Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


Славянофильдердің саяси тұжырымындағы “орыстық идея”



бет44/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері

56.Славянофильдердің саяси тұжырымындағы “орыстық идея”
Славянофилдердiң ең көрнектi өкiлдерi — А. С. Хомяков, И. В. Киреевский, Ю. В. Самарин, К. С. Аксаков батыстық құндылықтарды ұстанған бағдарды терiске шығарып, орыстардың тарихи дамуының ерекше жолын, "православиелiк Русьтiң тыныштығы мен бейбiтшiлiгiн″ мадақтады. Олар славяндық қоғамды мемлекетке, Петрге дейiнгi Русьтi Батысқа қарсы қойды. Славянофилдердiң пiкiрiнше Батыс елдерiндегi индивидуализм жеке меншiктi, эгоизм мен қарабайыр материализмдi тудырды, батыстық христиан дiнi (католик жəне протестант дiндерi)
антикалық мұрадан қалған рационализммен бұрмаланды.
Ресейдiң басты ерекшелiгi ретiнде славянофилдер ″қауым-дық бастауды″ , ″соборшылдықты″ атайды. Егер батыс елдерi өз заңдары жəне саясатымен тек сыртқы еркiндiктердi қалып-тастырса, ал славяндардың шiркеулiк қауымдық тұрмысы iшкi еркiндiктi қамтамасыз етедi. Славяндық рухқа жат батыстық бастауларды Петр I-ң зорлап енгiзуi деспотизмдi əкелiп, халық пен билiктiң арасын ажыратып, iшкi рухани бiрлiктi бұзды. Олардың пiкiрiнше, Петрге дейiнгi Русьте билiк пен халықтың тұтастығы Жергiлiктi Соборлар (Земство) арқылы жүзеге асты. Шешiм қабылдамас бұрын билiк жердi тыңдайтын. Батысшылдар сияқты славянофилдер де шаруаларды азат етудi жақтады, бiрақ кез-келген революция орыс рухына жат деп есептедi. Олар шаруа қауымдарынан соборшылдықтың, коллективизмнiң көрiнiсiн байқады. Славянофилдерге Ресейдiң мессиандық (құтқарушылық) рөлi мен панславинизм идеялары тəн едi. Буржауазиялық Батыстың тəртiптерiн терiске шығара отырып, олар православиелiк орыс халқы алдымен славяндарды, кейiн өзге халықтарды ″капи-тализм күнəларынан″ азат етедi деп есептедi. Осы тұрғыдан алғанда славянофилдердiң бұл идеясы ресми халықшылдықтың ұрандарына сай келсе, ал олардың шаруалар қауымы туралы идеясы батысшылдар Герцен, Огарев жəне Бакуниннiң iлiмдерiндегi ″орыс социализмiнiң″ түбiрiн құрады.
57.Франциядағы либералдық саяси ой. А. де Токвиль.
XIX ғасырдың бiрiншi жартысында Франциядағы саяси-құқықтық ойдың дамуы 1789—1793 жылдардағы Ұлы буржуа-зиялық революцияның жетiстiктерiмен байланысты. Революцияның нəтижесiнде ″ бостандық″ , ″ теңдiк″ , ″ туыстық″ сияқты бiрқатар жаңа саяси құндылықтар өмiрге ендi. Бұл кезеңде Франция-да Наполеон жəне оның режимiнiң құлап, Европа елдерiнiң саясатына ықпалын тигiзген реакциялық контрреволюциялық ″ Қасиеттi Одақтың″ (1815 жыл) құрылғанымен, Бурбондар əулетiнiң таққа қайта оралып, елде монархиялық құрылыс орна-
ғанымен революцияның негiзгi жетiстiктерiн жоя алмады.
Қалыптасқан осындай жағдайларда француз буржуазиясының идеологтары капитализм дамуы үшiн қажет ″ индивидуалды құқықтар мен бостандықтарды″ негiздеуге үлкен көңiл қойды. Олар бостандыққа қауiп-қатер феодалдық реакция тарапынан да, революциялық кезеңнiң демократиялық теориялары тарапынан да төнуi мүмкiн деп қарастырады.
Алексис де Токвиль (1805–1859) Алексис де Токвильдің жасы Сен-Симон мен Конттан кіші болса да, авторлар өз сөздерін осы тұлғадан бастайды. Себебі өзі Ағартушылық дәуірінің өкілі болғандықтан, еңбегі де толық осы дәуірдің шығармалары деуге болады. Ол тікелей Монтескьенің, әсіресе оның «Заңдар рухы» атты туындысының ықпалында болған. Токвиль ұзақ уақыт бойы әлеуметтанушы емес, саясаттанушы ретінде қарастырылды, оған қоса, көбі оның еңбегінде әлеуметтік теорияның бар екенін байқамады. Алайда оның еңбегінде әлеуметтік теория бар, сонымен қатар, тек Францияда ғана емес, әлемнің басқа бөліктеріндегі әлеуметтік теория тарихында әлдеқайда елеулі орынға лайықты. Алексис де Токвиль 1805 жылы 29 шілдеде Парижде дүниеге келді. Ол бай болмаса да, көрнекті аристократтар әулетінен шықты. Американы демократия, теңдік және еркіндік секілді шешуші құбылыстарды бастапқы күйлерін де зерттеуге мүмкіндігі бар зертхана ретінде қарастырды. Өзінің аңызға айналған және өте ықпалды «Америкадағы демократия» еңбегімен аса танымал. Әсіресе ерте америкалық демократиялық жүйені сипаттаған және саяси ғылымның дамуындағы алғашқы қадам деп танылған бұл еңбектің бірінші томын ерекше атап өту қажет. Кітап үлкен табысқа жетіп, авторын танымал етті. Жалпы, демократия бойынша және соның ішінде америкалық демократия жөніндегі классикалық жұмыстардың бірін француз аристократының жазғаны қызық болып тұр. Ол 1840 жылы жарыққа шыққан Демократияның екінші томын бітірген бойда өзінің саяси мансабын бастады. Бұл томның біріншісіне қарағанда әлеуметтанулық сипаты басым болды. Алғашқы томы саясатқа арналды, әсіресе, америкалық саяси жүйені және оны басқа мемлекеттердің, мысалы, Францияның саяси жүйелерімен салыстыра талдады. Демократияға байланысты ескертпелері болса да, Токвиль америкалық жүйеге өте жақсы ниетпен қарады. Екінші том жақсы қабылдана қоймады, ықыластың бұлай төмендеуі кітаптың мазмұндық бағыты мен әлдеқайда абстрактілі сипатына байланысты болуы мүмкін. Ол 1848 жылғы революция мен патша өкілетін доғаруын басынан кешірді. Алайда Луи Наполеон ұйымдастырған әскери төңкеріске қарсы шықты, түрмеде бірнеше күн болып, нәтижесінде өзінің саяси мансабының аяқталуын көрді. Өз заманындағы Францияны сынау үшін 1856 жылы жарық көрген әйгілі «Ескі режим және Революция» еңбегінде 1789 жылғы Француз революциясы жайлы жазуға бел буды. Кітап француздық деспотизмге бағытталды, бірақ, «Америкадағы Демократия» еңбегіндегі еркіндік, теңдік және демократия жайлы мәселені жалғастырды. «Америкадағы Демократияның» екінші томына қарағанда «Ескі режимі» жақсы қабылданып, айтарлықтай табысты болды. Бұл – Токвильді Франциядағы либералды қозғалыстың «ұлы көсеміне» айналдырды. Оның теориясының негізінде өзара байланысқан үш мәселе жатыр. Ол – ағартушылықтың көрінісі ретінде, бірінші кезекте еркіндіктің атақты жақтаушысы және қорғаушысы. Теңдікті индивидуализммен байланыстырады. Демократиялық қоғамның индивидуализм феноменін қалыптастыратынын айтады және нақ осы себепке байланысты демократияны, әсіресе социализмді сынға алады. Демократияның еркіндікке деген ұмтылысы және орталықтандырылған үкіметке қатысты процесі қауіп әкелетіндігін ескертеді. Әрине, Токвильдің көзқарасы бойынша, социализм кезінде жағдай анағұрлым мүшкіл болады, өйткені, теңдікке деген ұмтылыс пен биліктің орталықтандырылуы секілді сипатты белгілері еркіндік үшін мейлінше қауіпті. Социализм үшін және социализмнің туы астында әрекет еткен Кеңес Одағы мен басқа қоғамдарда орын алған жағдайды ескеретін болсақ, соңғы пікір әбден орынды. Орталықтандыру бүкіл қоғамдық өмірді жансыздандырады. Барлық сұрақтардың орталық билікке шоғырландырылуы – еркіндік пен демократияға кедергі келтіреді, деп түсіндіред


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет