Қазақстандағы қоғамдық сананы жаңғыртуға бағытталған бірден-бір құжат – Рухани жаңғыру мемлекеттік бағдарламасы. Еліміздегі рухани жаңғырудың тұжырымдамалық бағдары министрден бастап, қатардағы қарапайым азамат түсінетін, баршаға ұғынықты, бай әрі ықшам тілмен жеткізіледі.
Басты мақсат мемлекеттің және азаматтық қоғамның өзара іс- қимылының негізінде барша руханиятты жаңғырту болып табылады. Елбасы рухани жаңғырудағы ұлттық сананың рөліне баса назар аударып, бірнеше міндеттерді айқындап берді. Оның ең негізгісі ұлттың терең тарихынан бастау алатын рухани ұстанымды сақтап қалу. Құндылықтарымыз бен озық дәстүрімізді табысты жаңғырудың алғышартына айналдыра білу. Бұл ретте, Елбасы «Жаңғыру жолында бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керек»,- екенін атап көрсетті.
Рухани жаңғыруда қойылып отырған маңызды мәселенің бірі «сананың ашықтығы». Жаһандану үрдісіндегі басты талап әлемдік тілдерді игеруге ұмтылу. Бұл біздің ғаламдық үрдіске толыққанды араласуымызға жол ашады. Әлемдік озық тәжірибе мен жетістіктерге қол жеткізуімізге мүмкіндік туғызатыны анық.
Тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағыты:
1. Бәсекелік қабілет
2. Прагматизм
3. Ұлттық бірегейлікті сақтау
4. Білімнің салтанат құруы
5. Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы
6. Сананың ашықтығы
Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы
Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының жалғасы ретінде оның жаңа қырларын айқындап, тарихи сананы жаңғыртудың жолдарын көрсетеді.
Ұлт тарихындағы кеңістік пен уақыт» және «Тарихи сананы жаңғырту» деп аталатын екі бөлімнен тұратын мақалада Мемлекет басшысы ұлттық тарихымызды ежелгі заманнан қарастырып, оның тұжырымдамасын нақтылауға шақырады.
Президент аталған мақаласында тарихтың түйінді мәселелерін көпшілікке түсіндіру мақсатында Ұлы даланың жеті қырына тоқталады. Бұл айтылғандардың барлығы да біздің жеріміздің материалдық мәдениетінен бастау алады, ендеше бізге жат емес.
1. Атқа міну мәдениеті Атқа міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі, жылқыны өолға үйрету .
2. Ұлы даладағы ежелгі металлургия 3. Аң стилі 4. Алтын адам 5. Түркі әлемінің бесігі 6. Ұлы Жібек жолы 7. Қазақстан – алма мен қызғалдақтың отаны