Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
58.Аристотель саясат міндеттері туралы Аристотельдің энциклопедиялық ілімінде оның қоғамдық-саяси көзқарастары елеулі орын алады. Ол жеке адамның этикасымен шектелмей, өз зерттеуін мемлекетті, қала мемлекетін (полис) және қоғамдық өмірді тануға кеңейтті. Ол этика мен саясаттың ара жігін тұңғыш рет анық ажыратқан адам болып есептеледі. Бұл тұрғыда «Саясаттану», «Никомах этикасы» т. б. шығармаларын айырықша атап көрсеткен жөн.
Мемлекеттің мақсаты
Аристотель гректердің және басқада мемлекеттердің өмірі мен қоғамын суреттейтін көптеген материалдарды жинап, бір жүйеге келтірді және олардан бағалы қорытындылар шығара білді. Аристотель «Саясаттану» кітабында мемлекеттің, отбасының шығу төркініне назар аударады. Оның пікірінше, мемлекет пайда болуына ең алдымен адамдардың бірігіп жұмыс жасауы, ұйымдасып жекелік әлсіздікті жеңу жігері себеп болған. Яғни, Аристотель мемлекеттің шығуын адамзаттық өмірдің табиғи даму талабы туғызды деп түсіндірді. Адамдардың басқа хайуанаттардан айырмашылығы — ой еңбегімен шұғылдануында болғандықтан және ұйымдасудың жаңа әдісін пайдаланғандықтан адам қоғамасып, ел болып өмір сүру деңгейіне міндетті түрде көтеріледі.
«Саясаттану» еңбегінде Аристотель ең алдымен мемлекеттің түпкі мәнін анықтаудан бастайды. Оның түсінуінше басқа қоғамдық ұйымдасу формаларынан мемлекеттің өзгешелігі — ол өз мүшелерінің бақыты үшін, игілікті өмірі үшін құрылады. Шаруашылықтың, басқа да бір істердің пайда әкелуі үшін ұйымдасу, одақтасулар бола береді, олар, бірақ, ұзақ әрі мәңгілік өмір үшін құрылмайды. Мемлекет басқа бір себептерден жоғалып кетуі мүмкін, бірақ құрылу мақсаты жағынан тек бақытты, қуанышты өмір үшін құрылады. Яғни, мемлекеттік тұтастықтың бақыты адамдардың бақыты бола алмайды дейтін Платонның қағидасына Аристотель түбегейлі түрде қарсы.
Мемлекет тек адамдар үшін. Бірақ адамдардың өзі, Аристотельдің ойынша, табиғи туа бітісінен әр түрлі. Біреулер табиғи бітісінен басқаруға қабілетті, екінші біреулер табиғатынан басқалардың билігінде болуға жаралған. Ондайлар тек құлдар. Құлдар пайымдау қабілетіне қатысы бар, бұйрықты түсіне алады, бірақ өз бетінше пайымдай алмайды. Құлдар тірі құралдар. Мемлекетті құрушы адамдарды Аристотель азаматтар деп атайды. Ерте дәуірде азамат ұғымын алғаш өзінше айқын анықтаған Аристотель деп айтуға болады. Құлдар, басқа тайпалардан келіп қоныстанғандар, жасы 18-ге жетпегендер, әйелдер азаматтарға жатпайды. Осы соңғысы, мысалы, Периклдің пікіріне қайшы. Периклден шығармалар қалмағанмен оның Афинада кіргізген заңдары мен тәртіптері хақында көптеген куәліктер бар, және ол тәртіптер Аристотель кезінен екі ғасырдай бұрын енгізілген болатын. Кейбіреулер, мысалы Хуан Гинес Сепулведа (Juan Gines de Sepulveda) Аристотельдің "құлдардың тума құл" идеясын пайдаланып, Еуропалықтардың Үндістерге жасаған зорлығы мен үстемдігін ақтауға тырысқан болатын.
Аристотель тұңғыш рет саясат ғылымы туралы талдау жасауға талпыныс жасады. Аритотельде саясат ғылым ретiнде этикамен тығыз байланысты. Оның көзқарасы, бойынша саясатты ғылыми тұрғыдан түсiну адамгершiлiк пен этиканың дамыған ұғымы болып табылады. Этика саясаттың бастауы, оның кiрiспесi ретiнде көрiнедi. Аристотель əдiлдiктiң екi түрiн - теңестiретiн жəне үлестiретiн түрлерiн анықтайды. Теңестiретiн əдiлдiктiң өлшемi ретiнде ″ арифметикалық теңдiк″қарастырылады. Бұл принциптiң қолданылу аясы – азаматтық-құқықтық мəмiлелер, шығынды қалпына келтiру, жаза жəне т.б., ал үлестiру əдiлдiгi ″ геометриялық теңдiк″ принципi түрiнде ұсынылады жəне бұл принцип ортақ игiлiктердi еңбегi мен қоғамдағы орнына қарай бөлуге негiзделедi.
Мемлекет формасын Аристотель мемлекеттегi жоғары билiктi бiлдiретiн саяси жүйе ретiнде сипаттайды. Бұл жерде мемлекет формасы билеушiлердiң санымен (бiреу, аз ғана топ, көпшiлiк) анықталады. Бұдан басқа мемлекеттiң дұрыс жəне бұрыс формалары туралы да айтылады. Дұрыс формадағы билеушiлер көпшiлiктiң мүддесiн қорғаса, бұрыс формадағы билеушiлер тек қана өздерiнiң жеке басының мүдделерiн көздейдi. Аристотель пiкiрiнше, дұрыс формадағы мемлекеттерге монархиялық, аристократиялық жəне полития, ал екiншi формаға тирания,
олигархия жəне демократия жатады. Мемлекеттiң ең дұрыс формасы ретiнде Аристотель политияны айтады. Политияда жалпының мүддесi үшiн көпшiлiк билiк құрады. Мемлекеттiң басқа формалары политиядан əрi немесе керi ауытқуы ретiнде айтылады. Екiншi жағынан қарастырғанда, Аристотельдiң түсiнiгiнше, полития демократия мен олигархияның аралас түрi ретiнде қарастырылады.
Жоғарғы билiк заңның емес, демостың қолында деп есептеген Аристотель демократияны сынғаалады. Ол мүлiктiк демократияны ғана мақұлдайды жəне демократияның екi түрiн - заңға негiзделген жəне жоғарғы үкiметке билiк жүргiзетiн демократияны анықтайды. Аристотельдiң саясат жөнiндегi ойлары да көңiл қоярлық. Оның айтуынша, саясаттың мəнi оның алдына қойған мақсатына қарай анықталады. Дұрыс саясаттың негiзi – адамдардың тəрбиелiгiнде болып табылады. Адамдар дұрыс тəрбиенiң нəтижесiнде ғана жақсы қасиеттердi бойларына сiңiрiп, саяси мақсаттарын игiлiкке қарай бұрады, осының арқасында ғана əдiлдiк орнайды.