Қҧдайбергенова А.И.
Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты, Алматы қ.
akudaybergen@mail.ru
ҦЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНҒА СЫРТТАН
КӚШІ-ҚОНАҒЫМДАРЫНА ҚАРСЫЛЫҚТАРЫ (ХХ Ғ. 20-30-жылдары)
XX ғ. басындағы шаруаларды жоспарлы тҥрде Қазақстанға орналастыру,
Столыпиндік аграрлық реформалар кезіндегі кӛші-қондық ҥрдістердің
67
қарқынды екпін алуының нәтижесінде қазақ халқының жер тапшылығын
тартқандығы, орыс шаруаларының жаппай қоныс аударылуы барысында
қазақтардың ӛз жерінде қысым кӛруі ҧлттық саяси элита назарынан, іс-әрекет,
қызметінен тыс қалған жоқ. Қазақтардың мҥддесін қорғау бағытында ҧлттық
интеллигенция ӛкілдерінің атқарған қызметінің бір бағыты 1917 ж. тӛңкерістер
қарсаңы мен тҧсындағы саяси ӛмірге етене араласып, биліктің басқарушы
органдарында қызмет атқарған ҧлттық саяси элита ӛкілдерінің Қазақстан
халқының ҧлттық, әлеуметтік, жыныстық-жастық, біліми және тағы басқа
қҧрамының ӛзгерістерін туғызған ірі фактор – кӛші-қон ҥрдістері мен оның
демографиялық салдарларына деген кӛзқарасына қатысты.
Қазақ жеріне сырттан әкелінген кӛші-қонның қазақтың ҧлт ретінде
қалыптасуына, дәстҥрі мен әдетін сақтауына кедергісін келтірген, ҧлттық тілі
мен ділін сақтауды қажетсіздендіру арқылы, Тоболин тілімен айтқанда:
қазақтардың ҧлт ретінде жойылып кету қаупін тудырған фактордың бірі екенін
жоққа шығара алмаймыз.
Патшалық билік кезіндегі қазақтар мен орыс және украин мҧжықтарын
қазақтың шҧрайлы жерлеріне орналастырып, қазақтарды жерінен қуып, ӛздерін
кемсіткен саясатының кеңес ӛкіметінің орнығуы тҧсында жалғасуын кӛрген
ҧлттық саяси элита ӛкілдері бҧл ҥрдіске қарсы әр тҥрлі әдістермен кҥресті.
Қазақстанға сырттан келімсектердің келуі кҥшейген сайын, қазақ ҧлтының
дербестігіне, ҧлттығына және мемлекеттігіне нҧқсан келетінін, қазақтың
бҧрынғы езілген халын жақсарта алмайтынын тҥсінген басшылар
қолдарындағы мҥмкіндіктеріне орай сырттан кӛші-қоншыларды келтіруге
қарсылығын әртҥрлі деңгейде білдіріп отырды.
ХІХ ғ. соңынан бастап екпін алған, ал, ХХ ғ. басында ерекше кҥшейтілген
казактардың, орыс, украин мҧжықтарының Ресейдің шеткері аймақтарына
қоныс аударылуы, шаруаларды қоныстандыру ҥшін қазақтардың шҧрайлы
жерлерінен қуылып, жапа кӛруінің ӛзінен туындаған демографиялық ахуал
Уақытша ҥкімет тҧсында да, кеңестік биліктің орнығуы барысында да
шиеленісті жағдайда болды. Ақпан тӛңкерісінен кейін 1916 ж. кӛтеріліске
қатысқандарды жазалау экспедициясының ызғарынан сыртқа қашқан
қазақтардың оралуы ҥшін, жерінен айрылған қазақтарға ӛз жерлерін қайтарып
беріп, орналастыру ҥшін, келімсек орыс және украин және тағы басқа қоныс
аударушылардың байыған бӛлігінің (ал олар негізгі кӛпшілігі болды) қазақ
кедей-жатақтарына қысымы мен зәбірлеуін жою ҥшін қызмет орындарындағы
мҥмкіндіктерін қолданған қайраткерлердің ҧстанымдары, аштыққа ҧшыраған
жергілікті ҧлт ӛкілдеріне кӛмек кӛрсету кезіндегі саяси элита ӛкілдерінің іс-
қызметі ҧшан-теңіз. Қазақстанға сырттан ӛзге ҧлт ӛкілдерін есепсіз кӛп
мӛлшерде қоныстандыру қазақтардың ҧлт ретінде қалыптасып, ҧлттық
ерекшелігін сақтап қалуына қиындық туғызатынын кӛрегендікпен сезе білген
ҧлт зиялылары кеңес ҥкіметінің билік қҧрған жылдарының ӛң бойында кӛші-
қондарға қарсылығын әр тҥрлі деңгейде білдіріп отырды. Қазақ жеріне сырттан
қоныс аудару мәселесінде Ә. Бӛкейханҧлы, М. Дулатҧлы, М. Шоқай,
68
М. Тынышбаев, Н. Нҧрмақов, Т. Рысқҧлов, С. Қожанов, О. Жандосов,
Ж. Мыңбаев, С. Садуақасов және тағы басқа ҧлт зиялылары мҥдделес болды.
Отарлаушылардың ҥстем идеологиясы кеңестік ҥкімет қарсаңында-ақ
империяға бағынышты халықтардың санасын деформациялаған болатын.
«Қараңғы қазақ кӛгіне ӛрмелеп шығып кҥн болуды» армандаған олар қазақты
бодандық психология шырмауынан босатпақшы мақсатын алдына қоя білді.
Ҧлт ҧстазы болған Ахмет Байтҧрсынов кеңестік дәуірдің бастапқы кезінде
қазақ жерінің тҧтастығы жолында кҥресті. Ҧлттық саяси элита ӛкілдері қазақ
халқының экономикалық еркіндігі мен рухани жаңғыруының бір жолы ретінде
қазақ жеріне орыс шаруаларының қоныс аударуларын тоқтатуды ҧсынды.
Мысалы, Қазревкомға мҥше болған М. Сералин қоныс аударушылар легінен
қорғанудың бірден-бір жолы ретінде қазақтардың келімсектер сияқты он бес
десятинадан жер ҥлесін алып, отырықшылыққа кӛшкенін дҧрыс деп білді [1].
Т. Рысқҧлов аштықпен кҥресудегі бір әдісі ретінде қоныс аударғандар мен
қазақтар арасындағы жағдайды реттеудің, қазақтарға кӛмектесудің шараларын
белгілеп те жатты. 1920 ж. қаңтарында Тҥркатком тӛрағалығына сайланған
Т. Рысқҧлов және оны қолдаушы партия, кеңес қызметкерлерінің тобы
қоныстандыруды жалғастырудың қажетсіздігін негіздеп, кеңес органдарына
жергілікті ҧлт ӛкілдерін кеңінен тартуға байланысты шараларды батыл іске
асыра бастады. Мемлекеттік билік қҧрылымдарын қалыптастыруда таптық
мҥддемен бірге ҧлттық мҥддені де алға тартқан бҧл топтың әрекеті кеңес
органдарының кадрлық қҧрамын жасақтауда таптық қағидадан ҧлтшылдыққа
ауытқу деп бағаланды. 1920-1928 жж. аралығында кӛптеген жауапты қызметтер
атқарған, соның ішінде Ӛлкелік облыстық комсомол комитетінің хатшысы,
ҚазОАК-нің хатшысы, Қазақ АКСР Мемлекеттік жоспар мен Халық ағарту
комиссариатының тӛрағасы болған С. Сәдуақасов бҧрынғы отарлық қоныс
аудару саясатының зардаптарын жою ҥшін бірінші кезекте жергілікті халықты
жермен қамтамасыз ету қажеттігін ҧсынып, экономикалық мәселелерді іс
жҥзіндегі ҧлттық теңдік деңгейде шешуді жақтады. Қазақ ӛлкелік партия
комитетінің секретары қызметін атқарған С. Қожанов 1922 ж. қазақ жеріне
келіп тҧрған орыс, украин және т.б. қоныстанушылар мінген поездың
адамдарын тҥсірмей, кері қайтарып жібереді. Қоныс аударушылар мінген
эшалон Воронеж қаласына барып, сонда тҧрып қалады. Бҧл хабар
И.В. Сталинге жетеді. Сталин ол поезды кері қайтарып, қайтадан Сырдарияға
жібереді. Яғни, Қазақстанға сырттан келімсектердің келуі кҥшейген сайын,
қазақ ҧлтының дербестігіне, ҧлттығына және мемлекеттігіне нҧқсан келетінін,
қазақтың бҧрынғы езілген халын жақсарта алмайтынын тҥсінген басшылар
қолдарындағы мҥмкіндіктеріне орай сырттан кӛші-қоншыларды келтіруге
қарсылығын әртҥрлі деңгейде білдіріп отырды.
Қазақ жеріне Ресейдің орталық аудандарынан, Украина, Белорусия және т.б.
жерлерден келген кӛші-қоншылардың қоныс аударуларын реттегенше жаңадан
қоныс аударуларға тыйым салына бастайды. 1918 ж. Торғай облысы
Кеңестерінің съезі Торғай облысын қоныс аударушыларға жабық деп жариялап,
69
бҧдан кейінгі қоныстану мен оларды жерге орналастыру мәселелерін
қарастырады [2]. Сырттан келушілерді орналастыру ҥшін басы артық
жерлердің болмауына байланысты, Тҥркістан Республикасының ҥкіметі 1920 ж.
17 қараша және 1921 ж. 30 қаңтардағы қоныстанушылар мен орналастыруды
реттеудің Уақытша ережелері жергілікті халықты жермен қамтамасыз етіп,
орнықтырып болғанша Тҥркістанға қоныстанушыларды орналастыруды
тоқтатуды кӛздейді. Тҥркістан республикасы Қазақ КСР-не қосылғаннан соң,
осы ережелер ӛз кҥшінде қалады.
1921 ж. 25 қаңтарда ӛткен І Ӛлкелік кеңестер съезінің ӛлкедегі қазақ-қырғыз
еңбекшілерін жермен толық қамтамасыз ету ҥшін ӛлкедегі орыс шаруалары мен
орыс помещиктері иеленген жерлерді анықтау және кері қайтару шешімін
басшылыққа алған ҥкімет 1921 ж. 2 ақпанда республикада «Жерді пайдалану
Уақытша ережесін» бекітеді [3]. Сонымен бірге, ҧлт зиялылары патшалы
Ресейдің Қоныс аудару қорына алынған «бҧрынғы бос жатқан Семей, Ақмола,
Торғай және Орал губерниялары жерлерін Қазақ АКСР-не қайтару» туралы
Декреттің қабылдануына, ол бойынша қазақ жерлерін қайта қайтарып, жерінен
айрылған қазақтарды жермен қамтуға тырысты. Қарсылықтарға тап
болғанымен, осы қҧжат негізінде 250 мыңнан аса десятина шҧрайлы жер және
12,8 мың десятина тың жер қазақтарға қайтарылды. Ал, 1921 ж. 4-ақпанындағы
Жетісу облыстық комитеті №192 шешімімен жер-су реформасын жҥргізу
кезінде 1916-1921 жж. аралығында қазақтардан, дҧңғандардан, тараншылардан
тартып алынған не ығыстырылған жерлер кері қайтару және т.б. шаралар
негізінде жергілікті халықты қоныс аударып келіп орныққан орыс
шаруаларымен теңестіру әрекеттерін бастады [4, Б. 45-46].
1925 ж. 7 шілдедегі Жетісу губерниялық атқару комитетінің № 55 қаулысы
бойынша Жетісу губерниясына сырттан да ішкі уездерден де кӛшіп-келуге
тыйым салынып, жерге орналастыруға жататындар категориясы белгіленеді.
Осы қаулы және бҧрынғы Тҥркістан Республикасы ҥкіметі шығарған Жер
кодексінің 223 бабы, 1920 ж. 17 қарашадағы № 353 Ережесінің 17 бабы мен
1921 ж. 30 қаңтардағы Қоныс аудару мен орналастыру ісін реттеу жӛніндегі
уақытша ережесі бойынша орналастыруға жарамды суармалы жерлердің
жеткіліксіздігінен жергілікті кӛшпелі және отырықшы халықты толық
орналастырып болғанға дейін Тҥркістан Республикасының территориясына ӛз
бетінше сырттан келуге және ішіндегі кӛшіп-қонуларға тыйым салынды. Қазақ
АКСР ОАК 1925 ж. 11 сәуірдегі қаулысы бҧл шешімді қолдайды. Жерге
орналастыруға: 1918 ж. 19 ақпанында шыққан жерге орналастыру туралы заң
шыққанға дейін осы жерлерге тіркелген және сол жерде мал, егін
шаруашылығымен айналысатындар; тіркелмегенімен 1918 ж. 19 ақпанға дейін
келіп, шаруашылығын жҥргізіп жатқандар немесе 1921-1922 жж. Жер
реформасы бойынша орналасқандар; 1916 ж. кӛтеріліске қатысқандарды
жазалаудан және 1920 ж. 1 қаңтарына дейінгі революциялық кезеңде қашқан
тҧрғылықты халық босқындары жатқызылды. Ал, бҧл талаптарға тура
келмейтін және 1918 ж. 19 ақпаннан кейін келгендер ӛздерінің келген
70
жақтарына қайтарылатын болды. Сонымен бірге, губерния ішінде 1922 ж. 31
тамызына дейін қоныс аударғандар бос жерлер болған жағдайда сол жерлерге
орналастырылатын, ал, болмаса, 1921-1922 жж. жер реформасы кезінде жер
алғандарынан ӛзгесі келген жақтарына қайтарылатын болып шешілді. Осы
қаулының орындалуын жергілікті жер және атқару комитеттері қадағалауы
керек болды [5]. Бірақ, Қазақ АКСР Тҥркістан облыстық жерге орналастыру
комиссиясы 1925 ж. 14 шілдесіндегі шешімімен жермен қамтамасыз етілетін
топтарды қайта қарап: ауылдарда жазылған немесе жазылмағанымен
шаруашылық жҥргізудегі жергілікті тҧрғындар; қазақтардың батрақ не
чейрикер ретінде жалданғандары, кеңестік және қоғамдық қызметтерде еңбек
ететіндер; келген халықтардан: орыстар, украиндар, тараншылар, дунгандар
мен ӛзбектердің батрақтары, олардың кеңес және қоғамдық қызметтерде еңбек
ететіндері; жер реформасы кезінде жер алғандар; РКФСР-дың ашыққан
губернияларынан 1914 ж. 1 желтоқсанға дейін келіп, жеке шаруашылығын
жҥргізіп жатқан босқындар; Тҥркістан губерниясында шаруашылықтары
болған, 1916-1923 жж. арасында РКФСР аумағына кетіп, бірақ ол жақта жер
ҥлестерін алмаған, сӛйтіп 1924 ж. 1 желтоқсанына дейін Қазақстанға қайта
оралған шаруаларды да жерге орналастыру нақтыланып, жерге орналастыруға
жататындар қатарына 1924 ж. 1 желтоқсанына дейін келген қоныстанушыларды
жатқызылды [5,14 қайырма, 15-пп.]. Мерзімді 1924 ж. 1 желтоқсанға дейін
ҧзату себебі ҧлттық-мемлекеттік межелеумен байланыстырылды. Қалғандары
не қайтарылатын не жалға алатын болып шешілді [5, 14 қайырма, 22-24-пп.].
1925 ж. 1916-1919 жж. Қытайға кеткен қазақ босқындарын қайтару
шаралары жҥргізіледі [6]. Жалпы алғанда, 1916 ж. ҧлт-азаттық кӛтеріліс
кезінде, кеңес ӛкіметінің орнауы мен азамат соғысы жылдарында Қытайға
кеткендерді қайтару шаралары 1925 ж. аяқталды.
1924 ж. 2-8 наурызда болған Жер мәселесi бойынша Кеңестердің II
Жалпыресейлiк съезінде «қоныстандыру туралы» арнайы резолюция
қабылданады. Онда «игерiлмеген жерлерге жоспарлы қоныстандыру, ауыл
шаруашылық жҧмысшыларын қозғалыс барысында кооперативтерге т.б.
ҧжымдарға бiрiктiру» шаралары белгіленді. Жоспарлы қоныстандыру арқылы
еңбекшi бҧқараның экономикалық, саяси-кооперативтендiру, ҧжымдастыру
мiндеттерiн толық шешемiз деген сенiмде болды. Кӛшіру-қоныстандыру
ҥрдістері арқылы ӛлкені экономикалық жағынан пайдалануды ҧштастырды.
