Саяси ілімдер тарихының пәні, оны оқыту міндеттері


А.И.Герценнің шаруалар социализмі



бет66/68
Дата06.02.2023
өлшемі444,75 Kb.
#65428
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68
86.А.И.Герценнің шаруалар социализмі
А.И.Герцен мен Н.П. Огаревтің социалистік ілімі біршама жағдайларды ескере отырып құрылды: Россиядағы шаруалардың азаттық күресі, батысевропалық утопиялықсоциализмге сынмен қараудың әсері т.б. 1848 ж. революциядан кейінгітәжірибе және әркез дамып отырған жұмысшылардың таптық күресі оларды бай филантроптарға арқа сүйемеуге үйретті. Олар батысевропалық утопиялық социализмді өзінің теориясын практикалық түрде жүзеге асыруға қабілетінің жоқтығына қарап сынады. Бұл тәжірибе оларды сонымен қатар социализм қоғамның ең қаналған қабатының таптық күресінде тууы керектігіне үйретті. Шыны керек 60 ж. аяғына дейін олар пролетарияттық революциялық ролін жете бағаламады және керісінше орыс шаруаларының социалистік қайта өзгертулерге қабілетін асыра бағалады. Нақ орыс шаруалары кейін бүкіл батысты қамтитын революция өртін бастайды деп санады. Олар социализмнің кейін “шаруалар социализмі” теориясын атап алған өзіндік социализм теориясын құрды.

Бұл теорияның жіберуші пункті қауымды жаңа қоғамның шеткі ғимараты деп тану болды. Герцен мен Огаревтің пікірі бойынша Европада капитализм қауымдық тұрмыс пен еңбектің алғашқы формаларын бұзды, сондықтан мұнда жұмысшыларға өндірістің қоғамдануы жұмысшы қауымы үшін жаңа алғышарттар тудырғанша күтуге тура келеді. Ал Россияда ол кезде шаруалар қауымы болды, олардың санауынша, осы қауым социализмге жетудің алғашқы алғышарты ғана емес, сонымен қатар оның дайын формасы болуы тиіс.

Бұл кезде Герцен мен Огарев орыс қауымының ыдырай бастауының шынайы себептерін түсінбеді. Алайда шаруаларды жермен босату идеясы шаруалардың революциялық мүддесіне қызмет етіп, Россияның 60 ж.-да прогрессивті болды. Герцен мен Огаревтің тағы бір қателігі, олар орыс қауымын орыс тарихының жүрісінен даралап алып қарады, және капитализмнің дамуын сезбеді.

А.И.Герценнің социалистік дүниетанымының эволюциясында аяқтаушы этапты “Письма к старому товарищу” (1869) көрсетеді. Бұл шығармасында ол еңбекшілердің босануын пролетариаттық топтық күресімен байланыстырады. Ленин айтқандай бұл хаттар Герценнің “Бакуниннің анархизмінен түбегейлі арасын үзіп, өзін көңілін Маркс басқаратын интернационалға аударғанын” көрсетеді. Алайда пролетарлық ғылыми социализмге деген жолды ол аяғына дейін жүріп өте алмады. Герцен мен Огарев өмір сүрген тарихи және экономикалық жағдайлар оларға пролетариаттық тарихи ролін түсінуге мүмкіндік бермеді. Олардың “шаруалар социализмі” утопиялық социализмнің бір түрі болды.

Дегенмен 50-60 ж. А.И.Герцен мен Н.П.Огаревтің социалистік ілімі үлкен маңызға ие болды. Олар шаруалардың революциялы қозғалысына, помещиктік және самодержавиелік қанаудан босатуға қызмет еткілері келгендерге бағдарлама ұсынды және Россиядағы крепостнойлықтың санын дамытуда жалғастырды.

Жоғарыда аталған мемлекет, шіркеу кызметкерлері мен ғылыми зиялы кауым Ресейдегі крепостниктік, феодалдык катынастарды жақтап, ия сынаумен катар, бүкілресейлік рынок псіг манфактуралык тәсілдің ықпалын сезді, олар туралы ой-пікірлер танытты.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет