Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесті
2016 жылдың наурыз айының аяғында АҚШ астанасы Вашингтонда өткен ядролық қауіпсіздік жөніндегі төртінші саммит шеңберінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Әлем. ХХІ ғасыр» манифесі жария етілді. БҰҰ жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілдігі Біріккен Ұлттар Ұйымының басшылығын, тұтастай Нью-Йорктегі дипломатиялық қауымдастықты осы кездесуде жоғары деңгейде ұсынылған ҚР Президентінің авторлығымен шыққан «Әлем. XXI ғасыр» Манифест атауымен мүлдем жаңа құжат-парадигманы таныстырды. БҰҰ бас Хатшысы Пан Ги Мунға, сондай-ақ әлемдік ұйым жанындағы барлық мүше мемлекеттердің Тұрақты Өкілдеріне тиісті хат жіберілді. ҚР Тұрақты Өкілдігінің Бас хатшысына үндеуі нәтижесінде Манифест БҰҰ Бас Ассамблеясының және Қауіпсіздік кеңесінің ресми құжаты мәртебесін алды.
Бұл құжатта үш басты қағидатты нақты мазмұндау керек.
Біріншіден, қазіргі кездегі бірде-бір соғыста жеңімпаз болмайды және бола да алмайды, онда бәрі де жеңіледі.
Екіншіден, жаңа соғыста жаппай қырып-жоятын қарулар – ядролық, химиялық, биологиялық және ғылым жетістігі негізінде ойлап табылатын басқа да кез келген қару түрлерін қолданудан қашып құтылу мүмкін болмайды. Бұл бүкіл адамзаттың қырылуына алып келеді. Және осыған кімнің жауап беретінін анықтаудың өзі де кеш болады және жауап беретін адам да табылмайды. Осы ықтимал қауіп-қатерді қазіргі ұлттық лидерлер мен саясаткерлер және олардың кейінгі буын өкілдерінің барлығы аксиома ретінде түсінуге тиіс.
Үшіншіден, мемлекеттер арасындағы барлық талас-тартыстарды реттеу үшін бейбітшілік пен қауіпсіздікке тең жауапкершілік, өзара құрмет және ішкі іске араласпау қағидаттарына бейімделген бейбіт үнқатысулар мен сындарлы келіссөздер негіз болуы керек. Әлемдік қоғамдастық іс-қимылының тұтастық алгоритмдерін мына бағыттар бойынша осы кешенді негізде түзу керек.
Қазақстанның үшінші жаңғыруы: басымдықтары мен міндеттері
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2017 жылғы Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» деп аталады.
Қазақстанның Бірінші жаңғыруы - 30 жыл бұрын КСРО-ның қирандысынан шығып, өз жолымызды қалай бастағандығымызбен тығыз байланысты. Сол кезде біздің аға буын өкілдеріміз еліміздің іргетасынан бастап қолға алып, әлем картасында болмаған жаңа мемлекет құрды. Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшу жүзеге асырылды.
Ал, Екінші жаңғыру «Қазақстан-2030» стратегиясының қабылдануымен және жаңа елорда - Астананың салынумен басталды. Оның нәтижелі болғаны күмәнсіз. Еліміз экономикалық тұрғыдан артта қалған аймақтан шығып, әлемдегі экономикасы бәсекеге қабілетті 50 мемлекеттің қатарына кірді.
Жолдау аясында емлекет үшін тиімді мүмкіндіктерді қарастыруға бағытталған бес нақты басымдықты белгіленді:
Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы, яғни, бұл тұрғыдағы басты міндет - цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендету.
- Екінші басымдық - бизнес-ортаны түбегейлі жақсарту және кеңейту. Мұндағы көзделген стратегиялық мақсат - елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз ету.
- Үшінші басымдық - макроэкономикалық тұрақтылық. Бірден-бір басты міндет - ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту.
- Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту. Бұл ретте біріншіден, əлемдік деңгейдегі білім беру жүйесінің рөлін өзгерту, яғни, білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру, оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау және де қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту.
- Бесінші басымдық - институционалдық өзгерістерге, қауіпсіздікке және сыбайлас жемқорлықпен күрес.