Республика ішіндегі қоныс аударуларды ретке келтіріп, қоныстанушылардың
келуімен жерінен ығыстырылған қазақтарды жермен қамтамасыз етуді де
ойластырған Қазақ ӛлкелік Атқару комитеті мен ХКК Қазақстанға сырттан ӛз
бетінше кӛшіп келіп жатқан Украина, Брянск губерниясы, Солтҥстік Грузия
халықтарының стихиялы кӛші-қонын жылдам арада тоқтату шараларын
жҥргізу қажеттігін дәлелдеп, БОАК-не 1924-1925 жж. бойы хабарнамалар
жіберді. Қоныстануға тыйым салынғандығын 1924-1927 жж. бойы арнайы
баспасӛз беттерінде жариялап отырды [7]. Қазақстанның кӛптеген аймағынан
қоныстануды тоқтатудың қажеттігін негіздеген мазмҧндағы хат-хабарлар
71
орталыққа тҥсіп отырды. Мысалы, жерге орналастыруға ӛкілетті қызметкердің
Жетісудағы қоныстанушылар легін тоқтату туралы жазған хаты [8]. Сонымен
бірге, 1924-1925 жж. Қазақ ОАК мен Қазақ ХКК Қазақстанға сырттан кӛшіп
келушілер мен ӛз ішіндегі кӛшіп-қонуды тоқтату туралы шешімдер
қабылдайды [9].
Осындай шаралар кӛші-қон ҥрдісін саябырлатқанымен, тоқтатқан жоқ. 1925
ж. БКП /б/ Қазақ ӛлкелік комитетінің жерге орналастыру туралы қаулысы
славяндардың, осыдан 2-3 жыл бҧрын келген келімсектердің қҧқығын шектеді.
Бҧл олардың Москваға, орталық органдарға арыз шағымдарын кӛбейтті [4].
Сырттан келген кӛші-қоншылардың толастамаған легін тыймақшы болған
Қазақ ӛлкелік партия комитетінің іс-шаралары Ӛлкелік партия басшылығына
Ф.И. Голощекин келгеннен соң ӛзгеріп сала берді. Сырттан келетін
қоныстанушылар легін тоқтату қажеттігі дәлелденіп жатқандығына қарамастан
1925 ж. Голощекин кӛші-қонның бҧл тҥріне қайта рҧқсат береді.
Ф.И. Голощекин Қазақстанға келгеннен соң ҥш кҥннен кейін республика
басшыларының шеше алмай отырған Жер туралы мәселесін талқылады.
Комитетте Қазақстанға қоныстанушыларға байланысты айтыс жҥріп жатқан
еді. 1925 ж. 11 сәуірінде ӛлкелік партия ҧйымы мен қазақ ҥкіметі «1922 ж. 31
тамызынан кейін Қазақстанға ӛз бетімен келіп қоныстанушылар орналастыруға
жатпайды. Олар ӛздерінің бҧрынғы мекендеріне кейін қайтарылып не жер
ақысын тӛлеп, жалға алушы ретінде ғана тҧруға жіберілуі тиіс» деген шешімі
Ф.И. Голощекин қысымымен «1925 ж. қыркҥйек айына дейін келген
қоныстанушылардың Қазақстан жеріне орналасуға қҧқығы бар» деп ӛзгертілді.
Қазақ ХКК атқару комитеттеріне, округтық атқару комитеттеріне Қазақстанға
1925 ж. 14 қыркҥйегіне дейін Қазақстанға қоныстанғандарды жермен
қамтамасыз етіп, содан кейін келгендердің жерді жалға алуы туралы нҧсқаулар
жібереді [10].
Бірақ, жергілікті жерлердің қоныстандыруды тоқтатуды кӛздеген
пікірлеріне қҧлақ асуға да тура келгендіктен, ӛз бетінше кӛшіп-қонуға тыйым
салмақшы әрекеттер де жасалынады. Мысалы, 1928 ж. 22 қаңтарында Қазақ
АКСР Жер халық комиссариаты Бҥкілодақтық Атқару комитетіне Қазақстанға
ӛз бетінше қоныс аударуды тоқтату қажеттігін негіздеп, хат жазады [11].
Сондай-ақ, Орталық, Украина және Қазақстан Жер комиттеттері арасында
Украинадан Қазақстанға келушілер легін тоқтату туралы келісім-хаттар
жазылады (наурыз 1928 ж.) [12]. Оның бір себебі, 1928 ж. Қазақстанда кҥшейе
бастаған аштыққа байланысты еді. Сол себепті де Қазақстанға қоныс
аударушыларды тоқтата тҧру керектігі ескерілді.
Бірақ, ӛз бетінше кӛші-қон тыйылмады. Сонымен бірге, КСРО-ның
европалық бӛлігінен кӛшіп келгендерді жермен қамтамасыз етіп, жер ҥлестерін
де беріп жатты. Осыған орай, 1925 ж. 14 қыркҥйекке дейін Қазақстанға
келгендерді орналастыру, ал 1925 ж. 14 қыркҥйегінен кейін келгендер жерді
жалға алсын деген нҧсқаулар шығарыла бастады [10]. Бірақ іс бҧлайша
шешілген жоқ. РКФСР ХКК 1928 ж. 9 маусымда «Казақ АКСР-дағы жер
72
қорларын зерттеуді ҧйымдастыру жайлы» Қаулы қабылдап, Қазақ АКСР
жерлеріне қоныстандыру мҥмкіндігін анықтау ҥшін арнайы комиссия жібереді.
Комиссия мҥшесі, Бҥкілодақтық қоныстандыру комитеті хатшылығының
меңгерушісі И. Ружейников 1928 ж. 20 тамызда КСРО ОАК Хатшылығына
Казақ АКСР-ндегі жер қорын есептеу-анықтау кеңесінің қҧрамын анықтап хат
жазады [13]. 1927-1928 жж. Қазақ АКСР-іне сырттан келгендер мен жергілікті
халық арасындағы қарым-қатынасты реттеу мәселесіне арналған орталық
ҥкіметтің арнайы қаулылары қабылданып отырды. Осы шаралар Қазақстанға
сырттан бағытталған кӛші-қонның жаңа кезеңін бастады. 1917-1926 жж.
арасында саябырсыған кӛші-қон ҥрдісі Голощекиннің келуімен жаңа қарқын
алды. Ал, қоныстандыруды жалғастыра отырып, онсыз да шҧрайлы жерлері
тартып алынған қазақ жерлеріне орналастыру ҥшін тағы да қандай жерлер бар
екендігін есептеу және жоспарлы және ӛз бетінше кӛшіп келушілерді
орналастырумен айналысу ҥшін 1928 ж. 9 маусымдағы РКФСР ХКК
қаулысымен қҧрылған арнайы комиссияның қызметі Қазақстанға қоныс
аударуды мемлекеттік бақылауға алуға негіз болады [14].
Патшалы Ресей ҥкіметі қҧрған Қоныс аудару басқармасы 1913 ж.
Қазақстандағы отарлау-қоныс аудару қорының таусылғаны жайлы 1916 ж.
мәлімдеген болса, кеңес ӛкіметі 1929 ж. Қазақстан жерін қоныстануға ашық деп
жариялап, жоспарлы қоныстандыруды жҥзеге асыру ҥшін, одақтық маңызы бар
жерлер деген атпен 5 жылға жер қорын анықтау туралы арнайы шешім
қабылдайды [15, 9, 11, 14-пп.]. Ал, қазақтардың біртіндеп отырықшылық ӛмірге
кӛшуі олардың жерге деген, әсіресе, суармалы жерге деген сҧранысын
арттырды.
1929 ж. 13 ақпанда БКП (б) Қазақ Ӛлкелiк Комитетiнiң бюросы
қоныстандыру және Қазақстанда Қоныстандыру басқармасын ҧйымдастыру
туралы мәселесiн қарап, республикада қоныстандыру жҧмыстарын жҥргiзу
жоспарын бекiтетiн шешiм қабылдады. Осы шешім негізінде, қоныс
аударушыларды Қазақстандағы одақтық маңызы бар жерлерге орналастыруды
мемлекеттік тҧрғыдан жҥргізу ҥшін және Қазақстанның одақтық маңызы бар
қоныстандыру қорын нақтылау, реттеу және қоныстанушыларды орнықтыру
мақсатында 1929 ж. наурыз айында КСРО Орталық атқару комитеті мен ХКК-
нің қаулысы бойынша Қазақстанда Қазақ АКСР Егіншілік халық
комиссариатының қҧрамында Қоныс аудару басқармасы қҧрылады [15, 27-п.].
Қоныстандыруға қатысты іс-шараларды осы комиссариаттың жергілікті
органдарының кҥшімен жҥргізу кӛзделді. Бҧл басқарманың негізгі ережелері
бойынша 1929 ж. дейін келген қоныс аударушылар да жермен
қамсыздандырылып, ал, одан кейін кӛшіп келушілерді орналастыру мәселесі ӛз
кезінде қарастырылатын болды.
Қазақ АКСР Кеңесiнiң 7 съезiнде (8-15 сәуiр 1929 ж.) Кеңес Одағының
аймақтарынан
келген
қоныстанушыларды
республиканың
аумағына
орналастыру мҥмкiндiгi кӛзделiп, осы жылдан бастап Қазақстанға жоспарлы
тҥрде қоныстандыру жҥргiзiле бастады. Ал, қоныстандыру және кӛші-қон
73
жҧмыстары Орталықтан басқарылып отырды.
Орталық Атқару комитеті мен КСРО Халық комиссарлары Кеңесінің 1929
ж. наурыз айындағы Қазақ АКСР-індегі бҥкіл одақтық маңызы бар
қоныстандыру қоры жӛніндегі қаулысы және Орталық Атқару комитеті мен
КСРО Халық комиссарлары Кеңесінің 1928 ж. 18 қаңтардағы қоныс аударудың
міндеттері, оның ҧйымдастырылуы, қоныстандыру жоспарларын жасау
негіздері мен қоныс аудару шараларын қаржыландыру жайлы қаулысына
(Заңдар жинағы, 1928 ж. № 8, 63 бап) сәйкес, Орталық Атқару комитеті мен
КСРО Халық комиссарлары Кеңесі тӛмендегі шараларды қамтыған қаулы
қабылдайды:
1) Қазақ АКСР-ндегі қоныстандыру қорларына халықты қоныстандыру
шараларын жҥзеге асыру ҥшін Қазақ АКСР Егіншілік шаруашылығы халық
комиссариаты қҧрамында Қоныстандыру басқармасы ҧйымдастырылады. Бҧл
басқарма барлық қоныстандыру шараларын ӛзіне қарасты жергілікті мекемелер
арқылы жҥргізеді.
2) Қоныстандыру Басқармасы (1 бап) Қазақ АКСР Халық комиссарлары
Кеңесінің РКФСР Егіншілік шаруашылығы халық комиссариаты мен
Бҥкілодақтық Қоныстандыру басқармасымен келісе отырып бекіткен арнайы
ережеге сай әрекет етеді. Қоныстандыру басқармасы қаржыландыруы жағынан
РКФСР Егіншілік шаруашылығы халық комиссариатына бағынады.
3) Қазақ АКСР Қоныстандыру басқармасы Қазақ АКСР Егіншілік
шаруашылығы халық комиссариатының бақылауымен Қазақ АКСР-ндегі халық
мекендемейтін және аз қоныстанған аумақтарды тексерумен және зерттеумен,
сондай-ақ, жергілікті жерлерде қоныстардыру қорларын қҧрып, осы қорларда
қоныстанушыларды тіркеумен, жаңа ҥйге кіргізумен және шаруашылық
жағынан орналастырумен байланысты барлық іс-шараларды жҥргізетін болды.
4)
Қазақ
АКСР
Қоныстандыру
басқармасы
қоныстанушыларға
медициналық-санитарлық, мәдени-ағартушылық, кооперативтік жағынан
қызмет кӛрсету іс-шараларын Қазақ АКСР Денсаулық сақтау халық
комиссариаты мен Халық ағарту халық комиссариаты және жергілікті органдар
мен кооперативтік ҧйымдармен келісе отырып жҥргізеді.
5) Қазақ АКСР-ндегі қоныстандыру қоры есепке алған жерлерге
қоныстандыру ҥшін РКФСР Егіншілік шаруашылығы халық комиссариатының
Бҥкілодақтық Қоныстандыру комитетінен алынатын несиелері тікелей Қазақ
АКСР Қоныстандыру басқармасының қҧзырына беріледі [15, 9-п.].
Қоныстандыру Басқармасы Қазақстанда отырықшыландыру және қазақ
халқын демографиялық апатқа жеткізген ашаршылық болып жатқан кезде (1929
ж.) қҧрылды. Осы кезде республика ҥкіметі Қазақстанға сырттан әкелініп
қоныстандырылып жатқандарға берілетін кӛмектің елдің ӛз ішіндегі ғасырлар
бойы мекендеген жерлерінен қозғалып, мәжбҥрлі тҥрде отырықшыландырылып
жатқан қазақтарға да бергізбекші болды. Жоғарыдағы қаулының Қазақ АКСР-
ндегі қоныстандыру қоры есепке алған жерлерге қоныстандыру ҥшін РКФСР
Егіншілік шаруашылығы халық комиссариатының Бҥкілодақтық Қоныстан-
74
дыру комитетінен алынатын несиелері тікелей Қазақ АКСР Қоныстандыру
басқармасының қҧзырына беріледі деп айтылған 6 пункт қазақ ҥкіметінің
кӛшпелі аудандардағы халыққа кӛмек бермекші болған әрекеттеріне тосқауыл
да болды. Себебі қоныстандыру ісін басқарушы мекеме – Қазақ АКСР
Қоныстандыру басқармасы бӛлінген қаржыны қазақ ҥкіметімен келіспей-ақ
тікелей жҧмсайтын болды. Бҧл республика ішіндегі отырықшыландырылып
жатқан жергілікті ҧлт ӛкілдеріне қоныстанушылар ҥшін бӛлінген бҧл қаржыдан
ешнәрсе тимеді деген сӛз. Қазақ ҥкіметі отырықшыландырылудағы
шаруашылықтардың Орталық Қазақстандағы бір бӛлігін Қоныстандыру
басқармасына бӛлінетін одақтық кӛлемдегі қордың кӛмегімен кӛшіруді және
оларды сырттан кӛшіп келушілермен бірдей жағдайда орналастыруды сҧрайды
[15, 16-п.]. Себебі тҧрғындардың бҧл бӛлігі қҧмдақты, суық жерлерден басқа
жерге кӛшірілетіндіктен, республикалық бюджет есебінен жаппай отырық-
шыландыруға бӛлінген қаржымен қаржыландырылуға жатпайтын және
олардың отырықшылануы кезіндегі кӛші-қоны ҥшін басқа қаржы кӛзі жоқ еді.
Бірақ, қаржыны жҧмсауда тікелей одақтық орталыққа қарайтын Қоныстандыру
Басқармасы бҧл ҧсынысты орындамайды.
Айта кету керек, Қазақстан ҥкіметі Қоныстандыру басқармасы ісін реттеу
жҧмыстары жайлы жобаға РКФСР Егіншілік шаруашылығы халық
комиссариатының енгізген ӛзгерістерінің бірқатарымен келіспеді. Мысалы,
жобаның 1 пуктіне РКФСР Егіншілік шаруашылығы халық комиссариаты
Қазақ АКСР Егіншілік шаруашылығы халық комиссариатының қоныстандыру
ісін бақылауға алатындығы жайлы шешімімен келіспейтіндігін, бҧндай
бақылауды Бҥкілодақтық Қоныстандыру комитетінің жҥргізуін дҧрыс деп
қабылдайтынын білдіреді. Осы жобаның 2 пункітіндегі РКФСР Егіншілік
шаруашылығы халық комиссариатының Қазақ АКСР-ндегі қоныстандыру ісін
жоспарлау және қаржыландыру мәселесіне Қазақ ҥкіметінің араласуына шек
қойылғандығымен де келіспейтіндігін білдіреді. Жобаның 2 пунктінің
негізсіздігін қазақ ҥкіметі: «Қазақстан аумағына аяқ басқан кез-келген
қоныстанушы оның азаматы болып табылатындықтан, ҥкімет оның барлық
мәдени-шаруашылық жағдайын реттеуге мҥдделі. Яғни, қазақ ҥкіметі
қоныстандыруға байланысты барлық шаралармен, соның ішінде қаржы-
ландыруда да ӛзара келісілген байланыста болуы міндетті» деп кӛрсетеді.
Сонымен бірге, Қазақ АКСР ҥкіметі қоныстандыру ісін ҧйымдастырудың
негізгі ережелерінің кейбіреулерімен келіспейтіндігін, тіпті қоныстандыруды
заңдастыруға қарсылығын да білдіреді [15, 16, 16 қайырма-пп.].
Сырттан кӛші-қошылардың келуі ҧлттық тілдің, мәдениеттің сақталуы мен
дамуына кері әсерінің болатынын кӛре білген қазақ зиялыларының кӛші-қон
ҥрдісінің жандануына қарсылығы олардың қызметінде басты орында болды
десек қателеспейміз. Ҧлттық мҥдде ҥшін, туған халқының мҥддесі ҥшін
кҥрескен ҧлттық саяси қайраткерлер Кеңес ҥкіметіне жақпады. Қазақ
зиялыларына ҧлтшыл деген айдардың тағылып, қҧдалауларға тҥсуіне тҥрткі
болған қызметі де кӛші-қон негізінде басым рӛлге ие болған славян халқы
75
ӛкілдерінің басшылық жасау кезінде ҧлттық ерекшеліктерге мән бермей, аяқ
асты ету мҥмкіндігінен туындады.
Неше тҥрлі қысымға қарамастан, қазақ зиялылары кӛші-қон легін тоқтата
алмағанымен, оның зардаптарынының кең таралуына жол бермеуге тырысты.
Әдебиет
1. Саматов М. Потаниннің докладынан // Қазақ. – 1914, март – 30.
2. РФММ. 393-қ. 2-т., 99-іс, 89-90 қайырмасымен-пп.
3. ҚР ОММ. 5-қ., 2-т. 21-іс. 34-п.
4. Зарафутдинов З. Қазақ жерін нақтылау жҧмыстары // Қазақ тарихы. –
2001. – №4. – Б. 45-48.
5. ҚР ОММ. 5-қ., 7-т. 77-іс. 13, 13 қайырма, 14-пп.
6. РФММ. 130-қ., 9а-т., 16-іс, 80-п.
7. РФММ. 1235-қ., 42-т., 65-іс, 49, 50-пп.
8. РФММ. 1235-қ., 120-т., 178-іс, 147-149-пп.
9 РФММ. 1235-қ., 120-т., 170-іс, 103-106-пп.
10. РФММ. 1235-қ., 122-т., 283-іс, 134-п.
11. РФММ. 1235- қ., 120- т., 178-іс, 78-89-пп.
12. РФММ. 1235- қ., 123- т., 379-іс, 1-7-пп.
13. РФММ. 3316- қ., 21- т., 47-іс, 1-20-пп.
14. РФММ. 3316-қ., 21-т., 47-іс, 15-16-пп.
15. ҚР ОММ. 5-қ., 9-т., 34-іс.
ӘОЖ 930(091):28=512.122
Кушенова Ғ.И.
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ҧлттық университеті. Астана қ.
kushenova_gi@enu.kz
ӘЛИХАН БӚКЕЙХАН ЕҢБЕКТЕРІНДЕГІ ҚАЗАҚ ТАРИХЫНЫҢ
ДІНИ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басында қазақ даласы Ресей патша
ҥкіметінің толыққанды отарлық ӛлкесіне айналды. Қазақстанның экономикасы
мен жер байлығы алыс жақын шетелдік монополистердің қолына кӛше бастады.
Бҧл кезең империялық саясаттың қасіреті тереңдеген қазақ қоғамындағы ең
ауыр дәуірлердің бірі болатын.
Қазақ жерін толық отарлау жолында империя қазақтың жері мен
экономикалық байлығын иемденді, ал ендігі соңғы қадамы халқының
руханиятын отарлауға кіріскен болатын.
Қазіргі Қазақстан территориясында ислам дінінің таралуы бірнеше
ғасырларға созылған ҥдеріс еді. Алғашқыда жаңа дін оңтҥстік аудандарға
тарады. Тарих еліміздегі исламдану ҥдерісінің бейбіт тҥрде жҥргізілгендігін
растайды. Бертін келе ислам діні Қазақ хандығының ресми идеологиясы ретінде
76
танылған болатын. Жеті жарғыда қожаларды жетекші таптың бірі ретінде
қарастыру хандықтағы исламның жоғары әлеуметтік статусын білдірді.
Дегенмен заңдар жинағы дін мен далалық аймақтың қҧқығы, дәстҥрінің ӛзара
тығыз байланысында дамытылды.
Сӛйтіп ғасырлар бойы қазақтың рухани әлемі ислами ғылыммен, ислами
таныммен астасып жатты. «Алайда ел қорғау, қилы жорық пен кҥрес,
отаршылдық азап дәуірінде «ойпаң жерге он отау, қыраң жерге қырық шатыр»
тігіп, мешіт-медресенің шуағын шашатындай, дінді билік пен ақылдың
жолбасшысы ететіндей уақыт болды ма?.. Сӛйте тҧра «мҧсылман мен кәуірдің
арасын ӛтіп бҧзып дін ашқан» алаш баласы аз шықпағанына тарих куә» [1].
ХХ ғасырдың басында Қазақстанның байырғы халқының ҥлес салмағының
азаюына және халық арасындағы діни мәселенің мемлекеттік деңгейге
кӛтерілуіне ғасырдың басында орыс, украин және басқа да ҧлт ӛкілдерінің
империяның ішкі аймақтарынан қоныс аудару ағымының ерекше ӛсе тҥсуі де
қатты әсер етті деп айта аламыз.
Қазақ хандығының XV-XVIII ғасырлардағы рухани ӛмірі қазіргі уақытқа
дейін зерттеліп, ғылыми айналымға енгізілсе [2], XIX ғасырдың соңы-XX
ғасырдың басындағы қазақ жеріндегі діни мәселеде айқындалатын тҧстар
қазірге баршылық. ХХ ғасырға дейін қазақтың жері мен байлығын қорғау, қазақ
халқының азаттығын сақтау білектің кҥшімен шешіліп келсе, бҧдан кейінгі
кезеңде білектің кҥшін қаламның қуаты ауыстырды.
ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларын толғандырған мәселелер – ҧлттың
бірлігі мен еркіндігі, жердің тҧтастығы мен оны ӛркениетті елдердің қатарына
қосу, ең бастысы дербес мемлекеттік қҧру еді. Осы жолда аянбай еңбек етіп,
кеңестік билік тҧсында тоталитарлық жҥйенің қҧрбанына айналып, қуғынға
ҧшыраған тарихтағы тҧлғаларымыз ҧлт мақтанышы болып қала бермек.
Отаршыл империяның саясатын жҥзеге асыруға тиіс болған қазақ
зиялылары ХХ ғасырдың басында ҧлт мҥддесі ҥшін бастарын қатерге байлады.
Олар ҥшін ҧлт мҥддесі ҥнемі жоғары тҧрды. Осы орайда қаламының қуаты
патшаның қҧлағына жеткен Әлихан Бӛкейханның ӛмірі мен қызметі қазақ елін,
қазақ жерін, қазақ байлығын қазақ халқының еркіндігін сақтап қалу жолындағы
кҥреске арналды.
Қазақ елі ҥшін кҥресте бірнеше рет тергеліп, абақтыға тҥскен Әлиханға
ақын Кӛкбай Жанатайҧлының арнаған ӛлеңі арыстың тарихи тҧлғасын толық
сомдап береді:
«Қарағым, жалғызымсың қазақтағы,
Ҧл тумақ сендей болып аз-ақ-тағы.
Ӛгіз ӛліп, болмаса арба сынып,
Ӛмірің ӛткен жансың азаптағы.
Бал тамған, ханзадам-ай, қаламыңнан
Тәңірім айырмасын талабыңнан!» [3, б. 7].
Әлихан Бӛкейханның негізгі ҧстанымы ӛзінің: «тірі болсам, хан баласында
қазақтың хақысы бар еді, қазаққа қызмет қылмай қоймаймын» деген пікірінен
77
анық байқалды [3, б. 5].
Әлихан Бӛкейхан қазақтың сауатты кісілерін екiге бӛледi: бiрi –
«батысшылдар», олар орыс әдебиетiн оқып ӛскендер, батыс мәдениетiмен
халқын ағартқысы және кӛркейткiсi келгендер, дiндi екiншi кезекке қоюшылар.
Екiншiсi – «тҥрiкшiлдер» – дiндi бiрiншi кезекке қоюшылар, ғылым-бiлiм мен
дiндi бiртҧтас деп қараушылар, дiндегі бiрлiк пен ҧлттық бiрлiктi тең дәрежеге
қойды [1].
Әлихан қазақ тарихын жазды. 1903 жылында кейін 1910 жылында «Қазақ»
газетіндегі «Тҥрік баласы» деген атпен жарияланған мақалаларынан қазақ-орыс
қарым-қатынасы, діни мәселелер туралы кӛптеген тарихи фактілерді, тарихи
деректерді кездестіруге болады. Қазіргі тарих кітаптарында кемшін қалған сол
кезеңге тән қазақ жеріндегі діни мәселелер, империя тарапынан рухани
басшылыққа енгізілген жаңа қҧрылымдар мен қара халықтың руханияты жайлы
қҧнды мағлҧматтар бар.
Әлихан қазақ қоғамында ислам діні христиандандыру саясатынан кейін
жаппай бҧқаралық сипатқа ие болғанын атап ӛтті. Бҧдан қарапайым халық
арасында ислам діні толыққанды таралмаған деген пікір келуі мҥмкін. Алайда
фон Шварцтың: «киргизы (казахи) среди всех народов, которых я узнал меньше
всего выставляют напоказ свою религиозность, но в отношении уважение к
морали стоят бесконечно выше, чем оседлые народы Туркестана, и могут быть
образцом честности даже не только среди народов Туркестана» [2, б. 13], –
деген жазбасынан біз халқымыздың қаншалықты иманды болғанын байқаймыз.
Бҧдан Әлиханның «ислам бҧқаралық сипат алды» деген пікірін – отарлық
идеологияға қарсы кӛрсетілген халықтың рухани қозғалысы деп қорытынды
жасаймыз.
Оның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 11-нӛмірінде жарияланған «Қазақтағы
мҥфтилік мәселесі» атты мақаласында қазақ хандарының діни басқарманы
орталықтандыруға талпынысы жайлы мәселе кӛтерілген. Мақалада мынадай
тарихи фактілер қамтыла отырып баяндалады: «ол кҥнде Орынборский крайға
наместник болып тҧрған барон Игластромның (Иглстрем) орнатуы бойынша
ішкі Ресейдегі мҧсылмандардың рухани істерін басқару ҥшін мҧсылмандарға
«мҥфтилік» беріліп, Уфа шаһарында «Духовное собрание» ашылып, 1-інші
мҥфтилікке Мҧхамеджан Хусейнҧлы деген кісі қойылды. Сол кҥнде Бӛкей хан
мен Уәли хан біздің де рухани істеріміз мҥфтилік қарамағында болса екен деп
арыз қылған... Қазақты қалай тыныштандырудың жолын таба алмай тҧрғанда,
хандардың мҥфти қарамағында боламыз деген арызын Ресей ҥкіметі қабыл ала
қоймады» [4, б. 418].
Демек Бӛкей және Уәли хандар қол астындағы ішкі қайшылықтарды реттеу
мақсатында діни басқармаға жҥгінуді кӛздеген. Ӛйткені дін халықтың – рухани
қҧндылығы, халық дінді мемлекеттен ҥстем танитын. Алайда хандық билікті
жою мақсатын кӛздеген отаршыл ҥкімет хандардың билігін одан әрі әлсірету
ҥшін қазақ рулары арасындағы ішкі қайшылықтарды пайдалануды кӛздеген.
Ал Әлиханның «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 17-нӛмірінде жарияланған
78
«Бӛкейліктердің мҥфтилікке қалуы» атты келесі мақаласында қазақ жеріндегі
рухани қҧрылым сӛз болады. Онда: «қазақ хандығы халық арасына ғылым
таратып, жҧртты ағартудың ретін білмесе де, ӛзінде дін бастықтары, діни
мекемелері, мҥфти, қазы, имам секілді рухани адамдары болушы еді...» [4, б.
459], деп жазылса, аталмыш газеттің 1913 жылғы 19-нӛмірінде сол мақаланың
жалғасында, яғни екінші бӛлімінде Жәңгір хандығындағы «шайх-ас-салам»
атты діни лауазымды атап ӛтеді. Бҧл «жҧрт қазысы» деген дәреже. Яғни Бӛкей
еліндегі діни мекемелердің ең басында тҧрды. Ал ауыл халқын басқаратын -
«ишандар» болған. Ишандардың ҥстінен қарайтын - «ахун» лауазымындағы
діни кісілердің қызметі қазының жарлығын ишандарға жеткізу болды.
Сонымен қатар Бӛкей еліндегі діни жағдайды зерттеу жҧмысында мына
тарихи дерек ӛте қҧндылық танытады. Ол Жәңгір ханның Бӛкей еліне шығарған
Жарлығы болып табылады. Деректен халық арасындағы діннің ықпалын анық
байқауға болады. Жарлықтың мазмҧны мынадай: «Тана руы, Бисары тафесі,
молла Отызбай Тӛреҧлына бҧйырамын:
– Ӛз халқыңыз ішінде мешіт, медресе салып, Қари хҥкімінде болып, жамағат
болып, жҧма һәм әйд оқыңыз. Балаларды оқытып, халықтың ҥстінде парыз
болған бес уақыт Намаз һәм Оразаның хҥкімдерін ҥйретіңіз;
– Надан қара халыққа иман һәм исламды білдіріп тҧрыңыз. Бала туса
уақытында ат қойып, дҥниеден қайтқан кісі болса, уақытында жаназа оқып,
шариғат бойынша кӛміңіз;
– Қыз беріп, қҧда тҥсерде, ӛз кӛзіңізше екі әділ куәнің алдында «алдым,
бердім» сӛзін айтқызып, әкд (акт) қылдырыңыз;
– Бҧрын айттырып қойған қыздың кҥйеуі ҧрын келгенде «Ижаб қабыл» сыз
қол ҧстау болмасын;
– Байы ӛліп, жесір қалған қатындардың халін тексеріп тҧрасыз. Адат ішінде
неке оқушы болмасын;
– Жесір қатындарға ӛзінің жақындарынан рҧқсатынан басқа (қатынды
кҥштеп) неке оқушы болмасын;
– Мирас бӛлгенде һәр кімге ӛзінің тілімі шариғат бойынша берілсін.
Біреудің хақы біреуге аумасын;
– Байлар малынан тиісті зекетті орнына шығармай қалмасын;
– Халық ішінде ҧрлық қылушы болмасын. Елдегі бастық (,) би һәм
старшиналарға бҧйрық қылармыз (,) осфы істерді орынан келтіруге оларда
жәрдемші болар» [4, б. 462-463].
Сонымен қатар мҧнда Орынбор және Сібір қазақтарының мҥфтилікті
қаламайтыны туралы да мағлҧмат беріледі.
Ал «Қазақ» газетінің 1913 жылғы 11-нӛмірінде империяның қазақ даласының
рухани қҧрылымына енгізген ӛзгерістері қарастырылады. Ондағы мәліметтерді
сараптайтын болсақ, мынадай деректерді кездестіреміз: «қазақ мҥфти қарамағына
кіргеннен кейін накаһ, талақ, мирас бӛлу, ӛлік кӛму істерін шариғатқа муафиқ
қылып тҧру ҥшін указной молдалар сайланды. Указнойлардың ҥстінен қарап
тҧратын ахундар қойылды... Қазақтың заңы – 1600 жылдан бері қойылып келе
79
жатқан жолы... Муфти қарамағында болған соң указнойлар, ахундар заң орнына
ислам шариғатын жҥргізе бастады. Манағы мың жылдық заңның жолы шариғат
қағидаларына ҥйлеспейтін болды» [4, б. 418].
Демек қазақ жерінде ислами қҧрылымдар империяның қҧрылымдық
ӛзгерістерінсіз-ақ бар болатын. Алайда халықтың руханиятын отарлап алу ҥшін
жаңадан енгізілген тағайындаулар империяға белгілі бір бақылау жҥйесін
қалыптастыратын еді.
Жоғарыда атап ӛткен Әлиханның «манағы мың жылдық заңның жолы
шариғат қағидаларына ҥйлеспейтін болды» дегені ғасырлар бойы ислам діні
қазақ халқының мәдениетімен, салт-дәстҥрімен астасып сабақтасып жатты.
Қазақ даласында исламдағы Ханафи мазһабының жолы ҥйлесімділік танытты.
Жергілікті халықтың тҧрмыс-тіршілігімен жалғастығын тапты. Ал империяның
тағайындаулары ислам шарттарын қатаң талап ете отырып, халықты бҧл
жолдан жирендіруге бағытталды. Сол арқылы халықты христиандандыру
мақсатын кӛздеді.
Жалпы алғанда қазақ қоғамында шариғатқа ерекше орын берді. Соның
ішінде Бӛкей елі шариғат ҥкімдеріне, мҥфти, қазы дегендерге ҥйір екені деректе
айтылады.
Қазақ даласындағы билік пен мҥфтиліктің кӛптеген шиеленістерінен соң
1868 жылы қазан айында қазақ хандығының рухани істері мҥфтилік
қарамағынан шығарылды. Рухани істерді облыстық басқарма басқарды.
Сонымен қатар сҧлтандық билік тҥпкілікті жойылып, орнына «ояз» қҧрылымы
енгізілген [4, б. 421].
Әлиханның Омскде басылған «Иртыш» газетінің 1906 жылғы 86-нӛміріндегі
«Мҧсылман мектептеріне енгізілген орысша транскрипция» атты мақаласында
халықтың орыстандыру саясатына қарсы жаппай наразылығы ашық кӛрініс
тапқан. Онда империяның Білім министрі фон Кауфманның: «оқулықтардың
орысша транскрипциясы ӛз әліпбиі жоқ бӛтендерге ғана енгізілгені, ал орысша
сыныптар да тек қана бӛтендердің сҧранысы бойынша ғана ашылатыны» [5, б.
457] туралы уәдесі талқыланады.
Әлихан Бӛкейхан фон Кауфманның бҧл сыпайы жауабын сайлау алдындағы
қулығы болуы мҥмкін деп топшылайды. Ӛйткені деректер бойынша Ресей
империясының қол астында сол кезеңде 18 миллион мҧсылман болған.
Біз мҧны сайлау алдындағы фон Кауфманның қулығы деген пікірмен қатар,
қазіргі кӛзқарас тҧрғысынан алғанда Ресей империясының қазақтарды
этнопсихологиялық жағынан езудің тағы бір айқын дәлелі деп қабылдаймыз.
Ӛйткені қазақ даласында қанша ғасырдан бері қолданылып келе жатқан әліпби
араб графикасы болғанымен, жергілікті халық оны ғасырлар бойы бойына
сіңіріп келді. Қазіргі таңда латын әліпбиін қолданғаны ҥшін әлемнің
жартысынан кӛбіне әліпбисіз ҧлт деп айдар тағып, кемсітпейміз ғой.
Әлиханның еңбектерінде тарихи фактілер, тарихи деректермен қатар ӛзіндік
ой-пікірлері, сезімі, субъективті кӛзқарасы қатар берілген. Ол Еуропа елдерінде
мықты съез 3-5 кҥнге созылады. Депутаттар істі жҧрт ортасында бітіріп, съезге
80
бата қылуға жиналса, біз жылдап істейтін жҧмысты он шақты кҥнде аяқтауға
тырысамыз, – деп кҥйзеледі [6, б. 369].
Сонымен қатар еңбектерде мҧсылман съездерінің барысы, кӛтерілген
мәселелер жайлы нақты мағлҧматтар кездеседі.
Мҧсылмандардың тҧңғыш съезі Ресей империясындағы мҧсылмандарға ХХ
ғасырда қол жеткізген ҥлкен жетістік еді. Империя басшылығы бҧл съезді
ӛткізуге рҧқсат бергенімен, одан қауіптенгенін жасыра алмады. Он сегіз
миллион мҧсылманы бар ӛлкенің мҧсылман съезіне небәрі 35 орын берілді. Бҧл
империя басшылығының тҥпкі мақсатын анықтап береді.
Сонымен қатар мҧсылман съезінің ӛтетін мерзімі мен орны, қатысушылар
тізімі империяның ішкі министрлігі тарапынан қадағаланып, белгіленді. Съезге
қанша кісі қатысуы керек екені нақты кӛрсетіліп, журналистердің қатысуына
тиым салынды. Съезге қатысушы кісі саны 35-тен аспауы шарт. Сондай-ақ
жабық тҥрде, ішкі министрлік кҥзетінің қатысуымен ӛткізілуі қажет [6, б. 329].
Бҧған 10-нан аса қазаққа орын беріліп, небәрі 7 кісі қатысады.
Дерек бойынша съездің алғашқы кҥнінде депутат Ыхтымов қазақ жеріндегі
рухани істі басқару туралы заңмен қатысушыларды таныстырып ӛтті. Қазақ
жеріндегі рухани іс туралы заң мынадай болатын: бір болысқа бір молда
тағайындалады. Молда қызметке тағайындалады және орнынан тҥсіріледі. Ал
мешіт, медреселер губернатордың рҧқсатынсыз салынбайды. Орал, Торғай,
Ақмола, Семей және Жетісуда оқу жоқ.
Депутаттар мҧсылман ӛлкелеріндегі жалпы жағдаймен танысып шыққан соң
съездің ҥшінші кҥні 3-Мемлекеттік думаның мҥшесі Садары Мақсҧдов
жиналған депутаттарға мынадай нақты ҧсыныстар жасайды:
– «Мҥфтиден бастап махалле молдасына дейін қаптама жҧрт сайлауымен
болсын;
– Осы кҥні рухани мекемесі жоқ мҧсылман арасында (Тҥркістан, қазақ
облыстары һәм ӛзге жерде) жҧрт тілегімен мҧсылман мекемесі ашылсын;
– Мҥфти мекемесі мен махаллені қосып тҧратын Кавказдағы мәжіліс
сияқты, һәр облыста бір мәжіліс мекеме ашылсын;
– Барша рухани қызмет қылатын кісілерге қазынадан хақы – жалование
берілсін, орыс попы жолында;
– Рухани қызметтегі кісілеріміздің хақы, дәрежесі орыс попы хақы,
дәрежесімен бірдей қҧрдас болсын;
– Мҥфти мекемесі халыққа алым салып, қазына жиып алатын қҧқылы
болсын;
– Тҥркістан һәм Кавказда оқу туралы шатасқан заң тҥзетілсін;
– Махалле ісіне молдалардан басқа жай кісілер де қосылсын, махалле заң
жолында қазына пҧлдануға қҧқылы болсын. Орыс тілінде мҧны «юридическое
лицо» дейді;
– Рухани мекемелердің бәрінде халық сайлап қойған кісілер болсын;
– Зор рухани мекемесі ӛз қол астындағы молдаларды һәм халық сайлап
жіберген ӛкілдерді уақытша съезге шақыруға заң жолында қҧқылы болсын
81
(мҧндай қҧқы қазіргі кҥні орыс попында һәм протестантта бар);
– Мҧсылман рухани мекемелері ӛз арасында хатты мҧсылманша жазсын,
керек кезінде орыс тіліне аударсын;
– Тәмам мектеп һәм медресе рухани мекеме қол астында болсын;
– Барша рухани мекемелерде мектеп һәм медресе басқаратын бӛлім
болсын;
– Мектеп һәм медресе ісінің жайы заңда анықталып ашық жазылсын;
– Мҧғалім мен медреселер һәм рухани бӛлімінде жазулы болсын, бҧлардың
қҧқықтары заңда болсын;
– Мектеп, медресе, махалле ашпақ еркі һәм масджиж (мешіт) салмақ еркі
рухани қҧқы болсын. Бҧл туралы заңда айналма болмасын;
– Тәмам Ресей қол астындағы мҧсылман рухани істерін басқаратын бір зор
мекеме болсын. Мҧның орны Петерборда. Мҧның басшысы министр
мәжлісінде болмақ, патшаға ӛз аяғынан доклад қылмақ» [6, б. 341-343].
Садары Мақсҧдовтың осы ҧсыныстары Мҧсылмандар съезі қабылданған заң
жобасының іргетасын қалады.
1917 жылдың 5-13 желтоқсанында қазақ автономиясын жариялады.
Алашорда ҥкіметінің тӛрағалығына Әлихан Бӛкейхан сайланды. Алаш
қозғалысы, ендігі жерде саяси кҥшке, қолында билігі бар ҥкіметке айналды. Бҧл
мемлекет аз уақыт ӛмір сҥрсе де империя қҧрсауынан шыққан халықтың ӛз
мемлекеттілігін қалыптастыруға жасаған алғашқы тарихи қадамы болды.
Ә. Бӛкейхан, А. Байтҧрсынов, Е. Ғҧмаров, Е. Тҧрмҧхамедов, Ғ. Жҥндібаев,
Ғ. Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының да жобасында діни мәселе
қарастырылды. Бағдарлама мазмҧны мынадай мәселелерді кӛтерді [7]:
– Мемлекет. Ресеймен терезесі тең одақ болуы және ӛзінің егемендік
қҧқығы бар мемлекет болуы.
– Жергілікті бостандық. Бағдарламаның осы тарауында екі тҥбірлі мақсат
айқындалған: бірінші – тең қҧқықты федерация мҥшесі ретінде оған нҧқсан
келген жағдайда Қазақстан ӛз алдына тәуелсіз мемлекет болып бӛлініп шығады.
Екінші – ӛзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық
игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.
– Қҧқық. Теңдік. Жиналыс жасауға, газет шығаруға, кітап бастыруға т.б.
еркіндік.
– Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бӛлек болады. Дін біткенге тең қҧқық
берілуі. Муфтилік қазақта ӛз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою
сияқты істер молдада болуы, ал жесір дауы сотта қаралады.
– Билік және сот. Әр жҧртқа билік пен сот тҧрмыс ыңғайына қарай болуы.
Би және судья жергілікті жҧрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың
тергеу-тексеруі мен ҥкімі жергілікті жҧрттың тілін білу керек.
– Ел қорғау. Әскерлік жасына жеткен жастар ӛз жерінде ҥйретіліп, ӛз
жерінде қызмет ету керек.
– Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-
кедейше әділ жолмен таратылуы керек.
82
– Жҧмысшылар. Жҧмысшылар заң қорғауында болуы керек.
– Ғылым-білім ҥйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және
ақысыз болады. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ ӛз тілінде орта
мектеп, университет ашуы; оқу жолы ӛз алдына автономия тҥрінде болуы;
ҥкіметтің оқу ісіне кіріспеуі; мҧғалімдер, профессорлар ӛзара сайлау арқылы
тағайындалуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.
– Жер мәселесі. Негізгі заң жасағанда жер телімі алдымен жергілікті
халыққа берілуі; қазақ жер теліміне орналасқанша, қазақ жеріне ауған мҧжық
келмеуі, бҧрын алынған жерлердің қазаққа қайтарылуы т.б.
Бағдарламаны қорытындылайтын болсақ «Алаш» партиясының бағдарла-
масы бойынша дін ісі жеке тарау ретінде қарастырылды. Ӛйткені ғасырлар
бойы қазақтың тарихында ислам діні, ислами қҧндылықтар ерекше орынды
иемденді. Қазақ тарихындағы діни мәселелер қазақ мемлекеттілігінің рухани
діңгегі болатын. Сондай-ақ діннің бірлігі қазақ, татар, башқҧрт, қырғыз,
әзірбайжан т.б. ҧлт ӛкілдерінің ортақ мҥдде тҧрғысынан ӛзара байланыс
жасауына, ҧлт тәуелсіздігі мәселесі тӛңірегінде ӛзара ҧйымдасуларына айтулы
ықпал жасайтын еді.
Сонымен қатар Алаш қозғалысының ӛрістеуінде де ислам дінінің маңызы
ерекше болғандығын атап ӛтуге болады. Ҧлт-азаттық кҥрестің ішінде ислам
дінінің кӛптеген ірі ӛкілдері болды. Сондай-ақ, ҧлт зиялыларының бас
біріктіруіне, саяси сауаттылығының дамуының жылдамдауына, қозғалыстың
қарқынды жҥруіне мҧсылман съездері де ерекше ҥлес қосты.
Империяның саясаты және оны жалғастырушы кеңестік жҥйе алдымен қазақ
зиялыларының атқарған іс-әрекеттеріне, халық арасындағы қҧрметіне қарсы
бағытталды. Кеңестік жҥйе қазақтың тарихындағы тарихи тҧлғаларды халық
санасынан ӛшіруге барынша талпынды. Ҧлттық қозғалыстар және жеке тҧлға
туралы тарихи шындықты паш ететін деректерді жойып жіберу немесе
мҧрағаттарда қҧпия сақтау сияқты әрекеттерге барды. Дегенмен ҧлт
зиялыларының тәуелсіздігіміз жолындағы саяси сауатты қадамдары мен
еңбектері, олар салған сара жолдар қазақ тарихында мәңгі қалмақ.
Қорыта келе айтсақ алаштың кӛсемі Әлихан Бӛкейханның еңбектері Қазақ
хандығы тарихындағы, отарлық қазақ елінің тарихындағы әлі де терең
зерттеулерді талап ететін кӛптеген мәселелерін ашуға ҥлкен ҥлес қосады.
Әлихан Бӛкейханның қазақ тарихындағы тарихи қызметі – империяның
отарлық қасіретінен кҥйзелген халықты саяси сауаттылыққа, діни фанатизмге
қарсы тҧруға тәрбиелеп, ҧлт мемлекетінің шаңырағын қайта кӛтеруі болды. Ол
батыс елдерінен ҥлгі алуға тырысқанымен, ислами қҧндылықтардан бас тартқан
жоқ. Ал империя басшылығының халықты рухани тҥрде отарлап алу
мақсатында енгізген діндегі қҧрылымдық ӛзгерістері маңызды нәтиже берген
жоқ.
Әдебиет
1. Қамзабекҧлы Д. «Алаш қозғалысы және ислам қҧндылықтары» //
83
http://qasym.kz/index.
2. Ислам в казахском ханстве (ХV-ХVІІІ вв.). – Алматы: КазНУ им. аль-
Фараби, 2009. – 116 с.
3. Әлихан Бӛкейхан. Шығармаларының толық жинағы. – Астана:
«Сарыарқа» БҤ, 2009. – 564 б. – І том.
4. Әлихан Бӛкейхан. Шығармаларының толық жинағы. – Астана:
«Сарыарқа» БҤ, 2009. – 555 б. – ІІІ том.
5. Әлихан Бӛкейхан. Шығармаларының толық жинағы. – Астана:
«Сарыарқа» БҤ, 2010. – 566 б. – ІV том.
6. Әлихан Бӛкейхан. Шығармаларының толық жинағы. – Астана:
«Сарыарқа» БҤ, 2010. – 557 б. – V том.
7. Смағҧлов Н. Б. «Алаш партиясының бағдарламасы және Алашорда
ҥкіметі» // http://qasym.kz/index.
ӘОЖ 94 (574)
Қарасаев Ғ.М
ҚР БҒМ ҒК Мемлекет тарихы институты, Астана
karasayev_gm@mail.ru
Ә. БӚКЕЙХАНОВ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ЖЕРІН РЕСЕЙ ИМПЕРИЯСЫНЫҢ
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ОТАРЛАУ ЖОСПАРЫ ТАРИХИ ДЕРЕКТЕРДЕ
(Семей, Ақмола облыстары, Алтай ӛңірі мәліметтерінен)
(ерекшелігі, мақсаты, нәтижесі)
Ресей империясының бірнеше ғасырға созылған халқымызды еркіндікте-
рінен айырып, ӛздеріне басы-байлы ету тарихындағы ХІХ ғасырдың соңы – ХХ
ғасырдың басы олардың ата-мекендерін әскери, ӛнеркәсіптік отарлаумен қатар
орыс шаруаларымен барынша қоныстандыруымен ерекшеленеді. Нәтижесінде
ХХ ғасырға дейін қазақ жері, соның ішінде Ертіс, Есіл, Нарын, Бҧқтырма, т.б.
ӛзендерін қамтыған Батыс Сібір, Алтай ӛңірінің Қытайға дейінгі ӛңірі орыс
қоныстары, казак станицалары, селоларымен, т.б. мекендермен толтырылды.
Аймақ толып жатқан әскери қамалдармен, шекара шептерімен қоршалды.
Қазақтар кҥшпен қҧнарсыз жерлерге ығыстырылды. Міне осы мерзімде
олардың Монғолия, Қытай жерлеріне лажсыздан бҥкіл ауылдарымен ӛтуі кең
қанат жайды. Достарыңызбен бөлісу: |