Байланысты: Саяси ілімдер тарихыны п ні, оны о ыту міндеттері
74-билет. Гамильтонның мемлекетті жекеменшік ретінде қарастыруы Федералистердің ең көрнекті өкілі Александр Гамильтон (1757-1804) кең ауқымды көзқарастағы мемлекет қайраткері ретінде конституциялық теория мен практика саласындағы терең зерттеулердің авторы және қуатты бір орталыққа бағынған федералдық өкімет билігінің жалынды жақтаушысы болды.
Бір орталыққа бағынған мемлекеттің мүддесін көздейтін федералистер халық билігінің үстемдігі туралы демократтардың пікірлерімен келіскенімен, билікті тобырдың жаман әдеттері мен қасиеттерін ауыздықтау қажеттілігімен байланыстырды, өйткені онсыз халық ешқашан да ақыл-ой мен әділеттіліктің еркіне бағынбайды. Федералдық конституцияның жобасына сыни пікір түрінде жазылған «Федералистердің ескертпелері» деп аталатын жинақта билік пен басқарудың барлық түрлерінде де өз артықшылықтары мен кемшіліктері болатыны айтылған. Саяси шындықты бұлай бағалау
федералистерді ағартушы-демократтармен жақындастырды.
Гамильтон адамдарға тән эгоизмге орай жалпы игілік үшін қызмет етуге мәжбүрлейтін биліктегі күштеу жүйесін бекіту туралы Дж.Адамстың пікірімен келісті. Халық дана басқарушының қолға үйретіп отырған алып жыртқыш аңына ұқсайды. Мұны ескермесе кез келген конституция жалаң сөзге айналады.
Гамильтон 1787 жылдың қазаны мен 1788 жылдың мамыры аралығында ерте римнің республикашыл патриоты Публиус Валерийдің бүркеншек атымен жарияланған «Федералист» мақалаларын жазған үш автордың бірі. Бұл үш автор да Конституцияны даярлауға қатысып, кейінірек өкіметтегі негізгі қызметтерді атқарды: Гамильтон – қаржы министрі, Дж.Джей – Жоғары сот төрағасы, Дж.Мэдисон – елдің төртінші президенті.
Гамильтон штаттардың жаңа федералды одағын сақтап қалу үшін жаңа өкіметке қорғаныс саласында шексіз өкілдіктер беруді дәлелдеп жазады. «Федералист» мақаласында Гамильтон сот бақылауының қажеттілігін жүйелі түрде негіздейді. Гамильтонның пікірінше, өмір бойы сайланған тәуелсіз, құрметті және жоғары жалақы төленетін соттар басқаруды жауапкершілікпен қамтамасыз ете алады. Атқарушы биліктің қылышы, Конгрестің қалтасы болса, ал сотта даналық қана бар.