. Негiзiнде популяция генетикасында топтағы барлық өкiлдердiң санын бiр деп алу қалыптасқан. Мұндай жағдайда фенотиптердiң жиiлiгi бiрлiктiң бөлшектерi арқылы көрсетiледi. Көбiне популяцияның бар өкiлдерiн зерттеуге мүмкiндiк болмайды, ондай жағдайда барлық өкiлдердiң тек бiр бөлiгiн ғана алып зерттейдi. Фенотиптер жиiлiгiн анықтаудың формуласы қарапайым. Бүкiл популяциядағы өкiлдердiң санын, немесе оның бiр тобының саны үлкен латынша N әрiпiмен белгiлеу, А белгiсi бар өкiлдер саны – n1, а белгiсi бар өкiлдер саны – n2 деп белгiлеу қалыптасқан. Олай болса топтағы А фенотипiнiң жиiлiгi формуласы арқылы, а фенотипiнiң жиiлiгi формуласы арқылы анықталады. Көрсетiлген формулалармен бiрлiктiң iшiндегi арақатынасы анықталады, ал оларды %-пен көрсету үшін шыққан сандарды 100-ге көбейту керек. Мысалы, бiр ортада 808 қой бар делiк N=803. Оның 536 көк, n1=536, 272 қара, n2 =272. Сонда осы екi фено птиптiң жиiлiгiн табайық: көктiң жиiлiгi =n1/N=536/808 =0,663 болмаса 66,3 %; қараның жиiлiгi =n2/N=272/808=0,337, болмаса 33,7 процент.
Егерде фенотиптер белгiлi болса генотиптердiң жиiлiгiн де осы сияқты формулалармен анықтауға болады. Мысалыға кодоминациякезiнде АА1 генотиптерiнiң АА гомозиготалы және А1А1 генотиптерiнен фенотиптерi бойынша ерекшелiктерi болад. Мұндайда олардың жиiлiгiн мына формула арқылы анықтауға болады: АА генотипiнiң жиiлiгi n1/N; А1А1 генотипiнiң жиiлiгi  n2/N; АА1 генотипiнiң жиiлiгi  n3/N формулаларымен анықталады. Мұндағы N барлық топтағы генотиптердiң саны, n-дер әртүрлi генотиптердiң фенотипi бойынша саны. Олардың формула бойынша арақатынасы шығарыфлғанда олардың қосындысы 1-ге , немесе 100-ке тең болуға тиiс. Мысалы, 300 шошқаның қанын антигендерге тексердiк делiк. Сонда оның 174-нен Гв, 15-нен тек Га, ал қалған 111-нен Гв антиген де, Га антиген де табылды делiк. Ендi осы ұш түрлi генотиптiң жиiлiктерi қалай, соны шешiп көрелiк. Га n1/N15/3000,05, немесе 5; Гв n2/N 174/300 0,58, немесе 58; ал Га/Гв генотипiнiң жиiлiгi n3/N 111/300 0,37, немесе 37 болады.
Егерде популяциядағы генотиптердiң жиiлiгi белгiлi болса, онда аллелдердiң жиiлiгiн де анықтауға болады. Паопуляциядағы өкiлдердiң саны – N, АА- генотипiнiң саны n1; А1А1 генотипiнiң саны – n2; және АА1- генотипiнiң саны n3, ал аллелдердiң жиiлiгiн р әрпiмен белгiлесек, А аллелiнiң жиiлiгi рА (2n1+n3): 2N формуласымен, А1 аллелiнiң жиiлiгiн h әрпiмен белгiлесек, онда ол мына формуламен анықталады: hА1 (2n2+n3): 2N. Бұл жерде А және А1 аллелдерiнiң жиiлiгiнiң қосындысы 1-ге немесе 100 -ке тең болуға тиiс. р+h  1/100.
Мысалы, құс фермасында 2400 тауық бар делiк, оның 364-i қара олардың генотипi ВВ, 384- ақ, олардың генотиптерi В1В1 және 1152 тауық – көк, олардың генотиптерi ВВ1. Бiздер ендi В және В1 генотиптерiнiң жиiлiгiн анықтауымыз керек.
Ол үшін жоғарыда келтiрiлген формулаларды пайдаланамыз. Тауықтардағы В генiнiң жиiлiгi мынадай болады: рВ (2∙864+1152) : (2∙2400) 0,6, немесе 60. В1 генiнiң жиiлiгi мынадай болады: hВ1 (2∙384+1152):(2∙2400)  0,4, немесе 40. Есептiң дұрыстығын аллельдердiң жиiлiгiн қосу арқылы анықтайды: р+h 1. Бiздiң мысалымызда ол р+h 0,6+0,4 1 болады.
Гомологты (жұп) хромосомалардың мейоз кезінде ажырауы оларда орналасқан жұп гендердің әрқайсысының жаңа клеткаларға жеке ажырайтынын дәлелдейді. Мұның нәтижесінде гаметаға жұп геннің бірі ғана түседі. Ұрықтануда әрбір гамета (аталық және аналық) зиготаға жұп геннің бірін береді. Егер олар бірдей ген берсе, онда гомозиготалы, ал әр түрлі берсе – гетерозиготалы зигота пайда болады.
Гомозиготалы ағзалар жыныс клетканың бір типін түзейді, сондықтан оларды (бірі доминантты ген А, екіншісі рецессивті ген а бойынша гомозиготалы) өзара шағылыстырғанда алынған гетерозиготалы Ғ1 (Аа) түгелдей біркелкі фенотиппен сипатталады. Гетерозиготаларды өзара шағылыстырғанда белгі Ғ2-де 3 доминантты : 1 рецессивті қатынаста ажырайды.
Доминанттылық құбылысына салыстырмалық тән. Әр кезде толық доминанттылық және оның классикалық ажыраулары байқала бермейді. Жұп геннің бірінің екіншісінен басымдылығы толымсыз болуы немесе олар белгіге теңдей әсер беруі мүмкін. Тіпті кейде бір белгінің гені бірде доминантты, басқа жағдайда рецессивті болуы мүмкін, мысалы порфирия гені ірі қара мен қойда рецессивті болса, ал шошқада – доминантты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет