Сборник клинических ситуаций (пульмонология) Оқу құралы/учебное пособие Шымкент 2020 ӘӨЖ 616. 1/9 Ббк 53/57 с 20 рецензенттер: Ғ.Қ. Асанова ОҚма ақ, «Терапиялық пәндер»



бет76/78
Дата24.05.2023
өлшемі265,41 Kb.
#96378
түріСборник
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78
Клиникалық жағдай №41

Дәрігер қабылдауында 8 жастағы қыз бала, шағымдары: құрғақ ұстамалы жөтел, түнде күшейеді, тынысының қиындауы, дене қызуының 37,5оС дейін жоғарылауы, жалпы әлсіздік, ұйқысының бұзылуы.


3 тәулік бұрын ауырған, суықтау факторынан кейін дене қызуы 38,5оС дейін жоғарылаған, ринит белгілері дамыған. Ертеңіне құрғақ жөтел қосылған. Үйінде емделген: қызуын басатын, муколитиктер – жағдайын жақсартпаған. Қыз бала жиі науқастанатын топтан. ЖРИ жылына 6-7 рет. Жіті бронхиттер 4-6 жасынан бері жылына 1-2 рет, тыныс жолдарының обструкциясынан 2 ай бұрын емделген. Аллергиялық белгілер болмаған. Анасының бауырлары бронхтық астмамен дертті. Атан-анасы темекі тартады.
Об-ті: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Жөтелі құрғақ ұстамалы. Тері жамылғылары қуқыл. Мойнының артқы лимфалық түйңндері 0,5 см үлкейген, ауырмайды, тіндерге жабыспаған. Мұрнынан кілегейлі бөлінділер. Аңқа кілегейі қызарған, патологиялық шөгінділер жоқ. Өкпе үстінде қорап реңкілі дыбыс, аускультацияда қатқыл тыныс, тыныс шығаруы ұзарған, жиілігі 20 мин. Жүрек шектері жасына сай, тондары анық, ЖЖС 80 мин. Басқа жүйелерінің обьективті зерттеуі ауытқулар бермеді.



  1. Сіздің болжам диагнозыңыз.

  2. Қай параметрлермен жиі ауыратындар тобына жатқызылған?

  3. Дифференциялық диагнозды жүргізетін нозобірлік?

  4. Қажетті диагноздық шаралар.

  5. Респирациялық аурулардың алдын алу шараларын ұсыныңыз.

41. Жауаптары:





  1. Қанның клиникалық анализі, кеуде сарайының МСКТ, қанның биохимиялық анализі (СРБ, сиал қышқылдары, серомукоид), қанның газдық құрамы, ЭКГ, ЭхоКГ, бронхоскопия, қақырықты бак. егу, флора және антибиограмма.

  2. Жүктіліктің алғашқы 3-4 аптасында тератогенді әсерлерден трахея мен негізгі бронхтардың даму ақаулары, бүкіл өкпенің қалыптасуының аплазия мен агенезияға дейінгі бұзылысы болуы мүмкін

  3. Консервациялық ем: бронх- және муколитиктер, кинезиотерапия, санациялық бронхоскопия жыл сайын, ұтымды антибактериялық ем. Хирург кеңесі: хирургиялық емге мұқтаждығын анықтау мақсатында.

  4. Бекіген емханасында диспансерлік есеп, педиатрдың кеңесі әр 3 айда. Жылына 1 рет және қажеттілігіне қарай жиі, арнайыланған пульмонологиялық орталықтың тексеруі.

  5. Өмірлік болжамы қолайлы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет