Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Терроризм ұғымы және мазмұны



бет36/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51
Терроризм ұғымы және мазмұны

Лаңкестік, терроршылдық — саяси-әлеуметтік себептерге байланысты жеке адамға, көпшілікке немесе мемлекетке қысым жасау, үрей туғызу мақсатында қасақана жасалатын қылмыстық іс-әрекет.
Терроризм - [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану;
Терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;
Терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау.
Дегенмен, азаматтардың экстремистік сипаттағы зорлық-зомбылық акциялары мен терроризмге әкелетін радикалдану проблемасы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне шын мәнінде қауіп төндіруде.
Сирия-Ирак аймағындағы жеңілістен кейін экстремистік және террористік әрекет субъектілерінің өз қатарын жаңа рекруттармен толтыруға, қосымша қаржыландыру арналарын және көмекші инфрақұрылым қалыптастыруға аса қажеттілігі бар.
Интернетте орналастырылатын террористік ұйымдардың ақпараттық-насихат материалдарының техникалық, көркемдік және психологиялық мазмұны сапасының артқаны байқалады. Әлеуметтік желілерді пайдалану халықаралық террористік ұйымдардың эмиссарларына өз аудиториясын айтарлықтай кеңейтуге, жүргізілетін үгіт-насихатты жүйелі негізге ауыстыруға мүмкіндік береді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет