Әліппені оқыту кезіндегі графикалық және каллиграфиялық қателермен жүргізілетін жұмыс түрлеріне талдау жасаңыз
Оқушының көркем және сауатты жазуы үшін бірнеше жаттығулардың түрлерін ұсынамын. Бұл жаттығулар балалардың көркем жазу дағдысын қалыптастырады.
«Орнын белгіле» жаттығуы. Дәптерге алдын ала сөздер жазылады. Оқушылар әріп элементтерінің және әріптердің байланысу орнын белгілейді.
«Әріпті тап» жаттығуы. Әріптің бір немесе екі элементі жазылады да, оқушылар қалаған элементін тауып жазып көрсетеді.
«Ғажайып алаң» ойыны. Тақтаға сөз жасырылады. Мұғалім жасырылған сөздің әрбір әрпін элементтері бойынша сипаттап айтады да, ал оқушылар қандай әріп екенін айтады.
Әдістер: Көшіріп жазу әдісі, Сызықтық әдіс, Генетикалық әдіс, Тактикалық, Карстер әдісі
Көшіріп жазу әдісі бойынша мұғалім дәптерге қарындашпен жазады немесе әріп таңбаларын нүктемен белгілейді. Ал, оқушылар оның үстінен басып жазады.
Сызықтық әдіс арқылы оқушы әріптің көлемін, пішінін, арақашықтығын, көлбеулігін дұрыс жазуды үйренеді. Әріптің біркелкілігін сақтау үшін арнай торкөздер пайдаланылды.
ЕСЛИ ВРЕМЯ ЕСТЬ!
Қорыта айтқанда, сауатты болудың алғы шарты әріптерді үйретуден басталады. Әріп элементтерін дұрыс бір-бірінен ажыратып жазу ережелерін сақтағанда ғана бала сауатты жаза алады. Оқушыларды сауаттылыққа үйрету – әр мұғалімнің шығармашылық еңбегіне байланысты.
|