Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Терроризм және оның Қазақстанда таралу ерекшеліктері



бет37/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51
Терроризм және оның Қазақстанда таралу ерекшеліктері

Халықаралық экстремистік және террористік ұйымдар конституциялық құрылымның негіздерін құлату үшін радикалдық идеяларды себе отырып, қоғамға қарсы көңіл-күйді ушықтырып, арандатады, Қазақстан аумағында террористік актілер жасау жөнінде жоспарлар мен ниеттер ойластырады. Бұл үшін олар жақтастар тарту мен елімізде өздерінің жеке құрылымдық буындарын құрудағы жоспарларын іске асыруға талпынысын әлі де қоймай отыр.
2008-2013 жыл ішінде Қазақстан аумағында халықаралық экстремистік немесе террористік ұйымдардың қызметіне қатысы бар 70 шетелдікті ұстау жөніндегі мәлімет осындай көріністердің дәлелі болды.
Аталған құрылымдардың бүлдіру әрекетінің нәтижесінде Қазақстан іс жүзінде өз аумағында терроризм актілерінің жасалуына душар болып отыр. Елдің батысы мен оңтүстігіндегі қайғылы оқиғалар проблеманың өткірлігін көрсетті. 2011-2012 жылдар аралығында 12 зорлық-зомбылық акциясы жасалды.
Бұл ретте, аталған терроризм актілері негізінен құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне қарсы бағытталған болатын.
Осы тұрғыда діни экстремизм мен терроризм жақтастары санының Қазақстан азаматтары қатары есебінен өсу серпінін айтпай кетпеске болмайды.
Статистикалық деректерге сәйкес 2008 жылдан 2013 жылға дейін террористік қылмыстары үшін сотталған адам саны 27-ден 171-ге дейін, ал экстремистік қылмыс үшін сотталғандардың саны - 56-дан 168-ге дейін өсті.
2014 жылдан бері 30 террористік акцияның дайындалу кезеңінде жолы кесілді және жүзеге асырылмады (2014 жылы – 3, 2015 жылы – 4, 2016 жылы – 12, 2017 жылы – 11).



  1. Сепаратизм: түсінігі және мәні

Сепаратизм - жікшілдік, оңашалануға тырысушылық. Халықтың мемлекеттен бөліну әрекеті сепаратизм деп түсіндіріледі. Көп ұлтты мемлекеттердегі аз ұлттың өкілдері алдына бөлек мемлекет болып бөлініп шығуға немесе автономия алуға ұмтылады. Ұлт-азаттық қозғалыстан ерекшелігі - оның жалпыхалықтық, бұқаралық сипаты болмайды, ол ұлттың бір бөлігінің мүддесін қамтиды. Сепаратизм территориялық қақтығыстың тудыратын бірден бір фактор болып табылады. Сепаратизм – белгілі бір саяси топтардың өздері өмір сүріп отырған мемлекеттен жеке мемлекет ретінде бөлініп шығуға немесе сол мемлекетке тиесілі территорияны басқа бір мемлекетке қосуға ұмтылушылығы. Жікшілдік халықтың жаппай бұқаралық қозғалысы болмағандықтан оны ұлт-азаттық көтерілістердің қатарына жатқызуға болмайды. Жікшілдік, негізінен, мемлекет ішіндегі саяси тұрақсыздық пен алауыздық (ұлттық кемсітушілік, аз ұлттардың азаматтық құқықтарын шектеу, т.б.) жағдайында пайда болады. Сондай-ақ, өзге мемлекеттердің астыртын саясаты салдарынан да туындайды. Жікшілдік салдары мемлекет ішінде азамат соғысы басталу қаупін туғызады және мемлекеттік төңкеріс пен бөлініске дейін соқтыруы ықтимал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет