Сборник материалов III международной научно-практической конференции «инновации в образовании: поиски и решения»



Pdf көрінісі
бет38/124
Дата18.01.2017
өлшемі23,53 Mb.
#2184
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124

Список литературы

1 Кравцов В.В., Савельева Н.Н., Черных Т.В. Смешанное обучение как ответ на вызовы современному 

образованию. - http://ifets.ieee.org/russian/depository/v18_i4/pdf/9.pdf. 

2 Государственная программа развития образования и науки Республики Казахстан на 2016-2019 годы. 

– Астана, 2016. – С. 43, 46. 

3 Куровский В.Н., Демьяненко Н.В., Ермакова Я.В. Понятия и модели смешанного обучения студентов тех-

нического профиля при изучении иностранных языков // Вестник высшей школы. 2015. № 12. – С. 50. 

4  70-20-10  Verses  the  3-33  Pervasive  Learning  Model.  -  http://www.nwlink.com/~donclark/hrd/me-

dia/70-20-10.html. 

Аңдатпа.  Мақалада  педагогтардың  кәсіби  біліктілігін  арттыру  жүйесінде  аралас  оқыту  моделді 

сипаттайды: төңкерілген оқыту және желілік қарым-қатынасу. Педагогтарді біліктілігін арттыруына аралас 

оқыту өзектілігі мен мүмкіндіктері қарастырылады. 

Аннотация. В статье описываются модели смешанного обучения в системе повышения квалификации 

педагогов: перевернутое обучение и сетевое взаимодействие. Раскрывается актуальность и возможности 

смешанного обучения в повышении квалификации педагогов. 

Abstract. In the article describes the blended learning model in system of improvement of professional de-

velopment of teachers: flipped learning and networking. We discuss the actuality and possibilities for blended 

learning in the professional development of teachers. 


208

ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ БІЛІМ БЕРУДЕГІ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 

М.М. Нұрмахамбетова 

Қ. Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінің география пәні мұғалімі 



Пікір беруші – Тойғанбекова Ш. п.ғ.к., қ/профессор «Өрлеу» БАО АҚ, Жамбыл облысы бойынша 

педагогикалык кызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының «ИТж ЖГПОЭ» кафедрасының 

меңгерушісі 

Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге 

бағыт  алуда.  Бұл  оқу-тәрбие  үрдісіндегі  елеулі  өзгерістерге  байланысты  болып  отыр.  Себебі,  білім  беру 

парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болуда. 

Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің  инновациялық  іс-әрекетінің 

ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі. 

Ғылым  мен  техниканың  жедел  дамыған,  ақпараттық  мәліметтер  ағыны  күшейген  заманда  ақыл-ой 

мүмкіндігін қалыптастырып, адамның қабілетін, талантын дамыту білім беру мекемелерінің басты міндеті 

болып отыр. Ол бүгінгі білім беру кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару оқытушының қажымас ізденімпаздығы 

мен шығармашылық жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны 

дербестікке, ізденімпаздыққа, шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық 

технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет. Өйткені мемлекеттік білім стандарты деңгейінде 

оқу үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. 

Білім  беру  саласы  қызметкерлерінің  алдына  қойылып  отырған  міндеттердің  бірі-оқытудың  әдіс-

тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру. Қазіргі 

таңда оқытушылар инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып 

сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде. 

«Инновация»  ұғымын  қарастырсақ,  ғалымдардың  көбі  оған  әртүрлі  анықтамалар  берген.  Мысалы,  

Э. Роджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация – нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын 

идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін 

күтеміз»,- дейді. 

Мен өзімнің білім ордамнан, Қ. Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебінен, байқағаным – 

біздің мұғалімдер барынша жаңашыл болуға тырысады. Әр берілген сабақтарын, барыншы қызықты өткізу 

үшін әртүрлі ойындар, топпен жұмыс, домалақ үстел және т.с.с іс-шаралар жүргізеді. Олардың жұмыстарын 

сырттай бақылай отырып тыңдап-түсіну, көріп-байқау құралдарының ішінде сабақ берудің барлық сатысында 

қолдануға болатын түрі – аудио құралдар, радио мен теледидар хабарлары, сұхбаттар жазылған үнтаспа, т.б. 

оқушының сабақты игеруі үшін пайдалы екендігін байқадым. Аудиоматериалдар сабақта мынадай мақсатта 

қолданылады: 

- біріншіден, қажетті ақпаратты күшті әсерлілікпен жеткізеді; 

- екіншіден оқушының бақылаушылығы мен талдау дағдыларын жетілдіреді; 

- үшіншіден, өз пікірін, ойын тұжырымдап айтуға үйретеді. 

Таспа  арқылы  тыңдалатын  мәтін  оқушының  ойын,  тілін  дамытады.  Тіл  дамытудағы  тыңдау  сөйлеумен 

тығыз  байланысты.  Оқушыға  таспадан  естігенін  ауызша  жеткізуде  пайдалану  қажеттігі  туады.  Таспадан 

тыңдалған мәтін бойынша сұрақ қою ең тиімді жол, өйткені оқушы сұраққа дұрыс жауап беру үшін мәтінді 

ынтамен  тыңдап,  мәнін  түсінуге  тырысады.  Бейне  сабақтарды  оқу  материалына  тиімді  енгізу  сабақтың 

сапасын арттырады. 

Бұған әсер ететін жағдайлар: 

- есту және көзбен байқау арқылы қабылдаудың әртүрлі жолдарында оқушының түсінігіне жан-жақты 

мүмкіндік беру; 

- оқушының дербес қабылдау мүмкіншілігін ескеру бейне сабақты жүргізудің нәтижесінде қамтылады; 

- оқушының қызығушылығын арттыру, эстетикалық және эмоционалдық сипаттарды тудыру. 

Тек бейне көріністерді көрсетуде есте сақтауды қажет ететін негіздер: 

- бейне көріністер оқушының жасына, қабылдауына қарай сұрыпталуы керек

- бейне көріністер бағдарлама бойынша өтілетін тақырыппен мазмұндас болуы шарт. 

Деңгейлеп – саралап оқытудың тағы басты қажеттілігі, оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың 

шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту. 

Жеке тұлғаның қалыптасып, ой-өрісінің дамуы, белсенділігі, білім алу қажеттілігі, оны өмірде іс-тәжірибеде 

қолдану, шығармашылық міндеттерді ойдағыдай шешудің негізгі құралының бірі – оқушылардың өзіндік 

жұмысы болып табылады. 

Деңгейлеп  –  саралап  оқытудың  және  бір  бағыты  –  тәрбиелік.  «Адамға  ең  бірінші  білім  емес,  тәрбие 

берілуі тиіс. Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы», деп Әбу Насыр әл-Фараби айтқан. 


209

Қазіргі  педагогикада  қолданылып  жүрген  технологиялардың  бірі  және  бірегейі  –  модульдік  оқыту 

технологиясы. Бұл технология қазіргі география пәнін оқытудағы тиімді әдіс болып саналады. Оқушылар 

түрлі  тараулар  мен  тақырыптар  бойынша  дайындалған  тірек  кестелерімен,  басқа  да  ізденімпаздық, 

шығармашылық  бағытта  орындалатын  жұмыс  түрлерімен  өздерінің  іскерлік  дағдыларын  қалыптастыра 

алады. 


Осы орайда қазір география, жаратылыстану пәндері бойынша шығармашылық жұмыс түрлерін көбірек 

ұсыну, ойын түрлерін беру, оны кейін практикалық тұрғыда қолдана білуге үйрету жұмыстары өз нәтижесін 

беріп келеді. 

Әсіресе, оқу сабақтарында модульдік оқыту технологиялары бойынша ұйымдастырылған ойын түрлерін 

сөйлесу бөлімінде шебер ұйымдастыра білу оқушыларды шығармашылыққа, ізденімпаздыққа жетелейді. 

Модульдік оқыту технологиясының ерекшеліктері: 

- білімді меңгерту емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін және танымдық үдерістерді арнайы жасалған 

оқу және танымдық жағдайлар арқылы дамыту; 

-  тұлғаның  қауіпсіздігін,  өзін-өзі  өзектілендіру,  өзін-өзі  бекіту,  қарым-қатынас,  ойын-танымдық  және 

шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыру; 

- белсенді сөздік қорын дамыту (ауызша және жазбаша); 

- дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігін тудыру. 

География сабағында оқушылардың еркін ойлау мүмкіндіктерінің ашылуына себеп болған стратегия – 

ой толғаныс сатысы. Ой толғаныс сатысы кезеңінде, жаңа алынған білімдерді айқындайтын және ұштайтын 

деңгейде оқушыда шешім қабылдай алатын мүмкіндік болу керек. 

- оқығанын өзіндік ойлау тұрғысынан көрсете білу

- өз сұрақтарын қою және оған жауаптар табу; 

- болжау жасай білу және олардың дұрыстығын тестілеу; 

- жаңадан пайда болған жағдайларды тез түсінуде осы білімді қолдану. 

Сабақтың ой толғаныс кезеңінде «Еркін жазу» стратегиясын қолдану өте тиімді. Оқушыларға мәтіндегі 

негізгі оқиғалар жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле түсу керек екенін тағы басқа өз 

пікірлерін қағаз бетіне түсіру тапсырылады. 

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту сабақтарының негізінде сабақта оқушылар арасында: 

- бір-бірінің пікірін тыңдауға, сыйлауға ынтымақты қарым-қатынастың негізі қаланды

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашуға; 

- бір-біріне құрметпен қарауға; 

- өз ойын ашық, еркін айтуға, пікір алмасуға; 

- өзін-өзі, бірін-бірі бағалауға; 

- мұғаліммен еркін сөйлесіп, пікір алмастыруға

-  достарының  ойын  тыңдай  отырып,  проблеманы  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  шешуге 

көмектесуге; 

- белсенді шығармашылықты ойлауға негіз қаланады. 

Осы оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау бағдарламасының жүзге тарта стартегиясы бар екені 

белгілі, демек сол әдіс-тәсілдерді жақсылап игеріп, ішінен қажеттілерін таңдау арқылы әр сабақтың мақсат-

міндеттерін тиімді де оңтайлы жолмен жүзеге асыруға мүмкіндік мол. Шығыс даналығы «Мәселені үйренуде 

емес, қалай үйретуде» демей ме? Сондықтан мақсат пен мазмұн мемлекеттік бағдарламаларда айқын беріліп 

отырған қазіргі жағдайда бұл стартегиялардың маңызы зор. 

Оқушылардың  шығармашылығын  дамыту  педагогикада  басым  бағыт  болып  есептеледі.  Өркениеттің 

прогрессивті дамуының негізгі қозғаушы күші шығармашыл тұлға екені белгілі. Өйткені біздің заманымыздың 

электрондық,  атомдық,  ғарыштық  деп  аталуының  өзі  адамның  ақыл-ойының,  санасының  жетілгендігінің 

көрінісі. Сондықтан оқушылардың білім алу кезіндегі шығармашыл белсенділігі, өз беттерімен білімді игеру 

дәрежелері мектеп өміріндегі басты мәселе болып қала береді. 

Педагогикалық  қызметтің  басты  мақсаты  оқушылармен  оқу-тәрбие  ісінде  жаңа  педагогикалық 

технологияларды ұтымды пайдалану. Ол үшін жаңа технологияларды игеру және оны шығармашылықпен 

дамыту, инновациялық технологиялармен білім беру. 

География сабағында жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың таным белсенділігін арттыру, 

қазіргі  қоғам  талабына  сай  ой-өрісін  дамыту,  шығармашылығын  кеңейту,  дамыту,  терең  білімді,  бәсекеге 

қабілетті тұлғаны жасау, заман сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру. Қорыта айтқанда, оқыту 

процесінің нәтижелі болуы оқытушының сабақ беру шеберлігіне, сабағын қызықты жүргізіп, зейін қойдыра 

білуіне, оқушылардың өздігінен білім алуға үйренуіне байланысты. Қандай да болмасын жаңа әдіс-тәсілдер 

әрбір оқушының өз бетімен оқып үйренуіне сенімін ұялатып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне, қорытынды 

жасай алуына, сөйлеу мәдениетінің өсуіне ықпал етеді, білім сапасын арттырады. Оқыту технологияларын 

сабақта  қолдану  оқушылардың  білім  сапасын  арттырып  қана  қоймайды,  олардың  жеке  тұлға  ретінде 

қалыптасуына  әсерін  тигізеді.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына,  ерекшеліктеріне  қарай  таңдап 



210

қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. 

Сондықтан мұғалім сабақтың жүргізілу жүйесін жетілдіріп, оқу-тәрбие жұмыстарын жүйелеп, сапасы мен 

тиімділігін арттырып, өзгерістер енгізуге барлық күш-жігерін жұмсауы тиіс. 



Пайдаланылған әдебиеттер

1 Садуова Ж.Н. Жаңа педагогикалық технологиялар арқылы болашақ мұғалімдердің кәсіби бағыттылығын 

қалыптастыру. -Алматы, 2010. 

2 «География және табиғат» журналы. 2015. 

3 Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технологиялар. -Тараз, 2003. 

4 Орта білім берудің мазмұны: Дәстүрлер мен өзгерістері халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция 

мақалаларының жинағы. -Астана, 2012. 

Аңдатпа.  Мақалада  жалпы  білім  беретін  ұйымдардағы  оқу-тәрбие  процесінде  инновациялық 

технологияларды қолдану мен жіктеудің ерекшеліктері қарастырылады. 



Аннотация.  В  статье  рассматриваются  особенности  использования  и  классификация  инновационных 

технологий в учебно-воспитательном процессе общеобразовательных организаций образования



Аbstract.  This  article  discusses  the  features  and  usage  classification  of  innovative  technologies  in  the 

educational process of preschools. 



СЫНДАРЛЫ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ШАҒЫН ЖИНАҚТЫ МЕКТЕПТЕГІ  

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН ЖАҢАРТУ 

А.Н. Омарова 

Мирон НЖББМ, Казталов ауданы, БҚО, miron-1970.70@mail.ru 



Пікір беруші – Р.К. Кусаинов, п.ғ.к., доцент, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлы-техникалық 

университеті, Орал қ. 



Қай портқа бет алғанын білмейтін 

кеменің желі оңынан тұрмайды 

Сенека 

«Өзгелерді  үйрете  отырып  жүріп,  өзіміз де  үйренеміз» - деп  Сенека  айтқандай,  біз  білім  алушыларды 

жан-жақты  білім  алған  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыра  отырып,  өзіміз  де  дами  береміз.  Инновациялық 

әдіс-тәсілдерді енгізе отырып, білім беру ордасына өзгеріс енгіземіз, жұмысын жетілдіре аламыз. Сындарлы 

оқыту технологиясы (Hattie) арқылы ауыл мектебін қалай дамытуға болатындығы жөнінде өз тәжірибемізбен 

бөліссек  деген  ойдамыз.  12  жылдық  білім  беру  жүйесіне  көшу  –  заман  талабы.  Жаңа  форматқа  өзгеру 

жағдайында  ауылдық  жерлердегі  шағын  жинақты  мектептердің  жайы  үлкен  мәселе  туғызатыны  белгілі. 

Білім беру жүйесіне жаңа бағытқа өзгеруде біз Кембридж бағдарламасын негізге алуды оң шешім ретінде 

қабылдадық. Осы шешіміміздің оң нәтиже беруін былайша жүзеге асырдық: 

Біз жұмыс істейтін Мирон НЖББМ оқушыларға білім беруді қамтамасыз ететін мемлекеттік мекеме ғана 

емес, Ресейдің Саратов облысымен шектесіп жатқан аудан, облыс орталығынан шалғай орналасқан Жаңатаң 

ауылының  жүрегі десе де  болады. Халықты тұрақтандыруда  басты  рөл  атқаратын  бұл  мектептің  келешегі 

Болашақ  ауылдық  округі  мен  көршілес Хайруш  ауылының тұрғындарын толғандырары  сөзсіз.  Әр  ата-ана 

баласының  сапалы  білім  алып,  өмірден  өз  орнын  тапқанын  қалайтындықтан  заман  талабына  сай  оқыту 

үдерісін  жүргізетін  білім  ордасын  таңдайды.  Кез-келген  отбасының  балаларын  оқытуын  сол  мектепте 

қажетсінбесе, бұл білім ордасы үшін ең ауыр жаза деп ойлаймын. Біздің алға қойған мақсатымыздың бірі – 

Мирон мектебін оқушыға XXI ғасыр талабына жауап беретіндей біліммен қаруландырып шығаратын, ата-ана 

сұранысына  сай,  әлемнің  озық  технологиясы  мен  ұлттық  педагогиканы  негізге  алған  магнитті  мектепке 

айналдыру.  Ауылдық  жердегі  демографиялық  ахуалдың  төмендігімен,  жыл  сайынғы  қалаға  қоныс  аудару 

үдерісі қиындық тудыруда. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» 

атты Жолдауындағы барлық буынға ұлттық білім берудің сапасын жақсарту сынды мақсатын қолдай отырып, 

ҚР білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын негізге ала Мирон 

НЖББ мектебін дамытудың 2014-2017 жылдарға арналған бағдарлама жобасын жасақтаймыз [1, 5]. ЭЫ және 

ДҰ  даралаған  XXI  ғасыр  талабына  сай  деп  таныған  оқытудағы  Кембридж  тәсілінің  теориялық  негіздерін 

басшылыққа алып ұзақ мерзімді дамыту бағдарламасына байланысты Мирон НЖББ мектебінің 2014-2015 

оқу жылдарына арналған дамыту жоспарының жобасын дайындадық. Бұл жоспар аталған ағылшын елі озық 

оқыту  бағдарламасының  Мұғалімдерді  даярлау  агенттігінің  (TDA)  жоспарлау  жөніндегі  материалдарына 

негізделген [1, 74]. Мирон НЖББМ дамыту жоспары 4 кезеңнен, әр кезең түрлі бөлімдерден тұрады. 1-кезеңде 



211

Ұлы мақсаттың үлкен жолы 50 шақты оқушысы бар шағын жинақталған менің мектебімнен басталады деген 

ұстанымды  ойға  ала  мектептің  дамыту  жоспарының  мақсатын  оқушы,  ата-ана,  мұғалім  бірлігі  негізінде 

анықтауды жөн көрдік. Дәстүрлі оқыту үдерісінде мақсат-міндеттерді мектеп әкімшілігі тарапынан шешіліп 

отырады. Менің жобалауымша, мектептің мақсаты: Әр оқушыны Қазақстанның дамуына сүбелі үлес қосатын, 

креативті ойлайтын, Отаншылдық сезімі жоғары ҚР мемлекеттік жалпыға білім беру стандартына сай білім 

алған  жеке  тұлға  ретінде  қалыптастыру.  Құндылығы:  Әр  баланы  халық  болып  тәрбиелеу  яғни,  Жаңатаң 

ауылымен қатар басқа да елді-мекен тұрғындарын, білім беру ошақтарын тарту арқылы ынтымақтастықта 

білім беру үдерісін жүзеге асыру. Даму тұжырымдамасына, мектеп Жарғысына ортақ келісім бойынша оң 

нәтижені көздейтін өзгерістер енгізу. Жақын жылдарға межелеген жетістігі: білім сапасы – 80%-ға көтерілген, 

облыс, республика мектептерімен бәсекелестікке қабілетті, аудан көлемінде алдыңғы қатарлы ШЖМ сипатына 

өзгеру. Мектеп бұл ұжым болғандықтан, біз көшбасшы мұғалім ретінде дамыту шараларымызды бірлескен 

іс-әрекет  негізінде  жүзеге  асыруды  жоспарладық. Тамыз  айының  бастапқы  10  күндігінде  орта  білім  беру 

жүйесінде  әлемдік  жоғары  деңгейге  қол  жеткізген  анағұрлым  танымал  оқыту  әдістемелері  арасында 

Сындарлы оқыту теориясының Hattie, 2009 [1, 10] мәні, маңызы туралы ұжымға, жергілікті тұрғындарға түсінік 

жұмыстарын  жүргізе  отырып,  қоғамдастық  құру  туралы  ұсынысымды  білдіреміз.  Жұмыс  істеу  бағытымен 

таныстырамыз.  Мектептің  өзін-өзі  бағалауы  бөлімінде  құрылған  кәсіби  қоғамдастық  мүшелерімен  бірге 

мектептің әлсіз және мықты тұстарын анықтаймыз. Көшбасшылықтың конустық метафорасы (Синек), [1, 8] 

негізінде жүргізілген зерттеуіміздің «Неге біздің мектебімізді дамыту қажет? Неге өзгеріс енгізуге тиіспіз?» 

деген алғашқы сұрағы болмақ. Бұл сауалдың жауабын болжау үшін қазан-қараша айларында әріптестеріміздің, 

оқушылардың  және  ата-аналардың  келісімімен  сұхбат,  сауалнама  жүргізіп, деректер  жинадық.  «Мен  үшін 

жақсы мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім – мектептің жүрегі»- деп Ы. Алтынсарин айтқандай, білімнің 

нәтижелі берілуі педагог кадрларға байланысты екендігі анық. Мұғалімдер тәжірибесінің деңгейін айқындау 

мақсатында жүргізген сауалнама сұрақтарымызға өзім болжаған жауаптарды алдым. Мәселен, «Оқушы қай 

кезде нәтижелі білім алады деп ойлайсыз?» деген сұраққа 65% педагог мұғалімнің жүйелі түсіндіргеннен 

деп,  35%  педагог  қалай  оқу  керектігін  үйренген  жағдайда  деп  жауап  берген.  Бұл  жалпы  мұғалімдердің 

педагогикалық технологияларды білсе де, тиімді мақсатты қолдану үшін тәжірибесін жетілдіруді білдіреді. 

«Сіз  мектептің  басқару,  білім  мен тәрбие  беру  жүйесін  өзгерту  мүмкіндігіне  ұсыныс  білдірсеңіз  не  айтар 

едіңіз?»- деген сұраққа мұғалімдердің 45% білім сапасын көтеру бағытындағы жұмыстарға өзгеріс керектігін 

атаса,  26%  оқушылардың  оқуға  деген  ынтасын  арттыру  жұмыстарына  29%  әсіресе,  бастауыш  сынып 

оқушыларының білім, білік, дағдыларының қалануы бағытындағы жұмыстарға өзгеріс қажет екендігін айтқан. 

Бастауыш сынып оқушыларының оқуға деген «ішкі уәжін» қалыптастыру, бос уақытын тиімді ұйымдастыру 

бағытындағы  жұмыстарды  жандандыру  және  5-9  сыныптарға  сабақ  беретін  мұғалімдердің  тәжірибесіне 

оқушы  қажеттілігін  қанағаттандыратын  тәсілдер  енгізу  керек  деген  тоқтамға  келдік.  I  деңгей  мұғаліміне 

арналған нұсқаулықты негізге ала отырып, құрастырған сауалнамаларды жүргізу барысында бірлі-жарымды 

мұғалімдер  тарапынан  түсінбеушіліктер  туындады.  Бұл  біздің  жолымызда  кездескен  кәсіптік  кедергі  еді. 

Желіде іздену мүмкіндігіңің аздығына орай мектептегі мұғалім мен оқушының ой-өрісінің, дүниетанымының 

кеңеюіне, қосымша білімін, біліктілігін арттыру орны – кітапхана болып саналады. Оқушының іздену дағдысын 

жетілдіру  үшін  өзіндік  «ішкі  уәжін»  қалыптастыру  қажет.  Ал  баланың  ынтасын  диалогтік  оқыту  арқылы 

дамытуға болатындығын ойластырдық. Сауалнама нақты дерек жинауға негіз болғанымен, өзіндік ой-пікірді 

толық жеткізбейтіндіктен, жүзбе-жүз сұхбат жүргіздім. Зерттеу нәтижесі негізінде мектептің әлсіз тұсы – білім 

сапасының  төмендігі,  мықты  жағы –  педагог  кадрларының  жастарды  құрайтындығы  екендігі  анықталды. 

Мектептің  ахуалымен  жан-жақты  танысып,  жүргізілген  сауалнама,  сұхбат  қорытындысын  сараптай  келе 

мектептің басымдығы білім сапасын оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер арқылы арттыру деген ой түйдік.



 Орта 

мерзімді  талдауға  шолу  жасау  бөлімінде  мектептің  2014-2015  жылға  арналған  жұмыс  жоспарының  іске 

асырылу нәтижесіне аналитикалық талдау жасаймыз. Дәстүрлі оқыту ұстанымындағы жалпы мақсат қойған 

Мектептің дамыту жоспарындағы кемшіліктерді ескере отырып, ата-ана мен оқушының, барлық мұғалімдердің, 

ұжымның  пікірі  назарға  алынып  жаңа  жоспарды  жасақтаймыз.  Синектің  конустық  метафорасының  «Нені 

өзгертуіміз  қажет?»  деген  сауалға  жауапты  осы  бөлімнен  табамыз.  2-кезеңде  Синектің  конустық 

метафорасының соңғы «Қалай мектепті дамытамыз?»- деген сұрағының шешімі осы бөлімде айқындалады. 

Мирон  мектебінің  басымдығы  білім  сапасын  таяу  уақытта  80%-ға  арттыру  болып,  көзделіп,  жиналған 

деректердің сарапталуына орай білім сапасын Сындарлы оқыту теориясының 7 модулі арқылы, соның ішінде 

«Оқыту  мен  оқудағы  жаңа  тәсілдер»  арқылы  дамыту  деген  басымдықты  негізге  аламыз.  Іс-шараларды 

жоспарлау бөлімінде мектепшілік кәсіби қоғамдастық мүшелері мен желілік қоғамдастық мүшелері арасында 

жоспарланады.  Желілік  қоғамдастық  жұмысына  Мирон  НЖББМ  кәсіби  қоғамдастығы  басшылық  жасайды. 

Дамыту жоспары мына бағытта жетілдіруді көздейді: 1. Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдерді қолдану – сапалы 

білім  негізі.  2.  Мұғалімдердің  әдістемелік  шеберлігін  шыңдау –  заман  талабы.  3.  Оқушылардың  ынтасын 

арттыру – ортақ іс. Мектеп мұғалімдерінің тәжірибесін оқшауланып жетілдіру мүмкін емес. Географиялық 

фактор бойынша жақын орналасқан Богатырев ОЖББМ, Қайыңды ОЖББМ, Көпкүтір НЖББМ, Аққурай БЖББМ 

және  Хайруш  БЖББМ  сияқты  мектептер  мәселесімен  өзектес  болғандықтан,  оқушылардың  мектептен 

мектепке ауысуын оңтайландыру үшін бір мақсат – білім сапасын арттыру деп жұмыстарды жоспарлаймыз. 



212

Бұл  Мирон  мектебі  мұғалімдерінің  өзіндік  ноу-хауымен  бөлісуге,  тәжірибесін  жетілдіруге,  ең  бастысы 

көздеген  мақсатқа  жету  жолдарын  табуда  тиімді.  3-кезеңде  қызметкерлердің  жоспарланған  шараларды 

жүйелі орындау дағдысына мән беріледі. Әр қызметкер мектептің даму басымдығы негізге алынған бір жұмыс 

жоспарын  жасақтайды.  ШЖМ  мұғаліміне  бірнеше  жұмыс  артылатындықтан,  ол  түрлі  бөлімдерге  бөледі. 

Мәселен, менің жеке жұмыс жоспарымның бөлімдері: 1-бөлім: Өткен оқу жылына арналған аналитикалық 

талдауы. 2-бөлім. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі ретіндегі жұмыстарым. 3-бөлім. Бірлестік жетекшісі 

ретіндегі жұмыстарым. 4-бөлім. Үйірме жетекшісі ретіндегі жұмыстарым. 5-бөлім. Көшбасшы-мұғалім ретіндегі 

жұмыстарым  жоспарланады.  Әр  дамыту  шарасының  мақсатын,  күтілетін  нәтижесін  анықтап,  табыс 

критерийлерін белгілейді. Кез келген қызметкер өзі жоспарлаған жұмыстардың жүйелілігін сақтай отырып, 

іс-әрекеттердің жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жауапты болады. Мониторинг және пысықтау бөлімінде 

белгіленген табыс критерийлері арқылы жұмыс жоспарының іске асырылуын әркім өзі қадағалап, өз жұмысын 

бағалайды. Әр айдың соңында ұйымдастырған дамыту шараларына рефлексивті есеп бере отырып, Директор 

жанындағы  кеңесте  әріптестерімен  ой  бөліседі.  Мұғалімдер  бөлмесінде  арнайы  бұрыш  жасақталып,  әр 

мұғалімнің  рейтингісін  кәсіби  қоғамдастық  мүшелері  шығарып  отырады.  4-кезең  Бағалау  бөлімінде  оқу 

жылының  соңындағы  педкеңесте  аналитикалық  талдау  негізінде  жүзеге  асырылады.  Сандық,  сапалық 

деректерді  сараптай  келе  межеленген  нәтижеге  қол  жеткізілгендігі  мектеп  даму  жоспарының  табыс 

критерийіне сәйкес деңгейі анықталады. Басымдықтың жұмыс үдерісі қарастырыла отырып, қайта ұсыныс 

жасау мүмкіндігі айқындалады. Жалпы мектептің дамыту жоспарының жобасын, әр қызметкердің жеке даму 

жоспарларын  SMART  өлшемдері  арқылы  бағалауды  ұсынамыз.  S-pecific  -  (арнайы,  нақты),  M-easurable  - 

(өлшеуге болады), A-ttainable - (қолжетімді), R-ealistic - (шындыққа сай), T-imed - (белгілі бір уақыт аралығымен 

шектелген). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет