Саясат қоғамдық өмірдің саласы ретінде


Ақпараттық қауіпсіздік: түсінігі мен мазмұны



бет33/51
Дата13.12.2022
өлшемі200,78 Kb.
#56955
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51
Байланысты:
Ñàÿñàò ?î?àìäû? ?ì³ðä³? ñàëàñû ðåò³íäå

Ақпараттық қауіпсіздік: түсінігі мен мазмұны

Ақпараттық қауiпсiздiк – елдің орнықты дамуы және ақпараттық тәуелсіздігі қамтамасыз етілетін, ақпарат саласындағы нақты және ықтимал қауіп-қатерлерден Қазақстан Республикасы ақпараттық кеңістігінің, сондай-ақ адамның және азаматтың құқықтары мен мүдделерiнің, қоғам мен мемлекеттің қорғалуының жай-күйі.
Ақпаратты қорғау — ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған шаралар кешені. Тәжірибе жүзінде ақпаратты қорғау деп деректерді енгізу, сақтау, өңдеу және тасымалдау үшін қолданылатын ақпарат пен қорлардың тұтастығын, қол жеткізулік оңтайлығын және керек болса, жасырындылығын қолдауды түсінеді. Сонымен, ақпаратты қорғау - ақпараттың сыртқа кетуінің, оны ұрлаудың, жоғалтудың, рұқсатсыз жоюдың, өзгертудің, маңызына тимей түрлендірудің, рұқсатсыз көшірмесін жасаудың, бұғаттаудың алдын алу үшін жүргізілетін шаралар кешені. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезін қойылатын шектеулерді қанағаттандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, программалық және техникалық әдістер мен құралдардан тұрады.
Ақпараттық қауiпсiздiк мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдардың:
1) Қазақстанның ақпараттық тәуелді болуына жол бермеуге;
2) басқа мемлекеттердiң, ұйымдар мен жекелеген адамдардың тарапынан ақпараттық өктемдік пен оқшаулаудың алдын алуға;
3) Қазақстан Республикасының Президентiн, Парламентiн, Үкiметiн және ұлттық қауiпсiздiктi қамтамасыз ететін күштерді ақпараттық жағынан оқшаулауға жол бермеуге;
4) Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн сақтау мақсатында, оның iшiнде айрықша кезеңде және табиғи, техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар, карантиндер, өзге де төтенше жағдайлар туындаған кезде байланыс желiлерiнiң үздiксiз және тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз етуге;
5) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің және өзге де заңмен қорғалатын құпияның таралуы мен жоғалуын анықтауға, алдын алуға және жолын кесуге;
6) ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, ақпаратты әдейі бұрмалаумен және дәйексіз ақпаратты таратумен байланысты қоғамдық және жеке санаға ақпараттық ықпал етуге жол бермеуге;
7) мемлекеттік шешімдер тұжырымдау мен қабылдау процесіне ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтіре отырып, жасырын ақпараттық ықпал ету тетіктерін табуға және бұзуға;
8) мемлекеттік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын мәліметтер айналыста болатын ақпараттық ресурстарды, ақпараттық жүйелерді және байланыс инфрақұрылымын қорғаудың тиімді жүйесін қолдауға және дамытуға бағытталған шешімдерімен және іс-қимылдарымен қамтамасыз етіледі.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет