Сборник III республиканской научно-практической конференции магистрантов



Pdf көрінісі
бет10/57
Дата06.03.2017
өлшемі3,92 Mb.
#7741
түріСборник
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57

Қараман А.С. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Есеп және аудит» мамандығының 2-ші курс студенті



Мақсатова Б.М. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Есеп және аудит» мамандығының 2-ші курс студенті

Ғылыми жетекшісі: Буткенова А.К.– «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Экономика және Менеджмент» кафедрасының оқытушысы

Ayana_0595@mail. ru 

ҚР ЭКОНОМИКАСЫН ҚАЗІРгІ ЗАМАН ЖАҒДАЙЫНДА БӘСеКеге 

ҚАБІлеТТІлІгІН ҚАлЫПТАСТЫРУ

Нарықтық экономика қатаң бәсекелестікпен сипатталады. Нарықтық экономикада өндіріс 

пен мемлекеттің жалпы ахуалын өркендетудің негізгі бастауларының бірі ─ өндірілетін өнім-

дердің, көрсетілетін қызметтердің бәсекелік қабілетін арттыру екендігі белгілі.  Әлемдік тәжіри-

бе көрсетіп отырғандай, бәсекеге қабілеттілік  кез-келген елдің экономикасының дамуының 

ерекше маңызды факторы және шаруашылық кешенінің ең жақсы экономикалық көрсеткіші 

болып табылады.  Әлем елдерінің жаһандық бәсекеге қабілеттілік индекстерін Бүкіләлемдік 

экономикалық форум (БЭФ) өзінің жыл сайынғы қорытындыларында шығарып отырады. Бұл 

зерттеулер 2004 жылдан бері жүргізіледі және қазіргі кезде әлемнің түрлі елдері бойынша 

бәсекеге қабілеттілік көрсеткішінің неғұрлым толық кешенін бейнелейді. Бүкіләлемдік эко-



64

номикалық форумның өкілдері ұлттық экономикалардың бәсекеге қабілеттілігінің көптеген 

және мейлінше алуан түрлі факторларымен анықталатынын айтады. Осылайша, мемлекеттік 

қаржыларды тиімсіз басқару мен инфляцияның жоғары деңгейі экономика жағдайына теріс 

әсер етсе, интеллектуалдық меншік құқықтарын қорғау, дамыған сот жүйесі және басқа да 

шаралардың оң әсер етуі мүмкін. Институттық факторлармен бірге, білім беру мен жұмыс 

күшінің біліктілігін арттыру, жаңа білімдер мен технологияларға тұрақты қолжетімділіктің 

болуы да шешуші рөл атқара алады.  Экономиканың бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын фак-

торлар  бастапқы  жағдайлар  мен  дамудың  ағымдағы  деңгейіне  байланысты  әлем  елдерінің 

экономикалық жүйелеріне түрліше ықпал етеді. Сонымен бірге, уақыт өте келе факторлардың 

өздерінің де өзгеріп тұратындығы белгілі жәйт. Бүкіләлемдік экономикалық форум (БЭФ) Қа-

зақстанның бәсекеге қабілеттілік рейтингін 4,41 индексімен  51-ші позициядан 50-ге көтерді. 

Бұл туралы БЭФ-ның 2014-2015 жылдарға арналған жаһандық бәсекеге қабілеттілік бойын-

ша жарияланған есебінде айтылған.  Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексі экономикалық 

дамудың түрлі деңгейлерінде тұрған әлем елдерінің бәсекегеге қабілеттілігін егжей-тегжейлі 

сипаттайтын 113 ауыспалыдан тұрады. Барлық ауыспалылар ұлттық бәсекеге қабілеттілікті 

айқындайтын 12 бақылау көрсеткіштеріне біріктірілген. Олар:

1. Институттар сапасы.

2. Инфрақұрылым.

3. Макроэкономикалық тұрақтылық.

4. Денсаулық және бастауыш білім беру.

5. Жоғары білім және кәсіптік даярлық.

6. Тауарлар мен қызметтер нарығының тиімділігі.

7. Еңбек нарығының тиімділігі.

8. Қаржы нарығының әртүрлілігі.

9. Технологиялық даму деңгейі.

10. Ішкі нарықтың мөлшері.

11. Компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі.

12. Инновациялық әлеует

Өз  зерттеулерінде  эксперттер  148  елді  сараптаудан  өткізген.    Зерттеу  барысында  көр-

сетілгендей, Қазақстан экономикасының басым тұстары – тиімді еңбек нарығы (15-орын) 

және тұрақты макроэкономикалық көрсеткіштер (23-орын) [1].

Қазіргі кезде Қазақстан нарықтық экономикалық ел ретінде танылған мемлекет, ол жаңа 

экономикалық даму кезеңіне жол ашты. Көптеген жылдар бойы қалыптасқан жоспарлы эко-

номикадан нарықтық қатынастарға көшуі  экономикада біраз қиыншылықтар тудырды. Осы 

уақытқа дейінгі сыртқы сауданың статистикасына жүгінетін болсақ, экспорт пен импорт-

тың,  жалпы  тауар  айналымының  бірте-бірте  ақырындап  өсіп  отырғандығын  байқаймыз. 

Осы  жағдайда  негізгі  экспортталатын  тауарлар  болып  мұнай,  газ  конденсаты,  қара  және 

түсті металл, ауылшаруашылығы өнімдері қалып отыр. Яғни еліміздің экспорты шикізат-

тық бағытта болып отыр. Жалпы шикізат пен алғашқы өңдеуден өткен өнімдердің үлесіне 

тұтас экспорттың 80%-ы тиеді. Мұндай жағдайды тек қана отандық өнімдердің бәсеке қа-

білеттілігінің төмендігімен ғана емес, сонымен қатар экспортты ынталандырудың тиімді 

саясатының қолға алынбауы арқылы түсіндіруге болады [2].

Қазіргі жаһандану жағдайында экономикамыздың бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп тұрған 

бірқатар проблемалар бар. Оларды жалпылама атап өтетін болсақ:  өндірісте әлі де болса шикі-

зат бағыттылығының басымдығы, өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымның дамымауы, 

кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық тұрғыдан артта қалушылығы, ғылы-

ми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға (ҒЗТКЖ) қаржының аз бөлінуі, Қа-

зақстан тауарлары мен қызметтерінің халықаралық сапалық стандартқа сай келмеуі, тауар өн-

діру мен қызмет көрсетуге кеткен шығындардың көп мөлшерде болуы.

Осындай факторларды ескере отырып,  ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арт-

тырудың мынадай  тетіктерін ұсынамыз:



65

– ғылым саласын білім беру саласының көлеңкесінде қалдырмай бөліп алу;

– отандық ғылымды қолдау;

– өндіріске жаңа техника мен технологияларды тиімді енгізу;

– ғылымның тиімді жаңалықтарын қаржыландыру, ғылым мен өндіріс арасында өзара 

тығыз байланыс орнату;

– инновацияны мүмкіндіктерді бағалау арқылы ел экономикасының приоритетті салала-

рына енгізу;

– отандық өнім өндірушілерді мемлекеттік қолдау арқылы бәсекеге қабілеттілігін арттыру;

– елдегі сыбайлас жемқорлықты бәсеңдету.

Отандық ғылыми зерттеулердің нәтижесін нарықтық экономиканың өзекті қолданбалы 

міндеттерін шешуге бағыттау өте маңызды. Бұл үшін біз біріншіден ғылым саласына көп 

көңіл бөлуіміз қажет. Ал қазіргі кезде елімізде ғылымға деген көңілдің аз бөлінуі ғылым 

мен білімді  бір басқарушы аппаратқа беріп қойғанында. «Білім және Ғылым министрлі-

гі» білім беру саласындағы жұмыстарға батып,  ғылымға деген уақыттың бөлінбей қалуы.

Министрлік тарапынан қабылданатын мемлекеттік бағдарламалар мен көрсетілетін мемле-

кеттік қызметтердің барлығы дерлік білім беру саласына бағытталады.  Қоғамда еңбекақы 

төлеуді, ғылыми жетістіктерді, әсіресе ғылым мен техника саласындағы жастарды ынта-

ландыру арқылы ғылыми еңбектің беделін, оған деген құрметті көтеру қажет. Жаңа идея-

лар әкелетін ақылды, білімді, өнертапқыш ғалымның мәртебесі күрт жақсаратындай жағдай 

қалыптастыру қажет. Себебі адамдар бүгін негізгі капитал болып саналады, сондықтан да 

олар жеткілікті мөлшерде қаржы салуға лайық.

Ғылымның қолданбалы нәтижелерін  бағалау үшін бір өлшем – сол өнімге сұраныс болуы 

керек. Өкінішке қарай, бүгінгі күні мемлекет өнеркәсіп пен бизнес тарапынан инновацияға 

сұранысты емес, ұсынысты ғана ынталандырып отыр. Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге 

кеткен шығын оны сату арқылы түпкі нәтижемен өзін-өзі ақтауы қажет. Түпкі нәтиже алу 

үдерісіне  елімізде  бұрыннан  қалыптасқан  ғылыми-зерттеу  және  тәжірибе-конструкторлық 

жұмыстарға (ҒЗТКЖ) бөлінетін қаржыларды бастапқы қолданбалы зерттеулерге айтарлықтай 

көбірек, ал соңғы басқыштағы әзірлемелерге  жеткіліксіз мөлшерде аз бөліп, тиімсіз пайда-

лану құрылымы да ұнамсыз әсер етуде. Соның салдарынан көптеген аяқталған ғылыми-зерт-

теулер өндіріске енгізуге дайын ақырғы ғылыми-техникалық өнім деңгейіне жеткізілмейді. 

Ал әлемдік тәжірибеде ҒЗТКЖ шығындарының құрылымы: іргелі зерттеулерге – 13-15%, 

қолданбалы зерттеулерге – 25-30%, ғылыми әзірлемелерге 55-60% мөлшерінде қалыптасқан [3].

  Қазақстандағы  бұл  көрсеткіш  2015  жылы  сәйкесінше  –  22;  47,5  және  22,8  пайызды 

құрап, қалған бөлігі ғылыми-техникалық қызметтердің үлесіне тиген. Сол себепті де 2020 

жылға қарай ғылыми-техникалық саланы қаржыландыру сәйкестілігі іргелі зерттеулерге – 

15%, қолданбалы зерттеулерге – 30%, ғылыми әзірлемелерге – 50%, ал ғылыми-техникалық 

қызметке 5% деңгейінде болатындай көрсеткішке жету өте өзекті.  Егер де қаржыландыру 

осындай деңгейге жетсе, бұл өнім өндіруге кеткен материал-техникалық, еңбек ресурста-

рын үнемдеп, сапаны көтеруге мүмкіндік береді. Ресурстарды үнемдеу отандық өнімге ке-

тетін шығындарды азайту арқылы оның өзіндік құнының да нарықта тұтынушыға тиімді 

болуына әсер етіп,  өнімнің бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Іргелі зерттеулер -  жаңа білімдерді пайдалануға байланысты қандай да бір нақты мақсат 

қоймай жаңа білім алуға бағытталған эксперименттік немесе теориялық зерттеулер жата-

ды. Олардың нәтижесі – болжамдар, теориялар, әдістер. Іргелі зерттеулер алынған ғылыми 

нәтижелерді іс жүзінде пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін қолданбалы зерттеулер жүргізу 

туралы ұсыныс берумен, ғылыми жарияланымдар жасаумен аяқталуы мүмкін.

Қолданбалы зерттеулер – нақты тәжірибелік міндеттерді шешу мақсатында жаңа білім-

дер алуға бағытталған жаңа маңызды жұмыстар. Қолданбалы зерттеу іргелі зерттеулердің 

нәтижелерін  пайдаланудың  мүмкін  болатын  жолдарын,  бұрын  қалыптасқан  мәселелерді 

шешудің жаңа әдістерін анықтайды.


66

Ғылыми-техникалық  әзірлемелер  –  зерттеулер  және  практикалық  тәжірибе  нәтижесінде 

алынған бар білімге негізделген, және жаңа материалдарды, өнімдерді, үдерістерді, құрылғы-

ларды, қызмет көрсетуді, жүйелерді немесе әдістерді құруға бағытталған жүйелік жұмыстар 

жатады. Бұл жұмыстар сондай-ақ бар обьектілерді елеулі жетілдіруге бағытталуы мүмкін. 

Кез-келген елдің экономикалық байлығын үш негізгі шикізатпен өлшейді: астық, мұнай 

және алтын. Осы үшеуінің де табиғи қоры біздің мемлекетте мол.  Осыған байланысты біздің 

мүмкіншіліктеріміздің әлеуеті жоғары. Және де бізге ең тиімдісі кәсіпорындарды  алғашқы 

өңдеу сатысына өткізіп, біртіндеп экономиканы шикізат бағыттылықтан арылтуымыз қажет. 

Ол үшін бізге жаңа технология, сол технологияны игерген кадрлар қажет.

Нақты өндірістік-экономикалық даму тек дәстүрлі технологиялық тәртіптердің ауыстыру 

нәтижесінде  жүзеге  асырылады.  Сондықтан,  жаңа  индустриалды  саясат  өз  уақытындағы 

ескі  технологияны  жаңа  технологиямен  алмастырылуын  қамтамасыз  етілуді  талап  етеді. 

Осындай іс-шараларды жүзеге асыру арқылы 1950 жылдың ортасында әлемдік технико-э-

кономикалық жетістіктері бар мемлекеттердің технологиялық деңгейін 5-ші технологиялық 

өңдеу  жұмыстарын  жандандыру  арқылы,  өнімдердің  сонғы  түрлерінің  санын  көбейтуге 

және өнім сапасын арттыруға қол жеткізді. Кеңес Одағымен қатар Қазақстанда ол уақытта 

3,4-ші технологиялық өңдеу жұмыстарын қолдану қолға алынып жатқан болатын. Бес бал-

дық жүйе бойынша индустрия өндірісінің бүгінгі жағдайы көрсетілген. Байқап отырғаны-

мыздай  5,6-ші  технологиялық  өңдеу  деңгейлері  жоқтың  қасы.  Сондықтан  экономикамыз 

әруақытта, әсіресе, дағдарыс кезінде әлжуаз келеді (1-кесте). 

1-кесте. Дағдарыстан кейін кәсіпкерлікті өркендетудің индустриалды-инновациялық негіздерін жүзе-

ге асыру тұжырымдамасының өзара қарым-қатынасының жүйелі іс-әрекеттер реті [4].

Іс шаралар

Технология-

лық денгейлер

Құқықтық 

база


Ресурс

Инфра-


құры-

лым


Кадр

дайын-


дау

Мемле


кеттік

реттеу


Ақпараттық,        

ғылыми,


әдістемелік

қолдау


Жоспарлау

3

3



3

3

3



3

Барлау


3

3

3



3

3

3



Өндіру

3

3



3

3

3



3

Байыту


2

2

2



2

2

2



Қорыту

2

2



2

2

2



2

Өңдеу


1

1

1



1

1

1



Тереңдету

0

0



0

0

0



0

Сондықтан  да  біз  инновацияны  толығымен  қаржыландыра  бермей,  өз  мүмкіншілік-

терімізге сай деңгейлерді қаржыландыруымыз тиімді. Біз алғашқы деңгейлерді толығымен 

қамтымай, 5-6 деңгейге секіре алмаймыз.

Нақты сала кәсіпорындарына, яғни өнімді өңдеу секторына қатысты мемлекеттік  инвести-

циялық саясат ұстану қажет. Қазіргі кезде зейнетақы қорлары, ұлттық қор, даму институтта-

ры, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, мемлекеттік холдингтік компаниялар, сақтанды-

ру қорларының жинақтаған қаржыларын тиімді несиелеу тетіктері арқылы аталған саланы 

қолдауға болады.  Мемлекеттік саясаттың негізгі түйіні өндірістік және ғылыми-техникалық 

кешендерді жиынтық түрде ішкі және сыртқы факторларды, сауда жүйесіндегі әлемдік талап-

тардың негізгі қағидаларын сақтай отырып икемді, бәсекеге қабілетті өнімді шығаруға негіз-

делуі тиіс. Осы арқылы мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге болады.

Отандық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру өте маңызды және дәл уақытын-

да ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қана-

тын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі 

демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі 

мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Эконо-


67

миканың  даму  қарқынын  үдетіп,  оны  ұзақ  уақыт  ұстап  тұру  мүмкіндігі  де  осы  бәсекеге 

қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақ-

сы әлеуметтік  стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, 

ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл 

біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Казахстанский агрегатор новостей // интернет ресурс// http://thenews.kz/2012/09/12/1206016.html 

2. Айқын – республикалық-қоғамдық саяси газет // интернет ресурс// http://www.aikyn.kz/articles/view/33190

3.  Ғылым  және  инновация  статистикасы  //интернет  ресурс//  http://www.stat.gov.kz/

getImg?id=WC16200008270 

4. Жаһандық экономика және қазақстан. // Егемен Қазақстан 2016 ж http/egemen.kz›2016/04/05/32826



Қараман А. С. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Есеп және аудит» мамандығының 2-ші курс студенті



Курбанов Э. Б. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Есеп және аудит» мамандығының 2-ші курсстуденті

Ayana_0595@mail. ru 

Ғылыми жетекші: Баймуминова Н.Х. – «Қаржы Академиясы» АҚ 

«Экономика және Менеджмент» кафедрасының оқытушысы

ИННОВАцИялЫҚ ЭКОНОМИКА АДАМ КАПИТАлЫ МеН БІлІМДІ 

ДАМЫТУ ФАКТОРЫ РеТІНДе

Мемлекеттің инновациялық дамуының негізі адамзат капиталы болып табылады. Елба-

сының Жолдауында басты адресат адам, оның өмірінің сапасы, ертеңгі күнге сенімділік бо-

луы кездейсоқ емес. Қазақстанның жаңа кезеңде әлеуметтік-экономикалық дамуы өмірдің 

барлық  салаларын  ауқымды  өзгерту  арқылы  инновациялық  технологияларды  өндіру,  өн-

дірістің  энергия  тиімділігі,  әлеуметтік  құрылымды  жетілдіру,  білімнің  әлемдік  деңгейіне 

қол жеткізу арқылы жүзеге асырылатын  болады.   

Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев    жылдағы  жолдауында  еліміздің 

тұрақты дамуы және әлемдік бәсекеге қабілетті елдердің қатарына енуі үшін ұлттық бай-

лықтың ерекше түрі саналатын адам капиталын дамыту мен қалыптастырудың маңызын 

ерекше атап өтіп келеді.  Өткенге  көз жібергенімізде адам капиталы туралы ұғымның ерте-

ден бастау алғанын білеміз. Еліміздің экономикалық жағдайы күн санап көтерілу үстінде. 

Әрине  экономика өз-өзінен дамымайды, оны дамытатын адам капиталының деңгейі, сапа-

сы мен әлеуметтік белсенділігі. Сол себептенде  адам капиталына мән беру, қолдау бүгінде 

инновациялық экономикаға талпынған көптеген елдердің өзекті мәселесіне айналуда. Сон-

дықтанда  инновацияның атқаратын рөлі, қосатын үлесі зор деп айтуға болады. Елбасының 

биылғы жолдауында «Қазақстан экономикасының инновациялық әлеуетін арттырған жөн. 

Болашақтың экономикасын құру үшін негіз қалау маңызды. Смарт-технологиялар, жасанды 

интеллект, киберфизикалық жүйелер интеграциялары, болашақтың энергетикасы, жобалау 

және инжиниринг салаларында біліктілікті дамыту қажет. Мұны тек тиімді ғылыми-инно-

вациялық жүйе құру арқылы ғана жасауға болады»- деп атап өтті .

Инновация  жаңа  экономиканы  жаңғыртудың,  өсудің  тың  бастамасы.  Инновациялық 

бағдарламаларды жүзеге асыруда өмірлік, өндірістік салалық идеялардың, ғылым мен білім 

салаларының  рөлі  айрықша.  Инновациялық  жаңа  ғылым  мен  білім экономиканы  жаңғы-

ртуға ықпал жасаумен бірге, мамандарға жаңа инновациялық ойлау жүйесін қалыптасты-

руға да әсерін тигізеді. Қазіргі әлемде ғылымның жетістіктері мен озық технологияларды 

жаңаша ұйымдастыру мен басқару әдістерін өндіріске батыл енгізу күн тәртібінде бірінші 

кезекте тұр. Инновациялық даму деген тек қана жаңа технология мен техниканы сырттан 



68

сатып алу емес, сол техникамен өндіріс өнімділігін, сапасын көтеретін, алға апаратын, жүй-

елі басқаратын білікті, білімді мамандарды қажетінше дайындау. 

Адами капитал – инновациялық экономика мен білімді дамытуды айқындайтын факторға 

айналып отыр. Елбасы өз сөзінде: «Инновациялық даму – бұл тек жаңа техника-техноло-

гияларды пайдалану емес, оны ойлап табу» деген еді. Мемлекеттік қолдау көрсете отырып,  

адами капиталды дамыту арқылы өзге алдыңғы қатарлы дамыған елдер сияқты жаһандық 

заманға  сай  техника  мен  технологияларды  ойлап  тауып,  оны  жарыққа  шығарып,  қолда-

нысқа енгізу керек. Адам капиталы мемлекет дамуындағы стратегиялық бөлік болып та-

былады. Қазіргі таңда мемлекеттің экономикалық өсуін инновациялық тұрғыдан қамтасыз 

етуде адам капиталының маңызы зор.

Қазіргі кезең білектің емес, білімнің заманы. Жастары білімді елдің жүзі жарық, бола-

шағы жарқын. Елімізде сапалы, білімді мамандардың әлі де аз екенін мойындап, заман сұра-

нысына жауап беретін жаңа буын кадрларын даярлау қажет. Инновациялық жүйені тиімді 

пайдалануға көптеген жаңа идеялар мен әзірленімдер ұсына алатын білікті мамандар ғана 

экономиканы алға бастыра алады.

Әрине,  ең  басты  мақсат  –  Қазақстанның  үдемелі  индустриялық-инновациялық  даму 

бағдарламасын  жүзеге  асыру.  Бұл  бағыт  заманауи  ғылыми-техникалық,  технологиялық 

жаңа бастамаларды қажет етеді және оны жүзеге асыру арқылы мемлекеттің инновациялық 

экономиканы дамытуының жаңа межелері анықталмақ.

Қазақстанда ғылыми-техникалық, технологиялық прогрестің стратегиясы мен тактикасын жа-

сау, олардың инновациялық қажеттілігін өзекті сұраныс ретінде қарастыру, барлық ғылыми-тех-

никалық, технологиялық бағыттарды анықтап, бір жүйеге келтіру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Инновациялық жаңа экономиканың стратегиялық бағыттарының жоғары қарқыны осы 

үдеріске қатысушыларды мына міндетті шарттармен қамтамассыз еткенде ғана іске аспақ. 

Олар: жаңа әлемдік рынокқа сәйкес жүйелі білім, озық технология, өңірлік өндіріс пен қы-

зметке салынған инвестиция нәтижелері, меншік құқығын қорғау заңнамалары, инноваци-

ялық жаңа ағымдарды тиімді қолдануда бәсекелестік шеңберін кеңейтудің нақты міндет-

тері, инновациялық жаңа жүйелер қызметін атқаруда қаржылық, материалдық, табиғи және 

еңбек ресурстарының ерекшеліктерін, ұтымдылығын және қолдану нәтижелерін қарастыру, 

т.б. Интеллектология ғылымының тұжырымы бойынша, стратег менеджерлер ғана «ақыл-

ды экономиканы» жүзеге асырып, болашақ экономикалық қауіп-қатерлер мен жетістіктерді 

алдын ала болжай алады.

Қоғамда адам капиталының сапалы өсуiне әсер ететiн маңызды құралдың бірі – білім 

болып  табылады.  Өйткені,  білім  –  адамды  жеке  тұлға  етіп  қалыптастыруға  негіз  бола-

тын маңызды фактор кендігі баршаға мәлім. Білім беретін мекемелерде адам жас кезінен 

бастап  білім-ғылымды  игеруі  барысында  сауаттылыққа,  ұлттық  және  жалпыадамзаттық 

құндылықтарды меңгеруге, халық мұрасын зерделеуге, жоғары дәрежедегі мәдениеттілікке 

және өзге де қабілет-қасиеттерге қол жеткізетіні анық. Ғұлама ойшыл Әбу Насыр әл-Фара-

бидің білімнің мәні мен маңызы, оның адамның болмысында алатын орны туралы пайымда-

улары қазіргі кезде де ағартушылықтың маңызды тетіктерінің бірі болып отыр. Осындай 

қоғамдағы айтулы өзгерістер кезеңінде ұлы ойшылдардың ағартушылық, әлеуметтік бағыт-

тағы идеяларының алар орны ерекше. Расында да, білімнің қуатына тең келетін басқа иде-

ялық-рухани күш, қуат көзі жоқ екені шындық. Сондықтан да, күллі әлемдік жаңа идеология 

ең әуелі білімнің теңдессіз күшіне арқа сүйейді. Сол себептен де мемлекеттік құрылымда 

білімнің тиімді жүйесін құру экономикалық қажеттіліктерге сайма-сай келуі керек. Бұл рет-

те  отандық  білім  берудің  ұлттық  моделін  қалыптастыруға  байланысты  қыруар  шаруалар 

атқарылу үстінде. Елімізде білім беру саласы бойынша межеленген басымдықтар қазіргі 

уақытта кезең-кезеңімен жүзеге асырылып келеді. Білім беру жүйесіндегі жоғары деңгейде-

гі сапалы нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен оқыту үдерiсiне қазiргi заманғы әдiстемелер 

мен технологияларды енгiзу, кәсiптiк-техникалық бiлiм беру жүйесiнiң тәжiрибелерiн бүкiл 

қазақстандық бiлiм беру жүйесiне таратып, барлық бiлiм мекемелерiн солардың деңгейi-



69

не жеткiзу, педагогтар құрамының сапасын арттыру, бiлiктiлiктi бекiтудiң тәуелсiз жүйесiн 

құру сияқты іс-шаралар жүзеге асырылуда .

Қазақстан  соңғы  жылдары  орнықты  өсу  үшін  ноу-хау  секторын  дамытудың  маңыз-

дылығын түсіне отырып, ұлттық экономиканың сенімді және ұзақ мерзімдік дамуына жағдай 

жасауда, мүмкіндіктер қалыптастыруда. Осы орайда Қазақстанның 2017 жылы EXPO көр-

месін өткізу шарасына қатысуы инновациялық даму жолына түсуде үлкен серпіліс береді 

деп болжануда. Осы мақсатта EXPO көрмесін өткізудің басты артықшылығы – бұл әрине 

«жасыл технологияларды» ендіру.

  «Жасыл экономика» түсінігі міндетті түрде ендіріліп қана қоймай, жүзеге асырылған 

іс-әрекеттері қоғамда көрініс табуы керек. Себебі, халықтың тұрмыс-тіршілік жағдайы ең 

алдымен  экология  бойынша  анықталады.  «Жасыл  экономика»  –  ең  алдымен,  инновация. 

Болашақтағы дамуымыз соған негізделетін болады. Егер экологиялық тұрғыда бәрі сәтті 

болатын болса, онда жаңа технология да дамитын болады.

Инновациялық экономиканы дамыту, «Жасыл экономикалы» ел құру-бүгінгі таңда Қазақстан 

үшін дамудың басты ұранына айналып отыр. «Жасыл экономиканы» құру түрлі  инновациялық 

жобаларды қажет етеді, ал бұл сәйкесінше инновациялық экономикамызды  одан әрі дамытуға 

серпін береді. Мұның барлығы EXPO-2017 жобасының негізінде жүзеге  асырылмақ. Бұл жоба-

дан еліміздің алар пайдасы зор болмақ. Мәселен, бір жарым ғасырлық әлемнің дәстүрі атанған 

көрме біздің мемлекеттің негізгі басымдықтарын жүзеге асыруға қуатты импульс береді:

– біріншіден, экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылым; (транспорт, құрылыс, жұ-

мыс орындары);

екіншіден,  шағын – орта бизнесті дамыту;

– үшіншіден, үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы  нәти-

жесін EXPO – 2017-де көрсетуге мүмкіндік аламыз;

– төртіншіден, Қазақстан жастарының инновациялық дүниетанымын қалыптастыру 

Қорытындылай келе, адам капиталы – ол дамудың  жоғарғы сатысы инновациялық эко-

номика мен білім экономикасын қалыптастыратын және дамытатын негізгі фактор. Иннова-

циялық экономика – ол жоғары сапалы өмір, интеллект, білім, ғылым және жоғары сапалы 

адам капиталы.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.  ҚР  Президентінің  «Инновация»  Жарлығын  жүзеге  асыруға  бағытталған  Үкіметтің 

1995 жылғы 28 маусымдағы №2351 қаулысы.http/adilet.zan.kz/Негізгі/docs/K950002351

2. Қазақстан экономикасының даму қарқыны шетелдік сарапшылар тарапынан бағала-

нуы. http/kontrosha.net›13126545791375079184.html

3.  Шетелдік  инвестициялау  саласындағы  мемлекеттік  саясатты  іске  асырудың  негізгі 

тетіктері. http/kk.wikipedia.org

4.  Жаһандық  экономика  және  қазақстан.  //  Егемен  Қазақстан  2016  ж  http/egemen.

kz›2016/04/05/32826



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет