Діни экстремизм - дiни өшпендiлiктi немесе алауыздықты, оның iшiнде зорлық-зомбылықпен немесе зорлық-зомбылыққа шақырумен байланысты өшпенділікті немесе алауыздықты қоздыруды, сондай-ақ азаматтардың қауiпсiздiгiне, өмiрiне, денсаулығына, имандылығына немесе құқықтары мен бостандықтарына қатер төндiретiн кез келген дiни практиканы қолдануды (дiни экстремизмдi) көздейтiн әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;
Діни экстремизм – белгілі бір дінді түсіндіруде өте радикалды және фундаменталистік көзқарастарды ұстануымен ерекшеленетін әртүрлі діни ұйымдар мен конфессияларға, топтар мен ағымдарға жататын жеке тұлғаларға тән белгілі бір діни идеология мен іс-әрекетке негізделген экстремизмнің бір түрі болып табылады. Олар қолданыстағы діни дәстүрлерді түбегейлі өзгерту немесе жою мақсатымен бітіспес қарсыласуға (физикалық зорлық-зомбылықты жан-жақты қолдану, билікті күшпен басып алу, мемлекеттік жүйені күштеп өзгерту секілді әрекеттерді қоса алғанда) барудан тайсалмайды.
Елімізде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 10-бабында: «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен экстремизмнің алдын алу, анықтау және жолын кесу саласындағы өзара іс-қимылы» деп аталады. Соған қарап отырып, еліміз экстремизм мен терроризмге қарсы басқа мемлекеттермен бірігіп күресуге дайын екендігін көреміз. «Экстремизм әртүрлі мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, дінаралық жағдайдың ушығуына да себепкер болуда. Олар қай діннің атынан белсенділік танытса, бәрінен де көп зиян шегетін сол дін. Экстремистер адамдардың дінге деген құрметі мен сенімін өз мақсаттарына кеңінен пайдалана отырып, дін үшін әрекет етіп жүргендей көрінуге тырысады». Экстремизм және терроризм өздерінің қылмыстық мақсаттарын орындау мақсатында барлық мүмкіндіктерді пайдаланады, соның ішінде әлемде ең қымбат – адам өмірі, оның денсаулығы мен қоғамдағы күнделікті іс-қимылын жоюға дейін барады.
Қазақстан Республикасындағы дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер
Қазақстандағы ең кең таралған діндер ислам және христиандық болып табылады. Сонымен қатар иудаизм мен буддизм да орын алады.
2009 жылғы өткізілген халық санағының нәтижесі бойынша Қазақстан халықының 97 %-ы өзін діндар деп санап, 3 %-ы өзін атеист деп санап немесе жауап беруден бас тартқан.
Қазіргі таңда біздің еліміз үшін өзекті болған тақырыптардың бірі- дəстүрлі емес діни қозғалыстар. Бүгінгі таңда республикамызда тіркелген 1001 конфессиялар мен діни бірлестіктердің жартысынан көбін осы дəстүрлі емес діни қозғалыстар құрайды .
Еліміздегі қызмет атқарып жатқан негізгі дәстүрлі емес діни бірлестіктерді ғалым Е. Балагушкиннің жіктеуіне сәйкес төмендегідей көрсетуге болады:
-христиандық (Иисус Хрситос соңғы күн қаситеттілерінің шіркеуі, Жаңаапостол шіркеуі, Евангельді христиан баптистер шіркеуі, Елуіншілер шіркеуі, т.б.);
- шығыстық (Кришна санасы халықаралық қауымы, т.б.);
- синтетикалық (Әлемдік Бахай сенімі, т.б.
Бүгінгі Қазақстан Республикасы аумағында көрсетілген дәстүрлі емес діни бірлестіктердің көбі таралу үшін тиімді тәсілдерге ие. Бұл тәсілдерді төмендегідей көрсетуге болады:
- азаматтар санасына тиімді әсер ету тетіктерін меңгергендігі;
- бүгінгі күнде батыста дамыған қолданбалы психология әдістерін тиімді қолдану;
- олардың заманауи үрдістерге бейімделгіштігі;
- қызмет барысында жаңа технологияларды, баспа құрылғыларын, интернет желілерін тиімді қолдану;
- жергілікті халықтың тілінде басылған баспа әдебиеттері мен баспа материалдарының болуы, осы арқылы жергілікті халықтың барлық әлеуметтік топтырын қамту мүмкіндігі;
- халықтың барлық әлеуметтік топтарымен тиімді жұмыс істеу әдістері;
- діни менеджмент әдістерімен тиімді жұмыс істеу;
- адамның қарым-қатынас қіжеттіліктерін қамтамасыз ету;
- қатынас құралдарының әмбебаптылығы;
- ілімдердің синкреттілікке қабілеттілігі.