Әліппе оқулық материалдарының күнтізбелік үлгі-жоспарын талдаңыз
«Әліппе» пәнінің үлгілік оқу бағдарламасы «Білім берудің барлық деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 31 қазандағы № 604 бұйрығына сәйкес әзірленген.
Бағдарлама құрылымы мен мазмұны А.Байтұрсынұлының оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту ЖӘНЕ білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу ұстанымдары негізінде айқындалды, олар оқулық жазуда басшылыққа алынады.
Әріп таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесімі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
«Әліппе» пәнінің мақсаты – дыбыспен жаттығу, әріп таныту, оқуға, жазуға, ауызша және жазба мәтін құрауға үйрету арқылы білім алуға ынталы жеке тұлғаның дамуына мүмкіндік жасау.
«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына 6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
«Әліппе» пәнін оқыту екі кезең бойынша (әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағат) ұйымдастырылады.
Оқу пәнінің мазмұны:
қазақ тілінің дыбыстық және әріптік жүйесінен
негізгі тілдік бірліктерден
қазақ тілі бойынша қарапайым грамматикалық дағдылардан
орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалардың қарапайым түсініктерінен құралады
2
|
Әліппеге дейінгі кезеңдеріне қойылатын талаптарды талдап, түсініктеме беріңіз
Т алаптар:
1, Мұғалімнің сөзі, оқу материалдары баланың жас ерекшелігіне сай түсінікті болуы тиіс. оқу материалдарының бәрі де бала үшін өте жеңіл болуы керек. Оқыту барысында балаға шамасы жетпейтін аса қиын тапсырмаларды ұсынуға болмайды.
2, Көрнекілік.Бұл -бастауыш мектеп тәжірибесінде бұрыннан қолданылып келе жатқан дәстүрлі әдіс. қима әліппе мен кестелер, схемалар, ойыншықтар, түрлі заттық үлгілер, плакаттар,оқу техникалық құралдар,түрлі дидактикалық материалдар сабақ сапасын арттырады.Көрнекі құралдарды тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен шығармашылық жұмыс жүргізу дәрежесіне байланысты.
|