Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Пифагор – аристократияның саяси үстемдігін негіздеуші теоритик



бет9/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

Пифагор – аристократияның саяси үстемдігін негіздеуші теоритик.

Пифагор (б.з.д. 580–500 жж.) қоғамдық жəне саясиқұқықтық тəртіпті философиялық негізде қайта құру қажеттілігі идеясын қалыптастырды. Пифагоршілер (Архит, Лизис, Филолай) демократияны сынға ала отырып, «жақсылардың» (адамгершілік жəне саналы элита) басқаруының аристократиялық идеяларын негіздеді. Пифагор жасырын философиялық-саяси одақ — Гетерия құрды. Пифагордың дүниетанымында анықтаушы роль — сандар туралы ілімге берілді. Сан — дүниенің басы жəне мəні. Олар адамгершілік жəне саяси-құқықтық құбылыстарға сандық (математикалық) сипаттама беруге тырысты. Құқық пен əділеттілік мəселелерін қарастыру барысында Пифагор алдымен «теңдік» түсінігін теориялық тұрғыдан қарастыра бастады. Əділеттілік теңдерге теңдік беруден тұрады. Адамдар өздерінің жан-жақты қатынастарында əділеттіліктің əр түрін қолдануға тиісті. Пифагордың ойы бойынша əділ заң билік ететін мемлекет қана үлгілі бола алады. Құдайдан кейін ата-ана мен заңды құрметтеу керек, оларға сеніммен бағыну қажет. Заңды тыңдау үлкен ізгілік, заң — үлкен құндылық. Ескіден қалған заңдар мен əдет-ғұрыпты қолдану жаңа заң шығара бергеннен гөрі дұрыс деп санады. Ең жаман құбылыс — анархия (биліктің болмауы). Себебі адам табиғаты басқаруды, қажетті тəрбиелеуді керек етеді. Пифагордың адам қатынасы жаза-жаладан, биліксіздіктен арылуы жəне тəртіпке келтірілуі мүмкін деген ойы көптеген ғалымдарға дем берген.

  1. Ш.Л. Монтеськенің саяси ілімі.

Қайта өрлеу және Жаңа замандағы саяси ойлардың басты ерекшелігі, бұған дейінгі саяси ойшылдар сияқты «жақсы өмірді» аңсау мен тұлғаның сыртқы күштерге деген тәуелділігі емес, керісінше, оларды мемлекет пен оның пайда болу мәселесі қатты қызықтырды. Саяси ойлар бірте-бірте діни және философиялық көзқарастардан айырылып, сана болмыстың негізі ретінде қарастырылып, заңдар оның құралына айналуы керек деген қағида бірінші кезекке қойылды.
Қайта өрлеу және Жаңа заман дәуіріндегі реформалық үрдістердің нәтижесінде әлеуметтік мәдениеттің жаңаша үлгілері жасалды, олар өз заманындағы дамыған бүкіл өркениеттік құндылықтар қатарына енді. Бұл заманның ойшылдары өздерінің мемлекет, құқық, заң сияқты түсініктерін қалыптастыруда антикалық өркениеттің рухани мұраларына сүйенеді. Антикалақ мұралар жаңа мемлекеттің үлгілерін іздестіруге негіз болды. Өйткені бұл үлгілер қайта өрлеу заманында өмір сүрген адамдарға жаңа мәселелерді шешу үшін қажет болды.
Қайта өрлеу мен Жаңа заман ойшылдары дүниені түсіндіруде адамның тағдыры, шыққан тегі, атағы, конфессиялық статусы арқылы алдын-ала болжанбайды, ол адамның қажырлығы, белсенділігі, игілікті істері арқылы анықталуы тиіс деп түсіндірді.
Осы заманның көрнекті өкілдерінің бірі, француздың ағартушы ғалымы – Шарль Луи Монтескье (1689– 1755 жж.). Ол саяси ойлар тарихында өзінше таңба қалдырған ғұлама, ғалым. Ш.Л. Монтескье «Заңдар рухы» еңбегінде екі мәселеге ерекше назар аударады, біріншісі «Заңдар рухы» болса, екіншісі «Басқару образы». Ол одан әрі осы еңбегінде «Көптеген заттар адамдар өміріне тікелей әсер етеді: соның ішінде климат, дін, заңдар, мемлекетті басқару қағидаттары, өткен тарих, әдет-ғұрыптар, осының барлығы жинала келіп сол халықтың рухын айқындайды» деп есептейді. Монтескье, сонымен қатар, Дж. Локктың саяси ойларын одан әрі қарай жалғастырады. Билікті асыра пайдалану адам табиғатының негізінде жатқандықтан, ол оны, яғни билікті шектеу мәселесін қарастырады. Сөйтіп, ол билікті заң шағарушы, атқарушы, сот билігі деп үшке бөледі және оларды бір-бірінен тәуелсіз институт деп таниды, сонымен қатар, ол билік арасындағы тежеу жүйесінің механизмін қарастырады. Осылайша, саяси ілімдер тарихында Ш.Л. Монтескье биліктің бөліну теориясын жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет