Қазақстанда билікті тармақтарға бөлу принципі елдің конституциялық құрылысы негіздерінің бірі ретінде жүзеге асырылады. Мәселен, ҚР Конституциясының 3-бабында “Республикада мемлекеттік билік біртұтас, ол Конституция мен заңдар негізінде заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтарына бөлінуі, олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы, өзара іс-қимыл жасау принципіне сәйкес жүзеге асырылады” делінген.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін жəне өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі жəне сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтың, ел ішінде жəне халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам жəне азаматықтары мен бостандыктарының нышаны əрі кепілі.
Жоғарғы өкілеті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі — төрт жыл. Парламент тұрақгы негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат жəне Мəжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан жəне астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мəжіліс Республиканын əкімшілікаумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын жəне сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 107 (98 и 9 ассамблейей нарлоа Казахстана) депутата депутаттардан тұрады. Негізінде заң шығару тек парламенттің құзыреті, бірақ кейде басқа жоғарғы органдар осы жұмысқа кіріседі. Парламент кейбір зандарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Казақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған.
Қазақстан Республикасының үкіметі - атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын жəне олардың кызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Оның зандық ауқымы тұрғысынан - Конституцияда жəне қолданылып жүрген зандарда белгіленген. Бұл занда Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 18 желтоқсандағы конституциялық күші бар жарлығымен бекітілген. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тар-мағы бойынша парламенттің келісімін айтуға тиіс.
Сот билігінің жоғарғы органы болып Жоғарғы сот пен Конституциялық кеңес болып табылады. Қазақстанда Жоғарғы сот пен жергілікті (облыстық, аудандық, қалалық) соттар қызмет етеді. Сонымен қатар арнайы соттар да құрылуы мүмкін (әскери, салық). Сот төрелерін Жоғарғы соттың төрағасының келісімімен президент тағайындайды (облыстық және жергілікті соттарда — өкілетті органның ұсынысы бойынша). Барлық соттардың қаржылық қамтамасыз етілуі республикалық бюджет есебінен жүреді. Конституциялық сот 15 адамнан тұрады. Оларды президент пен парламенттің қос палатасы әрқайсысы 5 адамнан тағайындайды. Олардың өкілеттіліктері 13 жылға созылады.