Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Саяси билік және оның белгілері, құрылымы мен міндеттері



бет2/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Саяси билік және оның белгілері, құрылымы мен міндеттері

Саяси билік - таптық, топтық, жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да жүргізіледі.
Саяси биліктің ең əуелі, негізгі белгілері болып суверендік (еркіндік), ерік, бедел, зорлау сияқтылар есептеледі. Еркіндік – бұл Еркі белгілі бір əлеуметтік суңбъектінің қандай да болмасын басқа күштерге, жағдайлар мен адамдарға тəуелсіздігі жағынан жоғарылығы. Мəжбүр ету – билік жүргізуші субъектінің өз өктемдігін күш қолдану мүмкіндігін пайдалана отырып іске асырылуы
Билік құрылымы дегеніміз оның құрамы мен қозғаушы күші: биліктің субъектісі, объектісі, құралдары (ресурстары) мен белгіленген мақсатқа жету үшін осының барлығын қозғалысқа келтіруші үрдістер.
Биліктің негізгі міндеті — қоғамды басқарудың стратегиясын айқындап, дамудың негізгі бағыттары бойынша нақты шаралар қолдану, әлеуметтік процестерді шұғыл басқарып, дамудың орнықтылығы мен сындарлылығының маңызды өлшемдеріне бақылау орнату, ал ең басты принципі — оның заңдылығы (легитимділігі). Билік әлеуметтік құрылымның ең күрделі әлеуметтік және саяси қарым-қатынастарын қамтитын қоғамдық, ұжымдар мен олардың арасындағы қарым-қатынастарды қамтитын көпшілік немесе қауымдық және жеке адамдық, шағын топтық деңгейлерінде салтанат құрып, қызмет атқарады. Саясаттану ілімінде биліктің пайда болып, жүзеге асуының әр қилы пішімі зерделенеді. Ол басқару пішіміне орай — монархиялық (абсолюттік және конституциялық), республикалық (президенттік және парламенттік); мемлекет құрылысының пішіміне орай — унитарлық, федеративтік, конфедеративтік; саяси режиміне орай — тоталитарлық, авторитарлық және демократиялық; саяси ағымына орай консервативтік, неоконсервативтік, либералдық, неолибералдық, социал-демократиялық болуы мүмкін. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот қызметі тармақтарына бөлу жаңа дәуірдің үлкен теориялық жаңалығы болды. Олардың арасында тежеу мен тепе-теңдік жүйесінің болуы, яғни дербес билік тармақтарының өзара үйлесімділігін сақтау, олардың заңға бағынуын қамтамасыз ету принципі демократиялық, азаматтық қоғам орнатып, құқықтық мемлекет құруға берік негіз қалайды.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет