Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Діни фундаментализм түсінігі



бет27/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Діни фундаментализм түсінігі. Фундаментализм (негіз) ұғымы кең мағынада алғанда ХХ ғасырдың басында жаһандану процесіне жауап ретінде пайда болған шектен шыққан консервативтік (ескішіл) философиялық, моральдық, әлеуметтік ағым. Фундаменталимзнің бір бағыты – діни фундаментализм, оның негізгі міндеті діннің догмаларына қайтып келу (возрат). Діни фундаментализм қазіргі заманғы қоғамның демократиялануына, жаһандануына, секуляризациялануына (жеке адамның, қоғамның діннің ықпалынан айырылуы, қоғамдағы діннің ықпалының төмендеуі, мемлекеттің зайырлы формасының орнауы), дінді мәдениеттің ерекше формасы ретінде зерттейтін ғылыми, рационалды әдіснамаға жағымсыз реакция болып табылады. Өзінің негізгі міндеттері ретінде діни фундаментализм діни құрылымдарға қоғамдағы үстем позициясын қайтару деп санайды. Діни, қасиетті кітаптардағы ережелерді қатаң сақтау қажеттігі, оларды сынауға жол бермеу – оның негізгі идеологиялық шарттары болып табылады. ХХ ғ. басында АҚШ-та протестанттық фундаментализм, Ресейде – православиелік фундаментализм орын алды, қазір кезде ислам фундаментализмі (жихадты жариялау) көрініс беруде.



  1. Қазақстандағы діни экстремизмнің таралу ерекшеліктері (Жусан операциясы)

Қазақстан әлемдегі сыртқы саяси ахуалдың өзгеруіне байланысты өзінің геосаяси жағдайына қарай, Орталық Азия өңіріне географиялық жағынан жақын Таяу және Орта Шығыс елдеріндегі тұрақсыздыққа орай халықаралық терроризмге қарсы күрестің негізгі бағыттарының бірінде қалып отыр.
Осы тұрғыда діни экстремизм мен терроризм жақтастары санының Қазақстан азаматтары қатары есебінен өсу серпінін айтпай кетпеске болмайды.
Статистикалық деректерге сәйкес 2008 жылдан 2013 жылға дейін террористік қылмыстары үшін сотталған адам саны 27-ден 171-ге дейін, ал экстремистік қылмыс үшін сотталғандардың саны - 56-дан 168-ге дейін өсті.
2010-2016 жылдар аралығында Қазақстанда бірнеше лаңкестік оқиғалар орын алды (Ақтөбе, Алматы, Тараз).
Жусан операциясы
Жусан операциясының негізгі мақсаты – Сирияда ДАИШ құрылымдарына мүше болып жүрген адасқан қазақстандықтарды елге қайтарып, қайта әлеуметтенуден өткізу. 2019 жылы ҚР ҰҚК үйлестіруімен Сириядан Қазақстанның 595 азаматы қайтарылды: 33 ер адам, 156 әйел, 406 бала (32 жетім).





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет