ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
ресейлік ақпараттық кеңістіктің ықпалы зор екені де байқалады. Бұған дəлел - ар-
найы сарапшылар арасында жүргізілген əлеуметтік сауалнама нəтижелері. Əлемдік
жаңалықтарды қандай жолмен аласыз? - деген сұраққа сарапшылардың 43% -
ресейлік баспа БАҚ, 19% - халықаралық электронды БАҚ, 17% - ресейлік сайттарды,
17 % - ресейлік электрондық БАҚ, 16 % - шетелдік сайттарды көрсеткен. Тек 10% -
қазақстандық сайттарды, 9% - қазақстандық электрондық БАҚ, 4% - халықаралық
баспа БАҚ, 4% - қазақстандық баспа БАҚ деп көрсеткен [4].
Қорытындылайтын болсақ, еліміздегі бұқаралық ақпарат құралдарындағы
ақпарат сапасы мен шынайылылығы көңіл толарлық деп айту қиын. Себебі, саяси
ақпарат пен жаңалықтарды таратуда əлi күнге дейiн бiржақты, сыңар ақпарат беру
үстемдiк етiп отыр. Ал халықты шынайы, əдiл ақпаратпен қамтамасыз ету бұқаралық
ақпарат құралдарының тəуелсiз, еркiн қызметi жағдайында ғана мүмкiн.
Дегенмен, тəуелсiз бұқаралық ақпарат құралдары Қазақстан азаматтарының
саяси белсендiлiгiн арттыруда өзiндiк рөл атқарып отыр деген қорытындыға
келемiз. Бұқаралық ақпарат құралдары тек кiрiс көзiне айналмай, жеке, əрi тəуелсiз
қоғамдық институт ретiнде қалыптасуы қажет. Тек сонда ғана ақпаратты таратудағы
бостандық туралы айта аламыз.
1. ʃʲ˄ʲ˕ʴʲʺʵ ʃ.ʞ. Ғасырлар тоғысында. Алматы: Өнер, 1996. 272 б.
2. Медиа Право в странах Центральной Азии /Казахстан/ // Электронный
ресурс . – Режим доступа: hĴp://medialaw.asia/
3. Национальный опрос избирателей Казахстана. Опрос провело Агенство БРИФ
Центральная Азия. Алматы, 2004 г. С. 64.
4. Конкурентоспособность СМИ Казахстана // Электронный ресурс . – Режим
доступа: hĴp:slideshare.net/KazakhstanPressC
265
ʂɧʈɧʃʅɪ ɯ˕ˊ˲ˑ ɳ˓ˏʲˑ˜ˏ˩
ɾʇ ɩɭʂ ɭɼ ʑˆˏ˓˖˓˟ˆˮ,
˖ʲˮ˖ʲ˘˘ʲˑ˙ ʾˬˑʺ ʹ˲ˑ˘ʲˑ˙ ˆˑ˖˘ˆ˘˙˘˩
ʑˆˏ˓˖˓˟ˆˮ ʴ˽ˏ˲ː˲ˑ˲˒ ʸ˩ˏ˩ːˆ ˌ˩˄ːʺ˘ˊʺ˕˲
ɧɮɧʂʃʛʄ ʂʞɮɯʃɸ ʞʁɯʍʂɯʊʊɯʃʍ ʋʇɮʧʈʧʃɮɯɫʧ ɾɧɶɧɾʈʊɧʃ
ʂɯɮɸɧʂʞɮɯʃɸɯʊʧʃʧʄ ʇʣʁʧ
Медиамəдениет - баспа, теледидар, кинематография, видео жəне компьютерлік
арналар арқылы бүкіл əлем бойынша шапшаң дамуда. Адамзаттың қоршаған əлемді,
оның əлеуметтік, интеллектуалдық, құндылықтық, көркемдік жəне психологиялық
қырларының қалыптасып танудағы кешенді құралы бола отырып, оның қоғамдағы
рөлі бұрын соңды болмаған қарқынмен өсуде. Əлеуметтену адамның заманауи
қоғамдағы өмір сүруге үйрену тəжірибесін білдіреді. Ол индивидтің өз бойына
«басқаларға маңыздырақ» қатынас жасау барысында ортақ құндылықты «таңдауы»,
яғни жалпыға ортақ ұстанымдарының интериоризациясымен байланысты. Сонымен
қатар əлеуметтенумен бірге əлеуметтік бақылау, əлеуметтік теңдікті орнатудағы екі
негізгі құралына қатысты. Э.Гидденс əлеуметтендіруді «соған сəйкес жас жеткіншектер
əлеуметтік нормалар мен құндылықтарды сіңіретін əлеуметтік үдеріс» ретінде
анықтайды; «бұл үдерісте олардың тұлға ретінде қалыптасуы өтеді. Əлеуметтендіру
үдерістері тұлғаның жастық кезеңінде айрықша маңызды болғанына қарамастан, олар
оның өмірінің өн бойында жүріп отырады. Ешбір адам оның əсерінсіз басқа адам-
дармен қоян-қолтық өмір сүре алмайды, бұл тұлғаның мінез-құлқына оның өмірлік
кезеңінің барлық сатыларында ықпал етіп отырады» [1].
Заманауи түсінікте алатын болсақ, мəдени əлеуметтендіру қоғамның тұрақты
беріліп келе жатқан жəне тұлғаның өзінің өмір бойы əлеуметтік институттар (ком-
муникация құралы ретінде тіл, ойын əрекеті, білім беру, БАҚ) арқылы меңгеретін
үдерісі, мəдени құндылықтар, нормалар, ережелер, реалийлер мен мəдениет
идеалдары, мəдени қажеттіліктер өнімдері мен мүдделер, қондырғылар, өмірлік
бағдарлар, этномəдени дербестік, сауықты ұйымдастыру, көркемдік бағалаулар
- қорытындысында тұлғаға аталған қоғамның мəдениет кеңістігінде қолдануға
мүмкіндік беретін əлемнің мəдени бейнесінің қалыптасуы.
Соңғы онжылдықта қазақстандық медиамəдениеттің аясы коммуникацияның
жаһандық жүйелерінің қалыптасуы ұстындарының əсерімен айтарлықтай
түрленді. Телекөрініс, компьютер, Интернет, ұялы телефон ширек ғасырдың ішінде
қазақстандықтардың маңызды бір бөлігіне қолжетімді болып қана қойған жоқ,
сонымен қатар күнделікті өмірге, күнделікті əлеуметтік жəне мəдени тəжірибеге
енгізілді.
Қазақстандық медиааймақта, жаһандық медиааймақтағы сияқты, кітап оқу
мəдениетін ығыстырып шығарған экрандық мəдениетке басымдылық берілді.
Қазақстанда кабельді жəне сандық телекөрініс қарқынды дамып келеді, сонымен
қатар Интернетті де осы санатқа жатқызуға мүмкіндік бар. Заманауи ақпараттық
технологиялар ақпараттық нарықта кеңінен кəдеге жаратылып келеді. Ұлттық
ТВ мен радиобекеттер ұлттық жерсеріктік жүйе арқылы хабарлар таратады. 2002
жылы Caspionet (Eutelsat операторы) жерсеріктік арнасы жасалды. Республиканың
барлық аумағына кабельді жəне жерсеріктік арналар арқылы ВВС, CNN, Deutsche
Welle, «Бостандық радиобекеттері», Польша арнасы Polonia, Ресейлік жəне басқа да
теле- жəне радиоарналардың бағдарламалары тарайды.
Қазіргі таңда Қазақстан медиамəдениетінің адамның мəдени
əлеуметтендірілуіне əсер етуде өзіндік ерекшелігі бар. Ол 130-дан астам ұлт
пен ұлыстарды біріктіреді. Елімізде ғұмыр кешіп жатқан 11 ұлт пен ұлыстың
тілінде газеттер мен журналдар жарық көреді, теле жəне радиобағдарламалар
266
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
хабар таратады. Белгілі бір тарихи жағдайлар мен оқиғаларға, сонымен қатар
тұрғындар мөлшеріндегі қалыптасқан тепе-теңдікпен байланысты Қазақстандағы
медиамəдениетінде қостілділікке (қазақ жəне орыс тілді) жəне екі жетекші діни
бағыттардың – «қазақтардың дəстүрлі исламы» (сунниттік мазхабқа негізделген ис-
лам діні, тəңіршілдік жəне сопылық) мен православ христиандығының толерантты
тұрғыда өмір кешуіне басымдылық берілген.
Заманауи Қазақстанның медиаортасы қоғамдық сананы, рухани жəне ма-
териалды мəдениетті, саясатты, экономиканы, əлеуметтік институттарды –
адамның əлеуметтендірілуіне əсер ететін барлық нəрсені қамтиды. Қазақстандық
медиакеңістікте жаһандық жəне жалпыұлттық медиаорта бірігеді. Қазіргі
қазақстандық жаңашылдықтың ерекшеліктері медиамəдениеттің қызметін жаңа
медиаортаның шоғырландырушысы ретінде күшейту болып табылады.
БАҚ əрекетінің жəне Қазақстан Республикасының ақпараттық нарығының
қолданылуының негізі Қазақстан Республикасының Конституциясы болып табыла-
ды. Ол сөз бостандығы мен шығармашылық еркіндігіне кепілдік береді, цензураға
тыйым салады, кез келген, заңмен тыйым салынбаған тəсілмен ақпаратты еркін
алуға жəне таратуға əрбір адамның құқығын қалыптастырады, идеологиялық жəне
саяси алуандықты мойындайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда 80%-дан астам БАҚ мемлекеттік емес болып табы-
лады. Либералдандыру мен нарықтық реформалар БАҚ-тардың сандық та сапалық
та тұрғыдан өсуіне əкелді. Қазақстан бүгінде БАҚ-тың дамуы қарқыны бойын-
ша Орталық Азия мен Кавказ елінің көпшілігінің алдын орайды. Қазақстанның
медиалық инфрақұрылымдарды дамыту жөніндегі көшбасшылығы туралы елдегі
жыл сайын өткізілетін Еуразиялық медиа-форум дəлел бола алады.
Қазақстан Республикасында 8 248 бұқаралық ақпараттық құралдары (2 513
БАҚ белсенді түрде қызмет етуде), 212 электрондық бұқаралық ақпарат құралдары
тіркелген, 2 392 шетелдік бұқаралық ақпарат құралдары тарайды, сонымен қатар
KZ доменінде 9000-нан астам домендік атау тіркелген. БАҚ-тың 85 пайызы үкіметтік
емес болып табылады [2].
Мемлекеттік басылымдар жергілікті əкімшіліктердің (биліктің атқарушы ор-
гандары) жəне мəслихаттардың (биліктің өкілетті органдары) қолдауымен елдің
барлық аймақтарында шығып келеді. Астана мен Алматыда бірнеше мемлекеттік
республикалық газеттер мен журналдар басылып шығады, республикалық
мемлекеттік телекөрініс жəне радиобекеттер хабар таратады.
Қазақстанда жарық көретін бұқаралық ақпарат құралдарының ширегіне
жуығы республикалық болып табылады. Республикалық бұқаралық ақпарат
құралдарының басым көпшілігі қоғамдық-саяси басылым сипатын ұстанады, яғни
іс жүзінде барлық тақырыптарды қамтитын əмбебап басылымдар ретінде көрініс
табады, республикада 20 кеңінен танымал іскерлік басылымдар қызмет етеді (газет-
тер мен журналдар).
Қазақстанда, ресми мəліметтер бойынша, 10 ақпарат агенттіктері, 2970 тіркелген
бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде 200-ден астамы – электрондық ақпарат
көздері қызмет етеді. Орталық Азия, Орта Шығыс, Еуропа жəне Солтүстік Афри-
ка елдері аумақтарына хабар таратуды жүзеге асыратын «Caspionet» жерcеріктік
телеарнасы бар. Елімізде хабар тарату қызметін жеткізетін отандық жəне шетелдік
электрондық БАҚ-тардың кабельді жəне эфирлік-кабельдік телекөрініс желісінің
80 операторы қызмет атқарады, олардың ішіндегі ең ірілері «Алма-ТВ» (елдің 13
қаласына тарайды), «Қазақпараттелеком», «Секател» жəне «Қазорталық-ТВ» (5
қалаға тарайды), «КВК» (4 қалаға).
Республикада иелері қаржылық-өнеркəсіптік топтар, немесе ірі бизнесмендер
болып табылатын бірнеше ірі медиа-холдингтер қызмет етеді. Холдингке сонымен
267
қатар мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралдары («Арна медиа» холдингі – «Ха-
бар», «Ел Арна», «Қазақстан», Caspionet телеарналары, «Қазақ радиосы», «Хабар»,
«Шалқар» радиобекеттері, «Казахстанская правда», «Егемен Қазақстан» газеттері,
«Казинформ» ақпараттық агенттіктері жəне т.б.), сонымен қатар үкіметтегі «Нұр
Отан» партиясы билейтін масс-медиа біріктірілген («Астана» телеарнасы, NS жəне
РДВ радиобекеттері, «Айқын», «Литер», «Түркістан» жəне т.б. газеттер). Басқа хол-
дингтер ресми құрылым болып табылмайды.
Қазақстандағы республика тұрғындарының жартысына жуығын қамтитын
эфирлік телеарналар саны 10-нан аз (мемлекеттік телеарналар «Хабар», «Қазақстан»
жəне «Ел Арна», «Асыл арна», жекеше КТК, НТК, «СТВ», («Жетінші арна», «Астана»
жəне 31 арна). Олардың, шамамен алғанда, жартысы Астанадан, қалғандары Алма-
тыдан хабар таратады. Елдегі мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылса да, орыс тілі
ресми тіл болып есептеледі жəне қазақ тілімен тең қолданылады. Алайда, Алма-
ты қалысының «Ақпарат жəне талдау орталығының» мəліметеріне сүйене отырып,
кейбір екі тілде шығартын баспаларға назар аударатын болсақ (1 кестеде), орыс тілді
оқырмандардың сұранысының басымдылығы байқалады [3].
1
%
1) «
»
2) «
»
3) «
»
4) «
»
09.08.2011 / 92
06.08.2011 / 97
25.08.2011 / 99
25.08.2011 / 105
12 810
10 292
10 305
21 820
2.84
2.28
32.08
67.92
268
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
Қазақстан медиаортасы елдің демократияға «транзитінің» маңызды ұстыны
болып табылады. Қазақстанның бірегей ақпараттық кеңістігінің қалыптасуы, масс-
медианың қарқынды дамуы (баспасөз, сонымен қатар электронды: кабельді жəне
жерсеріктік ТВ, видео, сандық кино жəне телекөрініс, компьютерлік арналар, Ин-
тернет желісі, CD-ROM-дар, DVD, ұялы байланыс, электрондық пошта) қоғамның
саяси жəне экономикалық дамуына əсер ететін көптеген əлеуметтік үдерістердің
үдеткішіне айналды.
Адамның мəдени əлеуметтендірілуімен тікелей байланысты оның құқығының
тақырыбы мемлекеттік тапсырыстарды орындайтын жетекші республикалық
телеарналардың ақпараттық-сараптамалық, интерактивті бағдарламаларында
кеңінен насихатталды. Бұл төңіректе айрықша атап өтуге тұрарлығы, «Хабар»
телеарнасындағы «Жеті күн», «Бетпе бет»; «Қазақстан» РТРК-дағы «Айна-апта»,
«Назар»; «31 арна» телеарнасындағы «Жеке көзқарас», «Назар шоғыры»; «Ра-
хат» телеарнасындағы «Апта панорамасы»; «Астана қаласының телекөрінісі»
арнасындағы «Үлкен рейтинг».
Қазақстандықтар үшін телекөрініс ақпараттың негізгі қайнаркөзі болып та-
былады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан əлеуметтік
зерттеулер институтының тапсырысы бойынша, «Орталық Азия» əлеуметтік
жəне маркетингтік зерттеулердің бизнес ақпарат Орталығы 2007 жылы жүргізген
«Қазақстан Республикасының саяси жаңаруы динамикасының негізгі бағыттары
мен деңгейі» атты республикалық социологиялық зерттеудің мəліметтеріне сəйкес,
тұрғындар үшін телекөрініс (63%) үлкен сенімге ие болған, əрі қарай радио (56%)
жəне қоғамдық-саяси газеттер мен журналдар (53%) орын алған. Сəйкесінше, Ин-
тернетке қатысты сенімнің ең төменгі деңгейі байқалған (46%).
Қазақстанның жас жеткіншектер ортасында, сəйкесінше, жастардың мəдени
əлеуметтендірілуіне телекөріністің «Суперстар-KZ», «Фабрика звезд», «Х фактор»
сияқты реалити-шоулары үлкен дүмпу тудырды, ол əрбір жас жеткіншекке осы
сайыстарға, сонымен бірге барынша табысты өнер көрсеткен əншіге дауыс беруге
мүмкіндік тудырды. Бұл бойынша əншілер өнер көрсеткен кезде міндетті түрде
қазақ, орыс жəне ағылшын тілдеріндегі əндерді орындады.
Қазақстандық медиамəдениетте үйреншіктілікке деген қызығушылық ар-
тып келеді: үйреншікті өмір, əдеттегі білім, кəдуілгі сана-сезім, үйреншікті сөйлеу,
адамның дағдылы мінез-құлқы, қарапайым өмір сүру мəдениеті. Бұл əлеуметтік
шындық енді обьективті жүзеге асырылатын құрылымдар ретінде жəне санадан
тəуелсіз жүзеге асырылатын үдерістер ретінде ғана ұғынылмайтындығын, сонымен
қатар осы оқиғалардың субьективті толқыныстары, оларды үйреншікті түсіну жəне
құрылымдау ретінде түсіндірілетінін білдіреді. Адамның коммуникативті əрекеті
оның қозғалысының, ұдайы өзгерісінің, жаңа коммуникативті байланыстардың
– басқа құрылымдарда жасау, ыдырату жəне қайтадан жасау жолын үздіксіз
жүзеге асыру жайттарының маңызды болып тұрған кезінде қалыптасу, үдерістік
жазықтығында көрінеді.
Қазақстан Республикасындағы ресми жарияланған жастардың
əлеуметтендірілуінің стратегиялық бағдары – жаңа ұрпақ өкілінің адамдардың
инновациялық, шығармашылық ойлау түрімен, дамыған дүниетанымдық
мəдениетпен, əлемге қатысты этикалық тұрғыдан жауапкершіліктегі жоғарғы білікті
кəсіби мамандармен қалыптасуы. Бұл үдеріске қазақстандық медиамəдениеттің ай-
насы жəне мəдени жаһандану мен сол сияқты мəдени жерсіндірудің де жетекшісі бо-
лып табылатын масс-медиа маңызды үлес қосты. Масс-медиа қоғам мен мемлекеттің,
социум мен биліктің арасындағы делдал ретінде қызмет атқарады.
269
Қазақстан Республикасында, ретімен алғанда, тұрғындардың 14%-ы
Интернеттің пайдаланушылары болып табылады. Интернет-пайдаланушылар
мөлшерінің артуымен интернет-басылымдардың да санының артуы байқалады.
Бұл бойынша олардың көбісі қоғамдық-саяси сипатта болғанына қарамастан,
ақпараттық-сауықтыру бағытын ұстанады.
Сонымен қатар баспасөз басылымдарының интернет-нұсқалары да (мəселен,
«Время», «Литер» газеттері) танымал болып табылады. 5 жəне одан да жоғары
жылдар бойы əрекет ететін жəне Қазақстандағы, əрі шетелдегі жағдайлар туралы
жаңалықтар мен сараптамалық материалдарды жинақтаумен, таратумен айналы-
сатын интернет-қайнаркөздердің де танымалдығы айтарлықтай ұлғайды.
Қазақстандықтардың өскелең ұрпағы компьютерлік сауықтар мен
компьютерлік қызметтерді: электронды ойындарды, E-mail бойынша хабарлама-
ларды алу мен жіберуді, желімен қарым-қатынас жасауды, виртуальды дүкендерде
тауарларды сатып алу мен сатуды, желінің əртүрлі сайттарында орналасқан жарна-
маларды жəне тағы да басқаларды белсенді түрде игеріп келеді.
Қазақстандық медиапайдаланушы – қазақстандық медиаорта жағдайындағы
мəдени əлеуметтендірудің нəтижесі болып табылатын барлық қазақстандықтарды
осылай атауды ұсынамыз, - олар өздерінің күнделікті өмірлерінде телекөрініс пен
Интернеттің жаһандық желілеріне тəуелді жəне қазақстандық зияткерлік əлеуметтік
желілерге атсалысады.
Киберкеңістік шеңберіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар-
ды (АКТ) пайдаланушыларға есептелген əлеуметтендіру үлгілерін С.В. Бондаренко
ұсынады, оның еңбегінде əлеуметтендіру үдерісі «пайдаланушылардың тұлғааралық
коммуникацияны, əлеуметтік навигацияны жəне компьютерлік желідегі мінез-құлық
ережелерін, сонымен қатар нақты виртуальды желілік бірлестіктер мен тұтасымен
алғанда, киберкеңістіктің əлеуметтік қауымдастығында қолданылатын əлеуметтік
қағидаларды, құндылықтар мен рольдік талаптарды игеруін» ұйғарады [4].
Инфоəлеуметтендірудің маңызы бұл құбылыстың екі жақты үдеріс екендігінен
тұрады, ол өзіне, бір жағынан, өзі үшін маңызды ақпараттық тəжірибені тұлғаның
ақпараттық кеңістікке (ақпараттық инфрақұрылымға), ақпараттық байланыстар
жүйесіне араласумен игеруін қосып алса; екінші жағынан, тұлғаның ақпараттық
байланыстар жүйесін дербес ақпараттық қызмет, ақпараттық кеңістікке белсенді
қосылу есебінен ақпараттық байланыстар жүйесін белсенді жаңғырту үдерісін қосып
алады. Басқаша айтқанда, тұлға жай ғана ақпараттық тəжірибені меңгеріп қана
қоймайды, сонымен қатар оны дербес құндылығына, қондырғысына, бағдарына,
жекеше ақпараттық мəдениетіне айналдырады.
Киберкеңістіктің əлеуметтік шындығындағы біріншілік əлеуметтендіру үдерісі
екі сатыға бөлінеді: түпнегіздік (архетиптік) жəне құралдық-танымдық. Түпнегіздік
саты əлеуметтік мифтердің қолданылуымен байланысты олардың қабылдануы
негізінде тұлғадағы киберкеңістіктің субьективті шындығының қалыптасуы ретінде
ұғынылады, мұнда əлеуметтендіру агенті ретінде құрбы-құрдастар, ата-аналар,
сəйкес келетін оқу пəндерінің мұғалімдері көрініс табады. Аталмыш сатыда
пайдаланушының киберкеңістіктің əлеуметтік қағидаларымен бастапқы таныстығы
жəне желілік этиканың негізгі үн-сырларын меңгеру жүзеге асырылады.
Əлеуметтендірудің келесі сатысы – құралдық-танымдық – пайдаланушының
телекоммуникациялық желілерге қосылуынан кейін басталады, мұнда ол ойлау
мен мінез-құлықтың балама үлгілерімен бетпе-бет келеді, осы негізде нақты рольдік
бағдарларды, əлеуметтік өзара байланыстардың нормативті үлгілерін меңгереді,
киберкеңістіктегі навигация дағдыларын сіңіреді жəне басқа пайдаланушылармен
əрі контенттермен өзара байланысқа түсе алады. Өзіне əлеуметтік бақылаудың
тетіктерінің əсерін қабылдайды.
270
ʊɧʇɸʒɸ-ʂʞɮɯʃɸ ʂʌʇɧ ɳʞʃɯ ɶɧʂɧʃɧʍɸ ʂʞɮɯʃɸɯʊ
Киберкеңістіктің əлеуметтік жүйелері шеңберінде мəдени əлеуметтендіру
үдерісінде тұлға қандай да бір киберкеңістік қауымдастығында үстемдік құрып
тұрған рольдер мен құндылықтардың негізгі құрылымдарын меңгереді. Бұл бойынша
«киберкеңістіктің қағидалары мен құндылықтарын меңгеруден бөлек пайдаланушыға
ол бұрын өзін əлеуметтендірген бірлестікте өтіп жатқан эволюциялық өзгерістердің
ықпалымен өзінің мінез-құлқын түзетуге тура келеді» [5].
Қорытындысында мəдени əлеуметтендіру үдерісі белсенді өзгерістерді ба-
сынан кешіреді. Коммуникацияның жаһандық жүйелерінің дамуы жəне олардың
кемелденуі өлшемі бойынша ұрпақтар арасында мəдени тəжірибені жеткізуде
қайшылықтар ұлғаяды: аға буын өкілі жастарға қарағанда, коммуникацияның
жаһандық жүйелерінің мүмкіндіктерін пайдалануға дайындықсыз болып келеді,
ал, демек, бұл, мəдени трансляция мен əлеуметтік бақылау қызметтерін əлсіз жүзеге
асырады.
Ғалым А.Н. Тесленко дайындаған қазақстандық қоғамның əлеуметтік
мəдени шоғырлануымен анықталған қазақстандық жастардың əлеуметтенуінің
мəдени үлгілерін топтастыру қызығушылық тудырады. Қазақстандық қоғамның
тарихи дамуы мен əлеуметтік мəдени шоғырлануы есебімен ол қазақстандық
жастардың əлеуметтендірілуінің үш негізгі үлгілерін белгілеп көрсетеді: дəстүрлі,
мобильдендірілген жəне жаңартылған, олардың əрқайсысына айрықша мəдени-
психологиялық, əлеуметтік-өркениеттік жəне дүниетанымдық сипаттамалар тəн
болып келеді [6].
Заманауи жағдайдағы жас қазақстандықтардың мəдени əлеуметтендірілуі
əлеуметтендірудің дəстүрлі жəне жаңашыл үлгілерінің арақатынасымен байланы-
сты мəдениет аралық қайшылықтардың белгілі бір күресі ретінде көрініс табады.
Жасөспірімдер ортасында өзін-өзі бағалауда, мінез-құлықта, жастардың құндылықтық
бағдарларында білінетін жəне адамгершілік құндылықтардың дағдарысында, адал
еңбек беделінің құлдырауында, гедонистикалық жəне талап етушілік мінездердің
өсуінде көрінетін айтарлықтай трансформациялық үдерістер өтіп жатыр. Жас
қазақстандықтардың өршіп келе жатқан сұраныстары мен оларды қанағаттандыру
мүмкіндігінің арасындағы сызат ұлғайып келеді. Бұл айтарлықтай өлшемде мəдениет
саласындағы коммерцияландыру мен батыстандыруға байланысты. БАҚ мəдениет
пішіндерін, адамгершілік үлгілерін, тұтынушылық қоғамның өмір салтын танымал
етеді. Осымен жастар ортасындағы трансформациялық үдерстер тұлғалық бостандық
пен əлеуметтік таңдау жағдайында белгілі бір əлеуметтендірілген тəуекелдерді
жүзеге асырады, оларды арасында ұрпақтар сабақтастығы тетігімен түзілетін
дəстүрлі мəдени құндылықтар жүйесінің шайылуы мен құлдырауы жəне соның сал-
дарынан əлеуметтік мəдени байланыстардың, рухани жəне материалды мəдениеттің
бірегейленуі үдерістерінің алшақтауы аңғарылады.
Қазақ ұлтының этногенезінің жəне социогенезінің ерекшеліктері тұрғысынан,
əлеуметтендірудің тарихи дамудың заманауи сатысындағы жетекші үлгілерінің ур-
бандалу жəне жаһандану үдерістері қарқынды даму үстіндегі тəуелсіз Қазақстанның
уақыт пен кеңістігін барынша толық сəйкес ескеретін мобилизациялық үлгі болып
табылады.
Сол уақытта тұлғаның əлеуметтік-жауапкершілік мінез-құлқының нəтижесі
ретінде медиамəдениетте субъектілікті өзектендіру үшін шынайы мүмкіндіктерге
жол ашатын бірқатар объективті жəне субъективті ұстындар бар болып табылады.
Қазақстандық жасөспірімдер мен жастардың құндылықтар жүйесі дəстүрлі
түсініктерден ерекшеленеді, жəне олар əдетте Интернеттің виртуальды əлемінде
емін-еркін кезіп жүреді. Журналистер қоғамның сұраныстарын қанағаттандыратын
жəне асып бара жатқан сауықтық сипаты болмайтын интернет-жобалардың көбейе
түсуін қалайды.
271
Қазіргі уақытта масс-медиа үшін жасалар əрекетке жетекші болып
ҚР Президенті Н.Ə. Назарбаев қойған тұтынушылық қоғамның қиялдық
тұжырымдамасынан жалпыға бірдей еңбек қоғамы тұжырымдамасынан өту
қатынасында экрандық мəдениетте еңбек адамының бейнесін кемелдендіру
қажеттігі табылады. «Күн тəртібінде қазақстандық қоғам өмірінің ақпараттық
құрамдасын көтеру, азаматтарды ақпараттандыру мəселелерінде, сонымен қатар
мемлекет пен тұрғындардың ұдайы «кері байланысын» нығайтуда интернет-
технологиялардың мүмкіндіктерін кеңейту тұр» [7].
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қазақстандық медиамəдениет
бұқаралық ақпарат құралдарымен адамзаттың қоғамдық өмірге атсалысуға
қатынастырып, оның əралуан əлеуметтік рөлдерді игеруіне жəне өз орнын табуға жəне
т.б. септігін тигізетінін атап өткен жөн. Медиамəдениет белгілі бір құндылықтарды
жəне оның критерилерін анықтайтын жүйесін орнықтырады (адамзаттың өмірлік
ұмтылыстары мен іс-əрекеттерін бақылай отырып, қоғамық өмірдегі қалыптасқан
үрдіс бойынша индивид немесе топтың əлеуметтік жарамдылығын, басқалардың
іс-əрекеттерін бақылау үшін деген қатынасына негіз болады); іс-əрекет етудегі
жетекшілік нұсқау ретінде қабылданып, енетін, құндылықтармен байланысты өмір
сүру барысындағы белгілі бір іс-əрекеттер үлгісін таратады.
1. ɫˆʹʹʺˑ˖ ʝ. Социология. М.: Эдиториал УРСС, 1999. - 672.с. – С. 10-12.
2. СМИ и Интернет // 2008-2012 kazakhstanlive.ru
3. hĴp://www.iac.gba.kz
4. ɩ˓ˑʹʲ˕ʺˑˊ˓ ʈ.ɪ. Социальная система киберпространства как новая социальная
общность // Научная мысль Кавказа. Приложение. 2002. № 12 (38). С. 32-39.
5. Результаты исследования «Масс-медиа Казахстана: ключевые игроки, возмож-
ности, потребности и риски»/сост. Абрамов В. Алматы, 2009. - 16 с.
6. ʊʺ˖ˏʺˑˊ˓ ɧ.ʃ. Культурная социализация молодежи в условиях транзитивного
общества. Автореф. дисс. д. социол.н.. Саратов, 2009. - 35 с.
7. ʃʲ˄ʲ˕ʴʲʺʵ ʃ.ɧ. Социальная модернизация Казахстана: Двадцать шагов к Обще-
ству Всеобщего Труда // hĴp://www.akorda.kz. 10.07.2012
272
Достарыңызбен бөлісу: |