Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Экстремизм: түсінігі және оның таралу формалары



бет24/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Экстремизм: түсінігі және оның таралу формалары

Экстремизм (фр. extremisme, лат. extremus) — «шеттеу» яғни орталықтан ауытқу, белгіленген жерден тыс кету деген мағына береді) — жалпы тәртіпті мойындамайтын, өзінің пікірімен ғана іс-әрекет жасаушы дегенді білдіреді. Экстремизмнің пайда болу себебі, адамның надандыққа, көрсеқызарлыққа бейімделген көзқарасынан пайда болады. Яғни, тек менің ғана пікірім болуы керек деген сияқты. Бұл ең алғашқы этаптары болып саналады. Экстремизмнің тағы бір көрінісі басқа біреуді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмейтін адамдардан шығады. Лаңкесшілер дұрыс бағытқа жол көрсететін адамдардың кеңесіне мүлдем құлақ аспайды. Олар өздерін ең таза кіршіксіз деп санап, басқаның барлығын адасушыларға жатқызып, жөн білетін адамдарды мойындамайды. Міне, осының салдарынан әлемде түрлі төңкерістер мен қантөгістер орын алуда.
«Экстремизм» – билікті күшпен басып алуға немесе билікті күшпен ұстап тұруға, сондай-ақ мемлекеттің конституциялық құрылысын күшпен өзгертуге, сол сияқты қоғамдық қауіпсіздікке күшпен қол сұғуға, оның ішінде жоғарыда көрсетілген мақсаттарда заңсыз қарулы құралымдарды ұйымдастыруға немесе оларға қатысуға бағытталған және тараптардың ұлттық заңнамасына сәйкес қылмыстық тәртіппен қудаланатын қандай да бір іс-әрекет.
Экстремизмнің келесі таралу формалары бар:
Саяси экстремизм – бұл саяси идеологияның шектен тыс дәрежеде қабылдануы, өз көзқарасынан басқа барлық көзқарастарға төзбеушілік, басқалардың өміріне, бостандығы мен құқықтарына немқұрайлы қарау көрініс тапқан саяси мақсаттарды қабылдау. Ол саяси билік пен саяси күрес пайда болғаннан бері бар. Көп жағдайда белгілі бір елдегі мемлекеттік жүйені, саяси режимді түбегейлі өзгертуге бағытталған. Сол және оң экстремизм түрлері аталмыш саяси экстремизмнің тармақтары болып табылады.
Діни экстремизм – белгілі бір дінді түсіндіруде өте радикалды және фундаменталистік көзқарастарды ұстануымен ерекшеленетін әртүрлі діни ұйымдар мен конфессияларға, топтар мен ағымдарға жататын жеке тұлғаларға тән белгілі бір діни идеология мен іс-әрекетке негізделген экстремизмнің бір түрі болып табылады. Олар қолданыстағы діни дәстүрлерді түбегейлі өзгерту немесе жою мақсатымен бітіспес қарсыласуға (физикалық зорлық-зомбылықты жан-жақты қолдану, билікті күшпен басып алу, мемлекеттік жүйені күштеп өзгерту секілді әрекеттерді қоса алғанда) барудан тайсалмайды [3].
Ұлттық экстремизм – ұлттық мәселені шешудің ең тиімді құралы басқа ұлттар мен нәсілдерге төзбеушілік, ұлттық эксклюзивтілікке, максимализмге деген сенім ретінде күш қолдану тәжірибесінің идеологиясы.”Өз ұлтының” мүдделерін, оның құқықтарын, мәдениеті мен тілін қорғау тұрғысынан әрекет ете отырып, басқа ұлттың және этникалық топтардың осындай құқықтарын қабылдамайды. Экстремизмнің бұл бағыты сепаратизммен тығыз байланысты және көпұлтты халқы бар мемлекеттердің құлдырауына әкеліп соғады.
Экономикалық экстремизм – бірыңғай меншік формасын және біртұтас шаруашылық жүргізу әдістерін құруға деген ұмтылысында көрініс табады, сонымен қатар мемлекет тарапынан экономикалық саланы реттеуінен толық бас тартумен, кәсіпкерлік қызметтегі бәсекеге қабілеттілікті жоюмен, әлеуметтік шығындардың күрт қысқартылуымен сипатталады.
Экологиялық экстремизм дегеніміз – табиғатты қорғау саясатына, сондай-ақ осы бағыттағы ғылыми-техникалық прогреске қарсы бағытталған әрекеттерді білдіреді және өз кезегінде қолайсыз өндірістерді жою қоршаған ортаның сапасын жақсартудың жалғыз дұрыс бағыты деп тұжырымдайды.
Бүгінгі таңда қоғамда «интернеттегі экстремизм» сияқты экстремизм түрі танымал болуда. Ол өзінің мәні бойынша экстремистер ұстанатын идеяларды, мақсаттарды және құндылықтарды насихаттауға бағытталған. Интернет желісінде халықты заңға қайшы әрекеттерге шақыратын экстремистік сипаттағы, бірақ сонымен қатар «заңдылықтың» шымылдығын жамылған ақпарат орналастырылады.
Жастар экстремизмі ең қауіпті экстремизмнің бірі болып табылады. Бұл жастар тарапынан, қолданыстағы қоғамдық ережелер мен мінез-құлық нормаларына немқұрайдылық таныту негізінде көрініс табады. Жастар өздерінің жас ерекшеліктерімен, рухани әлемінің әлі толық қалыптаспағандығымен, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси жағдайымен сипатталатын ерекше әлеуметтік және психологиялық ерекшеліктері бар әлеуметтік топ контексінде қарастырылады.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет