Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Саяси тәртіп: түсінігі, мазмұны



бет4/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Саяси тәртіп: түсінігі, мазмұны

Саяси режим (тәртіп) дегеніміз – мемлекеттік билікті жүзеге асырудың тәсілі, қоғамдағы азаматтардың еріктері мен құқықтарының деңгейі. Бұл ұғым мемлекет басқарудың түрін емес, оның сапасын айқындайды, қоғамның саяси өміріне сипаттама береді. Саяси тәртіп түсінігінің шеңберіне мемлекеттік билікті қалыптастыратын тәсілдер, сол үшін қолданылатын құралдар, саяси биліктің іс-қимылдарының түрлері және т.б. жатады.
Саяси тәртіп - саяси билікті жүзеге асырудың, қоғамды басқарудың әдіс-тәсілдер жиынтығы. Оған демократиялық құқық пен еркіндіктің жағдайын білдіретін саяси тәртіп жатады. Зерттеушілердің көбі бұл тәртіпті айқындағанда оның көрсеткіші, өлшеуіші ретінде демократиялық даму деңгейін, қоғам мүшелерінің белсенділігін айтады. Осыған байланысты қазіргі саяси тәртіптерді демократиялық және демократияға қарсы деп екіге бөледі.
Саяси режимдердің түрлері:
а) демократиялық;
б) авторитарлық;
в) тоталитарлық
Демократиялық саяси реждимнің белгілері:
1. Əр түрлі партиялардың, бірлестіктердің, қозғалыстардың Конституция шеңберінде еркін, бостандық жағдайында əрекет етуі, қызмет атқаруы.
2. Идеологиялық плюрализм, қоғамда əртүрлі идеологиялық ағымдардың, бағыттардың болуына жəне үстемдік етуші бірден-бір идеологияның болмауына жағдайлар жасалады.
3. Мемлекет өз органдарын, негізінен сайлау жолымен құрады.
4. Қоғамда демократиялық құқықтар мен бостандықтар орын алады. Оларды, шын мəнінде, қамтамасыз ету кепілдері жасақталады.
Авторитарлық саяси режимнің белгілері:
1. Демократиялық партиялар мен ұйымдарға тыйым салынады;
2. Идеологиялық пікір алуандығы болмайды, мемлекетте үстемдік етуші идеология орнығады.
3. Сайлау жолымен құрылған органдар болмайды.
4. демократиялық құқықтар мен бостандықтар шектеледі.
5. Жаппай қуғын-сүргін жəне заңсыздықтар орын алады.
6. Авторитарлық режим антидемократиялық режимның бір түрі ретіндегі сипаты дербестенеді, яғни, нақты билеушілер түрінде көрініс табады, олар диктатура орнатады.
Тооталитарлық режимнің белгілері:
1. Мемлекетте бір ғана саяси партия үстемдік етеді, ол мемлекеттік биліктің
ұйытқысы болады.
2. Бір ғана идеология үстемдік етеді, идеологияда плюрализм (пікір алуандығы) болмайды.
3. Қоғамда жеке адамға табыну мемлекет тарапынан қамтамассыз етіледі.
4. Мемлекет əкімшіл-əміршіл жүйе арқылы басқарылады.
5. Азаматтардың құқықсыздығы, олардың жүріс-тұрысы мен іс-əрекеттерінің жөнжобасы қатал түрде реттеліп, жүзеге асырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет