13-тақырып. Саяси даму және модернизация.
121. Саяси процесті сипаттайтын ұғымдарды табыңыз
1 Саяси өзгеріс, саяси даму
0 Саяси сана, саяси идеология
0 Саяси мәдениет, саяси мінез-құлық
0 Саяси билік, саяси жүйе
0 Саяси психология, саяси іс-әрекет
122. «Модернизация» термині шыққан француздың «modern» сөзінің бастапқы
мағынасын табыңыз
1 Заманауи, жаңғырған
0 Бөлу, бөлшек
0 Ең таңдаулы, сұрыпталған
0 Алда жүретін
0 Ескірген
123. Дәстүрлі қоғамнан (рулық, феодалдық қоғамнан) қазіргі, заманауи қоғамға (индустриалдық, постиндустриалдық) қоғамға өтуді білдіретін терминді табыңыз
1 Модернизация
0 Революция
0 Стагнация
0 Ратификация
0 Прогресс
124. Қазіргі кезеңдегі авторитарлық және тоталитарлық режимдерден демократиялық режимге өту процестерін «демократияланудың үшінші толқыны» деп атаған ғалымды табыңыз
1 С.Хантингтон
0 М.Дюверже
0 Г.Алмонд
0 Р.Даль
0 Л.Козер
125. Америкалық саясаттанушы С.Хантингтонның пікірі бойынша «демократияның жаһандық экспансиясының үшінші толқыны» басталған жылды табыңыз
1 1974 ж.
0 1943 ж.
0 1964 ж.
0 1991 ж.
0 1985 ж.
126. Экономикалық өсім мен демократияның өзара байланысын атап көрсетіп, «Ұлт экономикалық жағынан мықты болған сайын, оның демократиялық ұлт болу мүмкіндіктері де артады» деген пікірді айтқан АҚШ саясаттанушысын табыңыз
1 С.Липсет
0 Д.Белл
0 Т.Парсонс
0 Д.Истон
0 С.Хантингтон
127. Демократиялық елдерді үлгі ете отырып, ықпал ету, яғни демократиялық елдердегі халықтың өмір сүру жағдайының жоғары деңгейін «көрсету», демократиялық елдерді үлгі ету демократияға өтудің қандай факторы екенін табыңыз
1 Сыртқысаяси фактор
0 Әлеуметтік-экономикалық фактор
0 Мәдени фактор
0 Институттық фактор
0 Тұлғалық фактор
128. Қоғамдағы өткір мүлік жіктелісін бәсеңдету және белгілі бір кірісі, білім деңгейі бар зиялылардың, орта, ұсақ бизнес өкілдерінің, орта тап санының көбеюінің демократияға өтудің қандай факторы екенін табыңыз
1 Әлеуметтік-таптық фактор
0 Сыртқысаяси фактор
0 Мәдени фактор
0 Институттық фактор
0 Тұлғалық фактор
129. Тұрғындардың сауаттылық, білім деңгейін көтеру, саясатқа белсене қатысу, яғни азаматтық саяси мәдениетті таратудың демократияға өтудің қандай факторы екенін табыңыз
1 Мәдени фактор
0 Әлеуметтік-таптық фактор
0 Сыртқысаяси фактор
0 Институттық фактор
0 Тұлғалық фактор
130. Тиімді көппартиялық жүйе мен қоғамдық ұйымдардың болуы, түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін білдіретін басқа да институттардың болуының демократияға өтудің қандай факторы екенін табыңыз
1 Институттық фактор
0 Мәдени фактор
0 Әлеуметтік-таптық фактор
0 Сыртқысаяси фактор
0 Тұлғалық фактор
Достарыңызбен бөлісу: |