Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары



бет22/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51
Ұлттық қауiпсiздiкті қамтамасыз ету қағидаттары:
1) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру кезiнде заңдылықты сақтау;
2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы;
3) ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету күштерiнiң жедел өзара хабардар етiлуі және іс-қимылдарының үйлесiмділігі;
4) ұлттық қауiпсiздiктiң барлық түрлерiнiң бiрлiгi, өзара байланысы және теңдестiрiлімдiгi, ахуалдың дамуына байланысты олардың басымдығының жедел өзгеруі;
5) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде алдын алу-профилактикалық шараларының басымдығы;
6) ұлттық қауіпсіздікке келтірілген және/немесе ықтимал нұқсанның ауқымы мен сипатына ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының уақтылы және лайықты болуы;
7) адамның және азаматтың, қоғам мен мемлекет мүдделерінің теңгерімін сақтау, олардың өзара жауапкершілігі;
8) ұлттық қауіпсіздікті қорғау жөніндегі іс-қимылдардың барлық жиынтығын іске асырудың бақылауда болуы;
9) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесінің халықаралық қауіпсіздік жүйелерімен ықпалдастығы;
10) мемлекеттік органдар өкілеттіктерінің аражігін нақты ажырату болып табылады.



  1. Ұлттық мүдде: ұғымы және түрлері

Ұлттық мүдде - кең мағынасында - қоғамдық өмірдің барлық саласындағы әлеуметтік-саяси қажеттіліктерді көрсететін елдің ұлттық-мемлекеттік мүдделері; тар мағынасында - ұлттың немесе басқа этностың саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани өміріндегі қажеттіліктерінің көрінісі.
Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерi – іске асырылуынан мемлекеттің адам мен азаматтың құқықтарын, қазақстандық қоғамның құндылықтарын және конституциялық құрылыс негіздерін қорғауды қамтамасыз ету қабілеті байланысты болатын, Қазақстан Республикасының заңнамалық тұрғыдан танылған саяси, экономикалық, әлеуметтік және басқа да қажеттіліктерінің жиынтығы;
Ұлттық мүдде, саяси ғылымда ұлттың өзін-өзі сақтауда негізгі мүдделерін қорғау жəне жан-жақты даму деп түсіндіріледі. Осылардың жүзеге асырылуынан ұлттың болашақ тағдыры жəне əлемдік қауымдастықтағы орны айқындалады.
Ұлттық қауіпсіздік ұлттық мүдделердің қорғалу дəрежесі мен жағдайын сипаттайды. Ол мүдделердің үш деңгейі бар:
-мемлекеттік мүдделер;
-қоғамның мүдделері;
-тұлғаның мүдделері
Қазақстан Республикасы ұлттық мүдделердің стратегиясы мемлекеттің геосаяси, экономикалық, географиялық жəне басқа да шарттарын көрсетеді. Оларға мыналарды жатқызуға болады: Республиканың мемлекеттің тұтастығы мен тəуелсіздігін сақтау; халықаралық құқық принципі негізінде басқа мемлекеттермен қарым-қатынасты дамыту; өзге елдермен қарама-қайшылықтар пайда болған кезде, оларды шешу үшін əскери күштерді қолдануға жол бермеу; ұжымдық қауіпсіздік жəне ұлттық күштер негізінде шабуылға тойтарыс беру, икемділігін қолдану; азаматтық бейбітшілік пен келісімді сақтау; экономиканың дамуын қамтамасыз ету жəне республиканың ғылыми-техникалық потенциалын арттыру.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет