работа, тренинг, навыки, контролер.
279
ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ РУХТЫ КӨТЕРУ ЖОЛДАРЫ
Д.Д. Токтарова
Алматы облысы, Қапшағай қаласы, №3 орта мектеп,
«Балдәурен-Қапшағай» РОСО қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
t.janagul@mail.ru
Оқушыларды Отанын сүюге, адамгершілікке, ізгілікке баулу – ұстаздардың парызы. Ол үшін
мұғалім қазіргі заманға лайық өз пәнін меңгертуде рухани, шығармашылықпен жұмыс істеп,
өмірге еніп жатқан жаңа реформаны, технологияны меңгерген, білімі мен білігі жоғары деңгейде
болуы шарт. Қазақ тілін оқытудағы басты мақсат – ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде
қызмет атқара алатын, дүниетанымы жоғары, жан-жақты қалыптасқан тұлға тәрбиелеу,
оқушылардың өзара белсенді әрекеттер арқылы өздігімен білім игеру, оны іздену, құрастыру,
ой-өрісін кеңейтуде ауызша сауатты сөйлеу мен жазба тіл мәдениетін дұрыс қалыптастыру
болып табылады. Тұлғаның қалыптасуына қажетті басты құрал – тіл. Тілді дамыту – еліміздегі
мемлекеттік саясаттың ең басты бағыттарының бірі. Сондықтан оқушыларды қазақ тіліне
қызықтыру және мемлекеттік тілді еркін меңгерту - бүгінгі күннің өзекті мәселесінің бірі [1].
Тілді дамыту барысында қазақ тілі сабағында мәтінмен, әдебиет сабағында көркем
шығармамен жұмыс жасау білім алушының өздігінген жұмыс істей алу қабілетін арттыратыны
белгілі. Осы мақсатты жүзеге асыруда біз ұлттық құндылықтарымыз арқылы балалар рухын
көтеруге тиіспіз. Ол үшін тиімді технологиялар қолдану қажет. Елімізде Қ.Бітібаеваның іс-тәжірибесі
негізінде құрастырылған әдебиетті оқытудың инновациялық технологиясы ұстаздар қауымына
үлкен көмек болып отыр. Ұстаз сөзімен айтсақ: «Технология – диагностиканы басшылыққа ала
отырып, жеке тұлғаға бағытталған мақсатты, сапалы оқу әрекетін ұйымдастыру...» Педагогтың
эвристикалық жобалау технологиясын пайдалану кезінде білім дайын күйінде берілмейді, білім
алушыға іздену, бақылау, ой елегінен өткізу жолымен алуға бағытталады. Сөзіміз дәлелді болу
үшін аталған модельдің үлгісін ұсынайық: жаңа тақырып бойынша алдын-ала тапсырмалар
жүйесі; тапсырмалар негізінде сұхбат, әңгіме, пікірлесу; мұғалім түсініктемесі; қосымша
материалдар, ғылыми еңбектер; оқулықпен жұмыс; жинақтау, қорытындылау. Бұл әдістеменің
әрқайсысы білім алушылардың ізденісін, шығармашылық қабілетін дамытуға, жазу мәдениетін
жетілдіруге негіз болады. [2]
Қазіргі таңда жас ұрпақты өз ана тілінде оқытып, тәрбиелеп, білім беруде ұлттық әдеби
мұраларымызды танып білуге, сол арқылы сусындауға мол мүмкіндік туғызуда. Сондықтан да
оқушылардың елін, жерін сүйетін, отаншыл, адамгершілік қасиеті мол, білімді, ана тілін, ата-баба
салт-дәстүрін бойыңа сіңірген, оны қастерлей білетін тұлға етіп қалыптастыруда халық ауыз
әдебиетінің маңызы өте зор. Оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде қазақ халық ауызекі
шығармашылығы, соның ішінде ертегілер ерекше орын алады. Ертегі деп баяғы замандағы
елдің дүниеге көзқарасын білдіретін, халықтың салтын көрсететін, арнаулы үлгі айтатын,
жамандықтан жирендіріп, жақсылықты асырып айтқан, ойдан шығарылған көтерме әңгімені
айтады. Ертегінің бала тілін, ой-өрісін, қиялын дамытудағы рөлі зор. Ертегі құрылымын, оның
тілінің ерекшелігін сезіне отырып ондағы әрқилы оқиғаларды, кейіпкерлердің мінез-құлықтарын,
іс-әрекеттерін өз қиялдарында өрбітеді. Бала ертегі оқиғасын қиялында көркемдеу үшін
кейіпкерлердің іс-әрекеті, мінез-құлқына, қарым-қатынасына еліктейді, жағымды кейіпкерлердің
жақсы қылықтарын қайталайды, үйренеді. Оларда халықтың тыныс-тірішілігі, әдетғұрыптары
мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары мен мінез-
құлықтары, қазақ халқының ең жақсы адамгершілік қасиеттері – еңбексүйгіштігі, өз халқына,
Отанына, туып-өскен табиғатқа және т.б. деген сүйіспеншілігі бейнеленген.
Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде
дамытады. Осы тұрғыда, оқыту үрдісінде білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды
өзгерістердің сатысында тұр. Жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша айтылым, тыңдалым,
оқылым, жазылым дағдыларын дамыту оқушылардың алған білімдері мен үйренген дағдыларын
кез келген орта жағдайында қарым-қатынас үдерісінде тиімді қолдануға мүмкіндік береді.Тұла
бойы ұлттық тәрбиеге тұнып тұрған ұлт жанашырын тәрбиелеуде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімдерінің атқарар ерен еңбектері көп. Ананың ақ сүтімен бойға дарыған ана тілді құрметтеу
– әрбір адам үшін парыз және қарыз. Өз ана тіліңнің бүге-шігесіне дейін баланың бойына дарытып,
көкейіне құйып, санасына сіңдіру – үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл жауапкершілікті қалт
280
жібермей мүлтіксіз орындау маған сын. Осы сынға сыни қарап, алға ұмтылу мені үнемі мақсатқа
жетелейді. Сондықтан сабақты жоспарлағанда балаға нені және қалай үйрететіндігіме баса
назар аударып, мақсатқа жетуде әдіс-тәсілдердің ең тиімдісін қолданып, оқушының назарын
өзіме аударуға бар күш-жігерімді жұмсаймын. Сонда ғана оқушының қызығушылығы ерекше
арта түсіп, оқуға деген ішкі уәждерінің оянуына ықпал етуге болады. Өз тәжірибеме сүйенсем,
бүгінгі күні баланың тілдік қатынасын арттыруда әр сабағымда іс- әрекет дағдыларына аса мән
беріп, түрлі әдіс-тәсілдерді қолданып жүрмін.
«Айтушы ақылды болса, тыңдаушысы дана болады» дегендей, қазақ тілі мен әдебиеті
сабақтарында тыңдалым және айтылым дағдыларын қалыптастыруда әртүрлі мәтіндерді
талдау, мәтіннен негізгі ойды анықтау, ақпаратты тану т.б. сынды әрекеттердің жүзеге асуын
ескере отырып, соған сай стратегияларды қолданған жөн. Оқушылар сабақ барысында негізгі
ақпараттарды танып, құрастырып, мәліметтер алады, өз идеяларымен бөліседі, бірлесіп
әрекет жасайды және салыстырып, бағалайды. [3] Қазақ әдебиеті пәнінде тақырыпты
меңгерту барысында тұлғаға бағдарланған тәсіл оқушының жеке қызығушылықтары мен
қабілеттерін ескеруді, тіл мен әдебиетке қатысты күрделі мәселелерді талқылау барысында
өзінің ой-пікірін анықтау мен қорғай білу дағдыларын қалыптастыруды, өз бетінше тұжырым,
қорытынды шығару, қарастырылып отырған оқиғалар мен үдерістерге өзіндік көзқарасы мен
пікірін білдіруді көздейді. Бұл оқыту технологиясы оқушының жеке тұлғасын, рухани қырларын
үйлесімді түрде қалыптастыруды көздейді. Сондай-ақ, сабақ кезінде берілген тақырып аясында
миға шабуыл жасай отырып, «пікірталас», «дебат», «дөңгелек үстел», «брифинг», баспасөз
конференцияларын ұйымдастыруда олардың патриоттық сезімдерін оятып, ұлттық рухтарын
көтеруге бағыттасақ, монолог пен диалогке, әңгімелесуге жағдай жасасақ, оқушылар өз ойла-
рын жеткізіп, еркін сөйлеп танымдық белсенділігі, еліне жеріне деген сүйіспеншілік сезімі арта
түседі.
Әрбір сабақта баланың бойында патриотизмді дамыту, өз елінің кешесі мен бүгініне үңіле
қарауға, өз елінің әдебиеті мен мәдениетін, әдет-ғұрпына құрметпен қарауға тәрбиелеу арқылы
бала бойына құндылықтарды дарытамыз.
Достарыңызбен бөлісу: