Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде



бет39/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51
Геосаясат

Термин екі сөзден тұрады. « Геосаясат» терминіндегі префикс гео- (гректің де - Жер сөзінен шыққан ) ең басты болып табылады, ол кеңістікте тұрған жерін білдіреді. « Геосаясат» ұғымының екінші бөлігі – саясат сөзі ( гректің politiкe – мемлекетті басқару өнері мағынасын береді).
Геосаясат саяси құбылыстарды олардың кеңістіктегі өзара қатынасын, олардың Жерге және этномәдени факторларға ықпалын зерттейді. Осы тұрғыдан алғанда ол, саясатқа барынша көңіл қояды, өзінің назарын саяси құбылыстарға географиялық түсініктеме беруге және географиялық аспектілеріне талдау жасауға тырысады.
Геосаясат саяси мақсаттарда физикалық орта факторларды ашып, зерттеу мүмкіндіктерін белсенді пайдалануға және оған мемлекеттің әскери – стратегиялық , экономикалық және экологиялық қауіпсіздігі мүддесінің ықпал ететіне баса көңіл аударатынын айтуымыз қажет. Геосаясат пәніне мемлекеттің аумағымен, оның шекарасымен, ресурстарды, адам ресурстарын қосқанда, ұтымды пайдалану және бөлумен байланысқан проблемалар да кіреді.Алғашқы геосаяси теориялар. ХХ ғасырдың басында саяси географияда геосаяси бағыт басым дами бастады. Бұл кезеңдегi геосаясат белгiлi бiр мемлекеттің саяси жағдайына талдау жүргiзу арқылы оның саясатқа қатысты нақты мақсатын көздедi. Осы тұрғыдан алғанда,түрлi аумақтарға бақылау жасалып, қамтитын мемлекеттердiң экономикалық және саяси мүмкiндiктерi зерттелдi.
Геосаясатшылар сол кездің өзiнде-ақ әлемдiк саясатта шешушi рөл атқаратын географиялық факторларды анықтаған болатын. Геосаясатшыар осы фактор толығымен ұштасқан жағдайда ғана ел нығайып, күшеюi мүмкiн деген болжам жасалды.



  1. Халықаралық қатынастар түсінігі

«Халықаралық қатынастар» терминін агылшын ойшысы Бентам Джереми (1748—1832 жж.) ойлап тапқан, ол мемлекеттердің арасындағы қарым-қатынастардың барлық түрлерін зерттеген.
«Халықаралық қатынастар» теориясын анықтау үшін, халықаралық аренада барлық мүмкін байланыстары жүзеге асатынын ойша елестеуге болады. Халықаралық қатынас кең магынада саяси, экономикаіық, әлеуметтік, құқықтық, әскери, дипломатиялық, мәдени, гылыми жэне басқа байланыстар мен халықаралық негізгі субъектілердің арасындагы қатынастар, ягни, мемлекет, үкіметтік емес үйымдармен, қогамдық қозгалыстармен, сонымен бірге жеке саяси мэнді тұлгалармен тыгыз байланысты. Көрсетілген байланыстар жэне халықаралық қатынастар қызметтің мазмұнын анықтайды, қазіргі әлемнің бет-бейнесін қалыптастырады.
Халықаралық қатынастардың ең маңызды қатысушысы, жетекші және динамикалық рөл ойнайтын, мемлекет болып табылады. Мемлекеттің өзі, айқынырақ айтса, мемлекетаралық қатынастар, бірінші ретте сипатын, климатын жэне халықаралық қатынастарды Даму багытын анықтайды. Сондықтан да, көбінесе халықаралық қатынастарды тар магынада мемлекетаралық қатынастар сиякты түсінеді. Мемлекетаралық қатынастардың мақсаты - қызмет етудің ең тиімді шарттарын құрып, мемлекеттерді дамыту.
Халықаралық қатынастар өз мазмұны бойынша төмендегіні бейнелеп көрсетеді:
1) универсализацияның қагидатына сәйкес халықаралық қатынастарды жаһандату үрдісі;
2) халықаралық қатынастар субъектілерінің санының өсуі;
3) әлемнің күрделенуі, өркениет жанжалдарының көбеюі жэне жаңа ұрпақ қайшылықтарының өсуі;
4) құрал-жабдықтарды түрлендіру, тарихи үрдісте мемлекеттің рөлін өзгертетін үлттық мемлекеттердің халықаралық қызметінің әдістері;
5) қазіргі мемлекеттердің ішкі жэне сыртқы саясат арасында өзара байланыстардың ауқымдарының көбеюі жэне т.б.
Белгілі француз зерттеушісі М. Мерль, кандайда бір қатынастар халықаралық қатынастарга жатар-жатпасын көрсететін белгіні ұсынды жэне оны «оқшау бөлігінің белгісі» деп атаган. Халыкаралык қатынастардын ерекшеліктері «шекараны кесіп өтетін немесе шекарамен киылысатын келісімдер жиынтыгы» деп аныкталады. Әлемді мемлекетке бөлу факторынан шыга отырып, өз аймактык шекарасының егемендігін сактайды, мұндай түсінушілік тек мемлекетаралык өзара ісэрекеттерге апармауга мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет