Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Әл-Фараби іліміндегі мемлекет пен билік табиғаты



бет7/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

Әл-Фараби іліміндегі мемлекет пен билік табиғаты.

Мұсылмандық Шығыстың саяси-құқықтық ойының басты тақырыптарының бірі – ізгілікті қала мен адаба (жетілген адам) мәселесі болып табылады. Ізгілікті қала мәселесінің негізі әл-Фарабидің, Жүсіп Баласағұнның саяси теорияларында қаланды. Әбу Насыр әл-Фараби саяси ойларын «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары туралы», «Мемлекеттік билеушінің нақыл сөздері», «Азаматтық саясат» деген еңбектерінде жинақтаған. Әл-Фараби өз идеясында басты назарды билеушінің адамгершілік қасиеті мен оның белсенді азаматтық позициясына аударды. Әл-Фарабидің пікірінше, жақсы мемлекет басшысы жоғарғы билік өнерін жүзеге асырушы болып табылады. Ізгілікті қалада бақытқа жетудің өзекті мәселесінің бірі – философиялық және құқықтық мәдениеттің, моральдық сапалардың, адамның рационалдық қабілеттерінің өзара үйлесімді әрекеттесуі болып табылады. Мұндай өзара байланысты билеушінің өзі жүзеге асыруы тиіс. Билеуші тек өзінің философиялық эрудициясын, қолданылып жүрген қағидаларды және өз білімділігін ғана жүзеге асырмауы тиіс, сонымен қатар адамгершілік қасиеттерді, теориялық және практикалық ізгілік істерді жүзеге асыруы тиіс. Өнерді, ізгілікті, білім мен даналықты және өзінің ұйымдастыру қабілетін мемлекет басқару ісінде шеберлікпен жүзеге асыра білу, әл-Фарабидің пікірі бойынша, билеуші үшін бастапқы негізді құрайды. Философиялық, адамгершілік және құқықтық мәдениетті терең меңгеру – билеушіге мемлекетті дұрыс, шебер басқаруда, зандылықты қамтамасыз етеді және олардың мүлтіксіз орындалуына кепіл болады. Бұл туралы әл-Фараби былай деп жазады: «Заң шығарушы, біріншіден, өзінің заңдарын ендіре білгені, екіншіден, басқара білгені жөн. Егер ол берген жарлығын ендіре алмаса, басқалар қадағалайтынды өзі де қадағаламаса, онда оның нұсқауларының заңды күші болмайды және оның сөзін қол астындағылары қабылдамайды. Егер заң шығарушы – білімсіз адам болса, онда ол адамдарға пайда әкелетін заңды белгілей алмайды, заңды сақтаудағы маңызды орынды тәрбие алады. Заңды елемейтін және өзінің бағыныштыларын да соған итермелейтін адамның өзі, өзінің іс-әрекетімен үлкен тәртіпсіздікке душар қылады». Әл-Фараби қоғамдағы саясатты жүзеге асыруда, билеушімен қатар қала тұрғандарының да философиялық, адамгершілік, құқықтық және саяси мәдениетінің маңыздылығына назар аудару қажеттілігін атап өтеді. Келесі топқа әділдігін елге мадақтап айтып отыратын, әлеуметтік жағдайы жұрттан жоғары тұратындар (қала басшысы және оның көмекшілері) кіреді. Қала басшысының қызметі мен мінезіндегі кемшіліктерін тікелей айтпай, оны жанамалап, астарлап сынау арқылы түзету керек дейді. Әл-Фараби бойынша, адам өз өмірінің қожасы, сондықтан да ол өз тағдырына өзі жауапты. Адамның өмірдегі бақыты мен бақытсыздығы ол құдайдан емес, ол адамның күнделікті істеген әрекетінен деп түсіндіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет