Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Екі билік қарым-қатынасы – орта ғасыр саяси ойының негізгі мәселесі



бет4/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

Екі билік қарым-қатынасы – орта ғасыр саяси ойының негізгі мәселесі.

Батыс Еуропа тарихында ортағасыр тарихы ең ұзақ кезеңді (V–XVI) қамтиды. Батыстағы саяси-құқықтық идеялардың қалыптасуы үлкен таптық қайшылықтарға толы, құқықтық институттардың пайда болуымен және мемлекеттік тәртіптердің қалыптасу процесімен қатар жүрді. Ортағасырда Батыстағы саяси ойлар ылғи өзгеріп, дамып отырды. Қоғамдағы сол өзгерістер кейіннен ескі құрлықтағы әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің, сондай-ақ, феодалдық қатынастардың дамуына әкеліп соқты. Батыстағы саяси ойлардың дамуы мен қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең – ерте феодалдық (V–XI ғғ). Бұл уақытта қоғамда феодалдық қатынастар енді ғана қалыптасып, жаңа қоғамдық-экономикалық формацияның негізі қаланған уақыт еді. Осы уақытта ірі мемлекеттік құрылымдар қалыптасып, монархиялық билік орнады және сол ірі мемлекеттер кейіннен ұсақ конгломераттарға бөлшектеніп кетті. Екінші кезең – феодалдық қатынастардың шарықтап дамыған (XI–XV ғғ.) тұсына және орталықтандырылған сословиелік-монархияның орнауына тұспа-тұс келеді. Үшінші кезең – (XVғасырдың аяғы – XII бас кезі) феодализмнің аяғы, капиталистік қатынастардың енді пайда бола бастаған кезі, сондай-ақ, монархиялық биліктің көпшілігі абсолюттік монархияға ұласып үлгерген тұсымен сипатталады. Ортағасырлық Батыстағы саяси ілімдердің қалыптасуына христиан дінінің, соның ішінде рим-католик шіркеуінің ықпалы өте күшті болды. Христиан діні Батыста тұтастай христиандық мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Осыдан барып белгілі библиялық «Құдайдан басқаның билігі жоқ, барлық билік тек құдайдан» деген қағиданы ұстанды және ол феодалдық қоғамның басты идеологиясына айналды. Батыс Еуропаның ортағасырлық саяси тарихында мемлекеттік билік үшін рим-католиктік шіркеуі, папство мен зайырлы феодалдар арасында қатаң тартыс жүрді. Ортағасырлық Еуропаның саяси және рухани өмірінде папство өзінің шарықтау шегіне ХІІІ ғасырда жетті. Оның ерекше дамуына үлкен үлес қосқан доминикандық монах, теолог-ғалым Фома Аквинский (Аквинат, 1225– 1274 жж.). Фома Аквинскийдің еңбектері сол замандағы шіркеу билігінің ресми идеологиясына айналған еді. Негізгі еңбектері «Билеушінің басқаруы туралы» (1265– 1266 жж.), «Теология жиынтығы» (1266–1274 жж.). Фома Аквинский өз саяси доктринасының негізі етіп Аристотельдің идеяларын қабылдады. Әсіресе, оған Аристотельдің мемлекет туралы идеясы құба-құп келді. Аквинский Аристотельдің «адам саяси хайуан» ұғымын басты назарға ала отырып, адамдардың әу бастан бірігіп мемлекет құруға ұмтылысы олардың табиғатынан, өйткені адамдар жеке-жеке жүріп өз қажеттілігін қамтамасыз ете алмайды, сондықтан да олар мемлекет құруға ынталы болды дейді. Мемлекеттің пайда болуы құдайдың әлемді жаратқанымен пара-пар. Әлемді жаратпастан бұрын құдай жерде тәртіп пен біркелкілікті орнатты. Монархта осы жолды қайталайды. Әуелі мемлекеттің құрылымын анықтап алғаннан кейін, тәртіп пен басқаруды жүзеге асырады деп тұжырымдайды. Мемлекеттің мақсаты – «жалпыға жайлы» адамдарға лайықты өмір сүру мүмкіндігін қалыптастыру. Аквинат билікті айқындауда үш: 1) биліктің мәніне; 2) формасына (пайда болуына); 3) билікті қолдану элементіне назар аударады. Аристотельдің мемлекетті басқаруын (аристократия, олигархия, демократия) саралай келе, Аквинат, басқарудың ең жоғарғы жетілген формасы ретінде монархияны қолдайды. Ол монархияның екі түрін ұсынады: абсолюттік және саяси монархия. Аквинат абсолюттік монархияға қарағанда, саяси монархияға үлкен ықыласпен қараған. Өйткені ол кезде, яғни саяси монархия жағдайында ірі феодалдар мен шіркеу қызметкерлерінің мүдделері қарастырылып, олар билікке ықпал ете алатын еді. Фома Аквинский өз заманының нағыз идеологы болды. Әсіресе ол католиктік шіркеу мен ірі феодалдар мүддесін қорғаушы ретінде жасаған еңбегі католиктік шіркеу тарапынан жоғары бағаланып, Аквинатқа «періштелер докторы» деген жоғарғы титул берілді. Аврелий Августин (345–430 жж.) – христиан-теологы, философ-мистик, көзқарасы, ұстанымы жағынан неоплатондық бағытты жақтаған. Басты ұстанымы «Cенімсіз білім мен шындық жоқ». Негізгі еңбектері «О граде божем» және «О земном граде». Аврелий Августин әлемдік тарихтың христиандық концепциясын дамытушы және оның сөзімен айтқанда «дүние жаратылысының өзі құдайдың қалауымен болған іс» деген идеяны жақтаушы ғалым. Адамдардың жердегі барлық көрген қиындықтары мен жамандықтары олардың құдай алдындағы жасаған күнәларынан деп түсіндіреді. Августиннің ілімі римдік шіркеу қызметкерлерінің зайырлы феодалдық бағытты ұстанушыларға қарсы күресінде басты идеологияға айналды. Мемлекетті басқару формасында Аврелий абсалюттік билікті жақтаған. Августинизм әлі күнге дейін христиан дініндегі протестанттық бағытты жақтаушылардың басты ілімі деп саналады. Католиктік шіркеудің ықпалына қарсы күрескен ірі неміс ғалымы Мартин Лютер (1483–1546 жж.). Мартин Лютердің пікірінше адам екі әлемде өмір сүреді. Алғашқысы – рухани әлем, екіншісі – жер әлемі. Рухани әлемде құдайға сенушілер, яғни құдайлар үстемдігі, ал жер әлеміне барлық адамдар тұрағы, яғни жердегі билік үстемдігі жатады. Рухани әлем адамның рух еркіндігі мен сенімін және ішкі дүниесін, ал жер әлемі адамның іс-әрекетін, болмысын анықтайды. Қоғамдағы рухани өмір адамдардың жердегі іс-әрекетіне тікелей байланысты. Осыдан барып жердегі билеушілердің негізгі қызметі қоғамды әділдікпен басқару, күш қолданбау деп түсіндіреді. М.Лютердің бұл идеясы көпшіліктің қолдануына ие болды. Бұл идея бұқараны христиандық құндылықты қайта қарауға итермеледі, нәтежисінде католиктік діндегілердің ішінде жаңа ағымның лютерандық сенімнің пайда болуына әкеліп соқты. Ортағасырдағы діни концепцияның саяси ілімдерді дамытудағы рөлін жоққа шығаруға болмайды. Себебі, адамдардың әділетті басшы мен әділетті мемлекетке деген сенімін қалыптастырды. Екіншіден, адамдардың саяси санасына, саяси мәдениеттің қалыптасуына тікелей әсер етті. Сондай-ақ, қоғамда саяси плюрализммен қатар діни плюрализмнің де негізін қалады. Үшіншіден, діни дәстүр кейінірек көптеген мемлекеттердің идеологиялық бағытын айқындады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет