Сборник Докладов «Исследование урока: опыт школ Казахстан»



Pdf көрінісі
бет59/191
Дата11.12.2023
өлшемі47,28 Mb.
#137253
түріСборник
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191
№1 сауалнама
 
қорытындысы
 
Сараптай келе, оқушылардың көлемді мәтіннен ықшам мәтін жасауда қиналатындығын 
байқадық. Жалпы, жоспарлау үдерісінің барлық кезеңінде оқушылардың көзқарасы 
тұрғысынан қарай отыру, танымдық эмпатияны тәжірибеден өткізеді, оқушылардың 
қалай
оқитындығын түсіну үшін
жұмыс атқарылады. Алғашқы жүргізілген сабақтан 
кейін жоспарға түзетулер енгізіліп, әрбір сабақтан кейін жоспар жетілдіріле берді және 
оқушылардың қызығушылықтары да басшылыққа алынды, ықшам мәтін құрылымдау 
кезеңдері мәтінмен жұмыс жасауда мынадай оқу
стратегиялары арқылы жүзеге 
асырылды

«Фишбоун», «Графикалық
-
органайзерлер» «Мәтінді редакциялау» т.б.
Аталған стратегиялар оқушылардың тілдік дағдыларын дамытуға ықпал етеді. Оқушы 
негізінен мәтінді оқыған кезде көп жағдайда бірден түсінік қалыптастыруға
қиындық 
ұшырайды. Сол себепті оқушының ойлануына, ойын жинақтауына, көз алдына 
елестетуіне, болжам жасауына мүмкіндік берген кезде ғана оқушы не оқығанын түсінеді 
және өз ойын жинақтап жазуына да төселе бастайды.
Оқу стратегияларын қолдану 
барысында өзімізге мынадай сұрақтарды басшылыққа алдық:

Мәтіннен нақты қандай ақпаратты алу қажет? Оқушы нені іздеуі қажет?

Мәтіннен ақпаратты қалай іздеу қажет? Категория бойынша ма, әлде тірек сөздер
арқылы ма, әлде абзацтардан тірек сөздерді табу арқылы ма? Мұнда
бөлшектерден
бүтін құрай отырып, тез арада ақпарат алуға дағдыландыру жүзеге
асып отырады.
Топ мүшелері әрбір сабақтан соң тақылау жасады. Талқылау барысында 
оқушылардың сабақ тәжірибесінен нені және не үшін үйренгендігі, неге қол жеткізе 
алмағандығы төңірегінде талқыға салынды. Қорытынды шығарар алдында қатысқан екі 
мұғалім өз бақылауларын, түсініктемелерін, сабаққа байланысты пікірлерін білдірді. 
Мұндағы мақсат оқушыларды оқыту, оларды ойлау және өзара әрекеттегі мәселелері 
тұрғысынан сабаққа мұқият талдау жасауға және баға беруге негізделген болатын. 
Талдау нәтижесінде топ сабақ жоспарына нені өзгерту керектігі туралы шешім 
76


қабылдады. Бұдан кейін келесі топ мүшесі түзетілген жоспар бойынша
сабақ беруді 
жалғастырды. Бұл үдеріс топ зерттеу мәселесін толық болғанға дейін жалғасты. Осынай 
бірлескен жұмыстың нәтижесінде, көлемді мәтіндерден ықшам мәтін жасауда
оқушылардың мәтінмен жұмыс барысында оқуға деген белсенді іс
-
әрекетінің 
жақсартылып, зейіннің шоғырланғандығын байқауға болады. Оның барысын №2 
өткізген сауалнаманың нәтижесінен байқадық. Екі сауалнаманы салыстырсақ, алға 
жылжу үдерісін аңғардық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   191




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет