Сауат ашу технологиясының маңызы, лингвистикалық, психофизиологиялық негізі


Қазақ тілінен бастауыш мектепте оқыту әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалар



бет3/52
Дата23.06.2023
өлшемі151,09 Kb.
#103156
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52
Байланысты:
Екинши кешенди эмтихан copy

Қазақ тілінен бастауыш мектепте оқыту әдістері, құралдары, ұйымдастыру формалар
Қазақ тілін оқыту әдістемелерінің түрлері: Кітаппен жұмыс әдісі, Көрнекілік әдіс, Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі, Жаттығу әдісі.
Баяндау әдісі. Қазақ тілінен оқушыларға белгілі тақырып бойынша берілетін білімді мұғалімдердің түсіндірудегі әрекеті - ауызша баяндаудан басталады. Мұғалімнің оқушыларға жаңа білімді баяндап айтып беруін - ауызша баяндау әдісі дейміз. Ауызша баяндау әдісі оқушылардың жас шамасына қарай, кысқа, не ұзақ баяндалуы мүмкін. Мұғалім күні бұрын өзінің баяндайтын сөзін ойланып алуы керек, егер бұрын баяндау жолына ысылмаған болса, мазмұндаманың жобасын жазып алғаны дұрыс. Ауызша баяндап, мазмұндап берудің үш түрі бар: әңгіме әдісі, түсіндіру /объяснение/, лекция түрі.
Әңгіме әдісі - жаңа материалды түсіндіргенде жүргізілетін әдіс немесе сұрақ-жауап әдісі. Қазақ тілінен жаңа материалды түсіндіру барысында ғылыми фактілерге, анықтамаларға сүйене отырып, сол тақырыптың шығу, не жазған авторлардан бастап әңгімелеу әдісімен түсіндіруге талаптанады. Оқушыларға сол материалды түсінікті, айқын, анық тілмен жеткізе отырып мазмұны баяндалады. Орта жастағы оқушы 10 минут, жоғары сынып оқушыларына 15 минуттей уақыт ішінде әңгіме сұрақ-жауап айтылады. Әңгіме әдісі - көбіне сұрақ-жауап арқылы диалогтық сөйлеу формасында жүреді. Мысалы, қазақ тілінен "сөз жасам", "сөз тіркестерін" өткенде, оқушыларды өздігінен іздендіру үшін сұрақтар қойғызып, оған жауап қайтарғызу, жауаптарының дұрыс-бұрыстығын оқушылардан сұрап түзеттіру арқылы жүргізіледі. Әңгімелесу түрлері жаңа материалды түсін-діргенде, білім жүйесін әңгімелеп, білімді қорытындылағанда, ауызша, жазбаша жаттығуларды тексергенде, өткен материалдарды қайталағанда, баланың оқып білгенін, саналы түрде меңгерген сәттерін білу үшін жүргізіледі. Әңгіме әдісін жақсы ұйымдастыру мұғалімнің шеберлігіне байланысты. Оқушылардың білімді түсініп, сабаққа белсенді қатысуы үшін әңгіменің эвристикалық түрі кеңінен қолданылды. Қазіргі уақытта әр тақырыптың ережесін проблемалық ситуация туғыза отырып, оқушыға таптыру әдісі кең өріс алуда.
Әңгіменің нәтижелі болуы - сұрақты дұрыс, дәл, түсінікті қоя білуге байланысты. Мұғалім сұрақты дұрыс қоя алмаса, оқушылар да асып-сасып жауап бере алмайды. Оқушы қиналған кезде жетелеп сұрақтар беру мұғалімнің іскерлігін көрсетеді.
Түсіндіру әдісі - қазақ тілінен берілетін белгілі бір тақырыпты түсіндіруде мұғалім көрнекі құрал, таблица, т.б. құралдарды пайдалана отырып, сабақтың мазмұнын түсіндіреді. Түсіндіру барысында оқушылардың назарын аудара отырып, әр түрлі әдіс-тәсілді пайдаланып қызықты түсіңдірсе, оқушы сол тақырыпты ынталы түрде тыңдай отырып, сол проблемалық мәселені өздері шешуге талаптанады. Мысалы: 5-сыныпқа қазақ тілінен зат есім, сын есім, сан есімді түсіндіргенде сұрақ-жауап арқылы ережені, анықтамаларды оқушылардың өздеріне құратуға болады.
Лекция - жоғарғы сыныптардың оқушыларына қазақ тілінен факультативтік сабақтарда, 9-сыныпта қазақ тілі сабағында жүреді.
2. Кітаппен жұмыс әдісі
Оқушыларға берілетін теориялық білім оқулық пен оқу құралдары бойынша жеткізіледі. Бұлқұралдар әрбір сыныптарға арналған оқу бағдарламаларына негізделіп жасалады. Мұғалім қазақ тіліне арналған материалдардың ерекшеліктерімен бірге оларға байланысты берілетін анықтамалар мен ережелерді оқытып, түрлі жаттығу жұмыстарын оқулық пен көмекші құралдар негізінде іскее асырады.
Оқушылардың оқу құралымен, не басқа әдеби кітаптармен жұмыс істеуі - өз бетінше білім алуға, ізденуге бағыт алады. Кейде өз бетінше оқыған кітаптарынан: жоспар құру, тезис, конспект жасау, т.б, айтылып шығарма, не мазмұндама жазғызады. Көбіне кітаппен жұмыс істеуде сабақта, сабақтан тыс кезде оқу құралдарын және жеке шағын мақала, балаларға арналған газет-журнал материалдары, сөздік, балаларға арналған энциклопедия, т.б. сабақ тақырыбына байланысты пайдалану үйретіледі. Кітаппен жұмыс істеу, оқушылардың алған білімін толықтырады, екіншіден, өз бетінше білім алуға үйретеді. Олардың келешекте мамандық таңдауына да мүмкіндік туғызады. Мұның бәрі оқытушының үлкен шеберлігі арқылы іске асады.
3. Көрнекілік әдіс
Тілдің грамматикалық құрылысын, оның жекелеген категорияларын оқушыларға жан-жақты түсіндіруде, тақырыптық, талапқа сай жасалған көрнекі құралдарды пайдаланудың үлкен маңызы бар. Қазақ тіліндегі берілген тақырып бойынша жаңа сабақты түсіндіру, өткен материалды қайталау, не бекіту, жаттығу жаздыру кезінде пайдаланылған көрнекілік әрбір сабақтың әсерлігін және мазмұнын арттырып, оқушыға білімді қызықты, жалықтырмай игеруге себебін тигізеді. Білімді игерту үстінде оқушының ақыл-ойын дамытуда, ғылыми білімді игеруде, деректерді еске сақтауда көрнекілікті әрбір сабақ үстінде пайдалану қажет. Мысалы, қазақ тілінен қай сыныпқа арналған оқулықтарында салыстырмалы түрдегі таблицаларға, таблицаның басқа да түрлеріне кең орын берілген. Қазақ тілінің фонетика, морфология, синтаксис, пунктуация бөлімдері бойынша ғалым-методистер құрастырған таблицаларды мұғалімдер сабақ процесінде қолданып жүр.
Қазақ тілі сабағында көбірек қолданылатын көрнекіліктер: схемалар, кестелер, картина, табиғат суреттері, техникалық құралдар, т.б.
Қазақ тіліне арналған кестелер: фонетикалық, орфографиялық, пунктуациялық, лексикалық кестелер. Кестелер бір тақырыпқа арналған, не жинақтау түрінде болуы мүмкін.
4. Техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі
Мектептерде техникалық құралдарды оқу-тәрбие жұмысына енгізу 1960-70 жылдары басталды. Алғашқылардың бірі болып С.И.Архангельский, Н.М.Шахмаев, Т.К.Кирш, тағы басқалары оқу-тәрбие ісінде техникалық құралды пайдалануға зор мүмкіндіктер барлығын ғылыми-зерттеу жұмыстары арқылы дәлелдеп берді. Интерактивті тақталар, планшеттер, аудио, видео материалдар т.б




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   52




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет