Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Саяси қауіпсіздік: түсінігі мен мазмұны



бет32/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51
Саяси қауіпсіздік: түсінігі мен мазмұны

Саяси қауіпсіздік – азаматтардың, әлеуметтік топтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуы және олардың мүдделерінің теңгерімі, мемлекеттің тұрақтылығы, тұтастығы және қолайлы халықаралық жағдайы қамтамасыз етілетін конституциялық құрылыс негіздерінің, мемлекеттік органдар жүйесі қызметінің және мемлекеттік басқару тәртібінің нақты және ықтимал қауiп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі;
Саяси қауіпсіздік - қоғамның саяси жүйесінің ішкі және сыртқы қауіптерден қорғалуы. Саяси қауіпсіздік - мемлекетаралық қатынастар жүйесінің шеңберінде тұрақты саяси егемендікті, ұлт мүмкіндіктері мен оның мемлекеттік институттарының мемлекеттік құрылыс мәселелерін дербес шеше алуы және тәуелсіз ішкі және сыртқы саясатты жүргізе алуын қамтамасыз ету. Сонымен бірге, жеке тұлға, қоғам және мемлекет мүдделерінің тепе-теңдігі негізделген саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету.
. Саяси қауіпсіздік мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) конституциялық құрылыстың негіздерін, мемлекеттік егемендікті және аумақтың тұтастығын құқыққа қарсы қол сұғушылықтан қорғауға;
2) саяси шешімдер қабылдауда Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін сақтауға;
3) мемлекеттік органдардың қызметін және мемлекеттік басқару тәртібін жетілдіруге;
4) мемлекеттік институттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге;
5) қоғамның саяси мәдениетінің деңгейін арттыруға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.



  1. Қоғамдық қауіпсіздік: түсінігі мен мазмұны

Қоғамдық қауiпсiздiк – қоғамның тұтастығы мен оның тұрақтылығы қамтамасыз етілетін азаматтар өмiрiнiң, денсаулығының және амандығының, қазақстандық қоғамның рухани-имандылық құндылықтарының және әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің нақты әрі ықтимал қауіп-қатерлерден қорғалуының жай-күйі.
Қоғамдық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың:
1) азаматтардың жеке қауiпсiздiгiн, олардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепiлдiктерiн нығайтуға;
2) қазақстандық патриотизмге, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негiзделен мемлекеттік идеологияны қалыптастыруға;
3) Қазақстан халқының бiрлiгiн және қоғамда тағаттылықты нығайтуға;
4) халықтың табиғи өсiмiн сақтап тұруға және дағдарысты демографиялық процестерге қарсы іс-қимыл жасау жөнiнде уақтылы шаралар қолдануды қамтамасыз етуге;
5) қылмысқа, оның iшiнде оның ұйымдасқан нысандарына, сыбайлас жемқорлыққа, терроризмге және экстремизмге қарсы күрестi күшейтуге;
6) жұмыссыздықтың өсуiн және халықтың тұрмыс деңгейiнiң төмендеуiн тежеуге;
7) психикаға белсенді әсер ететін заттарды медициналық емес мақсатта тұтынудың, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен имандылығына, Қазақстан халқының гендік қорына қатер төндiретiн басқа да әлеуметтiк факторлардың алдын алуға;
8) елдiң зияткерлік әлеуетiнiң төмендеуiне жол бермеуге;
9) қазақстандық қоғамның тарихи, дәстүрлі, рухани және мәдени құндылықтарының сақталуын қамтамасыз етуге;
10) заңсыз көші-қонға қарсы іс-қимылға бағытталған шешiмдерiмен және iс-қимылдарымен қамтамасыз етiледi.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет