Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде



бет29/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Ұлтаралық қақтығыс

Ұлтаралық қақтығыс түрлі ұлттардың, этникалық топтардың арасында тәуелсіздікке, саяси билікке ұмтылуға, жер дауына, діни, этникалық кемсітушілікке, т.б. себептерге байланысты туады.
Қазіргі замандағы Ұ. қ-тың көрінісі ретінде Израиль — Палестина қақтығысын айтуға болады. Арабтар мен еврейлердің жерге таласуы 1947 — 48 жылдардан бастап қарулы қақтығыстар формасынан үздік-создық жалғасып келе жатыр. Ұлтаралық қақтығыстар қатысушы топтардың өшпенділігі мен жауығуы жағдайында өрши түседі. Мұны Түркиядағы күрд мәселесі де дәлелдеп келеді. Күрдтердің өздері жинақы тұратын аймақта Күрдістан мемлекетін құру мақсаты түрік-күрд қайшылықтарына себеп болуда. Батыс Еуропа елдерінде лаңкестіктің қаупін ислам дінімен байланыстырудың орын алуы мұсылман халықтарының өкілдерін қудалауға негіз болуда. Кейбір жағдайда жеке бір ұлттың шектен тыс шовинистік пиғылдары да Ұлтаралық қақтығысқа әкеледі. Мысалы, бұрынғы Югославия мемлекетіндегі сербтердің, албандардың шовинистік пиғылдары этн. тазалауға немесе екінші бір этнос өкілдеріне қарсы қудалаушылық саясат жүргізуге себепкер болды. Нәтижесінде Югославия халықтарының Ұлтаралық қақтығыстары біртұтас мемлекеттің ыдырауына алып келді. Әлемдік саяси қатынастарда Ұлтаралық қақтығыстар антисемиттік, яғни еврейлерге қарсы пиғылдарға байланысты да жиі қайталанды. Ресейде, Германияда, Италияда антисемиттік қырып-жоюлар, ұрып-соғулар болғаны белгілі.
Ұлтаралық қақтығыстар ұлттық процестер мен ұлттық өмірдің құрамдас бөлшегі. Саяси тұрақтылықты, қоғамдық келісімді және ұлтаралық татулықты сақтау үшін үнемі Ұлтаралық қақтығыстарға себеп болатын қайшылықтар мен мәселелерді шешіп отыру қажет.
Ұлтаралық жанжал азаматтық, саяси немесе қаруланған қақтығыстың формасы ретінде анықталуы мүмкін, сол себепті де мемлекеттер немесе бір мемлекет мобилизацияланады, этникалық белгілері бойынша жапа шегуі мүмкін.
Ұлтаралық жанжалды "таза түрде" табу қиын, себебі олар табиғатта шынайы өмір сүрмейді. Шынында да, бір мемлекет екінші бір мемлекетпен этникалық айырмашылықтар немесе антагонизмдер үшін жанжалға түскен кездер беймəлім.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет