Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет39/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124

Пайдаланылған әдебиеттер және материалдар

1 Ілгері деңгей мұғалімге арналған нұсқаулық. 5-бет, 74-бет, 10-бет. 

2 Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы. 

3 ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

4 Мирон НЖББМ 2013-2014 оқу жылына арналған жұмыс жоспары. 

Аңдатпа. Бұл мақалада шағын жинақты мектептің дамыту жоспары үлгі ретінде көрсетілген. Сындарлы 

оқыту  технологиясының  тиімділігі  дәлелденген.  Мақала  барысында  көшбасшы  мұғалімдердің  кәсіби 

деңгейінің жоғары болуына назар аударылып, желілік қоғамдастық жұмысы көрсетілген. SMART өлшемдері 

арқылы бағалау тиімділігі анықталған. 



Аннотация.  В  данной  статье  приведен  образец  плана  развития  малокомплектных  школ.  Приведены 

в  доказательство  эффективное  влияние  технологии  конструктивного  обучения.  В  статье  также  особое 

внимание  уделено  значительности  высокой  подготовленности  профессионального  уровня  лидеров-

учителей. Приведены основные методы работ сетевого сообщества. Выявлено рациональное использование 

оценивания с помощью Smart- измерении. 

Abstract. This article is a sample plan for the development of small schools: are shown in the proof of the 

effective influence of constructive learning technology. The article also focuses on the significance of a high level 

of  preparedness  professional  leaders-teachers. The  basic  methods  of  work  network  community.  Revealed  the 

rational use of estimation using Smart- dimension. 



МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ МЕКЕМЕДЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ЖӘНЕ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ӘДІСІН 

ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ БАЛАЛАРДЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

А.У. Оразова 

№26 «Шапағат» балабақшасының МКҚК тәрбиешісі, Маңғыстау облысы, Жаңаөзен қаласы, 

shapagat_26dsad@mail.ru

 

Пікір беруші – А.К. Куанышкалиева, № 26 «Шапағат» балабақшасының директоры 

Егеменді еліміздің алғы шарттары өркениетті елдер қатарына көтерілуі керек болса, өркениетке жету 

үшін жан-жақты дамыған, рухани бай жеке тұлғаны өсіру керек. 

Қазіргі таңда мектепке дейінгі ұйымдарда білім беруде қоршаған ортаны тану мақсатында балалық шақ 

кезінде – эксперименттеуге бағытталған алғашқы іс-әрекеттің түрлеріне сипатталады. Бұл іс-әрекет баланың 

тұлғалық дамуына ойын ғана емес, сонымен қатар экспериментте әсер етеді. 

Эксперимент жүргізу – шығармашылық ізденушілік, шеберлік қабілеттеріне байланысты. 

Ж. Аймауытов «сабақ беру үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» - де-


213

ген. Эксперимент ойлау дағдыларын жетілдіруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі қажет. 

Мектеп жасына дейінгі балалармен тәжірибелік-экперименттік қызметтің мазмұны мемлекеттік білім беру 

стандартының «Таным» саласы талаптарға сәйкес жасалған. 

«Зерек бала» бағдарламасын жүзеге асырып, жаңа әдістемелік әдебиеттерді оқып-үйреніп, балаларды 

қадағалай отыра мен мынаны – мектеп жасына дейінгілерді интеллектуалдық дамытудың тамаша құралы – 

балаларды эксперименттеу екендігіне назар аударылады. 

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  эксперименттік-тәжірибелік  қабілеттерін  жетілдіру  арқылы 

балалардың тұлғалық дамуын қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуына мүмкіндік туғыза отырып, 

оқытып-тәрбиелеуде педагогикалық әдістің тиімді жолдарын қолданылады. 



Эксперимент жұмыстың негізгі мақсаты: 

– эксперимент құралдары арқылы мектеп жасына дейінгі ересек балалардың негізігі әлемді толықтай 

тануын  қалыптастыру  үшін  жағдайлар  жасау,  эксперименттік  зертхананы,  табиғи  бұрышты,  жасыл  ай-

мақты,  шағын-жарамсыз  материалдардан  тұратын  экперименттік  шеберхананы  қамтитын  эксперимент 

орталықтарын  ашу.  Мұндай  орталық  балалардың  өз  бетінше  жоспарлы  қадағалауларын  жүзеге  асыруы, 

эксперимент  техникасын  игеруі  үшін  керек.  Шындықты  анықтауы,  барлығын  өз  көздерімен  көруі  үшін, 

өзін қоршаған әлемге эмоционалдық-тұтастықтығы қатынасын дамыту керек және тәжірибелерді жүргізу 

мен  шеберханалардағы  жұмыс  кезінде  техника  қауіпсіздігі  ережелерін  қалыптастыру  қажет.  Осылайша 

эксперимент орталықтарын ашу үшін төмендегідей міндеттер қойылады. 

Осы мақсатқа жету үшін алынған міндеттер: 

•  Мектеп жасына дейінгі балалардың диалектикалық ойлауын қалыптастыру, яғни өзара байланыс пен 

тәуелділік жүйесінде әлемді көптүрлілікте көру қабілеті. 

•  Көрнекі құралдардың көмегімен жеке танымдық тәжірибемді дамыту. 

•  Қоршаған әлемнің физикалық қасиеттері туралы балалардың ұғымын кеңейту. 

•  Талдап үйренуін, салыстыруын, байытуын, мақсат қоюын, өз әрекеттерін жоспарлау мен қорытынды 

шығаруын дамыту. 

•  Балаларды қоршаған әлемнің сұлулығына қатыстыру. 

•  Зертханалар  мен  шеберханаларда  эксперимент  жүргізу  кезінде  техника  қауіпсіздігі  ережелерін 

орындаудың тәжірибесін қалыптастыру. 

•  Күнделікті өмірдегі эксперимент жасау процесіне ата-аналарды тарту. 

Мектепке  дейінгі  балалар  –  туа  біткен  зерттеушілер.  Оған  дәлел  –  олардың  білуге  құмарлығы,  үнемі 

экспериментке ұмтылушылығы, қиын жағдайларда өз бетімен шешім қабылдау ықыласының болуы? 

Педагогтың  міндеті  –  бұл  қызметті  тоқтату,  қиып  тастау  емес,  қайта  керісінше  белсенді  түрде  көмек 

көрсету.  Баланың  заттармен  немесе  материалдармен  тікелей  байланысқа  түсуі,  олармен  қарапайым 

тәжірибелер,  олардың  ерекшеліктерін,  сапасын,  мүмкіндігін  тануға  мүмкіндік  береді,  бір  нәрсені  білуге 

деген әуестігін, көп білуге деген ынтасын оятады, қоршаған әлемнің жарқын бейнелерін байытады. 

Тәжірибелік қызметі барысында мектеп жасына дейінгілер қадағалауды, ойлауды, салыстыруды, сұраққа 

жауап беруді, қорытындылар шығаруды, себеп-тергеулік байланыстарын анықтауды, қауіпсіздік ережелерін 

сақтауды үйренеді. 

Бала 3 жаста көп нәрсені түсінбеуі мүмкін. Ал, 5 жастан кейін екі этапқа бөлінеді: 

- ойынға айналады; 

- эксперименттеу. 

Балаға ақпараттың көптігімен салмақ салуға болмайды. Ең маңыздысы сәби бәрін өзі көруі, өзі қозғауы 

және өзінің әсерін құрастыруы керек. Сәби әлемді өзі зерттей отыра, өзі эксперимент жасай отыра, барлық 

жаңа ашылулар жасай отырып таниды. 

Балалар – бұлар әлемнің құмарпаз, ынтық зерттеушілері. Балалар құмның, саз балшықтың, тастың және 

т.б.  қасиеттерін  зерттеуге,  сумен  эксперимент  жасауға:  түсін  өзгертуге,  қатыруға,  суды  ысытуға,  сүзгіден 

өткізуге әр түрлі эксперименттер жасауға құмар болып келеді. 

Эксперимент  жасау  түрлі  эмоцияларды,  әсерлерді:  күлкіні,  таң  қалуды,  қуанышты,  кей  жағдайларда 

ренішті көрсетумен бірге жүреді. Балалар басында үлкендердің көмегімен, содан кейін өз беттерінше арнайы 

ұйымдастырылған қызмет түрлерінен алынған білімдер мен ептіліктер шегінен шығады және жаңадан өнім – 

құрылыс, ертегі, қолмен бір нәрсе жасау, ауаға қаныққан иісті, боялған суды және т.б. жасайды. 

Мазмұны: нысандар мен құбылыстар, заттар туралы ақпарат алады. 

Мотиві: Мектепке дейінгі ересек жаста танымдық қызығушылық: «Білу – үйрену – тану» бағытына ие 

болады. 


Құралдары: қарапайым – іздену қызметі, тәжірибелер, эксперименттер. 

Талаптары: бірте-бірте күрделендіру, өз бетінше және оқу қызметі үшін жағдайлар ұйымдастыру, қиын 

жағдайларды қолдану. 



Нәтижесінде  өз  бетінше  қызметтің,  зерттеу  жұмыстарының  тәжірибесі,  біртұтас  психикалық  жаңа 

білімдер мен шеберліктер арттады. 



214

Балалар экпериментік қызметіндегі біздер белсенді қолданатын бағыттардың бірі – тәжірибелер. Олар 

сабақтарда да, еркін өз беттерімен де, тәрбиешімен бірлескен қызметтерде де жүргізіледі. 

Эксперименттік қызметті мына бағыттар бойынша бөлінеді: 

1. Адам. 

2. Өлі табиғат. 

3. Тірі табиғат. 



Балалардың эксперимент жасауының құрылымы: 

•  Шешуге қажетті мәселені қоя білу; 

•  Мақсат қою мен оған жете білу (мәселені шешу үшін не істеу керек?); 

•  Гипотезалар ұсыну (шешуі мүмкін жолдары іздеу); 

•  Гипотезаларды тексеру (мәліметтер жинау, іске асыру); 

•  Алынған нәтижені талдау (дәлелденді-дәлелденген жоқ); 

•  Қорытынды шығару. 

Балалар экпериментік қызметіндегі біздер белсенді қолданатын бағыттардың бірі – тәжірибелер. Олар 

сабақтарда да, еркін өз беттерімен де, тәрбиешімен бірлескен қызметтерде де жүргізіледі. 

Тәжірибе  дегеніміз  –  бұл  арнайы  ұйымдастырылған  жағдайларда  жүргізілетін  табиғат  құбылыстарын 

қадағалау. Тәжірибе барысында балалар қадағалушы құбылыстың себептері туралы өз ұсыныстарын айтады, 

танымдық тапсырманы шешудің тәсілдерін таңдайды. Тәжірибенің арқасында балаларда салыстыру, теңестіру, 

қорытынды шығару, өздерінің пікірі мен ой қорытуларын айту қабілеттері дамиды. Әсіресе балаларға тірі 

табиғат  және  өлі  табиғаттың  заттарымен  эксперимент  жасаған  өте  қызықты.  Балалардың  табиғат  туралы 

түсінігі мол болу үшін, біздің балабақшада балаға қиындық туғызбайтындай тәжірибелер жүргізіледі. 

Зерттеушілік қызметті жүргізу процесінде біз балалардың экологиялық сауаттылығын дамытамыз, белсенді 

табиғатты қорғау позициясын тәрбиелейміз. Ағаштардың бұтақтарын мұқият қия отырып, балалармен бірге 

қай ағаштың және қай жерінде (қараңғы немесе жарық жерінде) жапырақтарының тез бүршік жаратынын 

қадағалаймыз. Балалар ойша қортындылайды. 



Экспериментті жүргізуге мүмкіндік беретін дамытушы орта табиғат бұрышы. 

Бұрыштың  міндеті:  алғашқы  жаратылыстану  ғылымдары  түсініктерін,  қадағалауды,  бір  нәрсеге 

құмарпаздықты, белсенділікті, ойлау операцияларын (талдау, салыстыру, байыту, жіктеу, қадағалау); затты 

кешенді зерттеуді қалыптастыруды жасай білу. 

Балалар бақшасының педагогтары зерттеушілік қызмет пен заттық-дамыту ортаны эксперимент жасауда 

мынадай талаптарға жауап бере алатындай етіп ұйымдастырады: 

- аспаптардың құрылымның және олармен жұмыс істеу ережесінің барынша қарапайымдылығы; 

- аспаптардың қызметінен және олармен жұмыс істеу ережесінен бастартпаушылығы; 

- зерттелуші құбылыстың айқын көрінуі

- баланың экпериментке қайтадан қатысу мүмкіндігі. 

Сабақ уақытында әр баламен қарым-қатынас жасауға тырысу қажет. Бұл қарым-қатынас тең құқылы фор-

мада өтіп, үлкендердің балалармен жақсылық істеуші ынтымақтығы. Тәрбиеші балалардың білімімен үйре-

нушілік қабілеттерін өздігінен елестетуге, дұрыс қабылдауға көмектеседі. 

Сабақтан тыс уақытта, үйде балалардың ата-аналармен бірге жұмыстану қажет. 

Тәжірибелерді жүргізу мен ұйымдастыруда бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетуге болады: 

1. Мәселені қою (тапсырманы). 

2. Мәселені шешудің жолдарын іздеу. 

3. Тәжірибелерді жүргізу. 

4. Қадағалауларды тіркеу. 

5. Нәтижелерді талқылау және қорытындыларды тұжырымдау. 

Ата-анамен жұмыс: 

Тәрбиеші,  балалардың  ата-анасымен  жақсы  қарым-қатынаста  болу  қажет.  Ата-ана  жиналысында 

үйлерінде  балаға  көп  көңіл  беру  керек  екенін  әрдайым  айтамыз.  Кейде  бала  ренжиді,  кейде  қуанады, 

жаңадан бір нәрсені білсе соның бәрін асықпай тыңдап, түсінбеген жерін балаға түсіндіру қажет. 

Балалармен  үйлерінде  де  қарапайым  эксперимент  жасауға  болады.  Мысалы:  мұзды  тек  қана  қыс 

мезгілінде ғана емес, басқа да уақытта көре аламыз. Суды бір ыдысқа құямыз, сосын тоңазытқышқа қойсақ, 

суымыз мұз болып шығады. «Түрлі түсті мұз»-ды жасайық, стаканға су құямыз сосын оған субояқ арқылы 

түсін өзгертеміз, содан соң тоңазытқышқа саламыз. Мінеки, түрлі түсті мұз болып шыға келді. Осы сияқты 

басқа да қарапайым эксперименттік әдістерді үйде де жасауға болады. 

Осындай жұмыстардың нәтижесінде: 

Эксперименттік жұмыс балардың зерттеушілік қабілеттерін арттырады. Ойлау қабілеттерін шыңдайды. 

Балалардың  танымдық  қабілетін  арттыруға  жағдай  жасалған.  Балабақшадағы  эксперименттік  тәжірибе 

жұмысын нәтижелі деп санауға болады. 

Балалар жалпы жүйелерді салыстыруға және білімді жинауға мәліметтің мағынасын түсінуге өздігінен 

көмектеседі.  Эксперименттік  әдістің  пайдасы  әр  баланың  ойлау  қабілетінің  белсенділігін  арттыру  және 



215

тәрбиешінің  бала  мағлұматты  қалай  түсініп,  бақылау,  қадағалап  отыру.  Эксперимент  әр  түрлі  әдістерді 

біріктіруге  және  баланың  тәрбиесіне  оның  байқағыштығын,  алғырлығын,  ақылдылығын  тануға  болады. 

Шығармашылықты құру үшін әдіс-тәсілдерді білуге, ойдан құрастыруға, қиын мәселелерді шешуге болады. 



Қорытындысы: 

- зерттеу-іздестіру әрекеті – баланы оқыту және тәрбиелеу барысындағы үдемелі әдіс; 

- зерттеу-іздестіру әрекеті – тәрбиеші мен бала арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, бір-біріне 

деген жағымды сезімдерді туғызады; 

- зерттеу-іздестіру әрекеті баланың табиғатты зерттеуге қызушылығын және ойлау қабілетін дамытады. 

Қорытындылай келе, В.А. Сухомлинскидің мынадай сөздермен аяқтағым келеді: «Іс-тәжірибені жеткізу 

– ол идеяны ұсыну, идеяның негізінде жеке шығармашылық арқылы тәжірибемен алмасу». Ендеше жарқын 

болашаққа апаратын, келешекті бастайтын жас ұрпаққа саналы тәрбие, сапалы білім беріп жетелей берейік. 



Пайдаланған әдебиеттер

1 Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту стандарты. 

2 «Зерек бала» бағдарламасы. 

3 Иванова А.И. Детское экспериментирование как метод обучения. // Управление ДОУ, N 4, 2004. -С. 84 

– 92. 

4 Интеллектуальное развитие и воспитание дошкольников / под ред. Л.Г. Нисканен. –М.: издательский 



центр «Академия». 2002. 

5 Прохорова Л.Н. Организация экспериментальной деятельности дошкольников. –М.: 2004. 



Аңдатпа. Мектеп жасына дейінгі балалардың эксперименттік-тәжірибелік қабілеттерін жетілдіру арқылы 

балалардың тұлғалық дамуын қалыптасуын, оның қабілеттерінің тұтастай дамуына мүмкіндік туғыза отырып, 

оқытып-тәрбиелеуде педагогикалық әдістің тиімді жолдарын қолданудың маңызы зор. 

Аннотация. Экспериментальные и практические навыки детей дошкольного возраста путем формирования 

личностного  развития,  навыков  и  подготовки,  чтобы  внести  свой  вклад  в  развитие  всего  образования 

важности использования наиболее эффективных способов метода обучения. 

Abstract. 

Experimental  and  practical  skills  of  children  of  prеschool  age  children  through  the  formation 

of personal development, skills and training to contribute to the development of the whole education of the 

importance of the use of the most effective ways of teaching method. 



СТУДЕНТТЕРДІҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДЕНСАУЛЫҒЫ

 

О.С. Оспан, Г.К. Джумажанова 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ., dariya69@mail.ru 



Пікір беруші – И.А. Оралканова, PhD доктор, 

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Семей қ. 

Өскелең  ұрпақтың  психологиясы  соңғы  жылдары  қоғамдық  қызметтің түрлі  салалары  мамандарының 

назарын  өзіне  аудартуда.  Қазіргі  кездегі  де,  сондай-ақ  болашақтағы  да  халықтың  сапалық  және  сандық 

сипаттамасы,  оның  30,  40,  50  жылдан  кейінгі  әлеуметтік даму  құрылымы  және  әлеуметтік  психологиялық 

ерекшеліктері, қазіргі заманғы балалардың денсаулығына байланысты. 

Қазіргі  уақытта  мемлекеттердің  білім  беру  нормаларын  өзара  мақұлдау,  жоғары  білім  сапасы  мен 

құрылымындағы бірізділікке көшу ой-пікірінің республикадағы жоғары білім беру жүйесіне енгізілуі оның 

сапалық жаңа сатыдағы көтерілу серпілісі және әлемдік білім кеңістігімен ықпалдасуға бет бұрысы болып 

табылады. 

Еліміздің әлемдік білім кеңістігіне толығынан кірігу білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруді 

талап етеді. Білімді мамандардың көбею Қазақстанның дамыған елдер қатарына енуде маңызды орын алады. 

Кәсіби білімді, батыл, болашаққа сенімді жас маман дайындау жоғарғы оқу орнының талабының бірі [1]. 

Жоғары оқу қабырғасында, студенттік кезеңде болашақ маман қалыптасады, яғни, студенттерді оқытудың 

негізгі мақсаты – кәсіби білім беру. Оқытудың мазмұны мақсатталған педагогикалық үдеріс: студенттердің 

ғылыми және қолданбалы білімін кәсіби әрекетте іске асырудағы қажетті тұлғалық қасиетін, ойлау қабілетін, 

шығармашылығын,  белсенділігін  дамытып,  оқу-танымды  әрекетін  ұйымдастырып,  студентті  ынталандыру. 

Жоғарғы білім адам психикасына, оның жеке басының дамуына үлкен әсер береді. Оқу орнында білім алу 

кезінде жағымды жағдайлар болғанда студенттерде психиканың барлық деңгейлерінің дамуы өтеді. Олар 

адам  саналылығының  бағыттылығын  анықтайды,  яғни,  жеке  адамның  кәсіби  бағыттылығын  сипаттайтын 

ойлау қоймасы қалыптасады. 


216

Психологиялық денсаулық мәселесі көптеген психологиялық мектептердің зерттеу нысаны болған және 

бұл терминологияға да, зерттелетін мәселенің мазмұнына да көзқарастардың алуан түрлілігін анықтап берді. 

Көзқарастардың әрқилылығына қарамастан, зерттеушілердің көбі психологиялық денсаулықты «денсаулық» 

және «психикалық денсаулық» ұғымдарына қарағанда кеңірек түсінеді. Психологиялық денсаулық тұлғаны 

тұтас  сипаттайды,  адам  жан дүниесінің  көріністерімен  тікелей  байланыста  болып,  психикалық денсаулық 

мәселесінің жеке психологиялық аспектісін анықтауға мүмкіндік береді, - деген ғалымдардың пікірлері осы 

айтқанымызға сәйкес келеді. 

Шетелде  психологиялық  денсаулық  мәселесінің  түрлі  аспектілері  К.  Киз,  Д.  Матараццо,  М.  Мюррей,  К. 

Рифф, Д. Энджел, В. Эванс және т.б. ғалымдармен қарастырылған [2]. 

Тұлғаның  психологиялық  теорияларын  талдай  отырып,  психологиялық  денсаулықтың  келесі 

анықтамаларын бөліп көрсетуге болады. 

Психоаналитикалық  бағытта  психологиялық  дені  сау  адам  –  ол  рақаттану  ұстанымын  шынайылық 

ұстанымымен үйлестіре алатын адам. 

Көпжылдық  клиникалық  бақылаулардың  негізінде  Зигмунд  Фрейд  психологиялық  концепцияны 

қалыптастырды,  оның  зерттеуінде  адамның  психикасы,  тұлғасы  «Ол»,  «Мен»,  «Жоғары-Мен»  деген  үш 

деңгейден, компоненттен тұрады. «Ол» – сексуалды және агрессиялы туа пайда болған биологиялық инстинкті 

құштарлығы қайнап жатқан қазан тәрізді психиканың бейсаналы бөлігі болып келеді. «Ол» - либидо атты 

сексуалды энергиямен толыққан. Адам тұйықталған энергиялық жүйе, әрбір адамда энергия саны – тұрақты 

мөлшер. «Ол» бейсаналы және иррационалды бола тұра, қанағат қағидасына бағынады. Адам өмірінде бақыт 

пен қанағат басты мақсат болып келеді. Екінші мінез-құлық қағидасы – гомеостаз – шамалы ішкі теңдікті 

сақтауға тенденция болады. Сананың «Мен» деңгейі «Ол» – мен тұрақты конфликт күйінде болады, сексуалды 

құштарлықты басады. «Мен»-ге үш күш әсер етеді: «Ол», «Жоғары-Мен» және адамға өз талаптарын қоятын 

қоғам.  «Мен»  қанағат  қағидасы  бойынша  бағынбай,  олар  арасындағы  үйлесімділікті  орнатуға  тырысады, 

«шынайылық» қағидасына бағынады. «Жоғары-Мен» моральдік стандарттың алып жүрушісі, ол ұят, цензура, 

критика  рөлін  жүзеге  асыратын  тұлғаның  бөлігі.  Егер  де  «Мен»  «Ол»-ға  бола,  бірақ  «Жоғары-Мен»-ге 

қарсы бір әрекет жасаса немесе шешім қабылдаса, онда өзін кінәлі, ұят сезінеді. «Жоғары-Мен» «Мен»-ге 

инстинктісін жібермейді, ол кезде олардың қуаттары ығыстырылады, тасымалданады, адамға және қоғамға 

жағатын іс әрекеттің басқа формаларына (шығармашылық, өнер, қоғамдық белсенділік, еңбекті белсенділік, 

мінез-құлықтың:  түс,  әзіл,  босассоциация,  ұмыту  ерекшеліктері  формасында)  айналады.  Егер  де  «либидо» 

қуаты шығу әдісін таппаса, адамда психикалық аурулар, қояншық, қамығу пайда болады. «Мен» және «Ол» 

арасындағы конфликтіден сақтану үшін психологиялық қорғаныстар қолданылады: ығыстыру, басу – санадан 

тыс еріксіз қажетті емес ойларды, тілектерді бейсаналыққа ауыстыру; проекция – қаламайтын тілектерден, 

идеялардан  бейсаналы  түрде  арылу  және  оларды  басқа  адамға  жүгіндіру;  рационализация  –  ақыл-ой 

негізінде іске асатын және жағымсыз идеяны дәлелдеудің бейсаналық әрекеті. 

Сонымен,  біз  З.  Фрейдтің  тұжырымдамасында  қарастырылған  психологиялық  қорғаныстар,  тұлғаның 

психологиялық денсаулығын сақтауға бағытталған әрекет деп түсіне аламыз [3]. 

Психологиялық  денсаулық  мәселесі  кеңес  психологиясында  да  негізгі  көзқарастар  төңірегінде 

көрсетілген. Осылайша, жүйелік амал психологиялық денсаулықты, көздеген мақсатқа жетуге бағытталған, 

өзара байланысқан және өзара шартталған құрылымдық-атқарымдық компоненттердің жиынтығы ретінде 

көрсетуге мүмкіндік берді: психологиялық денсаулықтың динамикалық сипатын оның тұтастығын құрайтын, 

адамның акмеологиялық және әлеуеттік мүмкіндіктерін білдіретін және ылғи да өзін-өзі жүзеге асырудың 

жаңа,  сапалы  басқа дәрежесін тудыратын,  оны  үнемі  қозғалыста,  өзгерісте,  компоненттерінің түрленуінде 

көрсету (П.К. Анохин, И.В. Блауберг, Б.Ф. Ломов, В.Д. Шадриков, Э.Г. Юдин және т.б.). 

Іс-әрекеттік амал психологиялық денсаулықты кәсіби іс-әрекеттегі қозғалыс және жетілу үрдісі ретінде 

және оны арнайы ұйымдастырылған оқыту мен дамыту түрінде көрсетеді (А.Н. Леонтьев, Е.М. Иванова, С.Л. 

Рубинштейн және т.б.). 

Тұлғалық көзқарас психологиялық денсаулықты тұлғаның мотивациялық-құндылық және адамгершілік-

еріктік  қасиеттері  арқылы  ашады.  Мұнда тұлғаның  қасиеттері дербес  жүрмейді,  олар  өзара  байланысқан 

және  күрделі  көпдеңгейлі  жүйеге  біріктірілген  болып  келеді  (Б.Г. Ананьев,  К.А. Абульханова-Славская, Л.И. 

Анцыферова, Б.С. Братусь, П.Н. Ермаков, А.Б. Орлов, В.А. Петровский, В.И. Слободчиков). 

Психологиялық денсаулық мәселесіне қазіргі психологиялық өзекті тәсілдердің бірі болып, денсаулықты 

қадірлеп қараудың қалыптасуын болжайтын аксиологиялық көзқарас саналады. Тұлғаның өз денсаулығына 

құндылық қатынасты қалыптастырудың психологиялық тетігі болып, ынтагерлік құндылық пен шынайы мінез-

құлық арасындағы қарама-қайшылықтарды анықтап алып оны шешуі саналады [4]. Ресей психологиясында 

психологиялық денсаулық мәселесі барынша белсенді түрде зерттелуде. Аталған феноменнің көпқырлылығын 

айқындай  келе,  оны  келесідей  көрсетеді:  тұлғаның  қатынастар  жүйесін  қалыптастыруда  қауым  мен 

шағын  қауымның  өзара  әрекеттестігі  (Б.С.  Братусь,  В.Н.  Мясищев  және  т.б.);  айқын  көрінетін  психикалық 

ауытқулардың болмауы және адам күшінің белгілі қоры ретінде (В.А. Ананьев, Ю.М. Губачев, Н. Сарториус 

және т.б.) мәдениеттің, эмоцияның, психикалық денсаулықтың өзара байланысы аясындағы күрделі, деңгейлік 

құрылымдық  білім  ретінде  (И.Н.  Гурвич, А.Б. Холмогорова  және т.б.); тұлғаның даму  ерекшеліктерінің  ішкі 


217

(когнитивтік, эмоционалдық, физиологиялық) және сыртқы теңгерімділігі ретінде (В.Г. Казанская, М.А. Гулина 

және  т.б.);  адам  табиғатының  жоғарғы  («шың»)  мүмкіндіктер  өзектілігінің  негізгі  және  қажетті  жағдайы 

ретінде (М.Ф. Секач, Е.В. Селезнева және т.б.). 

А.В.  Шувалов  психологиялық  денсаулық  мәселесінің  теориялық  талдамасын  ұсынды.  Автордың 

айтуынша, денсаулық мәселесі адам өмірінің іргелі аспектілерімен байланысты, қарастырудың тек оңтайлы-

прагматикалық  емес,  дүниетанымдық  деңгейіне  де  ие.  Сонымен  қатар  автор  бұл  ұғымның  бір  мағыналы 

еместігін және синкреттігін айрықша баса көрсетеді. 

Денсаулық  мәселесіне  арналған  арнайы  еңбектерді  жалпылай  келе,  автор  бірқатар  аксиоматикалық 

қағидаларды бөліп көрсетті: 

1. 

Денсаулық – ол идеалға жақын жағдай. Әдеттегідей, адамның денсаулығы өмір бойы мінсіз бола 



бермейді. 

2. 


Денсаулық  –  ол  адами  шынайылықтың  түрлерін  (тәндік  тіршілікті,  рухани  өмірді  және  рухани 

болмысты)  көрсететін  күрделі,  көпқырлы  феномен.  Сәйкесінше,  адамның  соматикалық,  психикалық  және 

тұлғалық (психологиялық) денсаулығы бағалануы ықтимал. 

3. 


Денсаулық – ол, тұлғаның өзін-өзі анықтауы мен жайғасымын, қалыптасуын, психикалық ортасының 

дамуы  мен  қызметін,  ағзаның  жұмысынан  және  физиологиялық  құрылымдардың  жетілуі  мен  дамуынан 

тұратын, бір уақытта қатар жүретін жағдай мен күрделі динамикалық үрдіс. 

4. 


«Денсаулық» категориясы бұрыннан даралық полюсымен өзара байланысады: денсаулық жағдайы 

дербестендірілген және әрбір нақты жағдайда арнайы сендіруді болжайды. 

5. 

Өмірдің белгілі бір жағдайларында (экологиялық және климаттық ерекшеліктер, тамақтану сапасы, 



еңбектену мен демалудың тәртібі, әлеуметтік-мәдени ықпалдар және т.б.) адамның денсаулығы жақсаруы 

мүмкін. Бір адам үшін жағымды болған жағдай, басқасына ауыр болуы ықтимал. Сонымен қатар денсаулықтың 

жан-жақты ахуалын анықтау «денсаулық саясатының» ұстанымдарын тұжырымдауға мүмкіндік береді. 

6. 


Денсаулық  –  медициналық  тар  ұғым  емес,  ол  мәдени-тарихи  түсінік.  Әр  заманда,  әр  түрлі 

мәдениеттерде денсаулық пен сырқаттың арасындағы шек әр түрлі анықталған. 

7. 

Адам денсаулығының ахуалын анықтау үшін, бір жағынан, жайлылықтың, тұтастықтың, жетілгендіктің 



эталондық негізі мен тұрақты үлгісі қажет, екінші жағынан – сырқаттың пайда болуының және ағымының 

заңдылықтарын сипаттау қажет. 

8. 

Денсаулық пен сырқат диалектикалық, өзара толықтырушы ұғымдар санына жатады. Оларды зерттеу 



адам табиғаты мен мәнін ұғынумен байланысты. 

9. 


Денсаулық адам өміріндегі басты құндылықтарының бірі болып табылады. 

Олай  болса,  психологиялық  денсаулықты  қоршаған  ортаның  жағдайларына  табысты  бейімделудің 

факторы ретінде ашатын бейімділік тәсілдемені де қарастыру қажет. Студенттік жасқа қатысты психологиялық 

денсаулықтың  қажетті  деңгейі,  ғалымдармен  білім  беру  мекемесінде  оқу  жағдайларына  ойдағыдай 

бейімделудің қажетті жағдайы ретінде қарастырылады [5]. 

Ұсынылып отырған көзқарастардың талдауы психологиялық денсаулықты төмендегідей көрсетуге негіз 

болды:  оның  динамикалық  сипатын  көрсететін,  оған  құндылыққа,  әлеуетке,  құралға,  жайлылық  пен  өзін-

өзі реттеу жағдайына сияқты қараудың мәнін ашатын күрделі, көпқырлы феномен ретінде; психологиялық 

денсаулық  колдан  келерлік  жағдай  және  оны  дамытудың  кешендік  үрдісін  ұйымдастыру  негізінде 

психологиялық детерминанттардың ықпалымен оны дамытуға болады. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет