Дін (ағылш. Religion) дегеніміз сенушілерінің әрекеті мен ойлауын, моралы мен сенімін белгілеуді және шектеуді көздейтін, табиғаттан тысқары, яғни тылсым, трансцендентті құдіретке, рухани нышан-түсініктерге нанатын және сиынатын, бақи, періште, шайтан секілді тылсым құбылыстарды шын деп есептейтін мистикалық түсінік жүйесі, әлеуметтік-мәдени құбылыс болып, оның көбінесе тауап ететін қасиетті заты, не орыны, киелі кітабы, пайғамбары, діни наным жүйесі, сиыну ережелері мен культтары, саяси-мәдени ұйымдары болуы мүмкін
Ғылыми зерттеулер бойынша, дін 40 – 50 мың жыл бұрынғы палеолит кезеңінде шыққан. Аталмыш кезеңнің мәдени жадыгерліктері жан-жануарлар культі мен аңшылыққа қолданған сиқыршылық белгілері сақталған. Сондай-ақ діни наным-сенімдердің болғандығын сол ежелгі дәуірлердегі өлген адамды еңбек құралдары және әшекей бұйымдармен бірге жерлеу дәстүрі де дәлелдеді. Діннің неғұрлым ертедегі көріністері – сиқыршылық, тотемизм, ғұрыптық жерлеу культі және шамандық болып табылады.
Құдайды дүниенің және өмірдің Бастауы ретінде мойындау қазіргі діндерде негізінен Ибраһимдік діндерге - христиан, ислам, иудаизм діндеріне тән, ал будда, даосизм діндеріне тән емес. Ибраһимдік діндер - теистік діндер деп аталып, олар Құдайдың дүниені жаратуы және адамзатты ақырзаманда сотқа тартып, жұмақ пен тозаққа жіберуі туралы түсінікке негізделген. Алғашқы адамды Адам атадан бастайтын бұл діндердің негізгі пікірлерін тарих және археология ғылымдары дәлелдемегенімен, бәрібір аса көп халықтар арасында ықпалын сақтап келеді.
Халықты қамтуы жөнінен діннің тайпалық-халықтық (мысалы, иудаизм) және ұлтаралық немесе әлемдік (будда дін], христиандық, ислам) түрлері белгілі.
Діни фундаментализм
Фундаментализм, жалпы мағынада, ымырасыз түрде белгілі бір доктринаға немесе тәжірибеге бағынуға ықпал ететін ой ағымы. Бұл сөз «іргелі» деген сөзден шыққан, ол «қандай да бір негіз үшін қызмет ететін немесе негіз болатын нәрсені білдіред.