Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде



бет43/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Қазақстан және Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ)

Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) – 2001 жылғы 15 маусымда Шанхай қаласында (ҚХР) алты мемлекеттің басшылары (Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы) негізін қалаған, тұрақты жұмыс істейтін, үкіметаралық халықаралық ұйым.


ШЫҰ «Шекара аймағындағы әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы келісім» (Шанхай қ, ҚХР, 1996 жыл) және «Шекара аймағындағы әскери күштерді өзара қысқарту туралы келісім» (Мәскеу қ, РФ, 1997 жыл) негізінде құрылған. Аталған құжаттарға қол қойылған соң «Шанхай бестігі» деген термин пайда болды. 2001 жылы ұйымның құрамына алтыншы мүше болып Өзбекстан қосылғаннан кейін Ұйымның атауы Шанхай ынтымақтастық ұйымы деп қайта аталды.
1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді.
ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер

  • Қазақстан

  • Қырғызстан

  • Қытай

  • Өзбекстан

  • Ресей

  • Тәжікстан

  • Пәкістан

  • Үндістан




  1. Қазақстан және Еуразиялық Экономикалық Одақ

Еуразиялық интеграция туралы идеясы алғашқы рет 1994 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев жария етті. Басында сол кезде революциялық болып көрілген бұл бастама бір мағыналы емес қабылданды. Бірақ кезі жеткенде ол үлкен қолдау мен даму тапты.
Нәтижесінде – бірінші кезеңде Кеден одағы құрылды, сосын Бірыңғай экономикалық кеңістік, ал 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Беларусь, Қазақстан және Ресей негізін салушылар болып табылатын Еуразиялық экономикалық одақ өз жұмысын бастады. Кейін Армения Республикасы мен Қырғыз Республикасы ЕАЭО-ның толық құқықты мүшелері болды.
XX-ғасырдың ортасында қалыптасуы басталған Еуропалық одақ қатарында ЕАЭО әлемде толық экономикалық одақтың екінші үлгісі болып табылды.
ЕАЭО саяси бірлестік болып табылмайды. Одақ туралы шартты әзірлеу барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер оның саясиландыру және ұлттық егемендігін тигізетін мәселелерді Одақтың құзыретіне беруден саналы бас тартты. ЕАЭО шеңберінде тек экономикалық ынтымақтастық мәселелері қарастырылады, сондай-ақ егеменді теңдігі, оның мүше мемлекеттердің тең құқықтығы мен ұлттық мүдделерін ескеру қағидасы қамтамасыз етілді.
ЕАЭО шеңберіндегі ынтымақтастығы келесідей салаларда:

  • кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;

  • кедендік реттеу;

  • техникалық реттеу;

  • санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шаралар;

  • кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;

  • үшінші тараптарға қатысты сауда режимдерін белгілеу;

  • сыртқы және өзара сауда статистикасы;

  • макроэкономикалық саясат;

  • бәсекелестік саясат;

  • өнеркәсіптік және ауылшаруашылық субсидиялары;

  • энергетикалық саясат;

  • табиғи монополиялар;

  • мемлекеттік және (немесе) муниципалдық сатып алулар;

  • көрсетілетін қызметтердің өзара саудасы және инвестициялар;

  • көлік және тасымалдау;

  • валюта саясаты;

  • зияткерлік меншік;

  • еңбек көші-қоны;

  • қаржы нарығы (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы) жүзеге асырылады.






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет