|
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ векеХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
алудағы жеке тұлғаның дамуы. Технологияны, ұйымдастыруды үнемі жаңғырту жағдайында
ұ
стап тұрып қана мектеп өз бағытын нығайта алады. Жаңалық енгізу кез- келген білім беру
мекемесінің дамуы мен жоғары жетістікке жетуінің негізгі факторы болып табылады.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың
тұтастық қызметі. Кез - келген жаңа әдіс жекелік, сондай - ақ уақытша жоспарға жатады.
Бұл яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген
материал тәрізді. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім беру
жүйесіндегі инновация – білім мақсатына жаңашылдықты енгізуді көздейді. Инновациялық
ү
рдістің дамуына 2 фактор ықпал етеді:
Обьективті фактор – инновациялық қызметтің дамуына ықпал етеді;
Субьективті фактор – педагогтар мен инновациялық бағыттағы білім саласының
қ
ызметкерлері болып табылады.
Технологиялық инновация – өнім дайындаудың жаңа тәсілі. Біз алдымыздағы оқушыға
табиғи білім береміз. Мысалы, тарих сабақтарында проблемалық оқытуға, тұлғалық
диалогтык жағдайларға және оқытудағы даралық әдістерге арналған ортаның әртүрлі сызба
нұсқаларын құру білімді тереңінен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Инновацияның басым
бағыттарының бірі – әдістемелік инновация. Мұндағы табиғилық – үздіксіз білім беру.
Білім беру мүмкіншіліктерін класс аудиториясы үшін арнайы біріктіру керек. Мұндай үрдіс
оқытудан сабақ беруге көшіреді. Мұнда сабақтағы басты тұлға білім беретін мұғалім емес,
осы білімді қызыға қабылдауға дайын оқушының болуы талап етіледі.
Тарих пәнінің әр сабағында әр нәрседен проблема туғызып отырған жөн,
мысалы,кейбір тарихи тұлғалардың іс әрекеттерін ой қорытындысына салып, таразыла,-
деп оқушыны ширатып отырған жөн. Басты ұтымдылық – берілген материалдан оқушы ең
маңыздысын, ең қажеттісін бөліп алады, өткен ұқсас тақырыптармен салыстырады, оны
жүйелеп ой қорытындысына салады, нақтылайды, анықтайды, дәлелдейді және ұғымға
түсінік қалыптасады, жоққа шығарады, модельдейді. Осы жағдайда мұғалімдер арасында
педагогикалық білімнің рөлі мен беделі артады. Әр сабақ жаңалыққа міндеттеле отырып,
қ
оғамның әлеуметтік сұранысына жауап бере алса, демек, оқушының жеке амбициясы бар,
құ
зіреттілігі қалыптасқан оқушы,- деп тануға болады.
Қ
азіргі кезде көп айтылып, талқыланып жүрген жаңалықтарды оқыту үрдісіне енгізу,
яғни, инновациялау үш бөлімнен тұрады: 1) Кәсіби шеберлік 2) Біліктілік дағдылары 3)
Жүзеге асыру, қолдану.
Сонымен қатар, оқушының құзіреттілігін қалыптастыруда ойын технологиясы мен
СТО, өз бетінше білім алу жүйелерінің пайдасы ұшан – теңіз. Қазіргі заманғы білім беру
мазмұнындағы инновацияның басым бағыттары – оқытудың негізгі мақсаты. Оқушылардың
ой танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда сабақты шеберлікке орай түрлендіру жаңа
ө
скелең ұрпақты өз бетінше ізденуге, ойлау қабілетін арттыруға, тапқырлыққа баулиды.
Сондықтан оқушылар сұрақтар мен дайындап әкелген сөзжұмбақтарды тарих
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
сабақтарында қиындықсыз шешу үшін өтілген материалды үнемі қайталап отыруды әдетке
айналдырады. Оқушылардың сабаққа ынтасын арттыру үшін ізденіс керек. Ең бастысы,
инновацияға бағытталған сабақтың мазмұны оқушылардың ой – өрісін, санасы мен сезімін
дамытуда, олардың әр түрлі шамалар мен бірліктердің, ережелермен заңдылықтардың,
құ
былыстар мен өзгерістерді есте сақтауға көмектеседі.
Жаңашылдықтың әлеуеттік бейнесін психолог зерттеуші Д.Б. Эльконин:
«Теорияны жаңарту адамдар арасындағы әлеуметтік қатынас, практикалық білімдері
және жасаған қызметтері » деп, пікірін білдіреді.
Бүгінгі күні елімізде білім берудің өзіндік бренді қалыптасып келеді. Педагогика
ғ
ылымында баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын және
бәсекеге қабілетті білім инновацияларын жетілдіруге ұмтылыстардың айқындалуы даму
кезеңдерімізді тізбектейді. Бірақ инновация өздігінен пайда болмайды, ол мұғалімнің үзіліссіз
жасаған еңбегі, заман ағымындағы жаңа технологияларды уақытында меңгеруі және оны
алдында отырған әр оқушыға үйрету. Білім жаңалығы тәжірибені зерттеу, жинақтау және
тарату жетістіктерін бағдарлайды. Мұғалім – тәрбиеші, кеңесші, жетекші, сонымен бірге
оқушының тұлғалық құзіреттілігін қалыптастырушы.
Пайдаланылған әдебиеттер
1.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы
2. “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз” Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы,
2011 жыл
3.Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасы
4.Қазақстан мектебі №2,2002ж, Бастауыш мектеп №1,№21 2004 ж 5.Қазақстан
Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.
Астана, 2010 жыл
ТАРИХ ПӘНІНЕН БІЛІМ БЕРУДІҢ САПАСЫН ЖЕТІЛДІРУДЕ ӘР ТҮРЛІ
Ә
ДІСТЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Айкынбаева Мадина Мураткызы
№3 Аршалы орта мектебінің
тарих пәнінің мұғалімі,
Ақмола облысы, Аршалы ауданы,
Қазақстан
Түйін
Тарихқа деген қызығушылығын арттыру үшін сапалы білім берудің тиімді жолдарын
таңдау, тарихи және мәдени мұралармен таныстыру, қосымша элементтерді пайдалану
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
мен тарихи деректерді оқып үйренуге дағдыландыру, өз бетінше оқып білім алып
шығармашылықпен айналысуына жағдай жасау сияқты жаңа педагогикалық технологиялар
мен инновациялық бағыттарды, әдістер мен тәсілдерді енгізу туралы айтылады.
Аннотация
В данной статье описывается наиболее эффективные способы улучшения качества
образования и интерес к истории, использование дополнительных элементов для
презентации культурного наследия и исторических данных для изучения навыков,
самоподготовки и создание условий для творческой работы, а также новые учебные
технологии и инновационные подходы и методы.
Еліміздің тәуелсіздік алуы Қазақстан тарихы ғылымын зерттеу мен оқытуда терең
бетбұрыстар жасады. Ең алдымен өзгеріс ғылыми-зерттеу жұмыстарының теориялық -
методологиялық негіздерін қамтиды. Бұрынғы тар шеңберлі, қасаң таптық позицияға
негізделген методологиядан, жалпы адамзаттық құндылықтарды басшылыққа алған және
ұ
лттық мүддеге негізделген методологияға бағыт алынды. Тәуелсіз Қазақстан
тарихшылары өз халқының тарихын ешкімге жалтақтамай ана тілінде жазуға мүмкіндік
алды [1]. Тарихты оқыту әдістемесі қоғам алдында тұрған жас ұрпақты тәрбиелеудің
кешінді міндеттерін іске асыруға қызмет жасайды.
Елбасының сындарлы саясатының арқасында білім саласы жылдан жылға жақсы
нәтижелерге қол жеткізуде. Алайда, талғам өзгергенімен талап жалғыз. Ол – қазіргі
заманғы бәсекеге қабілетті білімді ұрпақ қалыптастыру. Алған білімі мен біліктілігі
негізінде бүгінгі өзгермелі өмірді еркін бағдарлай алатын, өзін-өзі дамытып, өз бетінше
дұрыс, жауапты шешім қабылдай білетін тұлғаны тәрбиелеу – қоғамдық мәні үлкен мәселе.
Осы тұрғыдан қарағанда қазіргі заман педагогіне қойылатын талаптардың ерекше
болатындығы мені де жиі мазалайды. Бүгінгі әлем дамуының жаңа ұстанымдары білім беру
жүйесінен күн сайынғы экономикалық, әлеуметтік және мәдени өзгерістерге мейлінше
бейімделуді талап етеді. Әлем қазіргі күні «білім қоғамын» және «білім экономикасын» құру
бағытында [2]. Бұл идея бүкіл білім беру жүйесіне реформа жүргізіп, оны модернизациялауды
қ
ажеттейді. Сондықтан да, білім беру жүйесі қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды
ө
згеріске ілесу үшін, біздер, еңбек етіп жатқан мұғалімдер де өзгеруіміз қажет, ол үшін
оқытуды жетілдіру тәсілдерін үйрену басты міндетіміз болып саналады.
Ұ
лт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың: «ХХІ ғасыр – қатаң бәсеке ғасыры. Еліміздің
білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне бағыт алуда. Оқу-тәрбие үрдісінде жаңа
инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын,
талпынысын арттырып өз бетімен ізденуге шығармашылық еңбек етуге жол салады.
Оқушыларға терең де жүйелі білім беруде мұғалімге жүктелер жауапкершілік өте зор.
Мұғалім ең алдымен білімді және әдістемелік тәсілдерді жетік меңгерген болуы керек», -
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
деген ойы ұстаздар қауымына аса жауапты міндеттерді жүктейтіні анық [3]. «Адамның
адамшылығы - ақыл, білім, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» -
деп, ұлы Абай айтқандай, әрбір баланың санасына осындай түсінікті енгізу басты
міндеттеріміздің бірі деп түсінемін.
Қазіргі таңда мұғалімдер біліктілігін арттыруда Назарбаев интеллектуалды
мектептерінің қасындағы педагогикалық шеберлік орталықтарында және педагогикалық
біліктілігін көтеру бойынша Ұлттық орталықтарда әлемдік тәжірибеге сай арнайы 3
айлық қайта дайындаулардан өту үстінде. Олар мұғалімдер біліктілігінің жаңа (бірінші,
екінші, үшінші) деңгейлері бойынша білімін жетілдіруде. Қазіргі заман мұғалімінен
қ
оғамдық дамудың деңгейінен көрінетін, оның әлеуметтік парызына жауап беруін көздейтін,
жаңашылдыққа жаны құмар, әр ісіне гуманистік сезіммен қарайтын, педагогикалық күрделі
құ
былыстарды идеялық адамгершілік тұрғыдан шеше алатын, жаңашыл ойлау дағдыларын
меңгерген, шығармашылықпен еңбек ететін маман болуы талап етіледі. Өткен жылы
«Оқытудың Кембридждік тәсілі» бойынша жүргізіліп жатқан үшінші деңгейлі курстан
ө
тіп, өз білімімді жетілдіруім менің тарих пәнінен өткізген сабақтарыма тың серпілістер
мен жаңашылдықтар алып келді. Пәнге деген оқушылардың қызығушылығы арта түсті.
«Жаңашыл ұстаз болмысы, үздіксіз ізденуші және тағы бір ерекше қасиетінің бірі –
жетелеуші, алға ұмтылдырушы» - деп Елбасымыз айтқандай, оқушылардың қоғамдық әрі
тарихи дүниетанымын арттыруда, ұстаздар тарапынан қолданылған түрлі әдістердің
маңыздылығына уақыт өткен сайын көз жеткізудемін.
Дәлірек айтқанда: 7 сыныптағы Қазақстан тарихы пәнінен «Алтын Орда» деген
тақырыпта жеті модульді ықпалдастыра отырып өткізілген сабағымның оқушылар үшін
тиімді болғандығына көзім жетті. Бұл сабақ балалардың сын тұрғысынан ойлау дағдысын
қ
алыптастыру мақсатына жұмылдырылды. Сабақ бойына оқушылардың білім деңгейін
анықтайтын әр түрлі деңгейлік тапсырмалар берілді. «Зымыран сұрақтары» , «Ойлан-
жұптас-бөліс», «Шапшаңдықтың шыңы» әдістері бойынша оқушылар тапсырмаларға сыни
тұрғыдан жан-жақты талдаулар жасады. Сабақ барысында оқушылардың тақырыптың
мәнін ашуда зияткерлік ынтасы одан әрі дами түсті. Көбінесі, тарихи оқиғалардың
барысына үңіліп, оның қазақ халқының қалыптасу негізіне қалай әсер еткендігі жайындағы
ойлары, сабақтың оқу мақсатына қойылған күтілетін нәтижесінің дұрыстығын дәлелдей
түсті. Алынған білімдерін нақтылай түсу мақсатында оқушыларға бейне жазба көрсетіліп,
оқушылардың алған білімдері бекітілді. Сабақтың аяқталуы барысында алған білімдерін
бекіту жолында «Жұлдызды сәт!» әдісін пайдаландым. Онда оқушылар алған білімдері
бойынша кесте толтырды. Кестені толтыру барысында оқушылардың тақырып бойынша
алған білімдерін нақтылап, есте сақтау қабілеттері жетіле түсті. Менің бұл сабақта
байқаған ерекшелігім, әдістерді түрлендіріп отыру оқушылардың сабаққа деген қызығушылы
мен ынтасын оятатындығы. Әрбір тапсырмалар барысында оқушылар жеке, топтық болып
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
бір-бірін бағалау жұмыстары жүргізілді. Бағалаудың әртүрлілігі оқушылардың бойында
жауапкершілік сезімдерін оята түсті.
Оқу сапасын арттыруда, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыруда әдіс-
тәсілдерді мейлінше түрлендіріп отырған дұрыс. А.Байтұрсынұлы «Қай әдіс жақсы?» деген
мақаласында: «Жалғыз әліп-би үйренудің өзінде толып жатқан әдіс бар. Әр әдіс-өз орнында
жақсы. Әдіс көрнекіліктен шығады. Әдістің жаман-жақсы болмағы жұмсалатын орнына
қ
арай» дейді. Ал Л.Н.Толстой «Үйрету әдістері туралы» еңбегінде «Олақтықтың белгісі-
бір ғана әдісті білу, шеберліктің белгісі-түрлі әдісті білу, керек кезінде жоқ әдісті де таба
білу. Мұғалім көп әдісті білу керек,оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс есебінде қолдану керек»
деген. Олай болса, күнделікті ізденісіміз, жаңа технологияларды оқып-үйреніп өз
тәжірибемізде шеберлікпен қолдануымыз-алдымыздағы шәкірттерге терең де тиянақты
білім берудегі қажеттілігіміз. Назарларыңызға жеті модульді ықпалдастыра отырып
жасалған сабақ жоспарымды ұсынамын.
Алтын
Орда
(ХІІІ
ғ
асырдың ортасы - ХV
ғ
.ортасы)
Мектеп: №3 Аршалы орта мектебі
Күні:
Мұғалім есімі: Айкынбаева М.М.
Сынып: 7
Қ
атысқандар саны:
Қ
атыспағандар саны
Сабақ негізделген оқу
мақсаты
(мақсаттары)
Алтын Орданың құрылу тарихын айта алады, Алтын Орданың
күшеюі мен әлсіреу себептерін анықтай алады, Алтын Орданың
қ
оғамдық құрылысын сипаттай алады.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар
Алтын Орданың құрылу тарихын айта алады
Оқушылардың басым бөлігі
Алтын Орданың күшеюі мен әлсіреу себептерін анықтай алады
Кейбір оқушылар
Алтын Орданың қоғамдық құрылысын сипаттай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар
Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы - ХV ғ.ортасы) құрылу тарихын
анықтай отырып, оқушылардың өзіндік ойлау, пікір қорыту және
тарихи танымдық қабілеттері дамиды
.... (істей алады)
Негізгі сөздер мен тіркестер
«Ақ Орда», «Көк Орда», «Боз Орда», Жошы, Батый, Ежен, Шайбан,
Сарай-Бату, Сарай-Берке, Берке хан, Өзбек хан, Меңгу Темір, Жәнібек
хан, «біліктер», хатшылар, «мәлік», даруғалар, басқақтар, беклер
бектер
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған мақсаттар:
Алтын Орда қай кезде құрыла бастады? Неге Алтын Орда деп аталды?
Сіз неліктен.... екенін айта аласыз ба?
Алтын Орда қай мемлекеттермен жақын қарым-қатынаста болды?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Алтын Орда (ХІІІ ғасырдың ортасы - ХV ғ.ортасы) туралы
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
ХХІ ғасырдағы білім және ғылымның өзекті мәселелері /Актуальные проблемы образования и науки в ХХІ веке
Алдыңғы оқу
Жоспар
Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған
жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )
Ресу
рста
р
Жоспарланған уақыт
Басталуы (3 мин)
«Зымыран
сұрақтары» жеке
тапсырма, «иә» немесе
«жоқ»
деп
белгілеу
қ
ажет
(5 мин)
«Шапшаңдықтың
шыңы!» ұлыстардың
территориясын
белгілеу (3 мин)
А) Оқушылармен амандасу
В) Оқушылардың сабаққа қатысу деңгейін анықтау
С) Ынта-зейіндерін сабаққа аудару
Д) Топқа бөліну: Алтын босағалы «Ақ Орда»Күміс босағалы
«Көк Орда Болат босағалы «Боз Орда»
1.Темүжін 9 жасқа келгенде әкесі татарлар
қ
олынан қаза тапқан ба? иә
2.1206 жылы Шыңғысхан ұлы хан болып сайланды
ма? иә
3.Шыңғысхан империяны 100 түмен әкімшілікке
бөлді ме? жоқ
4.Манғолия аумағы мен халқы үш әскери әкімшілік аймаққа
бөлінді, Оң қанат Барунгар деп аталды ма?иә
5.Жошы 1207-1208 жылдары Енесей қырғыздары мен теріскей
Сібір халықтарын басып алды ма? иә
6.Шыңғысхан 1220 жылы Күшіліктің Жетісудағы иеліктерін
басып алуға Жебе ноянды аттандырады ма? жоқ
7.Кіші баласы Төле Сырдария жерін билеген? жоқ
8. «Шыңғыс хан» сөзі «соғыс хан» деген мағына береме? жоқ
9. 1219-1224 жылдары Қазақстанмен Орта Азияны монғолдар
толық жаулап алды ма? иә
10.Бөлініп берілген жерлер бек ұлыс деп аталған ба? жоқ
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|