Бұл ұғымды ғылыми танымға алғаш рет өткен ғасырдың соңында америкалық социолог Ф. Гидденс пен француздың әлеуметтік психологтары енгізді. ХХ ғасырдың 50-жылдарының соңынан бастап «саяси әлеуметтену» ұғымы тұлғаның саясатқа араласуына қатысты қолданыла бастады.
Егер әлеуметтенудің негізгі мәні адамның белгілі бір талаптар мен құндылықтарды, білімдер жүйесін игеру арқылы қоғамның толық құқықты мүшесі ретінде қалыптасуында болса, онда саяси әлеуметтенуді тұлғаның саяси қатынастарға, қоғамдық-саяси өмірге ену процесі – деп айтуға болады. Кең мағынасында алып қарағанда, саяси әлеуметтену – бұл адамның өмір сүру циклінің барлық кезеңдеріндегі ресми және ресми емес, мақсатты түрде бағытталған немесе алдын ала жоспарланбаған, саяси немесе адамның саяси мінез-құлқына, саяси бағдарына әсерін тигізетін саяси емес оқудың, жалпы алып қарағанда, саяси білім берудің бүкіл жүйесін қамтиды.
Тұлғаның саяси әлеуметтенуіне қатысты қалыптасқан концепцияларды екі топқа бөліп көрсетуге болады:
«Бейімделу» теориясы – саяси әлеуметтенуді жеке адамның қалыптасқан саяси жүйеге бейімделу процесі, деп түсіндіреді.
«Іс-әрекеттік» теориясы саяси әлеуметтенуді жеке адамның да қалыптасқан саяси жүйенің де екі жақты белсенділігіне негізделген процесс.
Американдық социолог Н. Смелзер саяси әлеуметтенуге балалардың және жасөспірімдердің өздерін қоршаған саяси ортаға тән мінезқұлық үлгілерін, өмірлік бағыттарды, идеяларды игерудегі эволюциялық процесс – деген анықтама береді.
Саяси әлеуметтену – уақытқа және орынға қатысты нақты-тарихи процесс. Ол қалыптасқан құрылыммен, қоғамдық қатынастармен байланысты.
Саяси əлеуметтену процесі үш негізгі мəселені шешуге бағытталады:
• Қоғамның жаңа мүшелеріне саяси мəдениеттің жəне саяси сананың негізгі элементтерін жеткізу;
• Қоғам мүшелеріне қажетті саяси тəжірибе алуға, саяси іс-əрекет етуге жəне шығармашылық жасауына қолайлы жағдай жасау;
• Саяси мəденеиттің элементтерін өзгерту.